Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет459/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
409
күннен-күнге күрделеніп барады. Ел билігі маман тапшылығын болдыр- 
мау үшін көлік жүргізушісінен бастап дәрігерге дейін қорғап, қолдайды. 
Сонымен қатар зейнетақы мөлшері мен денсаулық сақтау шығындары 
жылдам көбейіп келеді (Бұл АҚШ-тың әлеуметтік қамсыздандыру жүйе- 
сіне де қатысты). Осының салдарынан өндірісі дамыған елдердің басым 
бөлігі ұлттық таза табысының едәуірін қарт тұрғындардың зейнетақысы 
мен денсаулық сақтау саласына бөлуге мәжбүр.
Осы мәселеге қарсы күрес мақсатында Италия өзге мемлекеттерден, 
соның ішінде көбінесе Шығыс Еуропа мен Солтүстік Африка елдерінен 
жұмысшыларды импорттады. Бұл жағдай үлттың мәдени қүлдырауына 
алаңдаушылық туындатты. 2007 жылы жүргізілген сауалнама италия- 
лықтардың 73 пайызы иммигранттар Италияға кері әсерін тигізді деп 
санайтынын көрсетті (Pew Research Center, 2010). Осының салдарынан 
иммигранттарға қысым көрсетіле бастаған. Тіпті Италия иммиграцияға 
тыйым салуға мәжбүр болды. Кемсіту мен шеттету әрекеттеріне Италия 
иммигранттары наразылық көрсетті. Батыс Еуропаның бірқатар елдерін- 
де де осындай жағдай орын алып, соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. 
Мысалы, Францияның иммигранттық аймақтарында 2005 жылдың 
аяғында үш апта бойы жалғасты.
Туу көрсеткіші төмендігінің салдары 2008 жылы 12 мамырда Қытай- 
дың Сычуан провинциясында болған жер сілкінісі кезінде байқалды. Ха- 
лық санының өсуін тежеу үшін авторитарлық Қытай үкіметі отау құрған 
азаматтарына дүниеге бір баладан артық әкелуге тыйым салып, заңды 
елемеген жүптарга шара қолданып отырған. Жер сілкінгенде құрылы- 
сы осал 7000 үй құлап, қирандылар астында мыңдаған бала көз жұмды. 
Олардың көбі ата-аналарының жалғыз баласы болатын.
Баладан айырылу - ауыр қасірет. Ал жалғыз баланы жоғалту 
тіптен қиын. Өмірдің мәні кетіп, үкілеген үміт үзіледі. Қартайғанда 
қайыры болар деп жүрген баласымен бірге ата-анасының болашаққа 
деген сенімі де жоғалады. Осы оқиғадан кейін Қытай үкіметі жапа 
шеккен отбасыларға жеңілдік жасап, тағы да бала сүюге рұқсат берді. 
Бірақ кейбір жұптардың жасы егде тартқандықтан бұл мүмкіндікті 
пайдалана алмауы мүмкін.
Саяси жауаптар
Туу көрсеткішін көтеру мақсатында Италия және басқа да еуро- 
палық елдер бірқатар ынталандыру шараларын қолға алды. Атап 
айтқанда, жүктілік пен бала күтіміне байланысты ақысы төлене- 
тін бірнеше айлық демалыс белгіленді, көлемі бала санына сәй- 
кес артатын ақшалай сыйақы мен түрғын үй субсидиялары және 
бала 3 жасқа толғанға дейін ай сайын жәрдемақы төленетін болды 
(Oleksyn, 2006). Дегенмен баланы бағып-қағуға жұмсалатын шығын 
бұл жеңілдіктерден әлдеқайда артық. Бүл басымдықтар туу көрсет- 
кіш інің күрт төмендеуіне кедергі келтіргенімен Италияда да, басқа 
еуропалық елдерде де көрсеткішті жоғарылата алмады. Себебі әйел- 
дерді үйден түзге қарай жетелейтін қызық жайттар бар (Gautier & 
Hatzius, 1997).
Х а л ы қ ж ә н е ә л е у м е т т і к
м ә с е л е л е р : е к і м ы с а л
Әлемдегі халық санының өсімін саралау бұның әрі жақсы, әрі тиімсіз 
жақтары бар екенін көрсетті. Жақсысы сол - дүниенің түкпір-түкпірін-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет