Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет227/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Жаьандық теңсіздік және қарулы
қақтығыстар
Кез келген теңсіздік қарулы қақтығыстарға әкеп соқтыруы мүмкін. 
Егер билік басында тұрғандар өз ресурстары арқылы одан көп ре- 
сурстарды қолға алуды көздесе, жоғары дамыған елдер мұнай, газ 
немесе басқа да шектеулі ресурстарды арзанға алу үшін нашар да- 
мыған елдерді басып алады, салдарынан биліктен тыс қарапайым 
халық оларға қарсы көгеріледі.
Жаһандықтеңсіздік және соғыстар
Чикагодағы екі көшеден жиналған топтардың арасындағы немесе 
Үндістандағы мұсылмандар мен үнділер арасындағы шайқастарда 
адам өлімі көп болуы мүмкін, бірақ ол соғыс деп аталмайды. Соғыс - 
кем дегенде бір жағы тікелей үкімет тарапынан құрылған әскердің 
қатысуымен болатын қарулы қақтығыс (Kestnbaum, 2009). Кейбір 
жагдайларда шиеленістер өрбіп, екі ел арасындағы соғыс, басқала- 
ры ел ішіндегі көтеріліс (азаматтық соғыстар) сияқты кең көлемді 
қоғамдық оқиғаларға үласуы мүмкін.
Согыс әрдайым үш топтың - үкіметтің, қарулы күштердің және қа- 
рапайым халықтың арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруіне әке- 
леді (Kestnbaum, 2009; Paret, 1992; Geyer, 2002). Үкімет қарулы күштердің 
қолдауымен немесе халық өз отанын жаудан қорғау үшін қарулануға 
дайын болуын білдірген жағдайда ғана әскерін жинап, соғысқа қатыс- 
уы мүмкін. Қарулы күштер үкіметтің және халықтың қолдауымен не­
месе жауды жеңуге өкілеті жеткілікті болған жағдайда ғана соғысқа 
шыға алады. Халық үкіметтің және әскердің елге қамқорлық жасап, 
жаудан қорғауына сенімді болған жағдайда ғана олардың соғысқа 
қатысуын қолдайды. Сондай-ақ халық өз үкіметін және әскерін жау 
ретінде қабылдаса және күресуге тұрарлық деп санаса, көтеріліске 
шығады. Елдердің арасындағы теңсіздіктің артуы бүкіл элем бойын­
ша зорлық-зомбылық, этностық немесе саяси күрестің орын алуына 
себеп болады (Kerbo, 2005). Соңғы онжылдықта мұндай конфликтілер 
Израильде, Македонияда, Мексикада, Ауғанстанда және басқа жерлер- 
де орын алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет