«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Бәйге аты серпінімді шалмайтұғын



Pdf көрінісі
бет44/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Бәйге аты серпінімді шалмайтұғын. 
Әнімді он екі взвод жіберейін, 
Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын… 
Қырымға қарайтұғын қыран құспын, 
Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын. 
Айнымас қанды балақ ақиықпын, 
Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын. 
Асылмын аспандағы құс болғанда, 
Қантарда қалшылдаған тоңбайтұғын. 
Тұлпармын Көрұғлының пырағындай, 
Алдына жүгірсе мал салмайтұғын…
Сонда Сараның айтқан жауабы: 
…Ұшырған тәрбиелеп ақтұйғынмын, 
Матайдың Қаракерей сеңгірінен.


Даусыма аспандағы кұс айналар, 
Құбылып тотықұстай төңкерілген…
Сайраған тамам Найман бұлбұлымын, 
Қапаста жел тигізбей жем берілген. 
Жұрт сыншы өзі білмес, екі дәугер, 
Белгі жоқ адымыңда теңгерілген. 
Мактанғаным болмаса, осы кеудем, 
Он Арғын шалымынан кең көрінген. 
Бірінен-бірі дамып, асып түсер, 
Дауысым алтын тудай шоқ көрінген. 
Сонда Біржанның айтқаны: 
Жарайды, жаным Сара, осы сөзің, 
Тастүлек тұрымтайдай екі көзің. 
Сөз айтар қандай кісі деген кезде, 
Алдымнан Құдай айдап келді кезің. 
«Мың асқанға бір тосқан бар-ақ» деген, 
Талайдың кисық деуші ем құрған тезін.
Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың, 
Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін! 
Қанатын күн шалмаған ақтұйғыннын. 
Жапалақ иемденер басқан ізін. 
Қор болдың бір қортыққа, Сара қалқам, 
Армансыз қылар кімнің үйі-түзін!… 
Майысқан сегіз қырлы жүйрік-аксын. 
Қай жерден болжамайсың тынарынды. 
Тез алдырт күйеуінді, Сара, осында, 
Көрейін күйеуінді тиген таңдап… 
Ер шығар тотықұстай неше түрлі, 
«Жақсыны көрмек үшін» деген Сара, 
Өзі түгіл, елдің қамын жеген Сара, 
Мырзанды Жиенқұлдай шапшаң шақырт, 
Ұялып бөгелесін неден, Сара?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет