Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет14/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


 

Әдебиет

 

1.  Әбу Насыр әл-Фараби. 10-томдық шығармалар жинағы. ТОО «Лотос-

Астана», —Астана: 2007-2009 . 

2.  Шаймерденұлы  Е.  Ақыл-ой  антологиясы/  Әбу  Насыр  әл-Фараби. 

«Өлке», —Алматы: 2009. 25-бет. 

3.  Әл-Фарабидің  философиялық  мұрасынан.  /«Әлемдік  философиялық 

мұра»,  20-томдық,  4-том,  әл-Фараби  мен  Ибн  Сина  философиясы. 

«Жазушы», —Алматы: 2005. 237-555 б.б. 

Бурабаев М.С., Жолмухамедова Н.Х., Кенисарин А.М., Коянбаева Г.Р., 

Курмангалиева Г.К. Духовное наследие аль-Фараби: история и 

современность.— Алматы: 2001.

  

4. 



Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 

2010


 

135 

 

ӘБУ РАЙХАН БИРУНИ 



 

 (4 қыркүйек 973ж,  Кят қаласы, Хорезм 

 (Өзбекстан) – 9 желтоқсан 1048ж.) 

 

    —    Хорезмнен  шыққан  ұлы  ғалым,  тарих, 



география, 

филология, 

астрономия, 

математика, 

геодезия, 

минерология, 

фармакология  және  т.б.  да  салалардағы 

көптеген еңбектердің авторы.  

        Бируни  өз  заманында  барлық  ғылым 

салаларынан қанық болған. Оның туған жері 

Орта 

Азия 


(қазіргі 

– 

Өзбекстан 



Республикасының аумағы). 

 

Философиялық шығармалары: 

           «Ертедегі  ғылымдар  хронологиясы»,  «Үндістанның  жазба  бейнесі» 

деген т.б. ірі еңбектердің авторы.  



Философиялық көзқарастары: 

       Ол  табиғаттың  объективті  өмір  сүретінін,  оның  даму  заңдылықтары 

екенін  мойындады.  Дүние  ұдайы  қозғалып,  дамып  отырады,  оның  барлық 

өзгерістері  материяға  байланысты,  деді  ол.  Жан  тәннің  жемісі  деген  пікір 

айтты. Материя өзін-өзі тудырады деген ұғымға жүгінді. 

         Көзқарасы  жағынан  идеалист  болғанымен  әл-Бируни  ғылымдарды 

салалап дамытуда өзінің материалист екенін айқын байқатты.  

       



                                                                 Әдебиет: 

 

1.  Спиркин А.Г. Философия. — Москва: 2004. 

2.  Ал-Бируни.  Об  отношениях  между  металлами  и  драгоценными 

камнями по объёму. В С.: Из истории физико-математических наук на 

средневековом Востоке. «Наука», —Москва: 1983, с. 141—160. 

3.  Бируни  Абу  Рейхан.  Индия.  Пер.  А.Б.Халидова,  Ю.Завадовского. 

«Ладомир», —Москва: 1995. 

4.  Булгаков П.Г. Жизнь и труды Беруни. «Фан», —Ташкент: 1972. 

5.  Матвиевская  Г.П.,  Сираждинов  С.Х.  Абу  Райхан  Беруни  и  его 

математические труды. «Знание», —Москва: 1978. 

6.  Матвиевская Г.П. Очерки истории тригонометрии. «Фан», 

 —Ташкент: 1990. 

7.  Розенфельд Б.А., Рожанская М.М., Соколовская З.К. Абу-р-Райхан  

Ал-Бируни, 973—1048. «Наука», —Москва: 1973. 

8.  Тимофеев И.В. Бируни. «Молодая гвардия», —Москва: 1986. 

9.  Шарипов А. Великий мыслитель Абу Райхан Бируни. «Фан», 

—Ташкент: 1972. 

 


136 

 

ӘБУ ЮСУФ ЯКУБ ИБН ЫСҚАҚ ИБН 



САББАХ ӘЛ-КИНДИ 

 

 (шамамен 801ж, Басра, Ирак 

                 –  873ж, Бағдат, Ирак) 

 

          —  Басрадан  шыққан  атақты  арабтың 



математигі, философ, ғалым және астролог,    

          Бағдаттағы 

«Ақылдылар 

үйінде» 


қызмет  еткен.    Әл-Мутаваккил  халифтің 

билігі  тұсында  (847  жылдан)  қуғында 

болған.  Әл-Кинди  метафизика,  логика, 

этика,  математика,  астрология,  медицина, 

метеорология,  оптика,  музыка  салалары 

бойынша  250-ге  тарта  трактаттардың- 

еңбектердің  авторы.    Шығыс  перипатетигі 

өзінің  түпнегіз  (прасубстанция)  туралы  ілімінде  мына  категорияларды 

қарастырды: форма, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт. Ол дүниені ақылмен 

тануға болатынын, ақиқатты білімге жетудің ғылыми танымдық үш сатысын 

көрсетті:  логикалық-математикалық,  жаратылыстану-ғылымилық  және 

метафизикалық (философиялық).  

            Әл-Киндидің 

философия 

және 

жаратылыстану 



ғылымдары 

саласындағы  көптеген  жаңа  тұжырымдары  мен  қағидалары  келешек  ғылым 

үшін  де  жетекшілік  рөл  атқарды.  Атап  айтқанда,  оның  септілік  байланысы, 

танымның  үш  сатысы  туралы  ілімі  араб  философиясы  үшін  сараптаудың 

үлгісі есепті болды. 

Философиялық көзқарастары: 

            Әл-Киндидің пайымдауынша, танымның бірінші сатысына логика мен 

математика, екінші сатысына жаратылыстану ғылымдары, үшінші сатысына 

философияны  жатқызады.  Демек,  философияның  нақтылы  ғылымдарға  өте 

жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа сүйейтіндігін көре 

біліп, дұрыс айтқан. 

           Шығыс  перипатетизімінің  тарихында  ақыл-ойдың  төрт  түрін  атап 

көрсеткен концепция үлкен рөл атқарды. Оларды мәңгі әрекетшіл «белсенді 

ақыл-ой»,  «бейжай,  енжар  ақыл-ой»,  «жол-жөнекей  қосылған  ақыл-ой», 

«жарияшыл ақыл-ой» деп сұрыптайды. Ал Аристотельдің он категориясының 

орнына  әл-Кинди  бес  категорияны  рухани  түпнегіз  етіп  алуды  ұсынады. 

Олар: материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт. 

        Өзінің  ғылыми  ізденістерін  әл-Кинди  астрологиямен  –  болашақты 

болжау  ісімен  ұштастыруға  ұмтылған.  Оның  бұл  әрекеті  –  ислам  дініне 

келісе  бермейтін  кейбір  пайымдаулары  исламның  кейбір  жақтаушыларына 

ұнамай,  олар  әл-Киндидің  біраз  кітаптарын  өртеп  жіберді.  Сондықтан  да 

оның  көптеген  шығармалары  бізге  жетпеді.  Әсіресе,  оларды  қатты 

ашуландырып, өшіктірген нәрсе әл-Киндидің Құранға сенімсіздікпен қараған 

кейбір ойлары болды.  


137 

 

Әдебиет: 



 

1.  Әл-Кинди  /«Әлемдік  философиялық  мұра»,  20-томдық,  5-том. 

Ортағасырлық діни философия. «Жазушы»,—Алматы: 2005. 257-287б. 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы 

/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006.60-61 бет 

Матвиевская Г.П., Розенфельд Б.А. Математики и астрономы 

мусульманского средневековья и их труды (VIII—XVII вв.). В 3 т. 

«Наука», —Москва: 1983.

  

3. 



Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 

2010


 

4.  Смирнов  А.В.  Логика  смысла.  Теория  и  ее  приложение  к  анализу 

классической арабской философии и культуры. —Москва: 2001. 

5.  Коплстон Ф.Ч. История философии Средние века.—М: 2003.154-бет 

6.  Философский энциклопедический словарь. —Москва: 1989.257-бет. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

138 

 

ӘБУ ӘЛИ ХУСЕЙН ИБН АБДАЛЛАХ 



ИБН СИНА (АВИЦЕННА

 

(16 тамыз, 980ж. Бұхараның жанындағы 

Афшана (Тәжікстан) – 18 маусым,  

1037ж.) 


 

          –  энциклопедист-ғалым,  философ, 

дәрігер,  астроном,  ақын  әрі  саяси 

қайраткер.  

         Ибн 

Сина 


өзінен 

кейін 


зор 

шығармашылық  мұра  қалдырып  кетті: 

ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық 

еңбек  жазды,  бірақ  бізге  дейін  оның  240 

кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен 

философиядан  бастап,  геология  және 

астрономиямен 

аяқталып, 

білімнің 

барлық  саласына  арналған.  Үлкен  атаққа  Ибн  Сина  дәрігер,  ғалым  және 

фармацевт  ретінде  ие  болды.  Ол  бар  болғаны  57  жыл  өмір  сүрсе  де,  оның 

өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Оның өзі жазған 

(ол  оның  алғашқы  30  жылын  қамтиды)  және  оның  шәкірті  Джурджани 

жалғастырған  өмірбаяны  сақталған.  Иран  мемлекетіндегі  Исфахан  атты 

қалада  философия  және  медицина  саласы  бойынша  дәріс  алып,  өз  білімін 

жетілдіреді.  



Философиялық шығармалары: 

18-томнан тұратын «Айығу кітабын» жазды.  

          Ол  ғасырлар  бойы  Шығыс  пен  Батыс  дәрігерлері  үшін  баға  жетпес 

көзіне  айналған  еді.  Ибн  Синаның  философиялық  шығармасы  –  он  сегіз 

бөлімнен тұратын «Айығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және 

философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты аса құрметпен 

аталды.  Оны  бірде  «Философтардың  патшасы»  деп  атаса,  енді  бірде  оны 

«Дәрігерлердің атасы» деп атады. 



Философиялық көзқарастары: 

         Философияда  Фараби  бағытын  жалғастырғанымен,  Ибн  Сина  араб 

перипатетизмінің  негізін  қалаушы  болды.  Оның  болмыс  туралы  ілімі 

материяны  мәңгі  жаратылыстан  тыс  құбылыс  ретінде  қарастырды.  Алайда 

бұл қағиданы діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, 

ол Құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі 

ғана  екенін  айтады.  Ол  уақыттан  тысқары  Құдайдың  жағдай  туғызуына 

байланысты  шындыққа  айналады.  Адамның  рухын  Ибн  Сина  дененің 

бейзаттық  формасы  ретінде  қарастырады.  Денелердің  қайта  тірілуі  мүмкін 

емес дейді. 

        Ибн  Сина  жалпы  ұғымдар  (универсалилер)  мәселесін  өте  қызық 

жағдайда  шешкен.  Оның  ілімі  бойынша,  жалпы  ұғымдар  үш  ұдай  өмір 

сүреді:  біріншіден,  заттарға  дейін,  құдыреттің  ақыл-ойында,  екіншіден, 


139 

 

заттың  өзінде,  себебі  ол  сол  заттың  мәні  және  үшіншіден,  заттан  кейін 



адамдардың санасында. 

      Таным  теориясында  Ибн  Сина  әл-Фарабидің  жолын  қуып,  оны  одан  әрі 

дамытуға  атсалысады.  Дегенмен,  кейбір  мистикалық  тұжырымдарға  бай 

негізгі  тәсілдердің  бірі  ретінде  ол  Құдай  шапағатын  мойындап,  ұсынады. 

Жалпы  алғанда,  Ибн  Сина  философиясы  –  Аристотельді  исламның  негізгі 

қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған 

ілім.  Ол  әл-Фарабиден  кейінгі  философия  тарихында  өзіндік  із  қалдырған 

араб тілді мұсылман философиясының ірі өкілдерінің бірі. 

         Жас  Ибн  Сина  сол  кездегі  атақты  дәрігер  Абу  Сахлем  Масихимен 

танысып,  ғылыми  хат  жазысып  тұрды,  ортағасырлық  Шығыстағы  ғалым-

энциклопедист Абу Райхан Бирунимен қақтығысып қалатын. Он жеті жасқа 

қараған  кезде,  Ибн  Сина  дәрігер  ретінде  Бұхарада  үлкен  атаққа  ие  болып, 

Бұхарадағы  эмир  сарайына  шақырылды.  Нух  ибн  Мансур  ұзақ  уақыт  бойы 

ауырды,  оны  емдеген  сарай  маңындағы  дәрігерлер  оған  ешнәрсемен 

көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарды, 

ол  эмирдің  жеке  дәрігері  болып  сайланды,  сарай  кітапханасын  пайдалануға 

рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхана еді. Мүмкін, 

дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін 

жасау идеясы туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі 

орындала  бермейтін.  900-ші  жылдардың  соңында  Бұхара  соңғы  тыныш 

күндерін бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түркі 

көшпелі  тайпалары  астананы  жаулап  алды.  Қала  тоналып,  кітапхана  жанып 

кетті… 1002  жылы әкесі  қайтыс болған  соң,  Ибн  Сина  Хорезмнің  астанасы 

Гурганджыға  (қазір  Үргеніш)  көшіп  келеді.  Жергілікті  басқарушы  шах 

сарайындағы Мамун Академиясына пікір таластыру үшін келген ғалымдарға 

жақтау көрсетті. Ибн Синаның соңынан Хорезмге Бируни мен Масихи келді. 

Біраз  жыл  ғалымдар  тыныштық  тауып,  ғылыммен  шұғылдануға  мүмкіндік 

алды. Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушы Хорезмнің бай 

жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдарды оның астанасына қоныс 

аударуын  талап  етті.  Ибн  Сина  мен  дәрігер  Масихи  сұлтанға  барудан  бас 

тартып,  түнде  қарақұм  құмы  арқылы  қашып  кетті.  Аңыз  бойынша  үшінші 

күн  жол  жүріп  келе  жатқанда,  дауылға  тап  болып,  адасып,  сусыз  және 

тамақсыз қалады. Масихи шөл далада өледі. Ибн Сина оны көмеді де, өзі әзер 

дегенде  құтылып  шығады.  Сұлтан  Махмуд  Газневи  барлық  қалаларға  Ибн 

Синаның  сыртқы  түрін  суреттеп  адамдар  жібереді.  Кімде-кім  данышпан 

дәрігердің  тұрақтаған  жерін  көрсетсе,  үлкен  сый  алатын  болды.  Сол  кезден 

бастап  Ибн  Синаның  өмірі  Иранның  түрлі  қалаларында  бітпес  қаңғырумен 

өтті.  Ғалым  Хамадан  және  Исфаханда  өмір  сүрді,  онда  ғылыми 

шығармашылықпен  айналысты,  нысана  қызметімен  шұғылданып,  сондағы 

эмирлердің  сарай  маңындағы  дәрігері  болды.  Ибн  Сина  басынан  өткізген 

жағдайлар  қиын  болды.  Бірнеше  рет  қуғынға  ұшырап,  абақтыға  жабылды. 

Үйін  тонаған  кезде,  ғалымның  көптеген  еңбектері  жоғалып  кетті.  Кейбір 

жұмыстарын  Ибн  Сина  ұзақ  жол  жүрген  кезде,  ат  үстінде  отырып  жазды. 

Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану 



140 

 

мүмкіндігінен  айрылса  да,  Ибн  Сина  ғылыми,  әдеби  және  дәрігерлік 



қызметін  тоқтатпады.  Өмірдің  қиын  соқпақтары  денсаулығына  әсер  етіп, 

1037  жылы  18  маусымда  қайтыс  болды.  «Өлімнің  түйінін  анықтауға» 

талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету 

үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол 

өзінің  медицина  бойынша  басты  еңбегі  «Китабуль-Канун  фит-тыбб» 

(Дәрігерлік  ғылымның  ережесі)  жазып  шықты.  Бес  томдық  энциклопедия 

«Дәрігерлік  ғылымның  ережесі»  Ибн  Синаға  дүниежүзілік  атақ  әперді, 

медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен 

дәл құрылымымен ерекшеленді. 

           «Дәрігерлік  ғылымның  ережесі»  грек,  үнді  және  ортаазиялық 

медицина  білімін  және  тәжірибесін  талдау  және  жүйелеуді  ғана  көрсеткен 

жоқ.  Ибн  Синаның  қызметі  дәрігерлік  тактикаға  жаңаша  болып  енгізілді. 

Бұрын  медицина  ғылымына  белгісіз  жаңа  мәліметтерді  «Ереженің»  әрбір 

бетінен  кездестіретін  болды.  Ибн  Сина  көрінбейтін  жұқпалы  аурулардың 

қоздырушысы  туралы  ғылыми  болжамды  алға  тартты,  бұлар  ауа  және  су 

арқылы  тарайтын,  800  жыл  өткеннен  соң  ғана  француз  Пастер  ғалымның 

қоздырушы  микроб  туралы  бұл  жұмбағын  дәлелдеді.  Ибн  Сина  тамыр 

туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын 

тәріздес  немесе  ұршық  тәріздес,  екі  соғу,  ұзақ,  дірілмен,  қысқа,  аз,  баяу, 

құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, 

ара  тәріздес,  жуан,  бос,  қызу,  күйгелек  болады»  -  деп  айтылған  «Ережеде». 

Ибн  Сина  бірінші  болып  чума,  холера  (оба),  сары  ауру  туралы  жазды, 

олардың  шығу  себептерін,  нышандарын  талдап  шықты,  мұндай  ауыр 

ауруларды,  менингит  сияқты,  асқазан  жарасы,  диабет  және  көптеген  басқа 

аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды. Ол көздің бұлшық еттерінің 

құрылысын  анық  түсіндіріп  берді.  Бәрі  оған  дейін  көз  фонарик  тәрізді, 

ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері 

кетеді  және  кескін  береді.  Ибн  Сина  көздің  бұлағы  хрусталь  деген  пікірді 

теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік 

ғылымның  ережесінде»  Ибн  Сина  ерекше  назарды  баланы  тәрбиелеу  мен 

тамақтандыруға,  физикалық  жаттығулар  мен  дұрыс  тамақтануға  аударады. 

Ибн  Синаның  еңбегінің  соншалықты  жоғары  болғаны,  ол  «Ережені»  жазып 

біткен  соң,  ол  дүние  жүзінің  барлық  елдерінде  медицина  энциклопедиясы 

болды. XII - ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген 

қолжазбамен тарады. XV- ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, 

бірінші  басылымның  бірі  болып  «Ереже»  басылып  шықты.  Еуропада  жиі 

басылып  шығуы  жағынан  Библиямен  бәсекелесті,  ал  ол бар  болғаны 40 рет 

басылып  шықты.  XVII  -  ғасырдың  соңына  дейін  «Дәрігерлік  ғылымның 

ережесі»  студент-дәрігерлер  үшін  және  Еуропада  дәрігер  үшін  жетекші 

болуда, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды.  

 

 

 



 

141 

 

Философиялық афоризмдері: 

  Дене  құрылысының  үйлесімін  бірқалыпты  ұстау  дегеніміз  –  тағам  мен 

сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, 

дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау. 

 

Дене  шынықтыру  жаттығуларымен  шұғылдансаң,  дәріге  пысқырып  та 



қарамайсың.

  

  Өз бақытын бағалай білмеген адам бақытсыздыққа ұшырайды. 



 

Қимыл  көптеген  дәрінің  орнын  басу  мүмкін,  бірақ  бірде-бір  дәрі 

қимылдың орнын баса алмайды.

 

  Медицина  –  саулықты  сақтау,  науқасты  кеселден  айықтыру  үшін  адам 



тәнін зерттейтін ғылым. 

 

Дәрігерде үш қару бар, олар: сөз, өсімдік, пышақ.



 

  Егер  ұзақ  өмір  сүргің  келсе  ...  онда  ұнтақталған  грек  жаңғағы  аралас 

балды үзбей жей бер. 

  Дене  шынықтыру  жаттығулары  әр  адамның  жасына,  әл-ауқатына  сәйкес 

әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, 

күш-қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға 

қолайлы тағам қарттарға зияны болуы ықтимал. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Ибн  Синаның  философиялық  мұрасынан  /«Әлемдік  философиялық 

мұра».20-томдық,  4-том.  Әл-Фараби  мен  Ибн  Сина  философиясы.-

«Жазушы», —Алматы: 2005.237-55 б.б. 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы 

/Ортағасырлық философия, «Раритет»,—Алматы: 2006.71-72 бет 

3.  Шаймерденұлы Е. Ақиқат айнасы (философиялық афоризмдер) 

/Ибн-Сина. «Өлке», —Алматы: 2004.  

4. 


Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алм: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010

 

5.  Қазіргі мұсылман философиясы. /«Әлемдік философиялық мұра»,  



20-томдық, 19-том. «Жазушы», —Алматы: 2009. 

6.  Ибн Сина. Избранные философские произведения. «Наука»,—М: 1980. 

7.  Сагадеев А.В. Ибн Сина. —Москва: 1980.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

142 

 

ӘБУ–БӘКІР МҰХАММЕД ИБН 



ЗӘКӘРИЯ ӘЛ-РАЗИ 

 

(865ж., Теһран маңындағы Рея, – 

 925ж. немесе 934ж., сонда Иран) 

 

          –  ирандық  энциклопедист-ғалым, 



дәрігер  әрі  философ;  рационалист  және 

еркінойлаушы (вольнодумец).  

        Алғашқыда  Рейде,  сосын  Бағдатта 

емханада жетекшілік етті. Рази антикалық 

ғылыммен,  соның  ішінде  медицина  және 

философиясымен  де  әбден  қанық  еді; 

Оның еңбектері Европада латын тіліне тек 

X-XIII ғасырларда ғана аударылды. 



Шығармалары: 

        Жалпы  көлемі  184-жұмыс  жазды, 

біздің  заманымызға  дейін  жеткені  -  61.  Әл-Разидің  шығармашылық  мұрасы 

философия, этика, теология, логика, астрономия, физика, алхимия, медицина 

(«әл-хави»,  яғни  «медицина  жөніндегі  құнды  кітап»  және  10-томдық 

«Мансұрға 

арналған 

медициналық 

кітап») 

мәселелеріне 

қатысты 

туындылармен  айқындалады.  Оның  онтология  мен  гносеология  мәселелері 

бойынша идеялары ғылымда ерекше бір қызығушылық тудырды.  

Философиялық көзқарастары: 

           Ол онтологияда бес мәңгі бастау туралы идеяны негіздейді: жаратушы, 

жалпы  рух,  праматерия,  абсолюттік  кеңістік  және  абсолюттік  уақыт,  міне, 

осылар әлем өмір сүруінің қажетті алғышарттары болып табылады. 

           Әл-Разидің  пікірінше  жан  мен  тән  бір-бірімен  ажырамас  байланыста. 

Және  адам  ақыл-ойға  ие  болғандықтан  табиғи  құбылыстарды  танып-білуге 

қабілетті.  Адам  тірі  мақұлық  ретінде  білімнің  қуанышын  сезінуге  құштар. 

Адамдар  арасында  ақиқатқа  жетуге  қабілеттілері  философтар  болып 

табылады.  

           Разидің ойынша философ жаратушыға ұқсас болуға тиіс, ол адамдарға 

әділетті  және  олардың  қателіктеріне  кешірімді  болуы  тиіс,  себебі  әркім 

ақиқатқа  әртүрлі  жолмен  жетеді  және  шамасы  келгенше  жақындауға 

тырысады.  

           Әл-Рази  өзінің  пайымдау  үдерісінде  Алланың  рөлін  тек  бастапқы 

түпнегізге ғана теліп, оның функциясын барынша азайтады, ал материалдық 

әлем  өзінің  қозғалысында  салыстырмалы  түрде  жаратушыдан  тәуелсіз  және 

дербес.  

         Әл-Рази  өз  онтологиясының  кейбір  жағдайларында  материяны  өзінің 

атрибуттарымен  қоса  (кеңістік  пен  уақыт)  жаратушымен  тең  бір  қатарға 

қояды.  Әл-Рази  ғылымның  жақтаушысы  болып,  дінді  сынайды.  Ойшылдың 

пайымдауынша,  дін  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптар  арасында  өмір  сүреді, 

алдауға негізделеді, шыдамсыздық пен мағынасыз соғыстарға әкеледі. 



143 

 

Әдебиет: 



 

1.  Философия: 

ЖОО-арн.оқулық. 

/Құраст.Т.Ғабитов. 

(Мұсылман 

әлемінің философиясы –әл-Рази). «Раритет», —Алматы: 2004. 38-39 б 

2.  Всеобщая  история  химии.  Возникновение  и  развитие  химии  с 

древнейших времен до XVII века. «Наука», —Москва: 1980. 399 с. 

3. 


Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 

2010


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

144 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет