218
сын адамдардың шектеулі түсінігіне сай ұсынады.
Құран мұсылмандарды
жан-жағынан қаусырған Құдайдың Жүзі мен Затын тану үшін қажетті са
-
на-сезімге қол жеткізуін (тақуа) қалайды: «...Жүздеріңді қай тарапқа бұр
-
саңдар да, сол тараптан Алланы табасыңдар....»
288
. Христиан дініндегі Әке
түсінігі сияқты, Құран да Құдайды Шексіз құбылыс деп сипаттайды, шынайы
болмыс тек Оған ғана тән:
Жер бетіндегі жан иелерінің барлығы жойылып, ғайып болады. Ұлылық
пен шексіз дарқандық иесі – Алла
ғана мәңгі қалады
289
.
Құранда Құдайдың тоқсан тоғыз аты немесе сипаты айтылған. Бұл есім
-
дер Оның ұлықтығын, жер-жаһандағы бүкіл жаратылыстың бастауы екеніне
мән береді. Осылайша әлем тек Ол
әл-Ғани
(бай және шексіз) болғаны үшін
бар; Ол тіршілікке жан берді
(әл-Мубии)
, Ол барлық нәрсені біледі
(әл-Алим)
,
Ол сөзді жаратқан
(әл-Калима)
. Сондықтан Онсыз тіршілік, білім мен сөздің
болуы мүмкін емес. Бұл тек Құдайдың шынайы болмысы және құдіретінің
айқын көрінісі. Бірақ иләһи есімдер кейде бір-бірінің күшін жояды. Мәселен,
Құдайы әрі
әл-Қаһар
, үстем және дұшпандарына қаһар қылады, әрі
әл-Халим
,
соңына дейін сабыр, шыдам көрсетеді. Ол әрі
әл-Қабиз
, сығады, қысады, әрі
әл-Басит
, ашады, кеңейтеді.
Әл-Хафыз
, төмендетеді және
әр-Рафи
, жоғары
-
латады. Құдайдың есімдері мұсылман иманында маңызды орынға ие: олар
-
ды жатқа айтады, тәспімен зікір етеді және сонымен дұға қылады. Бұлардың
бәрі мұсылмандарға Құдайдың адами категорияларға кірмейтінін және қа
-
рапайым танымдар аясына сыймайтынын аңғартады.
Исламның алғашқы шарты боп, уақыт өте келе
аш-шахада
мұсылмандық
иманның символы болды: «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның ел
-
шісі».
Бұл тек қана Алланың бар екендігін мақұлдау ғана емес, сонымен қа
-
тар Алланы жалғыз шынайы Ақиқат деп мойындау. Тек шынайы Ақиқат – Ол,
сұлулық пен кемелдік Оған тән: ғаламдағы бұл қасиеттерге белгілі бір өл
-
шемде ие болған тіршілік иелері мен болмыс атаулы тек шынайы Ақиқатқа
288
Кұран
, 2:115.
289
Кұран
, 55:26–27.
219
жақындаған кезде ғана бұл қасиеттерге ие бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: