Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет138/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
119
ел экономикасы тұрақтылығын сақтап қалды. Ал Оңтүстік Африка 
Республикасының үкіметі бұл дертке заманауи тұрғыда баға беруден, 
оның алдын алудан бас тартты. Соның кесірінен, СПИД инфекциясын 
жұқтырғандар көбейіп, отбасылар, мектептер және экономика құр- 
дымға кетіп жатыр.
Институттардыңөзара тәуелділігі
Қоғамның әрбір институтын тәуелсіз әлеуметтік құрылым деуге бо- 
лады, бірақ олардың ешқайсысы жалғыз тұра алмайды. Керісінше, 
институттар бір-біріне тәуелді, олардың әрқайсысы басқаларына эсер 
етеді және басқа институттар да оларға эсер етеді.
Әдетте тұрақты қоғамда бір институтгың рөліне кіретін норма- 
лар мен құндылықтар басқа институттармен үйлесімде болады. Мы- 
салға, еркектердің үстемдігін мойындайтын, отбасында үлкендердің 
айтқанына бағынатын қоғамның діни, экономикалық және саяси 
жүйелерінде де осы нормалар жұмыс істейді. Олай болса, өзара тәуел- 
ділік нормалар мен құндылықтарды орнықтырады және әлеуметтік 
тұрақтылықты арттырады.
Алайда, кейде өзара тәуелділік әлеуметтік өзгерістерге септесетін 
маңызды механизм бола алады. Әрбір мекеме бір-біріне эсер ететін- 
діктен біреуінің өзгерісі басқалардың да өзгеруіне әкеледі. Экономи- 
кадағы өзгерістер отбасының өзгеруіне, діндегі өзгерістер үкіметтің 
өзгеруіне әкеледі. Мысалы, ерлер жүмыс табу үшін басқа елге көшуге 
мәжбүр болса, мұның өзі елде қалған отбасының құрылымына көп 
әсерінтигізеді.
І
Дін - негізгі әлеуметтік 
институттардыңбірі. Ілімдері 
мен әдет-ғұрыптары әртүрлі 
болғанымен, барлық мәдениеттер 
мен қоғамдарда өздерінің 
басқаруынан тыс оқиғалар мен 
құбылыстарды тусіндіруге мүмкіндік 
беретін наным-сенімдербар.
Институттардың тұрақты лы қ немесе
теңсіздік агенттері ретіндегі сипаты
Әлеуметтанушылар әлеуметтік қүрылымдарды зерттеу үшін құры- 
лымдық функционализм және конфликтология сияқты екі негізгі 
теорияны қолданады. Біріншісі, институттардың әлеуметтік және 
жеке түрақтылықты қалыптастырудағы рөлін қарастырса, екіншісі, 
институттардың теңсіздікті заңдастырудағы рөліне назар аударады. 
Әрбір жүйе тұрақтылық пен тәртіпті әртүрлі қүндылықтар негізінде 
бағалайтындықтан, әрқайсысы әлеуметтік құрылымдар туралы әр- 
келкі сұрақтар қоюға итермелейді.
Құрылымдық-функциялық теорияны жақтаушылар институт- 
тардың қоғамды тұрақтандыруға қалай көмектесетінін сұраудан 
бастайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін олар күнделікті мәселелерді 
шешу мақсатында институттар ұсынатын заңдылықтарға баса назар 
аударады. Әр жаңа оқиға сайын немесе әр буын өсіп-жетілген сайын 
дөңгелектің жаңа баламасын ойлап таппас үшін құрылымдық функ- 
цияшылдар «бұларға негіз болып тұрған әрбір заңдылық пен инс­
титут қоғам өмірінің біртіндеп дамуына мүмкіндік береді» деп қа- 
райды. Оның үстіне, дәстүрдің арқасында бұл заңдылықтар қасиетті 
болып саналатындықтан, біз оларды моральдық тұрғыдан дұрыс деп 
есептеуге бейімбіз. Соның арқасында, әлеуметтік институттар біздің 
қажеттілігімізді қанағаттандырып, қауіпсіздігімізді қамтамасыз 
етеді.
Конфликт теориясы қүрылымдық функцияшылдардың «инсти­
туттар адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмекте- 
седі» дейтін пікірімен келіседі. Бірақ олар: «Қоғам институттары неге 
бұл заңдылықтардың негізінде қүрылды?» «Бұл заңдылықтарды кім 
қалыптастырды?», «Бұлардан ең көп пайда көретін кім?» деген сауал-


120
4-ТАРАУ
дарга көбірек көңіл бөледі. Олардың жауаптарынан институттардың 
әдетте биліктегілердің мүдделерін қорғайтынын байқаймыз.
Институттар ертеден келе жатқандықтан біз отбасылық, діни 
және саяси жүйелерді тек белгілі бір қажеттіліктерді қамтамасыз 
етудің тәсілі ретінде ғана емес, жалғыз қолайлы жол ретінде қарас- 
тырамыз. Он бірінші ғасырдағы христиан «Сиқыршыларды, әрине, 
өртеу керек» деп ойлайтын болса, біз «Әрине, әйелдер бала тәрибесі 
жолында мансаптарын құрбан етуі тиіс» деп ойлауға бейімбіз. Екі 
жағдайда да конфликт теориясы дәстүрлі формадағы теңсіздікті қа- 
лыпты, тіпті болуы тиіс жағдай етіп көрсетеді және соның арқасында, 
қажетті әлеуметтік өзгерістерді кідіртіп қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет