№ 2 Тақырып .
Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері Ғарыш және ғаламшарлар жүйелері құрылымындағы ортақ қасиеттері
мен айырмашылықтары, энергия көздері, қозғалу мен даму заңдылықтары.
Күн жүйесіндегі Жер планетасының алатын орны. Жер планетасы
құрылымындағы ерекшеліктер, қоршаған кеңістікпен қарым-қатынаста
болуы, ішкі құрылымы туралы мәліметтер. Оның пайда болуы мен дамуын
нақтылы мәліметтер арқылы дәлелдеу. Жердің гравитациялық, магниттік
және басқа өрістері. Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің
пайда болуы туралы гипотезалар. Ыстық және суық бұлттар, заттардың
гетерогендік және гомогендік құрамы. Күн мен планеталардың бір уақытта
және әртүрлі уақытта пайда болуы. Шағын аспан денелері туралы
мәліметтер.
Жер қыртысы пайда болуының бастамасы – планетаның тас денесінің
қалыптасу: бастапқы кезеңдегі ерекшелігі, еруі немесе ырғақты күйде болу
мүмкіншілігі, толығымен қатаю уақыты, қатты қыртыстың пайда болуы, жер
қыртысы құрамының әртүрлі болу себептері. Метаморфизм мәселелері,
әртүрлі жастағы тау жыныстарының сақталуы, алғашқы күйі туралы
мәліметтер, жаңару жолдары. Эффузивті, интрузивті және шөгінді тау
жыныстарының таралу аймақтары мен құрамының өзгеруінің жалпы
ерекшеліктері.
Жер планетасының эволюциялық дамуы – массасы мен көлемінің
сақталу, сығылу немесе керісінше ұлғаюы, планетаның дамуы. Тектоникалық
қозғалыс түрлері. Болжауды мәліметтерге сүйене дәлелдеу, гипотеза салдары.
Газ қабықшасының пайда болуы, планетаның әртүрлі даму
кезеңдерінде атмосфера құрамының өзгеруі, осы өзгерістерді дәлелдеу және
оның салдары. Жер қойнауы дегазациясы. Ауа құрамының және оның
жекелеген компонеттерінің өзгеруінің қоршаған ортаға тигізер әсері,
литосфера мен гидросферамен байланысы.
Сулардың пайда болуы: теңіз, жер беті және жер асты сулары; тұзды
және тұшы сулардың, гидратацияға ұшыраған тау жыныстарындағы
ювенильді сулар, дегазация сулары; Дүниежүзілік мұхит сулары,
мұхиттардың пайда болу уақыты. Мұздану мәселелері.
Жердің жер бедері, Жердің даму тарихында құрлықтар мен
мұхиттардың таралу ерекшеліктері; мегарельефтің негізгі пішіндері мен
ерекшеліктері; өзгеру себептері, рифтогенез.