Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет9/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Кессиди Ф. Х. Сократ. «Алетейя», — СПб: 2001. — 352 с. 

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 34-36 беттер 

3.  Ксенофонт. Сократические сочинения. Изд.АСТ: «Ладомир», 

 —Москва: 2003. 

4.  Эберт Теодор. Сократ как пифагореец и анамнезис в диалоге Платона 

«Федон». Перевод с нем. А.А.Россиуса. — СПб: 2005. — 160 с. 

5.  Софисты. Сократ. Платон. —Москва: 1969. 

6.  Шаймерденұлы Е. Ақиқат айнасы (философиялық афоризмдер) 

/Сократ. «Өлке», —Алматы: 2004.  

7.  Антикалық философия.  Сократ. 2-томдық. —Алматы: 2005. 566 –б 

8.  Асмус В.Ф. Античная философия/ Сократ. ВШ,— Москва: 1998. 

 — С. 10—13. 

 

 



      

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


86 

 

ПЛАТОН (АРИСТОКЛ) 



 

(б.д.д.428 немесе 427 ж.ж., Афина (немесе  

Эгинде) – б.д.д.348 немесе б.д.д. 347 ж.ж.) 

 

            —  көнегрек  философы,  Сократтың 



шәкірті, Аристотельдің ұстазы.  

             Афина  мен  Спарта  арасындағы 

Пелопонес  соғысы  жүріп  жатқан  тұста 

өмір  сүрген.  Шын  аты  –  Аристокл  (денесі 

ірі  болғандықтан  «плато»,  яғни  –  дәу  деп 

аталып кеткен). Адамзаттың ұлы ойшылы, 

диалектика,  таным  теориясы,  педагогика, 

эстетика, 

өнер, 

мемлекет 



теориясы, 

обьективтік  идеализм  философиясының 

негізін салды.  

Философиялық шығармалары: 

   «Сократ  апологиясы»,  «Софист»,  «Лахес»,  «Кратил»,  «Той»,  «Федон», 

«Горгий», «Мемлекет», «Парменид», «Тимей», «Теэтет», «Заңдар» және т.б. 

              Сезімнен  тұратын  шындықты    Платон  нақты  шындық  емес,  ол  тек 

шындықтың көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндіреді. Таным дүниені білу 

емес, еске түсіру деп уағыздады.  



Философиялық көзқарастары: 

              Платонның  пікірінше,  шын  болмыс  ақылмен  ғана  білуге  болатын 

денесіз  идеялар  әлемі.  Платонның  болмысы  Парменидтікіндей  біртұтас 

болмыс емес, керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея 

өз  алдына  мәңгі  және  өзгермейді,  ол  өзіне-өзі  тән.  Идеялардың  саны  көп, 

бірақ  шексіз  емес.  Әлемде  қаншама  бір  тектес,  бір-біріне  ұқсас  заттар, 

құбылыстар,  процестер,  қатынастар,  т.б.  көп  болса,  соншама  идеялар  бар. 

Идеялар  бір-бірімен  тек  қарым-қатынасты  емес,  сонымен  бірге  бір-біріне 

бағынышты  немесе  бірнеше  түрлі  идеялар  бір  ортақ  идеяға  бағынышты 

қатынастардв  болады.  Платон  рухани  әлемнің  жеке-жеке  идеялары  туралы 

айтқанда,  көбінесе  «эйдос»  деген  ұғымды  қолданады.  Ежелгі  грек  тілінде 

идея да, эйдос да бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. 

Эйдостар  сезімдік  заттар  үшін  бір  мезгілде  әртүрлі  міндет  атқарады:  1-

себептілік,  2-заттардың  жаратылу  кескіні  үшін  үлгі,  3-заттардың  түпнегіз 

бейнелейтін ұғымы. 

           Материалдық  денелер  өзгермелі,  құбылмалы,  ал  эйдостар  (идеялар) 

мәңгі,  өзгермейді,  сондықтан  Платон  оларға  қосымша  тағы  бір  ұғым- 

«хораны»  (материя)  кіргізді.  Хора-материя  көрінбейтін,  түрсіз,  еленбейтін, 

өзіне-өзі  тең  құбылыс.  Бірақ  ол  кез-келген  түрді  қабылдап,  пішінделген 

(түрленген) материя болуға қабілетті. Оны  денелі немесе денесіз деп айтуға 

болмайды. 

Платонның 

материясын 

танып-білуге 

болмайды, 

ол-


бейболмыстың  бір  түрі.  Осыған  қарамастан,  материя  –  көп  түрліліктің, 

жалқылықтың,  заттанудың,  өзгерістердің,  туу  мен  өлімнің,  табиғи 



87 

 

қажеттіліктің,  жамандықтың  және  еріксіздіктің  қайнар  көзі.  Материя  мәңгі, 



ол өмірге идея (эйдостар) арқылы келмейді. 

            Платон  материяның  бұл  түрінен  физикалық  материя  түрін  ажыратып 

қарастырады.  Физикалық  материя  антикалық  көзқарастарда  қалыптасқан 

төрт  түпнегіз:  от,  жер,  су,  ауа  түрінде  өмір  сүреді.  Сезімдік  заттар  –

заттандырылған идеялар мен материяның туындылары.  

           Материалдық  денелер  өзгермелі:  уақытша  дүниеге  келіп,  мәңгі 

жоғалып  жатады.  Заттар  идеялармен  үш  түрлі  байланыста  болады. 

Біріншіден,  заттар  өзінің  идеяларына  ұмтылады,  сол  идеяларға  ұқсауға 

тырысады. Екіншіден, әрбір затта идеяның бөлшектері бар, сондықтан заттар 

өз  идеялары  сияқты  болады.  Бұл  пікірді  былай  деп  түсіндіруге  болатын 

сияқты:  егер  заттар  өз  идеяларынан  басқа  болса,  онда  олардан  бөлек  және 

жоғары  сатыда  тұрған,  заттар  мен  идеяларды  біріктіретін  тағы  бір  идея 

болуы керек. Мысалы, адам идеясы мен адамнан басқа, осы екеуін біріктіріп 

қамтитын  үшінші  адам  идеясы  болуы  керек.  Үшіншіден,  сезімдік  әлемдегі 

заттар  ой  идеяларымен  бірігіп  кетеді.  Себебі  заттар-идеялардың  көлеңкесі, 

олардың  бейнеленуі,  ал  идеялар  –  заттардың  алғашқы  түрлері,  пішіндері. 

Өзінің  осы  ілімін  түсіндіру  үшін,  Платон  «үңгір»  туралы  аллегориясын 

келтіреді: адамның өмірі үңгірде өмір сүретін адамдардың қоршаған ортаны 

танып-білуімен  өте  ұқсас.  Үңгірдегі  адам  заттардың  өзін  емес,  тек  олардың 

көлеңкесін ғана көріп, таниды және оларды табиғаттың шын құбылысы екен 

деп  есептеп,  үңгірден  сыртқа  шыққанда  шынайы  құбылыстарды  көріп, 

оларды  шын  мәніндегі  заттар  ретінде  мойындамайды,  осы  пікірдің  қате 

екендігін түсіндіріп айтқан адамды жынды санап, өлтіруге дейін барады. 

             Платонның  ілімі  бойынша,  идея  мен  материядан  басқа  үшінші 

бастама  –  әлемдік  рух  немесе  космос  рухы  шығармашылық  күштің, 

қозғалыстың,  тіршіліктің,  жанның,  сананың  және  таным  процесінің  қайнар 

көзі  ретінде  идеялар  әлемі  мен  заттар  әлемін  қосып,  байланыстырады,  ол 

заттарды  идеяға  ұқсауға,  ал  идеяларды  заттарда  болуға  көндіреді.  Осы  екі 

әлемді  біріктіріп,  байланыстыру  үшін,  космостық  рухтың  өзі  қарама-

қайшылықта  болуы  керек.  Шынында  да,  ол  қарама-қарсы  үш  бөліктен 

тұрады:  бірінші  –  өзіне  өзі  тең  бөлік  (идеялар  әлемі),  екіншісі  –  өзгермелі 

бөлік  (материя)  және  үшіншісі  –  сол  екеуінің  қосындысынан  тұратын  бөлік 

(сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін  – демиург. Ол космостың мәңгі 

бастамасы,  себебі  және  жүйеге  келтіруші.  Әлемдердің  пайда  болу  себебі  -

демиургтің  жігері.  Олай  болса,  космос–демиург  жігерінің  материя  арқылы 

заттандырылуы  және  сол  әлемнің  тірі  организмдерге  айналуы.  Космостың 

тіршілік иелерінікі сияқты ақылы мен жаны бар. 

             Космостық  денелер  материядан  (от,  жер,  ауа,  су)  тұрады.  Бұл 

түпнегіздер әртүрлі пішінді болғандықтан, өзара байланыса келіп, көп түрлі 

денелер  құрайды  және  жоғарыда  айтылғандай,  өзіне-өзі  тең  бөлік  (идеялар 

әлемі)  пен  өзгермелі  бөлікті  (материя)  қосып,  космос  рухын  дүниеге 

келтіреді.  Космос  рухы  немесе  әлемдік  рух  екі  түрлі  (ішкі  және  сыртқы) 

қозғалысты тудырады. Сыртқы қозғалыспен Күн, Ай планеталары қозғалады. 

Бұл – әлемдік рухтың бірінші қызметі. 



88 

 

             Космос  рухының  екінші  қызметі  –  танып-білу.  Ол  өзіне-өзі  тең 



бөлігінің біріккен бөлігі арқылы заттар әлемін танып-біледі. Ал адамдардың 

денесі  төрт  түпнегіздің  қосылуынан  жаралғандықтан,  өлгеннен  кейін  олар 

космосқа қайтып оралады. Дененің басты міндеті – жан орналасатын қорған 

болу ғана, сондықтан ол жанға тәуелді, оның құлы. Жан тіршіліктің (өмірдің) 

идеясы  ретінде  мәңгі.  Дене  өлгеннен  кейін  ыдырап,  космосқа  кері  қайтса, 

жан аспанға он мың жылдан кейін (әлемдік бір жыл) ғана оралады. Жанның 

өзі  әртүрлі  болады.  Бір  түрі  –  философия  арқылы  тазарып,  денесіз  өмір 

сүретін  жандар  болса  (бұл  жандар  қатарынан  үш  рет  философтардың 

денесіне енуі мүмкін), екіншісі – өз өмірін қиянатсыз, бірақ философтардан 

бір  саты  төмен  өмір  сүрген  адамдардың  жандары  және  үшіншісі  –  күнәһар 

өмір сүрген адамдардың жаны. 

            Демиург  жаратқан  жандар  аспанда  болған  кезінде  идеялар  әлемін 

көріп,  танып-біледі,  бірақ  жерге  түсіп,  адамдардың  денесіне  орналасқанда 

көрген-білгеннің  бәрін  ұмытып  қалады.  Осыдан  келіп,  Платон  таным 

процесін  –  ол  жанның  ұмытып  қалған  идеялар  әлемін  еске  түсіруі  деп 

қорытынды 

жасайды. 

Материалдық 

денелер 

идеялардың 

бейнесі 

болғандықтан,  жан  оларды  көргенде  ұмытып  құалған  идеялар  әлемі  туралы 

білгенін  еске  түсіреді.  Жанның  осы  жолмен  алған  білімі  нағыз  ақиқатқа 

жатады.  Аспан  әлемінің  гармониясын  зерттейтін  ғалымдар  арқылы  алған 

білім  ақиқатқа  жақын,  себебі  олар  идеялар  әлемі  туралы  тікелей  білім 

бермесе  де,  соған  жақындатады.  Ал  сезімдік  денелер  туралы  күнделікті 

тәжірибиелер арқылы алған білім шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс 

(идеялар әлемі) туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. 

Осыдан  келіп,  Платонша,  сезімдік  танымның  ақиқатты  тану  жолында 

ешқандай  маңызы  жоқ,  себебі  түйсіктер  арқылы  алған  деректер  заттардың 

өзіндегі  құбылыстар  туралы  білім  емес,  тек  адамдардың  пікірінде  ғана 

қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін (идеясын) 

тек  ақыл-ойдың  (жанның)  күші  арқылы  білуге  болады.  Сондықтан  шын 

ақиқатты  түсіндіріп  білу  үшін,  ол  заттар  әлемінен  аластатылып,  жанның 

идеялар  әлемінде  көрінгендерін  есіне  түсіруге  мүмкіндік  алуы  керек.  Бұл 

жолда  оған  Эрос  көмектеседі,  себебі  ол  адамдарды  шығармашылыққа 

жетелейтін құдіретті күш. 

             Идеяны,  эросты  басшылыққа  алған  өмір  өнегелілік  идеясын  (игілік, 

қайырымдылық)  жүзеге  асырады.  Ол  тек  рухани  махаббат  (Платонша, 

махаббат  дегеніміз  осы)  негізінде  ғана  мүмкін.  Игілік  (қайырымдылық) 

дегеніміз  –  жанның  реттілігі  мен  гармониясы.  Платонның  түсінігінше, 

данышпандық,  естелік  және  әдеттілік.  Бұл  игіліктер  адамдардың  бәріне 

бірдей  дарымайды.  Осы  игіліктердің  даруына  қарай  қоғамдағы  әлеуметтік 

топтарды  үш  топқа  бөлуге  болады.  Олар:  игіліктердің  төрт  түрі  дарыған 

философтар, 

сондықтан 

олар 

мемлекетті 



басқарулары 

керек, 


данышпандықтан  басқа,  қалған  үш  игілік  дарыған  әскербасылар,  т.б.  Ал 

игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, 

т.б. Осы аталған әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және 

өте  қажет.  Сондықтан  мемлекет  өз  тарапынан  азаматтарын  игілік  рухында 



89 

 

қалыптастыруға,  тәрбиелеуге  жағдай  жасауы  керек.  Идеалды  мемлекетте 



жоғарыда  аталған  үш  әлеуметтік  топ  бір-бірімен  жарасып,  әрқайсысы  өз 

ісімен  айналысады  да,  мемлекетте  қайырымдылық  (игілік)  орнайды.  Өзінің 

идеалды  мемлекет  идеясын  жүзеге  асыруға  (Дионасияда,  яғни  қазіргі 

Сицилияда) тырысқан Платонның іс-әрекеті сәтсіз болды. 

        Платон  –  мәдениет  тарихында  өшпес  із  қалдырған  ұлы  ойшыл.  Оның 

көптеген  ой-пікірлері  кейінгі  ұрпақ  философтарға  үлкен  ықпалын  тигізіп, 

күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді. 

Философиялық афоризмдері: 

  Барлығынан надан қалмау үшін, барлығын білуге талаптанба. 

  Жақсы басталған іс – жартысы біткен іс. 

  Ақылсыздықты  екі  белгісінен  білуге  болады:  ол  өзіне  пайдасы  жоқ 

сөзді айтады, не біреудің ісіне жөнсіз араласады. 

  Әсемдіктің жолы ауыр. 

  Меніңше,  әрбір  есті  адам  өзінен  жақсы  кісінің  қасынан  табылуға 

тырысады. 

  Басқа  адамға  да  ашулануға  мүмкіндік  беріңіз.  Егер  сіз  дауыс 

көтерсеңіз, оның да дауыс көтеруге құқығы бар. 

  - Менің, - деді Агафон, - сенімен дауласуға шамам жоқ, Сократ. Сенің 

айтқаның болсын. 

-  Жоқ,  сүйікті  Агафон,  сенің  ақиқатпен  дауласуға  шамаң  жоқ,  ал 

Сократпен айтысу – оңай шаруа. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Софисты. Сократ. Платон. — Москва: 1969. 

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 41-44 беттер. 

3.  Спиркин А.Г. Философия. — Москва: 2004. 

4.  Асмус В.Ф. Платон. (Серия «Мыслители прошлого»). «Мысль»,  

—Москва: 1969.  

5.  Антикалық философия.  2-томдық. —Алматы: 2005. 566 –бет. 

6.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (философиялық  афоризмдер) 

/Платон. «Өлке», —Алматы: 2004.  

7.  Асмус В.Ф. Античная философия. ВШ,— Москва: 1998. — С. 10—13. 

 

 

 



 

                                 



 

 

 

 

90 

 

АРИСТОТЕЛЬ 



 

(б.д.д.384ж. Стагир, Халкидики жарт. 

аралы – 7 наурыз, б.д.д.322ж. 

Халкида, Эвбея аралы)

  

 

                —  көнегрек  ойшылы.  Оның 



лақап  аттары:  Стагирит  –  туған 

қаласының  құрметіне,  Никомах  – 

әкесінің  құрметіне,  Перипатетик  – 

мектебінің  құрметіне  сай  аталған. 

Атақты 

қолбасшы 



Александр 

Македонскийдің  ұстазы,  Платонның  

шәкірті. Формальді қисын-логиканың 

авторы,  психология,  биология,  саяси 

экономия,  этика,  эстетика,  өнер 

теориясының 

 

және 


т.б. 

ғылымдардың негізін қалаушы.  



Философиялық шығармалары: 

        «Органон»,  оның  құрамында  -  «Категориялар»,  «Түсіндірмелер» 

(пікірлер), «Аналитикалар» - тұжырым туралы ілім (силлогизмдер, дәлелдеме 

туралы ілім), «Топика» - ықтималды дәлелдемелер және диалектика туралы, 

«Софистикалық  дәлелдемелерді  жалғандау»,  «Метафизика»,  «Физика», 

«Аспан  туралы»,  «Жануарлардың  түрлері»,  «Жан  туралы»,  «Никомах 

этикасы», «Риторика», «Политика», «Афиндік полития», «Поэтика» және т.б. 

Философиялық көзқарастары: 

              Аристотель  білімі  екі  бірдей  философиядан  тұрады.  «Екінші 

философия»  –  физиканың  пәні  материя  мен  үздіксіз  қозғалыста  және 

өзгерісте  болатын  сезімдік  заттар  болса,  «Бірінші  философия»  –

метафизиканың  қарастыратын  мәселелері:  табиғи  құбылыстардан  тыс 

жатқан,  өзгермейтін,  мәңгі,  қозғалмайтын  мәнділік.  Оны  танып-білу 

табиғатты  танып-білуден  құндырақ,  сондықтан  философия  физиканың 

алдында тұрады да, «Бірінші философия» деп аталынады.  

                «Бірінші  философия»,  бір  жақты  қарасақ,  дүниенің  алғашқы 

бастамасы  –  құдайға  байланысты  мәселелерді  қарастыратын  болғандықтан, 

теология  деп  аталуы  керек  сияқты.  Бірақ  құдайдың  өзі  алғашқы 

бастамалардың  бірі  болғандықтан  және  философия  мәнділіктердің  алғашқы 

бастамаларын  ғана  қарастырмай,  оның  себептерін  де  зерттегендіктен,  ол 

теологиядан әлдеқайда ауқымдырақ және тереңірек. 

               Өзінің  ілімін  Аристотель  мәнділікті  болмыс  деп  қарастырудан 

бастайды  да,  оны  сол  болмыстың  өзіне  тән  категориялары  арқылы 

түсіндіруге тырысады. Осы тұрғыдан мән категориясы – мәнділікті түсінудің 

кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға ұқсап мәнді материалдық зат (от, жер, су, 

ауа, атом) ретінде де, идея ретінде де қарастырмайды, оны өзіне тән әртүрлі 

көріністеріне  байланысты  тануға  болады  дейді.  Мәннің  көріністері:  1-



91 

 

түпнегіз,  субстракт,  2-болмыстың  мәні,  3-болмыстың  мәні  мен  түп-негізден 



тұратындар, 4-жалпыға бірдей әмбебап жалпылық, 5-жалпылық, 6-ерекшелік. 

               Мәннің бұл аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана  – «болмыстың 

мәні»  мәнділік  болады,  ал  қалғандары  мәнділік  бола  алмайды.  «Болмыстың 

мәні»,  түр  (форма),  «алғашқы  мән»  синоним  ұғымдар.  Аристотельдің 

пікірінше, форма – кез-келген жалпы бастама емес, жәй жалпылық қана, осы 

тұрғыдан  алғанда,  ол  жалқылар  мен  жалпылар  арасындағы  ерекшеліктердің 

арқасында өмір сүрді. Форма сапа да, сан да, заттар арасындағы қатынастар 

да  емес,  ол    заттардың  мәні,  онсыз  заттар  өмір  сүре  алмайды.  Сезімдік 

заттар  көлемінде,  оның  мәні  ретінде  форма  (түр)  заттардан  бөлек  өмір 

сүрмейді.  Қаншама  ерекшеленген  (топталған)  заттар  болса,  соншама  форма 

бар. Формалардың сатысымен көтеріле отырып, форманың ең жоғарғы түрі – 

материядан тыс өмір сүретін алғашқы қозғаушы күшке дейін жетеміз. Ондай 

форманы ешкім дүниеге әкелмейді, ол мәңгі. 

           Формамен  қатар  алғашқы  бастамалардың  қатарына  «хюлэ»  –  материя 

да жатады. Материяның екі түрі бар. Біріншісі – түрсіз, бейтарап, екіншісі – 

заттарды  материалдандыратын  нәрсе.  Материяның  бірінші  түрі  мәңгі,  бірақ 

өміршең  емес,  себебі  өздігінен  ештеңе  тудыра  алмайды.  Анаксимандрдың 

апейроны  сияқты  белсенді  де  емес,  қозғалыста  да  болмайды.  Ал  «екінші 

материя»  өзіне  «бірінші  материяны»  қабылдайды  да,  заттарды  жасайтын 

материал  (шікізат)  ретінде  формамен  қосылып,  сезімдік  денелерді  дүниеге 

әкеледі. Материя мәңгі болғанмен де, болмыс пен бейболмыстың ортасында 

екіұшты 


болып 

тұрғандықтан, 

заттардың 

уақытшалылығының, 

өзгермелілерінің  қайнар  көзі  болып  табылады.  Материя  мен  форманы 

алғанда,  басты  рөл  формаға  беріледі,  себебі  шын  нақтылық  –  заттардың 

нақтылылығы  емес,  форманың  нақтылығы.  Әлемде  болып  жатқан 

құбылыстардың  барлығы  мақсаттылыққа  (теология)  байланысты  өзгеріп, 

дамиды.  Олай  болса,  мақсаттылық  та  алғашқы  бастаманың  бірі. 

Аристотельде  мақсаттылық  Платон  айтқандай  жалпы  игілік  атаулы  емес, 

керісінше,  нақты  игілік,  ол  –  нақты  мүмкіндікті  жүзеге  асыру  және  оны 

тәмамдау.  

                Төртінші алғашқы бастама – қозғалыс. Мән мен форма қозғалғанда, 

ол әрекетшілдік қасиетке ие болып, заттар қозғалысының алғышарты болады. 

Бірақ  әрекетшіліктің  өзі  сыртқы  күшке  тәуелді,  оны  қозғалысқа  түсіретін  – 

алғашқы қозғаушы күш. Форма да, мақсаттылық та, қозғалыс та осы алғашқы 

қозғаушы күшке тән. Бірақ ол материядан құр алақан, себебі материя тәуелсіз 

өмір  сүреді.  Бірақ  материядан  заттардың  пайда  болу  мүмкіндігі  ғана  болса, 

форма-алғашқы қозғаушы күш ретінде нағыз шындық. 

              Аристотель  қозғалысты  әртүрлі  категориялармен  байланыстырып 

қарастырады. Мысалы, қозғалыс сапаға байланысты-сапалық өзгеріс, санаға 

байланысты – ұлғаю, кему, орынға байланысты – бір орыннан екінші орынға 

қозғалу,  т.б.  түрленеді.  Аристотельде  кеңістік  деген  категория  жоқ,  оны 

«орын» категориясы алмастырады. Кеңістік (бос кеңістік болмайды) денелер 

орналасқан  орындардан  тұрады.  «Орын»  қозғалыстағы  денелермен  тығыз 

байланысты, бірақ олармен бірге қозғалмайды. 



92 

 

             Уақыт  та  қозғалыспен  тығыз  байланысты.  Бірақ  оның  қозғалыстан 



айырмашылығы  бір  қалыпты  болмайды,  ол  бірде  тез  қозғалса,  бірде  жай 

қозғалады.  Сондықтан  -  дейді  Аристотель,  уақыт  қозғалыстың  мөлшері.  Ал 

уақыттың  өзі  қозғалыспен  өлшенетін  болғандықтан,  қозғалыс  уақыттың 

мөлшері болып шығады. Уақыт өздігінен ештеңе туғызбайды, жоймайды да, 

бірақ барлық заттар, құбылыстар бір уақытта пайда болып, жойылып жатады.  

              Аристотельдің  пікірінше,  табиғи  денелердің  тіршілік  жасау 

мүмкіндіктері  бар  (жасанды  денелерде  ондай  мүмкіндік  болмайды).  Осы 

мүмкіндіктің жүзеге асырылуы энтилихия (жан) арқылы болады. Жанның үш 

түрі болады:  

1-  Өсімдіктер  жаны-жанның  алғашқы  және  жалпы  мүмкіндігі.  Бұл 

жанның басты қызметі - өзін-өзі ұдайы өндіру және қоректену. 

2-  Жануарлар жаны - олар заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы 

қабылдай алады. 

3-  Адамдар  жаны  –  өсімдіктер  мен  жануарлар  жандарына  тән 

қасиеттерге  қоса,  ақыл-ойдың  арқасында  жалпылықты  танып-біле 

алады.  


       Бірақ  жалпыны  білу  үшін,  алдымен  жалқыны  танып-білу  керек.  Себебі 

біздің  сезім  мүшелерімізге  жалқы  заттар  әлемі  әсер  етеді  де,  біз  оларды 

танымның әртүрлі сатылары арқылы танып-біле аламыз. Сезімдік танымның 

бірінші  сатысында  –  адамдар  жануарлар  сияқты  –  сезімдік  түйсіктерімізге 

әсер  ететін  заттар  туралы  алғашқы  мағлұматтар  аламыз,  екінші  сатысында- 

тәжірибиелік  (эмпейриа)  танымда  –  сезімдік  түйсіктеріміздің  қайталанған 

құбылыстарды  есте  сақтап  қалуы  арқасында  оларды  танып-білуімізге  жол 

ашады.  Үшінші  сатысында  -  «өнер»  (әңгіме  көркемөнер,  т.б.  туралы  емес) 

практикаға  негізделген  танымның  ерекше  сатысы  –  адамдар  жеке  заттарды 

танып  қана  қоймайды  (тәжірибиедегідей),  одан  да  тереңірек  түсініп,  кейбір 

заттарға тән ортақ қасиеттер мен себептерін танып-біледі.  

                   Ал  заттардың  себептерін,  болмыстың  мәнін,  әсіресе  алғашқы 

бастамаларды  және  алғашқы  қозғаушы  күшті  түсініп-білу  –  ол  ақыл-ойдың 

қызметі.  Ондай  танып-білу  тек  философияға  ғана  тән.  Аристотельдің 

пікірінше,  адамдар  –  «қоғамдық  жануарлар».  Отбасының,  қоғамның  табиғи 

дамуының  арқасында  мемлекет  пайда  болады.  Мемлекеттің  табиғаттан 

айырмашылығы  –  онда  көптеген  әлеуметтік,  т.б.  да  қатынастардың  өріс 

алғандығы.  Мемлекет  басшысы  қалыптасқан  қоғамдық  жағдайларға  сай 

адамдарды  басқаруы  тиіс.  Әсіресе,  жастарды  тәрбиелеу  мәселесі  басты 

мақсат болу керек.  



Философиялық афоризмдері: 

  Өмір – қимыл-қозғалысты талап етеді. 

  Мас болу – өз еркіңмен жындану. 

  Жаман істегенше, істің шағын бөлігін келістіріп орындаған артық. 

  Платон – менің досым, алайда ақиқат одан қымбат. 

  Достық  –  өмір  үшін  ең  қажетті  нәрсе,  өйткені  ешкім  ешқашан  да 

барлық  басқа  игілікке  түгел  ие  бола  тұрса  да,  дос-жарансыз  өмірді 

қаламақ емес. 



93 

 

  Ерлік – аяулы қасиет, онымен адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер 



істейді. 

  Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнегеге бейімдеп өркендете аламыз 

... Музыканың моральдық мәні сол, біз оның әсерімен таза нәр аламыз, 

яғни  шынайы  сүйеміз,  немесе  жиренеміз  ...  Музыканың  шын  мәнінде 

біздің  жан  дүниемізді  толқытып,  көңілімізді  көтеруге  құдыреті  әбден 

жетеді. 


  Ырғақ  пен  әуенде  әрқашан  өмір  шындығы  болады.  Онда  адамдардың 

қайраты  мен  көркемділігі,  ерлігі  мен  байсалдылығы  және  соларға  тән 

барлық қайшылықтар, сонымен бірге адамдардың мінез-құлықтары да 

бейнеленеді. 

  Данышпандар  ызаланса  білімін  сапырады,  ақымақтар  ызаланса 

ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. 

  Жолдан тайған жақсыдан өткен жаман болмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет