315
бейнелі тәжірибелеріне сүйенген бір Құдай портреті қалыптаса бастаған-
тын.
Бұл бағыт Константинопольдегі кішігірім
Әулие Мамас монастырының
ұстазы және «жаңа теолог» ретінде танылған Симеон (949-1022) тарапынан
айқын көрініс тапты. Бұл жаңаша теология Құдайын сипаттауға талпынбай
-
тын. Симеонның ойынша, бұл Құдайдың қадірін түсінбеушілік пен өзім
-
білемдік болар еді. Шындығында Құдай жайлы айту, бір жағынан, «ұғыныл
-
майтынды ұқтым» деумен бірдей еді.
365
Құдайдың табиғаты
жайлы раци
-
оналды пайымды алға тартқаннан гөрі «жаңа» теология тікелей тұлғаның
жеке діни тәжірибесіне сүйенетін. Құдайды ұғу оңай көрінетін басқа бол
-
мыс түрлерімен салыстырып және оларды ұғуға жарайтын ұғымдар арқылы
тануға болады деу мағынасыз көрінеді. Құдай – құпия. Шынайы христиан
– Құдай өзін Исаның Құдайланған адами болмысында айқын көрсеткен
«Құдай» тәжірибесіне немесе хәліне ие болған жан. Симеонның өзі, бір
сәтте өзіне тап келген бір хәл арқылы дүнияуи тіршілікті тәрк етіп, терең
ойға берілген жан еді. Әуелі не
болғанын ұқпаған болатын, бірақ біртін
-
деп өзгеріске тап келгенін және Құдайдың өзінен тараған жарық сәуленің
әсерімен трансформациялана бастағанын түсінді. Бұл, әрине, біз білетін жа
-
рық емес; Ол, пішін, елес және назар салып қызықтаудан жоғары, тек қана
хәл мен құлшылық арқылы танылатын.
366
Бұл тек қана таңдаулылар мен
тақуаларға, монахтарға тән хәл емес-тұғын; Исаның Інжілде айтып кеткен
патшалығы Құдаймен тұтасу еді және ақыретті күтпестен дәл осы өмірде
бастан кешірілуі тиіс рухани хәл болатын.
Симеонның көзқарасы бойынша, Құдай танылған және танылмаған, алыс
әрі жақын. Ол «Талқылау мүмкін емес құбылысты сөз ету» секілді мағынасыз
бір
жауапкершілікті арқалағанша, монахтардың өз рухтарындағы оларды
өзгертуші ақиқатқа бар назарды салғандарын қалайтын. Құдай көрген сәт
-
тің бірінде Симеонға айтқанындай: «Иә, мен – Құдаймын, сенің игілігің үшін
адам кейпіне енген менмін. Және, көріп тұрғаныңдай, сені жараттым және
365 Theological Orations I.
366 Ethical Orations I.3.
316
сені Құдай қылам.»
367
Құдай сыртқы, объективті шындық емес, субъективті
және жеке тұлғаның сәулеленіп нұрға бөленуі. Алайда оның Құдай жайлы
талқылауды, сөйлеуді жоққа шығаруы оны бұрынғы теологиялық ұғымдар
-
дан ажырап қалуға жеткізбеді. «Жаңа» теология Шіркеу Әкейлерінің дог
-
маттарына өте терең байланған-тын. Симеон
Достарыңызбен бөлісу: