Қырғыз да қарап жатпады, қазақтарға соққы беріп, оңайлықпен беріспейді:
«Оңайлықпен қазаққа
Асуды қырғыз бермеді.
Әр жерлерден құралып,
Қырғыздың қолы кернеді.
Бесінге дейін атысып,
Қазақтың әлі келмеді.
Қарабалта, Соқылық
Аңғарынан шаң асты.
Қырғыз-қазақ екі жар,
Ескі жолға таласты.
Сол уақытта хан Кене
Амалынан адасты.
Қырғызды айдап шыға алмай,
Батырлар сонда бір састы,» - деп айтылады.
Қазақтар бес күн атысып, асуды ала алмағанда «Тау басында қырғызға Бір тигізші
найзамды» деп Наурызбай тіл қатқан батыр:
Достарыңызбен бөлісу: