«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»
ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне
арналған критериалды бағалау бойынша
нұсқаулық
Оқу-әдістемелік құрал
Астана, 2017
УДК 371.3
ББК 74.202.5
Р 85
Пікір білдірушілер:
М.Н.Сарыбеков – п.ғ.д., профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті
К.М.Кертаева - п.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті
Р 85 Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша
нұсқаулық:
Оқу-әдістемелік
құрал.
/
О.И.Можаева,
А.С.Шилибекова,
Д.Б.Зиеденованың
редакциялауымен
–
Астана:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б.
ISBN 978-601-7905-69-9
Оқу-әдістемелік құралда негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдерінің
әрекетінде білім алушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы, жиынтық бағалау
үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруға қатысты мәселелер қарастырылған. Бұдан
басқа үлгілер мен тәжірибелік ұсыныстар берілген, тоқсандық және жылдық баға қою
механизмі сипатталған.
Аталған нұсқаулық жаңартылған орта білім беру мазмұны аясында
құрастырылған және педагогикалық мамандықтағы студенттерге, мұғалімдерге,
мектеп әкімшілігіне, сондай-ақ барлық педагогикалық қауымға арналған.
УДК 371.3
ББК 74.202.5
ISBN 978-601-7905-69-9
©
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«
Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
6
2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
8
3
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
9
4
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
10
4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі
12
4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
13
4.1.2 Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
17
4.1.3 Кері байланыс беру
20
4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау
22
4.2 Жиынтық бағалау үдерісі
23
4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
24
4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және
ұйымдастыру
25
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының ағымдағы оқу
жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу.
28
4.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау28
4.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі
32
4.2.2.1
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
33
4.2.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау
35
4.2.2.3 Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
35
6 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ
38
6.1 Тоқсандық баға қою
39
6.2 Жылдық баға қою
40
КІРІСПЕ
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі
мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және
олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың
оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың
оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын
арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта
білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет
ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін
көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады.
Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің
қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама
деңгейіне соншалықты байланысты.
Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында
экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ елдерінің
стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап
көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту
стандарттарын жаңартуды көздейді.
«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру»
(2014)
ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру,
маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті
ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу,
жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін
анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық
стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді
жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді
қолдану қажеттілігі ескертіледі.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу
үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру
үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі
туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып
құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей
міндеттерді
4
жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1.
Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын
объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
2.
Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және
бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
3.
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
4.
Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және
білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
5.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;
6.
Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары
деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға
мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;
7.
Объективті, үздіксіз және нақты:
-
білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;
-
мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
-
ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;
-
басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы
туралы ақпаратты беру;
8.
Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және
ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
9.
Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және
мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу
бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;
10.
Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау
жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.
Пәндер мен сыныптарға байланысты бағалаудың ұсыныстары
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында, жиынтық
бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.
5
1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты
қадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға
негіз болатын белгі.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету
үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық
бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап
қарастыратын үдеріс.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн
қату, пікір білдіру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі
аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын
құзыреттіліктер жиынтығы.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке
ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін
қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне
талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу
жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге
тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.
Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін
түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде
пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық
жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны
өткізуге қойылатын талаптар.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ
тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы)
аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына
балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер
қолданатын кесте.
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау
дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының
иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
6
Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне
сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге
мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу
курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты
күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық
бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және
тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді
жүзеге асыратын электрондық құжат.
7
2
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге)
негізделеді:
•
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу
бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей
байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге
және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау
тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай
көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
•
Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және
сенімді
ақпаратты
ұсынады.
Қолданылатын
критерийлердің,
құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді
бағалайтынына сенімділік бар.
Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын
анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты
дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың
валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:
-
нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
-
бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
-
тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды
көрсетеді.
•
Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын
ақпараттарды
ұсынады,
сондай-ақ,
барлық
оқу
үдерісіне
қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті,
нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді
болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен
дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне
қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың
қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
•
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің
ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін
үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы
рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім
беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі
механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу
әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
8
•
Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың,
мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын
анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай
білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға
және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы
қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.
3
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен,
үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады. (1-
сурет).
1-
сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-
әдістемелік құжаттар негізінде берілген:
•
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта);
•
Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;
•
Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері;
•
Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі;
•
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған
критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
•
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулық;
•
Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы;
9
•
Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік
ұсыныстар;
•
Пәндерге
қатысты
тоқсандық
жиынтық
бағалаудың
спецификациясы.
4
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2-
сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті
жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы
және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта
білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән
мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі
болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп
отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім
мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны
түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға,
қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер
кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-
аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр,
10
оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру
деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды.
Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы
жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге
мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін
мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия (2-қосымша), оқытудың жеке
тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы
немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа
негізделген.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім
алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша
жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар
бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып
табылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір
деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін
анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына
оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады.
Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау
бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау
жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс,
яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап
алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет.
Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім
алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу
үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және
«атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын
толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық
бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды.
Мұғалім
мақсаттардағы
айырмашылықтарды,
оны
бағалау
нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген
бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай
бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге
болады.
11
4.1
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың
арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің
дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.
Халықаралық тәжірибеде қалыптастырушы бағалау барынша
маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне
қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі
ретінде анықталады (Блэк және Уильям, 1998; Эшкрофт және Форман-
Пэк, 1994; Тарас, 2005). Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау
барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің
сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты
бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те түсіндіріледі (1-кесте).
1-
кесте. Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы
ЭЫДҰ/ Білім беру және
инновация аясындағы
зерттеулерге қатысты
Орталықтың халықаралық
конференциясы (2008)
•
Сыныпта мәдени орта құру
•
Оқу мақсаттарын тұжырымдау
•
Білім алушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану
•
Білім алушылардың материалдарды түсінгенін бағалайтын
түрлі тәсілдерді қолдану
•
Анықталған қажеттіліктерге қарай оқу үдерісін бейімдеу және
білім алушыларға кері байланыс беру
•
Білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру
Блэк және Уильям (2009)
•
Оқу нәтижесінің айғақтары ретінде пайдаланылатын
тапсырмалар мен сұрақтарды қолдану, сыныпта тиімді
талқылау жұмысын жүргізу
•
Білім алушыны дамытуға бағытталған кері байланысты ұсыну
•
Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру
•
Білім алушыларды өз білімдерін өздері құрастырушы ретінде
қалыптасуына мүмкіндік беру
•
Білім алушыларды өзара оқыту ресурстары мен дереккөздері
ретінде қолдану
Кларк (2013)
•
Оқу мәдениетін дамыту
•
Білім алушыларды жоспарлау кезеңіне қатыстыру
•
Белгілі оқу мақсаттарына қарай білім алушылармен бірге
бағалау критерийлерін түрлендіру
•
Сабақта талқылау және пікірсайыстарды қолдану
•
Білім алушылардан, сыныптастарынан және мұғалімінен
тиімді кері байланыс алуға мүмкіндік беру
Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан
жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды
бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне
қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері
12
байланыс беру. Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара
байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге
мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі.
Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары,
күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын
анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі
стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы
бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне
қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі
қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды
талап етеді:
•
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
•
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
•
кері байланыс беру;
•
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |