Жер полюсінің оның беті бойымен қозғалысы



Pdf көрінісі
Дата01.11.2019
өлшемі225,47 Kb.
#50989
Байланысты:
Лекция 8 -Астрометрия


Жер полюсінің оның беті бойымен қозғалысы 

Көптеген  жыл  ішінде  Жер  бетінің  бірнеше  нүктелеріндегі  жүргізілген 

өлшеулер  көмегімен  пункттардың  ендіктері  тұрақты  болып  қалмай,  орташа 

мəнінен 0’’,3 –қа дейін ауытқып периодты түрде өзгеретіні, жəне де бір пункттің 

ендігі кейбір мəнге көбейгенде, басқа, қарама-қарсы меридианда жататын пункта 

ендік шамамен осындай мəнге азаятыны байқалған. Бұл географиялық ендіктердің 

тербелістері  Жер  денесі  анйалу  осіне  қатысты  ығысатынымен,  ал  оның 

нəтижесінде  айналу  полюстермен  Жер  бетінің  əр  түрлі  нүктелері  сəйкес 

келетінімен байланысты болады.  

Жер  полюстерінің  қозғалысында,  географиялық  ендіктер  тербелісіндегідей, 

ғасырлық жəне периодты құраушыларды айырады. 

Негізгі периодті құраушыларға Чандлердің 14-айлық периоды мен 12-айлық 

(немесе жылдық) период жатады. Соңғысының себебі белгілі, ол - ауа массалары 

үлестірілуінің  маусымдық  өзгерістерімен,  қар  түріндегі  су  массасының  Жердің 

бір  жартышарынан  екіншісіне  тасымалдауымен,  т.с.с.  байланысты  болу  керек. 

Чандлер  қозғалысының  себебі  əлі  де  белгісіз.  Болжаулардың  біреуі  мынадай. 

Чандлер периоды –  Эйлер теорияға сүйеніп 18-ғасырда алдын-ала болжаған Жер 

тербелісінің  табиғи  периоды.  Жер  абсолют  қатты  дене  болса,  табиғи  период 10 

айға  тең  болатын  еді,  бірақ  Жер  майысқақ  болып  табылады  да,  серпімді 

деформацияларға  ұшырайды  (қатысады),  бұның  салдарынан  табиғи  период 14 

айға дейін артады. 

Ғасырлық  қозғалыс  доғаның ~3,3 мс/жыл  жылдамдықпен  батыс  бойлықтың 

~75

0

,7  бағытта  болады.  Қазіргі  заманғы  теориялар  бойынша  бұл  қозғалыс  соңғы 



мұзданудан  кейін  мұздың  жүктемесінің  жоққа  айналуынан  Жер  тензорының 

өзгеруімен байланысты. 

 

 

8.1 сурет - 1995-2000жж. жəне 1900-2000 жж. аралықтарындағы полюстің 



қозғалысы (жуан сызық – ғасырлық жүріс). Координаттар Шартты халықаралық 

басынаң (CIO)есептеледі. 

 


Бұлардың  нəтижесінде  Жердің  солтүстік  полюсі  Жер  бетінде  күрделі 

қисықты  сызады,  бұл  қисық  қабырғалары 30 м-ге  жуық  квадраттан  тыс 

шықпайды.  Полюстің  қозғалысы  солтүстік  полюске  сырттан  қарағанда  сағат 

тіліне  қарама-қарсы  бағытта  болады.  Дəлірек  айтсақ,  полюс  қозғалысының 

траекториясы 1,2 жəне 1 жылға еселі ~6 жылға тең периодпен жиырылатын жəне 

жайылатын  шиыршық  түрінде  болады,  оның  центрі W бағытта  ығысып  тұрады. 

Шиыршықтың максимал өлшемі 15 м-ден көп емес болады. 

Жер  полюстерінің  оның  беті  бойымен  қозғалысы 19 ғасырдың  соңында 

ашылған. 1898 жылы Халықаралық ендік қызметі (ХЕҚ) ұйымдастырылған, оның 

құрамына  бір  ендіктегі 6 станция  кірді:  Италидағы,  Ресейдегі  (қазіргі 

Түріменстандағы  Чарджоу),  Жапондағы  жəне  АҚШ-тағы 3 станция.  Қазіргі 

уақытта  бұл  қызметтегі  станциялардың  саны 30 жетеді,  олар  əртүрлі 

географиялық ендіктерде орналасқан. 

ХЕҚ-ң барлық станцияларының жүйелі  бақылауларынан солтүстік  полюстің 

Жер бетіндегі орны жылдың əр оннан бір бөлігі үшін шығарылады. 

Жоғарыда  айтылғандай,  полюстердің  қозғалысы  ендіктер  мен  бойлықтар 

торының  да  Жер  беті  боймен  ығысуына  əкеледі.  Демек,  бақылаушы  жұлдыз 

кульминациясының  мезетін  лездік  меридианда  тіркейді,  яғни  бұл  қозғалыс 

тəуліктің ұзақтығын да өзгертеді.  

 

Жер айналуының бірқалыпсыздығы  

Жердің өз осі бойымен айналуының периоды Жердің белгілі бір өзгермейтін 

бағытқа қатысты бір толық айналуын жасайтын уақыт аралығы болып табылады. 

Бұл аралық жұлдыздық тəуліктің ұзақтығына жақын болса да, дəлме-дəл оған тең 

болмайды,  өйткені  прецессия  салдарынан  көктемгі  күн  мен  түннің  теңелу 

нүктесіне  бағыт  жыл  ішінде  шамамен 46’’-қа  өзгереді.  Бір  жұлдыздық  тəулік 

ішінде  көктемгі  күн  мен  түннің  теңелу  нүктесіне  бағыт 46’’:366=0’’,126-қа 

өзгереді.  Жер  мұндай  бұрышқа  0

s

,008  уақыт  ішінде  бұрылады,  ал  көктемгі  күн 



мен  түннің  теңелу  нүктесі  батысқа  қарай,  яғни  Жердің  айналу  бағытына  қарсы, 

ығысатындықтан,  Жердің  айналу  периоды  жұлдыздық  тəуліктен    0

s

,008  көп 



болып,  23

h

56



m

04

s



,098 орташа күн уақытына тең болады.  

Көптеген  зерттеулер нəтижесінде Жер айналуының бұрыштық жылдамдығы 

тұрақсыз екендігі, яғни Жер айналуы бірқалыпсыз екендігі тағайындалған.  

Жер  айналу  жылдамдығының  өзгерістері  үш  түрге  бөлінеді:  периодты 

(немесе квазипериодты), ғасырлық жəне реттелмеген (секірмелі). 

Периодтары  бірнеше  тəуліктен  бірнеше  жылға  дейінгі  аралықта  жататын 

периодты  вариациялар  атмосфераның  бұрыштық  моментінің  өзгерісімен 

қоздырылады.  Бұл  өзгерістердің  ең  ықтимал  себебі – ауа  мен  су  массаларының 

Жер  бетіндегі  маусымдық  қайта  үлестірілуі.  Тəулік  ішіндегі  вариациялар 

мұхиттердегі  тасулармен  түсіндіріледі.  Ең  маңызды  (ірі) (екіапталық,  айлық, 

жартыжылдық  жəне  жылдық)  гармоникалардың  амплитудалары 2-3 мс  құрайды. 

Ең қысқа тəулік əдетте шілде мен тамызға, ал ең ұзақ тəулік – науырызға келеді. 

Бұл  Жер  айналу  жылдамдығының  өзгерістері 20 ғасырдың 40-ші  жылдары 

эксперимент жүзінде кварцтық сағаты көмегімен табылған еді. 

 


8.2 сурет – 1980-2000 жж. аралығындағы тəулік ұзақтығының өзгеруі. 

 

Ғасырлық  өзгерістер  нəтижесінде  Жердің  бір  айналуының  ұзақтығы  соңғы 



2000 жыл жүрісінде орташа мəнімен алғанда бір ғасыр ішінде 0

s

,0023 –қа артып 



отырды  (бақылаулар  көрсеткендей,  соңғы 250 жыл  ішінде  бұл  арту  азайып,  бір 

ғасыр ішінде 0

s

,0014-ты құрды). Жер айналу жылдамдығының ғасырлық баяулауы 



ай мен күн тасуларының тежеуіш əсерімен байланысты. 

Жер  айналу  жылдамдығының  секірмелі  өзгерістері  тəуліктің  ұзақтығын 

бірнеше ай ішінде секундтың мындық бөліктеріне арттыра, немесе азайта алады. 

Бұл өзгерістердің себебі сенімді түрде əлі анықталмаған деп айтуға болады, бірақ 

оларды  қоздыра  алатын  процестер  ретінде  əртүрлі  құбылыстар  қарастырылады. 

Олар ішіндегі ең белгілі – квазипериодты түрде пайда болатын айгілі Эль-Ниньо 

құбылысы  (мұхиттің  жоғары  қабатындағы  су  температурасының  аномаль 

үлестірілуінен  болатын  Үнді  мен  Тынық  мұхиттердің  экваторлық  аймақтар 

үстіндегі ауа массаларының орның ауыстыруы). Мысалы, 1983 жылы бақыланған 

Жердің  айналу  жылдамдығының  аномаль  жоғары  өзгерісі  сол  уақытта  болған 

күшті Эль-Ниньо құбылысымен байланысты болады. 


Реттелмеген  өзгерістерге  «декадты»  вариацияларды  да  жатқызады. 

Амплитудасы 4-5 мс-ке,  ал  периоды 20-30 жылға  тең  бұл  вариациялар  Жердің 

сұйық  ядросы  мен  мантиясы  арасындағы  шекараның  күрделі  топографиясына, 

сондай-ақ  олардың  магниттік  ілінісіне  байланысты  пайда  болатын  ядро  мен 

мантияның əсерлесуімен себептеледі деген болжау бар. 

Жер айналуының ғасырлық жəне ретелмеген сипаттағы бірқалыпсыздығы Ай 

мен  Жерге  жақын  планеталардың  (Меркурий  мен  Шолпанның)  бақыланатын 

орындары мен есептелген (эфемеридалық) орындарының айырмашылығы арқылы 

көрінеді  (білінеді). 19 ғасырдың  ортасында  Айдың  бақыланатың  қозғалысының 

есептеліп  шығарылған  қозғалыстан  тартылыс  теориясымен  түсіндірілмейтін 

ауытқулар  ашылған  еді.  Сол  кездің  өзінде – ақ  бұл  ауытқулар  нақты  емес  жəне 

Жердің  өз  осі  бойымен  айналуының  бірқалыпсыздығымен  себептелген  болуы 

мүмкін  деген  болжау  жасалды.  Шынымен,  Жер  айналуы  баяулағанда,  Ай  өз 

орбитасы  бойымен  тезірек  қозғалатындай  көріндеі,  ал  айналу  үделгенде,  Айдың 

қозғалысы тежелген болып көріндеі. 

Бұл  түсіндіру 20 ғасырда  Меркурий  мен  Шолпанның  қозғалысында  Айға 

ұқсас,  олармен  бірмезгілде  болатын  жəне  бұл  планеталардың  орташа 

қозғалыстарына пропорционал ауытқулар ашылғанда расталды. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет