«Логопедия негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ҚР 06. 08



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата01.10.2019
өлшемі0,89 Mb.
#49030
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ktj 20476


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 

Педагогика факультеті 

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы 

 

 

 



 

 

                                                                          

 

 

 «Бекітемін» 

Оқу және оқу-әдістемелік  

жұмыстар жөніндегі проректор 

___________ 

Абенова Б.С. 

«___» _______ 2018 ж. 

 

 

 

 

 

 

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 

 

 



13.1 модуль. Олигофренияның психологиялық-педагогикалық  

және физиологиялық негіздері 

(модульдің реттік номері мен атауы) 



 

LN 1302 Логопедия негіздері 

(код, пәннің атауы (толық)) 



 

  5В010500- Дефектология мамандығына арналған 

                                      

            (шифр, мамандық) 

 

   Семестр     1   



.

 

   Кредит саны    3   



.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ақтөбе, 2018 ж. 



 

«Логопедия  негіздері»  пәнінің  оқу-әдістемелік  кешені  ҚР  (06.08.061  –  2010),  енгізу 

мерзімі 1.09.2011 ж. және оқу бағдарламасы негізінде

 

құрастырылды. 



 

 



 

 

Құрастырушылар:    Туребаева К.Ж., п.ғ.д.,профессор 



                                   Бозғұланова Н.Е., оқытушы, магистр 

 

 



 

Ертлеуова Б.Б., аға оқытушы, магистр 

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды. №  1    хаттама, «  3  »   қыркүйек   2018 ж.  

 

Кафедра меңгерушісі 



 

 

 



 

  Туребаева К.Ж.  

. 

 

                                              



 

 

  (қолы)                                   

 

   (Т.А.Ә.) 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде  мақұлданды.   

№  1    хаттама, «  4  »    қыркүйек    2018 ж.   

 

Әдістемелік кеңес төрағасы 



 

 

 



 

   Ертлеуова Б.Б.   

.

  

                                             



 

 

                  (қолы)                                 

 

   (Т.А.Ә.) 



 

 

 

 

 

АЛҒЫСӨЗ 

 

ПОӘК  5В010500-  Дефектология  білім  бағдарламасының  негізгі  бөлімі  және  LN  1302 

«Логопедия  негіздері»  оқу  пәнін  меңгеру  мен  сапалы  оқыту  үшін  және  жеткілікті  оқу-

әдістемелік  құжаттардың  жиынтығы  болып  табылады.  ПОӘК  келесі  мақсаттар  мен 



міндеттерге жетуге мүмкіндік береді:  

 



логопедия ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін ашып көрсету; 

   сөйлеу тіліндегі ауытқуларының топтастырылуы, оларды түзету, алдын алу шаралары 



туралы, логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы білім беру; 

 



сөйлеу  тілінде  түрлі  ауытқылары  бар  балалардың  дамуындағы  психофизикалық 

ерекшеліктерімен,  сөйлеу  тіліндегі  ауытқулардың  құрылымы  және  сипатымен 

таныстыру;  

 



студенттердің  сөйлеу  тілінде    ауытқулары  бар  балалардың    тұлғалы  дамуының 

ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; 

 

сөйлеу тілінде ауытқулары бар балаларға кәсіби тұрғыда жәрдем көрсету қабілеттерін 



дамыту; 

 

Сөйлеу тілінде  кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін сөйлеу тілінің 



жалпы күйі, сөйлеу органының анатомиясы, физиологиясы және патологиясының сипаты 

туралы  білім  қажет.  Игерілген  білім  «Логопедия  негіздері»  курсы  бойынша  берілген 

кешенде толықтай көрсетіледі. 

«Логопедия  негіздері»  курсы  психология,  педагогика,  медицина  пәндерінің  мазмұнымен 

тығыз  байланысты.  Алынған  білім  студенттерге  қажетті  дағдылар  мен  ептіліктерді 

меңгеруге, арнаулы мекеме мамандарының күнделікті жұмысында басшылыққа алынатын  

негіздермен қаруландырады.  

Курстың мазмұны:  

«Логопедия  негіздері»  курсы  болашақ  дефектолог  маманның    кәсіби  –  педагогикалық 

дайындығын  шыңдауда    маңызды    болып  табылады.  Бұл  курста  сөйлеу  тіліндегі  

ауытқулардың  түрлері, қазіргі логопедиялық жәрдем жүйесі туралы мағлұмат береді.  

           Студент  білу керек:  

 



сөйлеу тіліндегі   ауытқулардың  түрлерін, қазіргі логопедиялық көмек көрсету 

жүйесін ойша елестете білуі керек. 

 

сөйлеу тіліндегі кемістіктердің механизмдерін және оларды топтастыруды, логопедия 



ғылымының даму тарихын білу керек. 

          Студент орындай алу керек:  

 

сөйлеу  тілінің  ауытқуларын  анықтауға  қажетті  құжаттарды  толтыру.  логопедиялық 



түзетудің тиімді тәсілдерін қолдану біліктілігін кеңейту 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 

Педагогика  факультеті 

Мектепке дейінгі және арнаулы білім  кафедрасы 

 

 

                                                                                     «Бекітемін» 

          Оқу және оқу-әдістемелік  

жұмыстар жөніндегі проректор  

  

     



 

 

Абенова Б.С. 



  «  

»  


 

 2017 ж.   

 

 

 



 

 

 



 

13.1 модуль. Олигофренияның психологиялық-педагогикалық  

және физиологиялық негіздері 

(модуль атауы) 



 

LN 1302 Логопедия негіздері пәні бойынша 

 

5В010500 – «Дефектология»  мамандығына арналған 

           (шифр, мамандық) 

 

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


LN 

1302 


Логопедия 

негіздері 

пәні 

бойынша 


Оқу 

бағдарламасы 

5В010500  –  «Дефектология»  мамандығының  білім  беру  бағдарламасының  бекітілген 

уақыты  “___”____________ 201__ ж.  негізінде құрастырылды. 

 

 

 



Құрастырушылар:    Туребаева К.Ж., п.ғ.д.,профессор 

                                   Бозғұланова Н.Е., оқытушы, магистр 

 

 

 



Рецензент  

 

 

Кафедра мәжілісінде қаралды. №__  хаттама,  «__» _________ 201_ ж.    

Кафедра меңгерушісі  ______________    К.Ж.Туребаева 

                                                        (қолы)                                    

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланды.   



№ __ хаттама,  «___» _______ 201_ ж.    

Әдістемелік кеңес төрағасы ____________ М.Қ.Жазықова 

 

 

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.  



№ ___ хаттама,  «___» _______ 201_ ж.    

 

 



 

 

 

 

 

 

ТҮСІНІК ХАТ 

 

5В010500  –  «Дефектология»  мамандығы  бойынша  оқу  жоспарына  сәйкес  1  курста 

«Логопедия негіздері» пәні таңдау компонентіндегі пәндердің қатарына кіреді. 

 

Курсты өту барысында студент сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларды оқыту мен 



тәрбиелеу  үшін  сөйлеу  тілінің  жалпы  күйі,сөйлеу  органының  анатомиясы,физиологиясы 

және патологиясының сипаты туралы білім жетістіктерін пайдаланады.  

Оқу пәнінің мақсаты, міндеттері. 

Оқу  пәнінің  мақсаты  логопедия  ғылымының  теориялық  және  әдіснамалық 

негіздерін ашып көрсету.Сөйлеу тіліндегі ауытқуларының топтастырылуы, оларды түзету, 

алдын  алудың  шаралары  туралы,  логопедиялық  жұмыстарды  ұйымдастыру  туралы  білім 

беру. 

Міндеттері: 

Студенттерге  логопедия ғылымының теориялық және практикалық мәселелері бойынша 

ақпарат беру. 

 

«Логопедия  негіздері»  курсы  психология,  педагогика,  медицина  пәндерінің 



мазмұнымен  тығыз  байланысты.  Алынған  білім  студенттерге  қажетті  дағдылар  мен 

ептіліктерді  меңгеруге,  арнаулы  мекеме  мамандарының  күнделікті  жұмысында 

басшылыққа алынатын  негіздермен қаруландырады. 

           -  Сөйлеу  тіліндегі      ауытқулардың    түрлерін,  қазіргі  логопедиялық  көмек  көрсету 

жүйесін ойша елестете білуі керек. 

-  Сөйлеу  тіліндегі  кемістіктердің  механизмдерін  және  оларды  топтастыруды, 

логопедия ғылымының даму тарихын білу керек. 

-  Сөйлеу тілінің ауытқуларын анықтауға қажетті құжаттарды толтыру. 

-  Логопедиялық түзетудің тиімді тәсілдерін қолдану біліктілігін кеңейту. 

Курс  бойынша  оқу  жұмысы  дәріс,  практикалық  сабақтар,  сонымен  қатар 

студенттердің  өз  бетінше  және  оқытушының  басшылығымен  орындайтын  жұмыстары 

формаларында  өтеді.  Студенттердің  өз  бетінше  орындайтын  жұмыстары  конспект  жазу, 

сұрақтарға  жауап,  сызба,  жоспар,  материалдарға  талдау  жасау,  белгілі  бір  тақырыптарға 

хабарлама, мәнжазба дайындау, пікірін білдіру, аннотация, рецензия жазу, педагогикалық 

процеске  бақылау  жасау,  библиографиялық  көрсеткіш  құрау  т.б.  жұмыс  түрлерін 

қамтиды. 

Студенттердің  білімдері  дәріс  мазмұны  бойынша  тест  сұрақтары,  семинар 

сабақтарындағы  белсенділігін,  аралық  бақылаулар  нәтижелерін  ескере  отырып 

бағаланады.  Қорытынды  бағалау  формасы-емтихан.  Сырттай  оқу  бөлімі  бойынша 

материал мамұнына бөлінген кредит санына өзгеріс енгізіледі. 



Курсты  игертудің  мақсаты:  студенттерге  логопедия  ғылымының  теориялық  және 

практикалық мәселелері бойынша ақпарат беру. 

 

«Логопедия  негіздері»  курсы  психология,  педагогика,  медицина  пәндерінің 



мазмұнымен  тығыз  байланысты.  Алынған  білім  студенттерге  қажетті  дағдылар  мен 

ептіліктерді  меңгеруге,  арнаулы  мекеме  мамандарының  күнделікті  жұмысында 

басшылыққа алынатын  негіздермен қаруландырады. 

Курсты  игертудің  міндеттері:  Студенттердің  логопедия  ғылымының  теориялық  және 

әдіснамалық  негіздерін  ашып  көрсету.  Сөйлеу  тіліндегі  ауытқуларының  топтастырлуы, 

оларды  түзету,  алдын  алу  шаралары  туралы,  логопедиялық  жұмыстарды  ұйымдастыру 

туралы білім беру. 



 

 

 

 

 

 

КУРС МАЗМҰНЫ  

 

1 Модуль.  Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері. 

1.1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері. 

Кіріспе.  Тіл  кемшіліктерінің  зерттелу  тарихы.  Сөйлеу  тілінің  бұзылуын  жүйелеу  туралы 

ілімнің тарихынан.Сөйлеу тілінің бұзылымдары және себептері туралы ұғымдар.  Сөйлеу 

тілінің  бұзылуын  жүйелеу  мәселесіне  көзқарастардың  даму  тарихы.Логопедияның  басқа 

ғылымдар  арасындағы  орны  мен  маңыздылығы.  ҚР  Логопедиялық  көмек  көрсету 

жүйесінің және ғылымның даму перспективасының көкейкесті мәселелері.  



1.2. Тіл кемшіліктерінің зерттелу тарихы. 

Сөйлеу  тілінің  бұзылуы  туралы  ғылымның  қалыптасуы  және  дамуы.  Тіл  кемістіктерінің 

тарихы.  Ежелгі  Шығыста,  Грецияда,  Римде  т.б.  жазу  ескерткіштеріндегі  сөйлеу  тілінің 

бұзылуы  туралы  мағлұматтар.Отандық,  шетелдік  педагогика  мен  медицинаның  негізін 

қалаушылардың  еңбектеріндегі  тіл  кемістігін  түзету  мәселелерінің  қарастырылуы. 

Логопедия    өз  бетіндік  ғылым  ретінде.  ҚР  Логопедиялық  көмек  көрсету  жүйесінің  және 

ғылымның даму перспективасының көкейкесті мәселелері. Ғылымды жетілдіру және одан 

әрі дамыту бағыттарын болжау. тарихынан.  Сөйлеу тіліні бұзылуын талдау принциптері. 

Қазіргі  кезеңдегі  сөйлеу  тілінің  бұзылуының  классификациясын  жасауға  себеп  болған 

жағдайлар. 



1.3.Сөйлеу тілінің дамуының қалыпты жағдайы. 

Баланың  сөйлеу  тілінің  толық  дамуына  әсер  ететін  факторлар.  Балалық  сөйлеу  тілінің 

құрылу  кезеңдері.  Сөйлеу  тілінің  құрылу  кезеңдеріне  сипаттама.  Ерте  диагностика 

мәселелері.  Ерте  және  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  сөйлеу  тілінің  бұзылымдарының 

профилактикасы.    Тәрбиешілер,  мұғалімдер,  ата-аналар  арасында  логопедиялық  білімді 

насихаттау.  



1.4. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері 

Сөйлеу  қызметі,  оның  құрылымы  және  компоненттері.  Локализационисттердің, 

антилокализационисттердің  теориясының  сын  пікірі,  И.П.Павлов  пен    А.Р.Лурияның 

сөйлеу  тілінің  қалыптасу  механизмдеріне  ғылыми  негізде  ашқан  ілімдері.  Сөйлеу 

аппаратының  орталық  және  перифериялық    бөлімдері,  сөйлеудің  қарым-қатынас 

функциясы. Сөйлеу және ойлау (Л.С.Выготский).  



1.5. Сөйлеу тілінің бұзылуын жүйелеу туралы ілімнің тарихынан. 

Сөйлеу  тілінің  бұзылуын  жүйелеу  туралы  ілімнің  тарихынан.  Сөйлеу  тілінің  бұзылуын 

жүйелеу туралы мәселелерге көзқарасты дамыту. Сөйлеу тілінің бұзылымдарын сараптау 

қағидалары.  Сөйлеу  тілінің  бұзылымдарын  қазіргі  жағдайда  классификациялаудың  алғы 

шарттары.    Сөйлеу  тілінің  бұзылымдарын  қазіргі  жағдайда  бұзылым  уақытына, 

механизміне, себептеріне байланысты классификациялау.  



2 Модуль.  Тіл кемшіліктерінің психологиялық – педагогикалық жіктелімі. 

2.1. Жалпы сөйлеу тілінің жетіспеушілігі 

Бұзылымның  этиологиясы  және  сипаттамасы.    Сөйлеу  тілінің  жетіспеушілігінің 

деңгейлері,  олардың  сипаттамасы,    түзете  ықпал  етудің  міндеттері.  Этиологиясы, 

механизмдері,  тексеру  қағидалары,  сөйлеу  тілінің  бұзылымдарының  профилактикасы. 

Логопедтің  жұмысының  негізгі  бағыттары.  ЖСТЖ  балаларға  психологиялық-

педагогикалық мінездеме.   



2.2. Фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілік 

Бұзылымның  маңыздылығы.  ФФЖ  балаларға  психологиялық-педагогикалық  мінездеме.  

Түзету  жұмысының  негізгі  бағыттары.  Этиологиясы,  механизмдері,  тексеру  қағидалары, 

сөйлеу бұзылымдарының профилактикасы.  Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары.  



3 Модуль.  Тіл кемшіліктерінің клиникалық – педагогикалық жіктелімі. 

3.1. Дислалия, бұзылымның сипаттамасы, түзету тәсілдері. 

Дислалия,  бұзылымның  сипаттамасы,  түзету  тәсілдері.  Клиникалық-педагогикалық 

классификация  бойынша    тіл  кемістіктерінің  түрін  анықтау.Мономорфты  айтылу  және 


полиморфты  дислалия,  ысқырық,  ызың,  сонорлы,  тіларты  дыбыстардың  айтылу 

кемістіктері, түзету жолдары. Дислалияны түзетудегі логопедиялық жұмыстың кезектілігі 



3.2.Ринолалия, симптоматикасы, алдын алу әдістеріне шолу жасау. 

Ринолалия, симптоматикасы, болдырмау шараларына шолу. Ринолалия, симптоматикасы, 

түзету  тәсілдеріне  шолу.Ринолалиясы  бар  балалардың  клиникалық  сипаттамасы, 

ринолалияда сөйлеу процесінің механизмі, сөйлеу механизмінің күрделілігі.Ринолалиямен 

зақымдалған  балаларға  тән  тұлға  ерекшеліктері.  Ринолалияның  дислалиядан, 

ринофаниядан айырмашылығы.  Бұзылудың патогенезі. 



3.3.Дизартрия, классификациясы, түзету жұмысының бағыттары. 

Дизартрия, 

классификациясы, 

түзету 


жұмысының 

бағыттарыДизартрия, 

классификациясы, түзету жұмысының негізгі бағыттары. Дизартрияның этиологиясы және 

патогенезі 



3.4. Дауыстың бұзылымдары. 

Дауыстың  бұзылымы.  Дауыстың  пайда  болу  теориясына  сараптама.    Дауыстың 

органикалық және функционалдық бұзылымының этиологиясы, механизмі, сипаттамасы.  

Дауыстың бұзылымын түзету мүмкіндіктері.   



3.5. Сөйлеу тілінің ырғақтық ритмдік бұзылымы. 

Сөйлеу  тілінің  ырғақтық  ритмдік  бұзылымы.  (брадилалия,  тахилалия  және  басқалары.) 

және тырысу салдарынан  (тұтығу).  Тұтығудың патогенетикалық механизмдері. Тұтығуға 

қазіргі  таңдағы  көзқарас.    Тұтығудың    симптоматикасы.    Тұтығудың  алдын  алудың 

кешенді әдісі.   Тұтығатындардың жеке тұлғасын тәрбиелеу.  Тұтығудың профилактикасы.  

4    модуль.    Әртүрлі  бұзылымдарда  кездесетін  сөйлеу  тілінің  дамуының 

ерекшеліктері. 

4.1. Көру және есту жетіспеушілігі кезіндегі сөйлеу тілінің бұзылымдары. 

Көру  және  есту  жетіспеушілігі  кезіндегі  сөйлеу  тілінің  бұзылымдары.  Зиятының 

жетіспеушілігі  кезіндегі  сөйлеу  тілінің  бұзылымдары.  Логопедиялық  жұмыстың  негізгі 

бағыттары. 



4.2. Зиятының жетіспеушілігі кезіндегі сөйлеу тілінің бұзылымдары. 

Ақыл-ойы  кем  балалардың  сөйлеу  тілінің  ерекшеліктері  (дыбыс  айту,  лексикалық-

грамматикалық  жағы,  байланыстырып  сөйлеуі)  Сөйлеу  тілінің  бұзылу  себептері.  8  түрлі 

арнайы  мекеме  жағдайында  ақыл-ойы  кемтар  балалармен  жүргізілетін  логопедиялық 

жұмысты ұйымдастыру және оның мазмұны. 

4.3. Емханалардағы, мектептегі, балабақшадағы логопедтің жұмысы 

Логопедтің  жұмысының  мазмұны,  логопедиялық  құжаттар.  Логопедиялық  көмекті 

жетілдіру  міндеттері.  Логопедтің  жұмысының  мазмұны,  логопедиялық  құжаттар. 

Логопедтің 

перспективті, 

календарлықжоспары. 

Сөйлеу 

картасын 



толтыру. 

Тәрбиешілерге,  ата  аналарға  әдістемелік  кеңес  топтамасы.  Сабақ  жоспарлары,  жеке 

дамыту бағдарламалары. Баланы тексерудің қорытындылары. 

 

Практикалық (семинар) сабақтардың  



БОЛЖАМДЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ  

1.  Балалардың тіл кемшіліктерін анықтау (қағидалары, түрлері, міндеттері, 

логопедиялық тексерудің мазмұны) 

2.  Сөйлеу картасын толтыру, сараптау. 

3.  Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыруда логопедиялық жұмыстың кезеңдері 

мен принциптері 

4.  Жалпы сөйлеу тілінің жетіспеушілігі бар балалармен логопедиялық жұмыс 

5.  Фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілігі бар балалармен логопедиялық жұмыс 

6.  Дислалиясы бар баламен логопедиялық сабақ жоспарын өңдеу 

7.  Ринолалиясы бар баламен логопедиялық сабақ жоспарын өңдеу 

8.  Дизартриясы  бар баламен логопедиялық сабақ жоспарын өңдеу 


9.  Афония, ринофония, дисфониясы бар баламен логопедиялық сабақ жоспарын 

өңдеу 

10. Ырғақтық-ритмдік бұзылымы  бар баламен логопедиялық сабақ жоспарын өңдеу 

11. Көру және есту жетіспеушілігі кезіндегі сөйлеу тілінің дамуын түзету. 

12. Зиятының жетіспеушілігі кезіндегі сөйлеу тілінің дамуын түзету. 

 

Рефераттар  (жобалардың)  

 БОЛЖАМДЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ  

1.  Балалардың сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтау (принциптері, түрлері, 

міндеттері,) 



2.  Тіл дыбыстарын дұрыс айтуын қалыптастыру бағытында жүргізілетін 

логопедиялық жұмыстың принциптері мен кезеңдері. 



3.  ОНЖ орталықтары және сөйлеу тілінің негізгі бұзылымдары 

4.  Гидроцефалия кезіндегі сөйлеу тілінің процесстерінің ерекшеліктері 

5.  Сөйлеу патологиясы бар балаларды неврологиялық тексеру әдістері 

6.  Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері 

7.  Қазақстанда логопедиялық жұмысты ұйымдастыру 

8.  Көмекші мектептерде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру. 

9.  Жалпы білім беретін мектептерде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру. 

10. Тіл кемістіктерінен алдын ала сақтандыру. 

11. Логопедиялық жұмыста этнопедагогикалық эелементтерді қолдану. 

 

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 

 

Негізгі әдебиеттер: 

1.  Логопедия (оқу құралы) Қ.Өмірбекова.,Қ. Серкебаев Алматы-1996ж 

2.  Қ.Өмірбекова., С.Ж. Өмірбекова. Сөйлеу тілін тексеру. Алматыкітап, 2002 

3.  Қ.Өмірбекова., В.С.Балқыбекова Сөйлеу тілінің фонетикалық- фонематикалық 

жағын тексеру және дамыту. Алматыкітап, 2003ж 

4.  Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық / К. Ж. Төребаева. - Ақтөбе : АқМПИ, 

2012. - 256 бет 

5.  Логопедия : Оқулық / Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С. Оразаева [и др.]. - [б. м.] : Дәуір, 2011. - 

648 б. 


6.  Логопедия негіздері : 5В010500 - Дефектология маманд. арн/ Р.Д. Дүйсенбаева. - 

Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ РББ, 2014. - 141 бет 

7.  Дүйсенбаева  Р.Д. Логопедиялық   түзету жұмыстары : Оқу әдістемелік құрал. [б. м.], 

2009. - 80 б. 

8.  Карелина И.Б. Новые направления в коррекции минимальных дизартрических 

расстройств. - (Дефектология) 2000 № 6 

9.  Садовникова И.Н. Нарушения письменной речи  

10. Жукова М.С. Логопедия. АРД ЛТД, 1999. 

11. Левина Р.Е. Основы теории и практики логопедии. – М., 1968. 

12. Правдина О.В. Логопедия. – М., 1973. 

13. Л.С.Волкова Логопедия: Учебник для студ. дефектол. Фак. Пед. Высш. Учеб. 

ВЛАДОС, 2004. – 704с.: 

14. Беккер К. – П., Совак М. Логопедия. – М., 1981. 

15.  Гвоздьев А.М. Вопросы изучения детской речи. – М., 1961. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет