Шешендік толғау. Терме
Шешендік өнердегі ең күрделі кесте – шешендік толғау. Толғау
– шешеннің ішкі толғанысы. Толғаныс өмір жайы, дүние, дүние
сыры, адамдар қатынасы, анық мәні, т.б. түйінін шешуі күрделі
мәселелерге арналады.
Қазақ дүниемтанымындағы дүние, оның мәні, сыры не деген
сұрақтарға жауап басқа халықтар мәдениетіндегіндей жазбаша
хатқа түспеген. Дүние сырын шешу өлеңмен, жырмен айтылады.
Бұның өзі қазақ би, шешендерінің даналығын, ақындығын, терең
ой иелері екендіктерін көрсетеді. Би, шешендер – тек жұрт ал
дына шығып, уағыз айтушы немесе әдемі, ойын жүйелі сөйлеуге
үйретуші ғана емес, таным сырларын шешуші, тағлым мәнін
жеткізуші де. Шешеннің орны, бидің қызметі – қазақ елінде тек
сөйлеуші емес, билеуші, шешім айтушы сондайақ, жұртқа таным
сырларын, саясат ісін, қоғамдықәлеуметтік өзгерістер мәнінің
192
түйінін ашатын жан ретінде қадірлі. Шешендік толғаулар осындай
зор қызметтер атқаруымен маңызды. Толғау – қазақ қарақалпақ,
ноғай халықтарында бар. Толғаудың жоғарыда атанған қызмет,
мәнмаңызына қарай қырғыздар «санатнасыят ырлар», құмықтар
«ойлы қырлар» дейді.
Толғауда:
– қоғамдық қызметтер;
– саяси;
– философиялықтанымдық;
– тәрбиелік, тағылымдық;
– азаматтық мәселелер көтеріледі.
Толғаудың басқа түркі халықтарында кездесуін оның қалыптасу
кезеңі іргесі алшақтамай, бөліне қоймаған ХІІХІV ғасырлармен
байланыстырамыз. Толғау – ақынның, шешеннің ішкі жан
толғанысы. Толғаулардың көбінекөп көтеретіні – ел, жер, ұлт
тағдыры. Толғауға:
– насихат, өсиет;
– қоғамдықәлеуметтік жайға алаңдаушылық;
– саясатқа күмән;
– философиялық талдау тән.
Қазақ мәдениеті мен әдебиетінде Доспамбет, Қазтуған, Шал
киіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б. есімдермен қатысты кейін
ге нақыл, мақалмәтел болып қалыптасқан тіркестер мен үлгі
сөздер көп. Толғаудың нақыл, мақалмәтел, шешендік сөздерден
айырмашылығы – белгілі бір мақалмен, аспаптың сүйемелдеуімен
айтылатындығында.
Терме – қазақ тіліндегі ғибраттық мәні бар мораль идеялары ай
тылатын, нақыл сөзге құрылып, үлгіөнеге беретін ұйқасты сөздер.
Мазмұны мен пішіні толғауға жақын. Толғау қоғамдықәлеуметтік,
танымдық, т.б. мәселелерге арналса, термеде көпшілікке ғибрат
тағлым, тәрбие, мораль айтылады. Тыңдаушының қабылдауын
ескеріп:
– сөздің мағыналы, әсерлігіне;
– ырғағының ширақтығына;
– екпінінің тегеурінділігіне назар аударылады.
Терме – ғибраттық мәні бар лирикалық өлең түрі. Нақыл
193
сөз үлгісіндегі өнегелі сөздер жетісегіз буынды болып келеді.
Мазмұны, пішіні жағынан толғауға жақын. Толғауда әлеуметтік
қоғамдық жайлар көбірек айтылса, термеде күнделікті тұрмыс,
тіршілік өлеңге қосылады. Терме қалың көпшілікке түсінікті, тілі,
айтар ойы күнделікті тіршілікте кездесетін жайлар болғандықтан
әсерлі де. Оның жігермен, аспаптың сүйемелдеуімен айтылуы да
кең тарауына мүмкіндік берері сөзсіз. Толғау мен терменің шешен
дік өнермен қабысуы да – көркем, бейнелі тілмен өмір, тіршілік,
қоғам, адамдар қатынасы жайында ой тастауында. Толғау, терме
– ұлтты жанжақты тәрбиелейтін рухани мәні, танымдық сипаты
жалпы жұртқа орналып айтылатын жырлар. Толғау – шешен, би
лер қолданатын қалыптасқан үлгілер.
160-жаттығу. Түсініп оқыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.
Дарынды сөз
Дарынды сөз деп ақын тілді шығармаларды айтатынымыз
алдыңғы баптарда айтылған сөздерден мәлім болғандықтан, мұнда
қайта баяндаудың қажеті жоқ.
Қара сөз көбінесе ғалымдардың, шешендердің сөзі болатындығы
қара сөз түрлерінен анық көрінеді. Ақындар ғалымдар сияқты
болған уақиғаны, яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында
бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, ақиқаттауға тырыспай
ды, тұрған нәрсе тұрған күйінде болған уақиға болған күйінде
ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты, жабайы көрінеді. Оның
бәрін ақындар өз көңіліне түйіп, өз ойынша сезіп, өз ұйғаруынша
суреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен
көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды, сөйтіп шығарған сөзі
көркем сөзді шығарма болады. Оны шығаруға жұмсайтын өнердің
аты ақындық болады.
Ақындықтан шыққан сөзді, яғни көркем шығармаларды, үлгілі
жұрттар айтылуында қарап, үшке бөледі: 1) әуезеленіп айтылуы
на қарай, 2) толғанып айтылуына қарай, 3) ғамалдап айтылуы
на қарай. Бұлайша бөлу қазақтың жазба әдебиетінің түрлеріне
194
келсе де, ауыз әдебиетің түрлеріне келмейді. Сондықтан қазақ
ауыз әдебиеттің шығармалары айтылу түріне қарай бөлінбей,
тұтыну орнына қарай бөлінеді. Осылай бөлінбесе, ауыз әдебиеттің
сөздерінің көбі жоғарғы айтылған үш салаға үйлеспей, далада
қалып қояды. Ауыз шығармаларды сөз қылғанда, көркем сөзді
шығармалар жоқ. Неге болмайтындығын азырақ айтып, түсіндіріп
өту қажет болады.
Әдебиет сөзін тәртіппен топқа бөлу керек. Жұрттан шыққан
ауыз сөзді де айтылу түріне қарай негіздік үш топқа бөлген: 1)
әуезе, 2) толғау, 3) айтыс.
Не үшін олай бөлген мәнісі әр табы басбасына баяндалғаннан
көрінбекші.
Толғау
Толғанғанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан
алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңіліңнің
күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйіншіп, сүйіншін айтып, шер
тарқату үшін толғайды, екінші, ішкергі ғалымында болған халдар
ды, нәрселерді, тысқа шығарып басқаларға білдіріп, басқаларды
сол көңілінің күйіне түсіріп, халін мақсатпен толғайды. Толғау,
қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын
жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын
күйі. Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес,
басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында.
(А.Байтұрсынов).
161-жаттығу.
Шын мәнінде Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқының
этникалық болмысымен санасу арқылы, шаруашылықмәдени
сүлесін ескеру арқылы және елдің географиялық орналасу ерек
шелігіне орай жасаған мемлекеттің саяиправолық заңы бола
тын. «Жеті жарғы» арқылы далалық демократия, дәлірек айтсақ,
көшпелілер демократиясы өзінің ұзына тарихында шырқау
195
биікке көтерілді. Бұған дейінгі үш мың жылдық тарихта хан мен
қағанды тәңірге балап келген халық өзі тап болатын бақты да,
сорды да сол хан мен қағанның қылыққасиетінен көріп кел
се, Тәукеннің «Жеті жарғысынан» кейін біртұтас қазақ халқы өз
тағдырының тізгіні өз қолында екенін сезінді. Халық өз ішіндегі
тәртіп пен сыртқы қорғанысқа ең алдымен өзі жауапты екеніне
мойын ұсынды. Тәуке хан мұндай демократиялық үрдіске «билер
кеңесін» құру арқылы қол жеткізді. Рас, бұл жерде заң шығару,
шешім қабылдау ісіне хан мүлде араласпайды деген ұғым тумай
ды. Тәуке хан енгізген демократиялық биліктің икемділігі сон
да, ел тағдырына қатысты істе тек қана ақыл мен қайратқа алды
мен жол беріліп отырды. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұқар
жырау, Махамбет ақын, Сүйінбай ақын сияқты ұлы тұлғалардың
тіреп тұрған әскері болмаса да, шалқып жатқан дәулеті болмаса да,
қарсы келген ханға қасқайып тұрып сын айтып, кемшілігін бетіне
шыжғырып басқандай ететіні, сонысымен мәртебе мерейінің
аспандай түсетіні, ең алдымен халқының сөзін сөйлеп, халқына
арқа сүйенгендіктен, даланың бұл сияқты демократиялық үрдісі
ел ішінен шын мәнінде дана бидің, тапқыр шешеннің, көрген
қолбасшылардың сұрыпталып шығып отыруына себепші боды.
Әрине, мұндай үрдістен көшпелілер қоғамы Тәуке ханға дейінгі
өзінің ұзына тарихында мүлде құралақан болып еді деп, ауызды
қу шөппен сүртудің қисыны жоқ. Тәуке ханның тарихи еңбегі,
өзіне дейінгі сан ғасырдың өмір тәжірибесін, көшпелілердің
демократиялық үрдісінен жинақтап қорыта келіп, елдің бірлік
пәтуасына қызмет ететін тетікті таба білуінде. Сондықтан да,
халқы оның есімін «ӘзТәуке» деп қастерлеп атады.
(А. Сейдімбек)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Жеті Жарғыға» берілген ғалым пікірін санамалап жазып
шығыңыздар.
2. Билер қызметі туралы не айтылған? Мәртебесі мен халық алдындағы
беделі туралы қандай пікірлер келтірілген?
3. Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыздар.
4. Мәтінді әңгімелеңіздер. Автор ойына өз көзқараспікіріңізді қосып,
түйіндеңіздер.
196
VI бөлім
Пікірталас мәдениеті
Пікірталас түрлері
Шешендік өнердегі қажетті тұс – сөз айтысына қатыса білу,
пікірін таластырып, өз ойын қорғай алу. Шешен жұрт алды
на белгілі бір тақырыпты алып, сол бойынша өз ойын, өз
ұстанымын береді. Осы ұстанымның тірегі мықты, дәлелі нақты,
ойы жүйелі болуымен бірге, оны қорғай білудің де маңызы зор
болмақ. Бүгінгі қоғам сөз еркіндігіне мүмкіндік береді. Бірақ бұл
не айтқысы келсе, соны айта беру деген емес. Ұтымды ойдың,
адамгершілік норма қалыптары мен қоғам талаптары шеңберіндегі
көзқарасты танытуға, соны дәлелдей алуға деген мүмкіндік.
Сондықтан да шешеннен талап етілер шарттардың қатарына ау
диториямен жұмыс істеу, сұрақтарға әдеп тұрғысынан жауап
бере білу, пікірталасты дұрыс өрбіте білу, полемиканы шебер
меңгеру көпшілікпен мәдениетті әңгіме жүргізіп, тіл табыса алу
негізгі болады. Шешендік сөздің ерекшелігінің өзі де көпшілікпен
әңгіме жүргізу, диалог құра білу. Күнделікті қарымқатынаста біз
пікірталас мәдениетіне көп мән қоя бермейміз. Ал, көпшілік ал
дына белгілі бір мақсатты ұстанып шыққанда бұны орындаудың
қажеттілігі анықталады.
Пікірталас мәдениетіндегі ең басты аудиторияға ой тастау,
ал көпшілік ойы әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой
қорғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуы
на жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады. Бұның өзі
– шешеннің аудиториямен дұрыс жұмыс істей алуының жемісі.
Егер шешен пікіріне орай сұрақ болмаса, онда әңгіменің мақсатына
жетпеуі деп те бағалау керек.
Сұрақтың мазмұнына қарай оны екіге бөлуге болады:
1) түсіндірме сұрақтар;
2) қосымша сұрақтар.
Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп,
немесе шешен сөзіне мойынсұну бола бермеуі де мүмкін. Бірақ
бұл тұста пікірталас пайда болады. Жалпы пікірталасты сөз ай
тысының бір түрі десек, шешендік сөз жарысы ретінде ерте дү
197
ниеден бастап белгілі. Сөз айтысының теориясын жасаушы Ари
стотель оны үшке бөледі:
– диалектика – ақиқатты анықтау мақсатындағы айтыс;
– эристика – қалайда өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу;
– софистика – жалған пайымдармен жеңіске жету.
Көне Грецияда Сократ пен Платонның софистер мен эрис
термен арадағы қызу сөз айтысы – тарихтағы сөз жарысының
үлгілері.
Сөз айтысын ең көп қолданылатын түрі – пікірталас.
Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлері қатар қою, са-
лыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірлерін
дәлелдеу.
Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады.
1. Пікіралмасу
2. Ойталқы
3. Пікірсайыс
4. Ойбөліс
5. Айтыс.
Пікірталастың нәтиже беруі сөз айтысының логикалық
құрылымына, тойтарыс беру тәсілдеріне, репликаны қабылдай
білуге, осал тұсты таба алуға байланысты болады.
162-жаттығу.
Абай оның сәлемін алмаса да, үнсіз ғана қабылдап, өзінің оң
жағынан төменірек орын нұсқады. Сабыр етіп отыра тұруын
аңғартты. Сөйтті де жаңағы халфеге бұрылған алғашқы бет ажа
рын сол күйінде сақтай отырып, сөйлей жөнелді.
– Сіз, дін адамдарды, осы қаланың хазірет, ишан, ғұламалары
осындай жайға өздеріңіз араласуда шарт, қажет деп біліпсіз
дер. Айтайық оларынңыз жөн болсын. Бірақ осындайда інсапты,
ұлтжанды, ариманды несіне ауызға алып көмей толтыра, көптіре
сөйлейсіздер? Неге риямен, екіжүзділікпен сәттің арасында жүз
құбылып, жалған жолда жүресіздер? – деді.
198
Абай сұрауларының салмағы бата бастаған Юнус халфе жүгінен
қалпында, жорғақтай түсті.
– Қалай, қалайша? – деп қалып еді. Абай оң қолын жай
салмақпен, бұйрық ете қозғай берді.
– Сабыр сабыр... солайша – деді де, жылдам ғана бастырмалы
тып, қадала сөйлеп кетті.
– Риялық, екіжүзділік дейтінім: сіздер кеше мен бүгін,
барлық мешіттердің ұстаздары, имамқазіреті болып, ең ал
дымен патшалық кеңсесінің, орыс чиновниктердің, бөтен дін
адамдарының, яғни қауымның ұлықтарына бардыңыздар! Бар
ажар, назарларыңды, салып неше алуан айла, дәлелмен жалынып
та, жалбыранып көрдіңіздер. Жағынып, мақтап сөйлеп, өтініштер
айтып шықтыңыздар. Мешіттеріңіздің мөрлерін былшита басып,
нелер шебер жазылған хұсният, ғаризаларыңызды өбектеп апа
рып, жағына кіргіңіздер! Енді сол махкамалардан қарға адым жер
ге шықпай, менің үстіме келіп, үйіме кіре бере жаңа ғана өздеріңіз
мадақтай мақтап шыққан патшалық әкімдерін хақаттырып, ияттай
келесіздер. Бұның аты не? Барып тұрған екіжүзділік, жалғаншылық
масқаралық емес пе? Жеке адам жалғыз басымен, өз бетімен осын
дайды істесе, біз соны көре тұра жерге түкірер едік! Жиренген
нен өртенгендей болар едік. Осы қаладағы ноғай, қазақ халқының
атынан сан мыңдаған қауым атынан, сол қауымның ұстазы, тәр
биешісі, рухани басшысы аталған көп жандар, яғни ишан, имам
халфе қазірет молла, мәзін, шәкірттер атынан сөйлететін сіз дердің
мінездеріңізді не деп ауызға аламыз? Қайтіп жиренбей, ренжі
мей атаймыз? Жалғаншылар, екіжүзділер, қор мінезді, адамгер
шілік қайыршылары демей, сорлары демей қайтіп шыдаймыз?
Мен сіздер шығып келген сол мешіт, сол дін атынан намыс етер
едім әуелі! Қорлаңдар едім осындай мінездерің үшін! – деп екі
халфенің енді аузын ашырмады. Осы сөздердің бәрінің тұсында
әрі даугер, әрі айыпкер сыншы қалпына ауысып алған Абай екі
халфені, соншалық шындап, елемей де отыр. Сондықтан бұның
қыры көп, кесек мінезіне қазір үнемі бір мысқыл, жерлегіш ажуа
да ұдайы араласа отырды.
Әбіш көлденеңнен қарайды. Оның естіген сөздері мен ұғынған
жайлары Абайды қатты бір намыспен ширықтырып отырған
199
сияқты. Бірақ сонымен қатар Әбіш әкесінің жүзіне қараса оның
аққарасы да апайқын, шошақтау біткен көздеріне салқын күлкі,
ащы бір мысқыл аралас отырғанын байқайды.
Абай ендігі сөзінің соңын иман деген жайға, Юнус халфе бұны
өзінше тұсамақ болған жайға соқтырды. «Шархы Ғабдоллаға»
дейін жетіп, құлдық «үлкен кітапқа орай біліміміз бар» деп жүрген
моллаларды енді Абай сол кітаптардың тілімен сөйлеп, таңдандыра
бастады.
– Екі түрлі иман бар еді – яқини иман, тақлиди иман. Жұртқа
сол иман атымен өсиет, хұкім айтпақ боласыздар. Осы отырған
екеуіңізді мен не дейін?! Яқини иманы бар деуге сіздерде ғылым
жоқ. Тақлиди иманы деуге әуелі өздеріңізге беріктік жоқ, яғни, я
алданғанда, я азғанға, я бір пайдаңызға қарай дархал осы сағаттың
өзінде «ақты – қара» деуге, «қараны – ақ», «өтірікті – шын» деуге
әзірсіздер. Сол терістердің бәріне ант етуге әзір отырған сіздерді
не дейміз? Жоқ, бүгін мынадай дау мен пәле шығып тұрған шықта,
«қылыш үстінде серт тұрмайды» десеңіздер, сіздерден не күтейік?
Патша әкіміне кіргенде тағзым ете жалынасыз, жалған айта
сыз. Үйге қайтып киізші Сейсекедей байға барғанда, бет сипап
фатиқа қыла отырып, жаңағы өзіңіз кірген ұлықты қиянаттайсыз.
Маған келе бере жаңа ғана өзіңіз екі жерде екі түрлі жүз көрсетіп,
өздеріңіз сатып қорлап келген иманды маған қарсы құрал етесіз.
Қылыш етіп сауырасыз. Яғни менің қолыммен қазақтың бишара
қызын дарға астырсақ, қанға былғатпақ боласыз. Солай ма? Осы
лайша, иманы мен арын саудалап жүрген сіздердей жаңдардың
сіздерді жіберіп жұмсап отыраған иман ұстаздарыңыз «жалғаншы
сіздерді жіберіп жұмсап отырған иман ұстаздарыңыз «жалғаншы,
қиянатшы жүзі құрысын!» демеске не шарам қалды? Барыңыз,
жөнеле беріңіз! Менен осыдан өзге естір сөз, алар сыйларыңыз
болмас! – деп соңғы сөздерін бұйрық ретінде айтты.
(М. Әуезов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Абай дін өкілдеріне бастырмалата, шалқыта сөйлегенде нені сөзіне
дәм тұтты?
200
2. Абай имам қазіреттердің патша кеңсесінде сөйлеген сөзі мен мұсылман
қауым ішінде айтқан сөздерін, істерін неліктен ұнатпай, жирене айтады?
3. Абай айтар «яқини имам, тақлиди иман» туралы өздеріңіз ой
толғаңыздар, сол қасиет бүгін кімдерде бар деп топшылайсыздар?
Сабақ соңында «Қазақ және дін» тақырыбында шешендік толғау
жасаңыздар?
Пікірталасқа дайындық. Пікірталасты жоспарлау
Көпшілікпен сұхбат немесе жеке адамдармен пікірлесу,
пікірталасқа түсуде алдын ала дайындықтан өткенде нәтижелі бо
лары сөзсіз. Көпшілікпен, жеке адамдармен пікірлесу, пікірталас
тыру үшін дайындықтың бірнеше кезеңдерін көрсетуге болады.
Күнделікті дайындық. Баспасөз құралдарын қадағалау, ғылы
ми, публицистикалық, көркем әдебиеттер оқу, ғылым мен тех
никаның соңғы жаңалықтарынан хабардар болу, қоғамдағы сая
си, әлеуметтік істерді ой елегінен өткізіп, баға беріп отыру т.б.
күнделікті тұрмыста алатын мәлімет, білімді орнымен пайдала
ну қажет. Қызметі, жұмыс ыңғайы көпшілікпен қарымқатынасқа
негізделген адам үшін дайындық:
– көркем әдебиеттерден цитата, үзінді, мысалдар жинау;
– мақалмәтел, қанатты сөздер жаттау;
– сөйлеу техникасына жаттығу;
– сөйлеу әдебі нормаларын сақтау;
– шешендік өнердің теориялық, әдістемелік негіздерін
меңгеру.
Белгілі бір тақырып бойынша сөйлеуге дайындық
Нақты бір тақырып бойынша сөйлеуді шешендік өнердің бір
түрі деп те қарастырады. Оның төмендегі бөліктерін жетік түсініп,
басты сипаттарын аша алғанда нәтижелі болары сөзсіз.
– Тақырыптың мәні;
– тақырыптың өзіне ғана тән ерекшеліктері;
– аудитория құрамы;
– сөйлеу тілі.
201
Тақырыптың аталуы нақты, мүмкіндігінше қысқа, көпшіліктің
қызығушылығын туғызатын болғаны дұрыс. Тақырыптың жал
пылық сипатынан гөрі нақты бір мәселені көтеретіндей жина
қылығы да оң нәтижеге жетуге кепіл болады. Көпшілік алдында
айтылар сөзге дайындықтың басты кезеңі – материалдар жинау.
Сондайақ, сөздің нәтижелі шығуы төмендегі материалдар:
– негізгі ресми құжаттар;
– ғылыми, ғылымикөпшілік әдебиеттер;
– анықтамалық әдебиеттер: энциклопедиялар, энциклопедиялық
сөздіктер, ғылымның әр саласына арналған сөздіктер, лингвис
тикалық сөздіктер (түсіндірме, шет тілдер, орфоэпиялық, орфо
графиялық, синонимдер, т.б.) библиографиялық көрсет кіштер;
– көркем әдебиеттер;
– газетжурналдағы мақалалар;
– радио, теледидар хабарлары;
– әлеуметік сауалнама нәтижелері;
– өзінің бұғанға дейінгі білімі мен білік, танымы;
– байқау, ой қорыту.
Кез келген ортада әңгімеге шығу үшін сол ортаға қатысты
материалдарға жетік болуы керек. Сөйлеу алдындағы дайындықтың
маңызды кезеңдері:
– іріктелген әдебиеттерді игеру;
– оқыған материалдарды ой тезіне салу;
– қорытынды жасай білу;
– талдау, материалдарды жүйелеу;
– ортаның ықылас, талабына, қажеттігіне қарай материалдар
ды іріктеу.
Дайындық түрлеріне:
– сөздің жазбаша мәтінін дайындау;
– мәтінді бірнеше рет дауыстап, мәнерлеп оқып дағдылану;
– қажетіне қарай кейбір тұстарын жатап алу керек десе келесі
бір сөз шеберлері;
– тезис немесе жоспарын жасау;
– мәтіннің негізгі бөліктерін ғана жазу, яғни тірек бөліктерін
әзірлеу;
202
– мәліметтерді (атыжөндерді, статистика, қанатты сөздер, ци
тата, т.б.) іріктеу маңызды деп есептейді. Қалай болғанда да, ойды
дәл жеткізе білу, тақырып мәнін ашу үшін жоспар құрудың маңызы
ерекше. Жоспар – мәтіндегі ойдың берілу реті, қысқаша мәтін
бағдарламасы.Жоспар жай және күрделі деп бөлінеді. Жай жо
спар бірнеше тармақтардан тұрса, күрделі жоспар кіріспе, негізгі
бөлім, қорытындыдан құрылады.
Кіріспеде тыңдаушыларды тақырыпқа дайындайды, тақырыптың
көтерілуінің қажеттлігі (өзектілігі), дәл сол аудитория үшін мәні,
маңызы, мақсаты мен міндеттері, сондайақ мәселенің тарихы
айтылады. Кіріспе бөлім тыңдаушыларды қызықтыра алатындай
тартымды ойлы, көңілге қонымды болса, келесі бөлімдерді ашу
да сөйлеуші үшін оңай болары сөзсіз.
Сондықтан да риториканы зерттеушілер кіріспеде:
– тыңдаушыларды ұйытардай бір сәтті даяндау;
– юморды сәтті пайдалану;
– аңыз, ертегімен сабақтастыра бастау;
– көпке мәлім оқиғаны талдау;
– риторикалық сұрақ;
– тыңдаушыларға сұрақ қою, жауап алу әдістеуді қолдану ау
дитория ерекшелігіне қарай өз нәтижесін беретінін айтады.
Негізгі бөлім айтылар ойдың орнымен жеткізілуі, жинақталған
материалдардың аудитория ыңғайына қарай сәтті қолданылуы
үшін олардың ретімен, жүйежүйемен баяндалуын талап етеді.
Мәтіннің дұрыс құрылуы материалдарды орнымен пайдалану
әдістеріне байланысты. Оның бірнеше түрлері бар.
1. Индуктивті әдіс (жекеден жалпыға).
2. Дедуктивті әдіс (жалпыдан жекеге).
3. Салыстыру әдісі (түрлі құбылыс, оқиға т.б. салыстыру).
4. Баспалдақты әдіс (бір мәселені талдап талқылап аяқтап, ке
лесіге көшу).
5. Тарихи әдіс (хронологиялық жолмен баяндау).
Мәтінді нақты бір әдіспен зерттесе, нәтижелі болады. Негіз
гі бөлімдегі теориялық талдау, дәлелдеменің нақтылығы, мәлі
меттердің дәлдігі, сөйлемнің түсінікті құрылымы, ойдың жүйелілігі
қорытындыны дұрыс жасауға ықпал етеді.
203
Қорытынды «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» береді.
Кіріспеде қойылған мақсатміндеттердің орындалуы айтыла
ды. Негізгі бөлімдегі алынған нәтижелер жинақталады. Келе
шек істер жоспарланады, атқарылуы қажет жұмыстар айтыла
ды. Мәтіннің стиліне, айтылған ойпікірлердің түйініне қарай
қорытынды да түрлі реңкпен (эмоциямен, нақты жоспар, мін
дет қабылдаумен белсенді ісқимылға шақырумен) аяқталатыны
белгілі. Қалай болғанда да сөздің соңында ортақ ой, түпкі мәселе
шешімі түйінделуі керек.
163-жаттығу.
1. «Алғашқы өркениет қайдан бастау алады?»
2. «Соңғы сәнмен киіну: батылдық па, талғам ба, еліктеу ме?»
Достарыңызбен бөлісу: |