Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата30.10.2019
өлшемі1,94 Mb.
#50884
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
tus-Joru


5. ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

(Ержан Ешімов нұсқасы)

...Шәріде түс көреді ханның қызы,

Бетіне шаң тимеген жалғыз қызы.

Қыздардың жауы дағы, дұшпаны да,

Жеңгесі сезсе керек барлық мұны.

—Ау, жеңеше, көрдім түс,

Өзіме жеңіл, жұртқа ауыр.

Бүгін таңның алдында,

Орнаған екен бір дәуір.

Тау домалап, су көшіп,

Соққан екен бір дауыл.

Өте қатты қаһары,

Бір бұлттың жаман заһары.

Қанаты жауып шаһарды,

Бұлт айналды қаһарлы.

Тыңдамай тасты, тауды да,

Борады да жауды да,

Кіргізді-ау деймін әкемді

Көп кешікпей қауымына.

Тас төбемнен ілді де,

Мені де тартты бауырына.

Дәл бабамның қатары,

Ала бурыл сақалы.

Қобаған мұрын, қой көзді,

Ауыр лебіз, шын сөзді,

Түсі суық кісі екен.

Болат тұмсық, мұз қанат,

Ақ төсті қыран құс екен.

Осыны көрген мезгілім,

Таң атқан таңның тұсы екен.



200

201


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Бикештің түсін жеңгесінің жоруы: 

—Ойпырмай, ойда жоқ жау келер деймін,

Жауындай елдің терін төгер деймін.

Тау бөктеріп, су кешкен секілденіп,

Ерлерім көп миқанат көрер деймін.

Бүркіттей бөрілерді желкелейтін,

Бір дұшпан келе ме елге еркелейтін.

Аяғы ақырында саған тиіп,

Сен дағы қуанасың-ау бір бай сүйіп.

Түсіңді біздің жору осылайша,

Білмеймін артық-кемін әлдеқанша,—деп түсті 

жору аяқталады...

* * *

...Қыз Құртқа тәтті ұйқыда көріпті түс,



Түсінде таңғажайып білінген іс.

Ысқырып бір айдаһар кәрін шашып,

Шүйлікті бір ақ иық ұшырасып.

Сол кезде ел ұстаған қызыл ерді,

Қақтырмай қанатымен қалды басып.

Ойбайлап төсегінен қыз оянды,

Анасы «не болды» деп жетіп барды.

—Ау, ана, бір түс көрдім, келді жылан,

Көзімді аштырмады басқан тұман.

Бір бүркіт көктен келіп шүйліккенде,

Кез болды жан қалмайтын зәрлі мұнан.

Кәпірден у-шу болып, жер күңіренген,

Білімді тамашалы үлкен ұран.

Шаңдағын бұрқыратқан түсті маған,

Қызыл ер қанатында шықпай қалған.

Бұл түсті адамға айтып керегі жоқ,

Жорып көр неғыл десең, қымбатты анам.


202

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР



Анасының түсті жоруы:

—Шығар ма дұшпаның көп мың сан, балам,

Ақиқат менен адал тусаң, балам.

Ертеде көп миханат көріп едім,

Мен сорлы жаугершілікке еніп едім.

Сорлы әкең бір мезгілде жауда кетіп,

Айрылмай қосымнан еріп едім.

Тоқтарбай жаумен келген қара қыпшақ,

Сол елдің дәмін татып көріп едім.

Қараспан жау мекені қалың елде,

Перзентті сендей анық көріп едім.

Қанды бет бидай өңді толық едім,

Әркімді құмарттырған сорлы едім.

Тоқтардың сүйген жаны Аналықпен

Жүктімде жөргек құда болып едім.

Атыңды Құртқа деген Тоқтар қойған,

Қалмайтын күйеуім бар өлмей ойдан.

Тоқтардың жалғызы еді еткен жарық,

Жолдасың құдай қосса батыр Қобылан.

Тап соған миясар тұр осы түсің,

Келтірсін игілікті ақтың ісін.

Қобыланға сені қоссам, арманым жоқ,

Берілген асыл уәде Құдай үшін.

Ер жетіп, есін біліп, сені іздесе,

Алсын-ақ аманатын соның үшін.

Қобыланға Құдай беріп сені қоссам,

Сол күні орындалар сүт пен күшім.

Ал балам, бұл жүргенге әуре болма,

Жасыңнан қайыр болса қарғылы ісің...


202

203


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

6. ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

(Айса Байтабынұлы нұсқасы)

...Қыдырбай түсті көреді.

Құлтай құлға келеді,

Еңіреп қоя береді.

Қыдырбай сонда не деді:

—Әй, құрдасжан, құрдасжан,

Менің де көрген түсім бар,

Түсімде көрген ісім бар.

Ақмаңдайым келіп жүр,

Бір жолбарыс, бір сұңқар 

Емшегін Ақмаңдайдың еміп жүр.

Үйімнің оң жағына қарасам,

Ер қаруы—бес қару,

Босағама ілінді,

Құлаған жүгім жиылды.

Шаңырағымда төрт бүркіт көрінді,

Бұл не болар, құрдасжан?!

Сонда Құлтай сөйледі:

—Бұл түсіңді жориын,

Шамам келсе қориын.

Тілегің Құдай бергені,

Көзіңнің жасын көргені.

Ақсұңқар мен жолбарыс—

Ұл мен қыздың болғаны.

Төбеңдегі төрт бүркіт—

Тумай тұрып балаңның

Әруағының қонғаны...

* * *


...Қобыланның қарындасы Аққолаң

Жатыр еді ұйықтап,

Ұйықтап жатып түс көрді.

Түсінде әжептәуір іс көрді,

Көтеріп басын алады,

Кемпірге қарай толғады,

Толғаудың басын қозғады:


204

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

—Келмейді жаңғыз адам-ай,

Жаңғызым еске түскенде,

Күйемін де жанамын,

Байқадың ба, анам-ай.

Менің көрген түсімде,

Түсімде көрген ісімде,

Құбладан қара дауыл қаптады,

Бөтенді Құдай сақтады.

Ұзын арқан таққанмын,

Жуан қазық қаққанмын.

Арқаным қалды үзіліп,

Қазығым қалды омырылып,

Үлкен үй қалды жығылып.

Шаңырақ сынды үзіліп,

Саба қалды тілініп,

Керегеге ілініп.

Тоғайдан қашқан түлкіні

Қара төбет алып жүр,

Бұлқылдатып шалып жүр.

Сонда кемпір сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

—Бұл түсіңді жориын,

Жақсылыққа қориын.

Құбладан қара қаптаса,

Көкеңнің үйге келгені,

Тілекті Құдай бергені.

Ауылдың үсті шаң болып,

Үлкен жиын той болып,

Қара дауыл дегенің—

Жұрттың бәрі қаптай шапқаны.

Қазық қақтым дегенің—

Жеңешеңді алғаны.

Ер қазығы әйел ғой,

Арқандалып қалғаны.

Арқан қалса үзіліп,

Қазық қалса омырылып,

Тентек неме есер,

Келіншек көргенде,



204

205


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Кеткені ғой қызығып.

Тоғайдан қашқан түлкіні

Қара төбет алғаны,

Қызыл түлкі дегенің—

Аққұртқаның болғаны.

Қара төбет дегенің—

Қалашының итіндей

Көкең болғаны,

Жеңешеңді алғаны...



7. ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

(Ережеп Тілеумағамбетұлы нұсқасы)

...Қыдырбай сонда сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Бүгін мен бір түс көрдім,

Түсімде қандай іс көрдім?

Бірі лашын, бір бүркіт,

Қолыма қонған құс көрдім.

Көлденең жатқан су Жайық,

Суға жүзген қу қайық,

Қамалап келіп қасыма,

Батасын берді қол жайып.

Айтпаймын сөздің қатасын,

Түзей ме деп ойлаймын

Қыдырбай шалдың сапасын.

Көрдім тағы түсімде

Биік ағаш шақасын.

Тауып алдым сол жерден

Оңқай майлы қошқардың

Қорғасын құйған сақасын.

Бірі лашын, бір бүркіт

Қолымда тұрып талпынды,

Талпынып тұрып жемседі.

Жер жүзіне көз салып,

Қанатты қағып шарқ ұрды.

Судағы жүзген суыр мен


206

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Киік пенен құландар,

Қасқыр, түлкі, жыландар—

Бәрі келіп жиылды.

Бес жыланды бір жеді,

Алты бөріні жайратып,

Аспанға қарап шарлады.

Кетіп едім сандалып,

Әуре болып тіл алмай.

Өзің ойлап білмесең,

Әуре болдым, кемпірім,

Тірідей жерге кіре алмай.

 Сонда кемпір сөйледі:

—Айналайын үй кісім,

Оңға айланған екен бұл түсің.

Үңіліп едім жолыма,

Бірі лашын, бір бүркіт—

Екеуі қонса қолыңа,

Түсің жақсы ұқсайды,

Бір нәрсе тап болмаса сорыңа.

Бірі лашын, бір бүркіт—

Екеуі қонса қолыңа,

Екі перзент көрерсің,

Көріп дәурен сүрерсің.

Балаң атқа мінгенсін,

Беліне қару ілгенсін,

Дұшпанға табан тірерсің.

Өртеніп күйіп жанарсың,

Қолыңда бүркіт не болар,

Абайлаймысың шамасын?

Қолыңда бүркіт желіксе,

Қанатын қағып желіксе,

Суда жүрген суыр менен

Тоғайда жүрген бұландар,

Қасқыр менен жыландар,

Бәрі келсе қасыңа—

Ол балаңның соңында

Жүрген жаман адамдар,

Бәрін де жеңіп тамамдар.



206

207


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Алты бөріні бір жесе,

Алты шері қалмақтың

Қаласын шауып келтірер.

Бес жыланды бір жесе,

Бес ханменен қас болып,

Бәрін қоймай өлтірер...

* * *


...Сол күні Алшағырдың бәйбішесі Қобыланның қалаға 

келгенін біліп түс көреді екен. Алшағырдың алты баласы бар 

екен, соған көрген түсін шешесі айтып тұрған екен:

—Әй, балдарым, түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

Күндізім болды қараңғы,

Көрмедім шыққан күнімді,

Түспенен шықтым түнімді,

Көзім таң мезгілінде ғана ілінді.

Ортасынан қасқайып,

Қақ маңдайым тілінді.

Есіктен кіріп келді де,

Кесіп алып жоқ етті

Сөйлеген қызыл тілімді,

Өшірді сөйтіп үнімді.

Және бір көрген түсіміз,

Бір қабағы қалың қара үлек,

Қаладан асып төбесі,

Бізге асып қарады.

Қорыққанынан жүрегім

Әлі лүпілдеп барады.

Бұл бір ақыл ой екен,

Қаланың іші қой екен,

Қойға бір көк жолбөрі кіріп жүр,

Бүліктіріп қырып жүр.

Қырық еркек қойым бар екен,

Бұған да тамам барып жүр,

Бұны өлтіріп салып жүр.

Алты бағлан қозым бар екен,


208

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Алты жерде жарып жүр.

Ай мүйізді ақ қошқарым бар еді,

Оған дағы барып жүр,

Тамағынан шалып жүр.

Жабағысыз көк саулық—

Бұл елеусіз қалып жүр.

Шешең түсті көріп жүр,

Бір жығылып тұрып жүр.

Бұл түсім шайтан болмаса,

Елімде дұшпан толып жүр.

Баласы сонда сөйледі,

Сөйлегенде не дейді:

—Әй, анамыз, анамыз,

Біз де сенің балаңыз,

Бұл сөзіме қараңыз.

Мен түсіңді білмеймін,

Аман болар қалаңыз,

Ашылмағай арамыз.

Аққұртқаны атам алар деп,

Ортаға төсек салар деп,

Күндестігі құрысын,

Қадірсіз басым болар деп.

Өтірік түсті көргенің,

Өтірік айтып жүргенің,

Осы ма сенің білгенің,

Жақсы емес пе өлгенің?!

Бұл түсіңе нанбаймын,

Сөзіңе құлақ салмаймын,

Сөзіңді қабыл алмаймын.

Сонда анасы сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Жалған айтар мен емес,

Мені қылма келемеж.

Қобылан келсе үстіңе,

Сенен қорқар ер емес.

Бұл айтқаным болмасын,

Ісімді Құдай қолдасын.

Қабағы қалың қара үлек—



208

209


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Қара қыпшақ Қобыланның

Әруағы болмасын.

Тас қараңғы күн болып,

Һәркім білмес жол басын.

Қаланың іші қой дегенім—

Көп аламан болмасын.

Қойға тиген көк бөрі,

Қобыланды батыр болмасын,

Бүліктіріп қырмасын.

Келе салып Қобыланды ер

Ақырзаман салмасын.

Қырық еркек қой дегенім—

Атаңыздың қасында

Қырық уәзір болмасын,

Қырық жерде қырмасын.

Алты бағлан қозы дегенім—

Алты балам болмасын,

Алты жерде жармасын.

Ай мүйізді ақ қошқар дегенім—

Тақта атаң болмасын,

Тақ үстінен тайратып,

Нар бурадай жайратып,

Кәллесін кесіп алмасын,

Бұл айтқаным болмасын,—деп,

Түсін айтып болады,

Тыңдалмай сөзі қалады...

8. АХМЕТБЕК-ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ

...Патша айтты:—Мынау менің көрген түсім, 

Әуелі мазмұнына өзің түсін, 

Түсімде алтын жиған сарайыма 

Барыппын жалғыз өзім болып ісім.

Толтыра бір табағын салып алып, 

Ұстадым нақ төбеме бір оңдысын. 

Көшені сол бойыммен араладым, 

Әлі жоқ қасыма ерген жалғыз кісім, 

14-0185


210

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Бір-екі жолбарысқа қарсы шықтым, 

Көрмеген өмірінде бұрын түсін. 

Өзіме екеуі де қарсы ұмтылды,

Ашумен шақырлатып қайрап тісін. 

Шыдамай айбатына қайта қаштым, 

Денеден көрген кезде кетіп күшім. 

Төгіліп ділдәм қалды топыраққа, 

Басымнан аспанға ұшты қара құсым. 

Дамылсыз сонан бері ізденемін, 

Білалмай осы түстің әдірісін. 



Жорығаны мынау болды: 

—Түсіңде жолбарыс боп көрінгендер, 

Басуға аяқтарын ерінгендер—

Үргеніш жұртында бар екі палуан, 

Қайраты бойға симай бүлінгендер.

Беклердің Жүсіп, Ахмет есімдері, 

Шын атын есіткенде сүрінгендер. 

Еліңе сол екеуі келеді екен, 

Зарарды патша саған берер екен, 

Бірнеше жан ашитын палуандарың 

Көшенің ортасында өледі екен. 

Сары алтын сарайында жиған малың—

Қара құс басыңдағы ұшқан бағың. 

Шашылып топыраққа жоқ боп қалған—

Еліңді сондай шашар, тақсыр ханым. ..

9. ОРАҚ БИЛӘН МАМАЙ БАТЫРДЫҢ 

ХИКАЯСЫ

 

...Мамайдың қатыны жатып түс көрген. Қалмақтың ханы 



Темірхан Мамайды алып барып, жетпіс құлаш құдыққа салдыр-

ды. Бұ Мамайдың Қарашаш деген қатыны бар еді, түнде жатып 

түс көреді. Тоқсан бесте Мамайдың шешесі бар еді. Мамайдың 

қатыны Қарашаш көрген түсін Қараүлек деген Мамайдың 

шешесіне жорытты.


210

211


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Хан Мамайдың қатыны

Түнде жатып түс көрді,

Әжептәуір іс көрді.

Шошып оянып түсінде, 

Жатыр еді ұйықтап, 

Мақпал тонын тұйықтап.

Тоқсан бесте Қараүлек,

Басын шайқап Қарашаш,

Оятып алды енесін.

—Өлгенде көрген балаң-ай,

Әруақты Мамай-ай,

Мінсіз қара кемем-ай,

Болаттан соққан жебем-ай.

Түнде көрген түсіңді

Оңғарғай, Құдай, ісімді,

Түсімнен қорқып ояндым,

Жорышы көрген түсімді.

Жатыр едім ұйықтап, 

Мақпал тоным тұйықтап.

Қыбыладан көрінді 

Бір шаншылған бір құйын.

Ордамды жығып кетер деп,

Үйіме жазым етер деп,

Ұзын алтын сырықты

Соған қарсы тіредім.

Сырығым тұтқан болмады,

Ортасынан үзілді

Бұ не болар, енеке?

Ыржия күліп келетін,

Шешеге сәлем беретін, 

Иман жүзді хан Мамай

Ақша беті балаңның 

Жығылыңқы көрінер,

Бұ не болар, енеке?

Екі көзі балаңның

Жұмылыңқы көрінер, 

Бұ не болар, енеке?

Түнде көрген түсімді


212

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Оңғарғай, Құдай, ісімді. 

Түсімнен қорқып ояндым, 

Жорышы, ене, түсімді. 

Сорлы болған Қараүлек

Көтеріп басын алады: 

—Алла, оңғарғай ісімді,

Жориын көрген түсіңді. 

Тұла бойым тұңғышым, 

Өлгенде көрген құлыным 

Ноғайлы тілін алмады. 

Алжыған қақбас хан Мамай

Өлмесе тұрсын деп еді.

«Күнім толса, көрем,—деп, 

Ажал жетсе, өлем,—деп,

Аманатын Алланың 

Осы сапарда берем»,—деп, 

Бозмойнақ атын тебініп,

Қиғаш деген ала тау 

Қалмақтың кел деген

Жауының жері еді.

Басына соның барғаны

Қарауыл қарап тұрғанда,

Келмеген соң Темірхан, 

Астындағы тұлпарының 

 Сыпырып ерін алғаны.

Арқан тағып ойнатып, 

Құйрығыменен қунатып,

Арқандап атын салғаны.

Ер қаруы—бес қару 

Жастығына салғаны.

Орай садақ, қырық кез оқ,

Жамбасының астына

Батыр Мамай салғаны.

Тасбұлақтың басында,

 Адамы жоқ қасында, 

Жапанда жалғыз хан Мамай

Ұйықтап жатып қалғаны. 


212

213


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Үйге тіреген алтын сырғының 

Сығылыңқы көрінсе—

Мамай жаяу қалған соң,

Әнекеи, солай болғаны.

Ақша беті баланың 

Жығылыңқы көрінсе—

Туғалы жаяу жүрмеген,

Табаны жерге тимеген, 

Тұлпардан басқа мінбеген, 

Сұлудан басқа сүймеген,

Қамқадан басқа кимеген,

Екі қолын артына 

Шынжырменен таңған соң, 

Арбаға жаяу салған соң,

Тірідей қорлық көрген соң, 

Әнекей, солай болғаны. 

Екі көзі баламның 

Жұмылыңқы көрінсе—

Жетпіс құлаш құдыққа 

Алып барып салғаны. 

Атасының өші бар,

Тірідей кегін алғаны.

Арыстан аш та, түлкі тоқ, 

Түгел ерге қайғы жоқ.

Жыласақ та, бейшара, 

Қарағым, Мамай бізге жоқ...

10. ҚАРАСАЙ-ҚАЗИ

(Құдайберген Шоқаев нұсқасы)

...Әділханның шешесі—Бәйбіше ханым Әділ ханның ар-

тынан түс көріп, Әділ ханмен туысқан қарындасына жорытып 

жатқан жері еді. 

 

Қырық мың болып құралды-ай,



Көк темірге оранды-ай,

214

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Жас Әділді хан қылып, 

Қырымнан айдап шығарды-ай.

Әділдің тапқан анасы, 

Емшек берген мамасы 

Сол күні жатып түс көріп,

Түсінен шошып оянды-ай.

Қасындағы қызына 

Бәйбіше ханым сөйледі:

—Басыңды көтер, Ілия! 

Бүгін менің түсімде 

Білдірді маған жан ие—

Әйелдің пірі—Мәрие.

Асқар биік Алатау, 

Алтын Сарай қалама 

Асқар тау келіп құлап жүр,

Бұл не болар, шырағым?

Борасындап жел соққан.

Соққан желді тоқтатқан 

Тіреулі алтын сырығым

Ортасынан қырқылды,

Бұл не болар, шырағым?

Үшінші көрген түсімде

Асқар биік тау жақтан

Шыға қашқан асауды

Жібере тартып, тоқтатқан 

Талдан кескен құрығым 

Ортасынан үзілді,

Бұл не болар, шырағым?

Шошыдым ғой түсімнен, 

Қорқайын дедім ішімнен.

Шынтемір кеткен тұл үйден, 

Әділ хан кеткен бұл үйден. 

Сонда қызы сөйледі:

—Айналайын анам-ай!

Асқар тау келіп құласа

Алтын Сарай қалаңа-ай—

Асқар таудай бақ қонып, 

Әділге ықпал тап болып, 



214

215


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Кеткен Әділ—балаң-ай

Саламат келіп Қырымға, 

Хан болады екен ағам-ай.

«Жоры» десең маған-ай,

Көрінген екен соған-ай.

Екінші көрген түсіңді 

Және, ана, жориын,

Түсіңде көрген ісіңді.

Арқадан борай қар жауып, 

Борасындай жел соққан, 

Соққан желді тоқтатқан 

Тіреулі алтын сырығың

Ортасынан қырқылса—

Осы арасын білмедім. 

Аман келсе, жақсы еді,

Менің жалғыз ағам-ай.

Үшінші көрген түсіңді,

Және, ана, жориын,

Түсіңде көрген ісіңді.

Асқар биік тау жақтан

Борасындап жел соққан, 

Шыға қашқан асауды 

Жібере тартып, тоқтатқан

Талдан кескен құрығың

Ортасынан үзілсе—

Табылмаса қиюы, 

Не қылып келсін қиюы... 

* * *

...Жақындап келіп қонған күн



Әділдің тапқан анасы—

Емшек берген данасы 

Сол күні жатып, түс көрді.

Шақырып алып қасына

Ілиядай сұлуды,

Көрген түсін сөйледі:

—Айналайын Ілия,

Бүгін менің түсімде,



216

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Шын ұйқымның ішінде

Асқар биік қара тау,

Алтын сарай, қалама-ай,

Асқар тау келіп құлап жүр.

Бұл не болар, балам-ай?

Екінші көрген түсімде

Ақ үйімнің төрінен

Аяғы жоқ, басы жоқ

Бір ақ дария ағып жүр.

Бөгесем де, болмады,

Ағыны бұзып, тұрмады.

Бұл не болар, шырағым?

Үшінші көрген түсімде

Ақ үйімнің төріне

Кілең жақсы келіп жүр,

Ақ батасын беріп жүр,

Соны көзім көріп жүр.

Бұл не болар, шырағым?

Төртінші тағы түс көрдім,

Түсімде мұндай іс көрдім:

Томағасы алтыннан, 

Аяқ бауы жібектен,

Бір қаршыға құс көрдім,

Өзін еркін бос көрдім.

Оң жағымнан күн туды,

Сол жағымнан ай туды.

Бұл не болар, шырағым?

Жорып бер менің түсімді,

Естісе, қызым, құлағың!

Сонда қызы жорыды:

—Айналайын, анам-ай!

Асқар тау келіп құласа-ай

Алтын сарай қалаңа-ай, 

Асқар таудай бақ қонып,

Әділге ықпал тап болып,

Кеткен Әділ балаң-ай

Саламат келіп Қырымға, 

Хан болады екен ағам-ай,



216

217


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Көрінген екен соған-ай. 

Қарасай, Қази—қос батыр,

Әділменен үш батыр,

Жаңылмасам, анам-ай,

«Жоры» десең маған-ай.

Екінші көрген түсіңде

Ақ үйіңнің төрінен 

Ағып жүрсе бір дария,

Бөгесең де, болмаса,

Ағыны бұзып, тұрмаса,

Мұның несін сұрайсың,

Менің көкем келгесін,

Озады екен халқынан,

Асады екен шарқынан.

Дұшпаны кешіп өте алмас

Алды менен артынан, 

Осындай суды шалқыған. 

Үшінші көрген түсіңде

Ақ үйіңнің төріне 

Кілең жақсы кіргені,

Ақ батасын бергені—

Менің көкем келгесін, 

Халқын аман көргесін, 

Жұртын жинап той қылар,

Жұрттан салтын оздырып. 

Мен жорысам, осылай,

Озып келіп алдымен, 

Қуантады екен, анам-ай,

Қарасай деген досың-ай,

Көріпсің, кемпір, осыны-ай.

Төртінші тағы түс көрсең,

Түсіңде мұндай іс көрсең,

Томағасы алтыннан, 

Аяқ бауы жібектен, 

Бір қаршыға құс көрсең—

Әділ хан балаң болғаны.

Өзін еркін бос көрсең—

Босатып жаудан алғаны.


218

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Оң жағыңнан күн туса—

Қарасай досын болғаны.

Сол жағыңнан ай туса—

Қази досың болғаны.

Әділ хан досың босатып,

Қанды Орақтың баласы

Ортасына алғаны.

Түсіңді, ана, жорыдым.

Жоқ екен түстің жалғаны...

* * *


...Шыққан күні Әділдің 

Ақ сүт берген анасы, 

Ол—ақылдың данасы, 

Түнде жатып түс көрді. 

Өзі жорып ол түсті, 

Қуанып, көңлі хош болды. 

Ұйқыдан көзі оянып, 

Көрген түсін сынатып, 

Ілия қызын жұбатып, 

Бәйбіше ханым сөйлейді: 

—Басыңды көтер, қызым-ай! 

Ойдағы бағлан қозым-ай! 

Мен бір бүгін түс көрдім. 

Осы көрген түсімді, 

Айналайын қызым-ай, 

Жорып берші өзіме-ай. 

Асқар биік Алатау 

Үстіме келіп құлап тұр.

Бұл не болар, шырағым? 

Аяғы жоқ, басы жоқ, 

Ағып кетті дария су. 

Сүттей ақ дария 

Ақ дарияның түбінен 

Сарқырап ағып, тасып тұр. 

Бөгесем де, тұрмайды

Бұрынғыдай болмайды. 

Бұл не болар, шырағым? 


218

219


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Және жатып түс көрдім. 

Түсімде бұндай іс көрдім: 

Томағасы алтыннан, 

Аяқ бауы жібектен, 

Бір қаршыға құс көрдім,

Қолыма еркін қонып жүр. 

Ақ орданың ішіне 

Жақсы адамдар келіп жүр. 

Бұл не болар, шырағым? 

Түнде жатсам, түсімде, 

Жалғыз қызым, есімде, 

Елестеп келіп көзіме, 

«Әділ екен» деп едім, 

Еркін жүзін көрмедім, 

Оң жағынан ай туып, 

Сол жағынан күн туып, 

Жүр екен ағаң, қарағым. 

Бұл не болар екен, шырағым? 

Сонда Ілия сөйлейді: 

—Шынымен тілек тілесең, 

Қабыл екен тілегің! 

Тілегіңді Жасаған 

Берген екен саған-ай! 

Бүгін жаудан Әділің 

Шыққан екен аман-ай. 

Алтын сарай—үйіңе 

Асқар тау келіп құласа—

Асқар таудай бақ қонар. 

Сарқырап аққан дария су, 

Бөгесең де, тұрмаса—

Батырдан дұшпан өте алмас, 

Алды түгіл, артынан. 

Көрінген шығар соған-ай. 

Алтын сарай үйіңе 

Жақсы адам жиналса—

Жұртын жинап, той қылар досына-ай. 

Айналайын, көрінді жақсы түсің-ай. 



220

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Бір қаршыға құс көрсең—

Әділ—балаң болғаны-ай, 

Бүгін шығып, қонғаны-ай. 

Оң жағыңнан ай туса— 

Қарасай—досың болғаны-ай. 

Сол жағыңнан күн туса— 

Қази—досың болғаны-ай. 

Әділ досын шығарып, 

Ортасына алғаны-ай. 

Қайғысы кетіп барады, 

Шамшырағы жанғаны-ай,

Әділ жалғыз болғаны-ай, 

Жау қолынан босанып, 

Жүрегінің жарылған. 

Түсіңді, шеше, жорыдым. 

Жоқ екен бұнда жалған-ай. 

Осының бәрін ойласам, 

Әуелде солай жазған-ай... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет