Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет204/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

6-ТА РАУ
Мүліктік қылмыстар және
зорлық-зомбылық
Федералдық үкімет ірі қылмыстар үшін полицияға белгілі қылмыс- 
тық оқиғалардың саныы жинақтайтын «Бірыңғай қылмыстық есепті» 
(БҚЕ) жыл сайын жариялайды (2010 жыл, Федералдық бюро). 6.1-сыз- 
бада 1980 жылдан бергі мүліктік қылмыстар (тонау сияқты) саны- 
ның динамикасы көрсетілген. 1980 жылдан бері жылжымайтын 
мүлік қылмыстарының саны біршама азайған, АҚШ-тағы кедейлік- 
тің артуына қарамастан, қылмыстың азаюы әлі де жалғасып келеді 
(АҚШ Әділет министрлігі, 2010 ж.). Мұның себептері туралы пікірлер 
алуан түрлі. Сарапшылардың көпшілігі қылмысты, көбінесе жастар 
жасайтынын, ал жастардың саны жылдан-жылға азайып бара жатқа- 
нын айтады. Қылмыстың азаюының бір себебі - осы.
6.1-сызбада көрсетілгендей, қазіргі кездегі экономикалық құлды- 
рауға қарамастан, зорлық-зомбылық қылмыстары (мысалы кісі өлтіру 
және зорлау), әлдеқайда төмендеген және бұл әлі де жалғасып отыр.
Алайда басқа бақуатты демократиялық елдерге қарағанда, АҚШ- 
та кісі өлтіру әлі де көп. Мысалы, АҚШ-та бүл көрсеткіш Ұлыбрита- 
ниядан 5 есе, Германиядан 10 есе жоғары (Біріккен Ұлттар Ұйымының 
Есірткі және қылмыс басқармасы, 2011). Бүл айырмашылықтың себеп- 
тері әзірге түсініксіз, бірақ қару-жараққа қолжетімділік, тұрғындар 
ішіндегі жас жігіттердің саны және үкіметтік мекемелерге сенімсіздік 
бұл проблеманы шиеленістіре түсуі мүмкін (Roth 2009). 6.1-картада 
көрсетілгендей, кісі өлтіру көрсеткіші АҚШ-қа қарағанда басқа көп 
елде әлдеқайда жоғары.
Шағым жасалмайтын қылмыстар
Шағым жасалмайтын
қылмыс 
- есірткі шегу, 
жезөкшелік, құмар ойын ойнау 
және порнография сияқты заңсыз 
тауарлар мен қызметтерді сатып 
алғысы келетін адамдар мен оны 
сатушылар арасында ерікті түрде 
жасалған іс-әрекет.
Есірткі шегу, жезөкшелік, құмар ойын ойнау және порнография сияқ- 
ты заңсыз тауарлар мен қызметтерді сатып алғысы келетін адамдар 
мен оны сатушылар арасында ерікті түрде жасалған іс-әрекет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет