«
Тақырыбы:
Әйел теңдігі, қазақ қыздарының бас бостандығы
«
Идеясы:
Бостандық іздеген қазақ қызының махаббат жолындағы күресін арқау етіпп, сол кездің өмір шын-
дығын бейнелеу.
«
Жанры:
Роман
«
Композициялық талдау:
Басталуы:
Сәрсенбайдың бір перзентке зар болуы. Қазақ елінің болмысы.
Байланысуы:
Жамалдың балалаық шағы. Алғаш білім алуы. Сәрснбайдың болыстыққа таласы.
Дамуы:
Сәрсенбай мен Байжанның құда болуы. Жамал мен Ғалидың алғашқы таныстығы.
Шиеленісуі:
Екі жастың хат алмасуы. Бақыт жолында қашып кетуі, ел арасындағы қозғалған іс.
Шарықтау шегі:
Ғалидің ауырып, жан тапсыруы. Жамалдың Жұманға келуі, оның қайғысы.
Шешімі:
Жұманнан көрген қорлық. Жамалдың қашып кетіп, боранда жантәсілім қылуы.
«
Кейіпкерлері:
Жамал
- Сәрсенбай мен Шолпанның сағынып көрген баласы, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп өсірген.
Ақылды, ауылдағы қыздардың алды болған, сауатты бойжеткен қыз. Өз бақытын іздеп сол үшін күрескен, өз за-
манынан озық болған тәрбиелі жан.
Ғали
- оқыған, мәдениетті жастардың жиынтық бейнесі, Жамалды шын сүйген жан. «Бұл жігіт орта бойлы, қия-
патты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі
ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді. Дүйсебек деген кісінің баласы еді. Жасынан талапты болып, Қызылжар,
Троицкідегі медреселерде оқып жүріп және де частный учительден оқып та орысша азырақ сөйлеп, жазар-
лықтай шамасы бар... Атасы бай адам болмаса да, Ғали инабатты жігіт болып, әрдайым алыс-беріс істерінде
уағдаласында опашыл болғандығы көрінгенге байлар шамалап несие беруден тартынбаушы еді. Әуелгі уақыт-
тарда оқуда болып, бұл уақыттан саудамен жүрген себепті елде тұруынан тұрмауы көбірек болып, өзін халық,
халықты өзі анық танымайтын да еді. Тек сыртынан Дүйсебектің баласы талапты, еті тірі жігіт, қысы-жазы үйде
отырмай оқу оқып, кәсіп қылады деуші еді...»
Достарыңызбен бөлісу: