53
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының
мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі – өнеркәсіп орындары мен
ведомставаларға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып
отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады.
Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты
пайдаланудағы бейбастақтықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект
тоқтата алады. Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі – ғылыми
техникалық прогресс.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық тұрғыдан қарағанда,
табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшіру
бағыты дұрыс деп есептеледі. Әлемнің ірі-ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі
автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген
негізгі он бүлдірушінің ішінде, БҰҰ-ның кестесі бойынша, автомобильден бөлінетін
көміртегі екінші орында тұр.
Достарыңызбен бөлісу: