Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата16.01.2020
өлшемі2,73 Mb.
#55981
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
4 5883336246050160998


 
СЕН ЕМЕС СІЗ: 
СӨЗ БЕН ТІРЛІКТІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ 
 
 
     Пікірлесің «сенге» көшуді өзі ұсынбайынша, «Сіз» 
дей тұру орынды болады. Бейтаныс, не суборди- 
нация ұстауды жөн санайтын адамнан естіген «сен» 
құлаққа түрпідей тиеді. «Көргенсіз» деген сөздің мағы- 
насы «тәрбие көрмеген» дегенге келеді. Сондықтан көр- 
генсіз болып көрінуден сақтан.  
 
Ешқашан да адам сыйластық танытқандыгынан кем 
болып қалмайды. Тек осы сыйластық арқылы, «сіз бен, 
біз» деп, басқа адамның көңіліне жол таба аламыз. 
Бұның нәтижесінде адамды, тұтынушыны болсын, 
өзіңе қаратып аласың. 
 
     Қол астымда жұмыс істейтін алты жүз адамның бар- 
лығына да сіз деп сөйлеймін. Үлкені болсын, кішісі бол- 
сын, бұл – этикет. Себебі, қызметкерлерімді сыйлаймын. 
     Соншама кітап жазып, бір кішкентай «Сізге» тоқталға- 
ның не деп ойлауың мүмкін. Бірақ, тағы да қайталаймын, 
өмірімізде осындай қарапайым және кішігірім детальдар 
шын мәнісінде үлкен рөл атқарады. 
     Бірде маған бір адам «сен» дей берді. Шыдамай кетіп, 
«Сіз» деп сөйлегеніңіз жөн болар» десем, «Ағылшын  
тілінде «сен» мен «сіздің» айырмашылығы жоқ», – дейді. 
Айналайын-ау, біз Қазақстанда тұрамыз, қазақша сөйле- 
семіз ғой. Ал мұнда «Сіз» бен «сен» – екі бөлек дүниелер. 
 
 
 
 
 
 

 
 
ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ 
ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫ ЖӘНЕ 
ЭНЕРГИЯНЫ БАСҚАРУ 
 
 
     «Уақыт – ақша» деген сөзді бәріміз естігенбіз. Бас- 
қаша айтқанда, әр секундтың ақша эквивалентінде 
санауға болатын бағасы (opportunity cost) бар. Сон- 
дықтан адамдар осы уақытты эффективті басқаруға 
тырыса бастады. 
 
     Уақытты басқару, былайша айтқанда тайм-менедж- 
мент деген – қазіргі заманғы ең трендті тақырыптардың 
бірі. Бірақ парадоксты қара, уақыт ешкімге де бағынбай- 
ды. Уақыт біз келгенге дейін болған, біз кеткеннен кейін 
де болады. Уақыт біздің алақанымызда емес, біз уақыт- 
тың алақанында өмір сүреміз. Яғни уақытты басқару 
деген – нонсенс. Мысалы, машинаны басқара аласың. 
Тоқтату үшін тежегішті бассаң, ол тоқтайды. Газды бас- 
саң, жүреді. Уақыт ондай емес қой. Сондықтан тайм-ме- 
неджмент – уақытты басқару деген ұғым түбегейлі қате. 
     Колледжде оқыған кезімде, мықты ұстазым болды. 
Оның пікірін бағалайтындар көп еді. Сондықтан кеңес 
сұрап көп адам келетін. Оның ішінде эффективті тайм-ме- 
неджментке қатысты. Неге екенін, тайм-менеджмент 
десе бәрімізге алдымен «ұйқыны қысқарту керек» деген 
ой келетін. Бірақ оның бізді таңғалдырғаны әлі есімде. 
Сонда айтқаны: «Аз ұйықтауға тырысып керегі жоқ, ояу 
жүрген кезінде өнімді болуға тырысу керек», – деді. Де- 
мек, «ұйқыны ойлама, ояу жүргенде қатырып ал». 
     Мысалы, ораза кезін, Рамазан айын алшы. Түстің 
кезінде бірден үш сағатқа байып кетесің. 
     Сонымен, бәріне үлгеріп, нәтижелі болудың құпия- 
сы неде? Өзімізді басқару туралы айтқанда, біз өзіміздің 
энергиямызды меңзесек керек. Белгілі бір уақыт көлемін- 
 

 
164
 
де бір істі орындауға жұмсайтын энергиямыз. Басқаша 
айтақнда, ақша деген уақыт емес, ақша деген энергия. 
Сенде энергия бар. Менде де бар. Бәрімізде өлшеулі энер- 
гия бар. Ұйықтасаң да, қыдырсаң да, бұлттарға қарап 
отырсаң да жаратасың. Жеңіске жұмсасаң да жаратасын. 
 
Энергия деген – адамның бойындағы толқын. Ол 
толқынды қалай бұрамыз, солай болады. 
 
     Қаншалықты дұрыс пайдалансақ, соншалықты нәти- 
желі боламыз. Энергияң таусылып келе жатқанда оны 
байқап, уақытында қалпына келтіріп алу керек. Және 
оны ұқыпты жұмсауға тырысу, негатив, қауіп пен үрей- 
ге, т.б. шашыратпау жағын ойластырған жөн. Оны тандап 
жұмсау керек. Бұл жолда өзім түйген бірнеше ереже бар. 
     «Жоқ» дей білу. Кейбір істерге, адамдарға, кездесу- 
лерге, жиындарға «жоқ» деп айта білу маңызды. Өйткені 
менің ойымша, жеңіс деген бір іске, жобаға не икем, дағ- 
дыға жұмсалған энергияның жиынтық өлшемі. Шын- 
дығында біз энергиямызды дұрыс жұмсаудағы ептілі- 
гмізді ақшаға айналдырамыз. 
     Федор Овчинниковтың энергияны үнемдеу туралы 
айтқаны есімде қалыпты. Ол бизнесінің бір кезеңінде 
венчурлық қорлардан инвестиция тартумен айналыса- 
ды. Бұл, әрине, ұзаққа созылған, қиындығы көп шаруа 
еді. Ақырында, келісімшарт алдына келгенде, оған қол 
қоюдан бас тартады. Кәсіби инвесторлар – Blue Wire 
Capital мен «Спутник» тобымен жұмыс істегісі келмей 
қалады. Оның орнына ашық нарықтағы шағын жекемен- 
шік инвесторлардан көмек сұрайды. Неге? «Жылдар өте 
өзімді тыңдау керегін түсіндім, – дейді ол. – Бір кездерде 
шешімді ақылмен қабылдау керек, бір кездерде жүрекпен. 
Өйткені жүрек деген – мотивация. Ал мотивациясыз биз- 
нес болмайды. Мотивациясыз жақсы нәтижеге жету мүм- 
нін емес. Ақшаның өзі ештеңе емес. Әлемді энтузиазм 
билейді. Мен формальды бизнес-жоспарлар құрастырып, 
өзімді алдап, мағынасыз тірлікке уақыт жоғалтқым кел- 
 
 

мейтінін түсіндім. Бұл менің энергиямды соратын еді. 
Ал сен айтарлықтай бірдеңе жасағың келгенде, күшті 
үнемдеу керек. Үлкен спортқа қара. Бірінші болу үшін әр 
қимыл маңызды. Рационалды, нәтижеге жұмыс істейтін 
кәсіпкермін. Мақсатыма жету үшін өзіме ұнамайтын нәр- 
селерді істеуге, тіпті жақсы көріп кетуге көндіретінмін. 
Алайда қазір түсіндім. Менің бизнесім үшін бұл деңгей- 
де басқа, жақсырақ шешім бар». 
     Приоритет қоя білу. Брайан Трейси «Оставьте брезг- 
ливость, съешьте лягушку!» деген кітабында эффективті 
жұмыс істеудің заңдылығын бүге-шігесіне дейін баян- 
дады. Кітаптың сығындысы мынау: ұсақ-түйекке алдан- 
ба, ең қиыны, ең қорқыныштысы болса да, ең маңызды 
істі бірінші бітір. Ол ең күрделі, ұнамсыз болуы мүмкін, 
бірақ егер оған бірінші кіріспесең, ешқашан кіріспейсің. 
«Құрбақаны» желкесінен алмасаң, күнделікті күйбеңге 
алданып өмірің өтіп кетуі де ықтимал. Біздің алдымызда 
өте көп мақсаттар бар, істейтін жұмысымыз да көп. Бірақ 
приоритет деген болу керек. Қайсысы сенің болашағыңа, 
арғы, түпкі мақсатқа неғұрлым жақындатады? Содан 
баста. Ұсақ-түйекке алтын уақытты қор қылма. 
     Маңызды Vs жедел. Стивен Кови
52
: «Өз әрекет- 
теріңізді приоритеттерге сай ұйымдастырыңыз», – дей- 
ді. Жедел істеуге тиіс, күттірмейтін істер болады. Және 
маңызды істер болады. Мәселен, бүгiн сағат бірде түскі 
ас ішуің керек. Бұл – жедел іс. Басқару стильдері бойын- 
ша бір конференция күтіп тұр. Конференцияда сөйлейтін 
пәленше де пәленше деген адамды басқа жерде кездес- 
тіруің неғайбыл. Ал саған сол адаммен қалай да байла- 
ныс орнату керек. Қайсысы маңыздырақ? 
     Осы сәттегі назарыңды талап ететін нәрсенің бәрі 
соншалықты маңызды болмауы мүмкін. Ковидің тілімен 
айтқанда «табан асты нәтижеге әкелуі» шарт емес. «Же- 
дел» мен «маңыз» қатар тұрғанда, екіншісін таңда. Бірақ 
дегеніне жеткізетін шаруалар көбірек энергияны талап 
____________ 
52
  Стивен  Кови  –  басқару  жұмыстарын  ұйымдастыру  жөніндегі  америкалық 
консультант. Семь навыков высоко эффективных людей» кітабының авторы, лектор. 
 

 
166
 
етеді. Оларды қолға алу үшін бастамашыл, проактив 
болу керек. Тасбақаның сауытынан шығу керек. 
     Маңызды істер кейде жедел болмауы мүмкін, бірақ 
бұл олардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы, өмір- 
лік миссияны анықтау, ұзақ мерзімді жоспар құру, 
адамдармен қарым-қатынасымызды түзеу... Бұл жедел 
болып көрінбегендіктен, көп адамдар олар туралы ұмы- 
тып кетеді де, соның зардабын тартады. 
     Құрбандыққа дайын болу. Әрине, баланс ұстағанға 
не жетсін! Жеке өмірің мен карьеранды, той-думан мен 
интеллектуалдық жетілуіңді, т.с.с. қатар алып жүруге ты- 
рысу керек. Өйткені бәрі маңызды. Құрбыларыңмен кофе 
ішу, достарыңмен көңіл көтеру – ол да маңызды. Өйткені 
адам бақытының 85 пайызы оның өзгелермен қарым-қа- 
тынасының сапасына байланысты. Достық та адам үшін 
маңызды. Достықты сақтап тұру үшін де күш керек, 
уақыт керек, жауапкершілік керек. 
     Бірақ маңызды нәрсе мен ең маңызды нәрсенің ара- 
сында да айырмашылық бар. Егер сенің өмірлік мис- 
сияңа жетелейтін жол мен достарыңмен кездесу тұрса, 
біріншісін таңдаған орынды. Приоритет болуы керек, 
приоритеттің шекарасынан шығатын нәрселердің бәрі- 
не сыпайы, батыл түрде, жымиып тұрып «жоқ» деп айта 
білу керек. 
     Мысалы, Мұхтар Мағауин – жазушы. Ол өзінің өмір- 
лік миссиясын қазақ халқына қызмет ету деп санайды. 
Ол осы жолда белгілі құрбандықтарға да әзір. Ол өзі жа- 
затындай, тойларға бармайды, құда-жекжат «бір шәугім 
шайға» келгенде кабинетінен шықпай жұмыс істейді, ба- 
лаларды шулатқызбайды... Қазақ үшін бұл қаншалықты 
қиын болуы мүмкін? «Бір түрлі» дейтін шығарсыз? Ал 
осының бәрі болмағанда, біз «Аласапарынды» білмес 
едік, «Шақан Шері» мен «Сары қазақты», «Шыңғыс хан- 
ды» сүйсіне оқымас едік. Бүкіл халықтың ұлттық таны- 
мын кеңейтіп, ұлттық мақтанышын оятатын шығармалар 
маңызды ма, жазушының құдағиының көңілі маңызды 
 
 
 

ма? Айналасының бәрі біледі, ол – ерекше адам. Және 
оның ережелерімен санасады. Өзінің уақытын, өзгенің 
уақытын бағалайтын қоғам, осындай адамдар көп болған- 
да қалыптасады. 
     Бірақ Мағауин ғана емес, сен де ерекше адамсың. 
Мейлі, сенде ондай жазушылық талант жоқ. Бірақ сенде 
басқа қабілет бар ғой. Сенің де өмірлік миссияң бар. Неге 
ол өзгелердің жай ғана бос уақытын өткізу үшін құрбан 
болып кетуі керек? 
     Уақыттың бағасын білу. Батыстың адамы мен қа- 
зақстандықтардың ең үлкен айырмашылығы, уақытқа 
деген ұстанымы. Батыста ең кәрі кемпір мен селкілде- 
ген шалдың да уақыты кестеленген. Бізде бәрі тұман- 
ды. Уақытты резеңке сияқты көреді. Жиналыстар жар- 
ты сағат кеш басталады. Той туралы айтпай-ақ қояйын. 
Бірақ өмірдің біреу екенін ескерсек, әр минут маңызды. 
Аудиокітаптар, аудиодәрістер тыңдайтынмын. Әрине, 
музыка тыңдауға болады, бірақ алдыңғылардың пайда- 
сы көбірек. Интернеттегі ұсақ статустарды оқымаймын, 
кітап оқимын. Өйткені маңызы жоғарырақ. 
     Уақыттың бағасын білу үшін, пунктуалды болуды үй- 
рен. Үнемі кешігіп жүретін адам, жалпы, өмірінде де бір- 
деңеден құр қалып келе жатқаны анық. Өйткені бұл әдет 
өзгелердің де, өзінің де уақытын (=өмірін) бағаламайтын 
адамдардың дерті. Ал ерте жүрсең қандай жақсы. Кез- 
десуге, жиынға әдеттегіден бес, он минут ерте барсаң, 
дайындыққа, атмосфераға үйренуге мүмкіндік болады. 
Тренингтерге, маңызды кездесулерге ертерек баруға ты- 
рысамын. Өйткені кешіккен адамда, сыртқа білдірмесе 
де, «кешігіп келдім ғой, ыңғайсыздау болды ғой» деген 
қобалжу болады. Ол өз кезегінде концентрацияға кедергі 
болады. Уақыт туралы түсінігің дұрыс болғанда ғана, сен 
уакыт кеңістігіндегі өзіңді басқара аласың. Бізге керегі де 
осы емес пе? 
 
 
 

 
168
 
ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПTAP MEН 
ФИЛЬМДEP TІЗІМІ: 
 
     • «Человек, который изменил все» фильмі. 
     • «Миллиарды» сериалы. 
     • Игорь Манн, «Номер 1. Как стать лучшим в том, 
что ты делаешь». 
     • Петр Людвиг. «Победи прокастинацию! Как пере 
стать откладывать дела на завтра». 
     • Хэл Элорд. «Магия утра. Как первый час дня опреде 
ляет ваш успех». 
     • Андрэ Моруа. «Открытое письмо молодому человеку 
о науке жить». 
     • Мейсон Карри. «Режим гения. Распорядок дня вели- 
ких людей».  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
VII ТАРАУ 
 
 
ДАМУДЫҢ 
ТЕГІН ЖОЛДАРЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
170
 
 
 
САПАЛЫ АДАМНАН САПАЛЫ 
ӨНІМ ШЫҒАДЫ 
 
 
     Жазган кітабымның да, әр адамның өмір сүруінің 
де мақсаты – соңынан із қалдыру. Ол үшін 
бәріміздің де сапалы өнім шыгарып, саналы әрекет жа- 
сағымыз келеді және бұл дұрыс-ақ. Себебі адам өмірі 
сапалы болмаса, ол ешқашан да сапалы өнім шыгара ал- 
майды. Жақсы киінбейтін, пайдалы тағам жемейтін, 
салауатты өмір салтын ұстанбайтын адам дұрыс өнім 
шығармайды. Жақсы тамақ ішкен адам – жақсы жұ- 
мыс істейді деп бекер айтпайды ғой. Қазіргі таңда тұр- 
мыстық жағдайың жақсы болса, сенің сыртқы әлеммен 
бөлісетін энергияң да сондай жақсы. 
 
     Біреумен келісімшарт жасасқанда, жұмысқа қабыл- 
дағанда, адамның сырт келбетіне, киген киіміне, қолын- 
дағы ұялы телефонына назар аударамын. Себебі, өмірін 
сапалы қыла алмаған адам, менің жұмысымды жақсы, 
жоғары деңгейде жасайтынына сенімді емеспін. Көлігі 
кір бола тұра, мейрамханамның ішін таза ұстайтынына 
кім кепіл? Адам қандай болса, оның кәсібі де, істеп жүр- 
ген жұмысы да дәл сондай. 
     «Rumi»-ді ашпай тұрып, қарызға белшемнен батып 
жүрсем де, сапалы мейрамханаларға барып, дәмді тағам 
жейтінмін. Қарызға ақша алып, сол мейрамханада қалды- 
рып кетемін. Бірде інім Дархан мырза менің досыммен 
мейрамханада отырғанымды көріп қалып: «Қарыздары- 
мыз бастан асады, бизнесіміз жүрмей жатыр, сен болсаң 
мейрамханада отырсың», – деп ұрысқаны есімде. Бірақ, 
 
 
 
 

сол уақыттағы осындай әрекеттерім мені осы дәрежеге 
көтерді ғой. 
     Адамдарға осыны жеткізгім келеді. Олардың қателі- 
гі, өзін емес, жұмысын немесе бизнесін бірінші орынға 
қоюы. Бірақ жұмыс істейтін, кәсіпті дамытатын өзі емес 
пе?  Сол  себепті,  өзімізге  көңіл  бөлуіміз  керек.  Кітаптың 
басынан-аяғына дейін жазып, сенімен бөліскен тәжіри- 
бем мені осы деңгейге көтерді. Сапалы адам жақсы нәти- 
же көрсете алады, жеңіске де жетеді, жақсы ақша да таба- 
ды, егер өзін жеңе білсе, оқыса, дамыса, өзін және өзінің 
өмірінің сапасын жақсартса ғана. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
172
 
 
ШЕДЕВР 
 
 
     Бізде «шедевр тек қана ұлы адамдарға тән» де- 
ген жаңсақ пікір бар. Бетховеннің 5 симфония- 
сы, Майкл Фелпстің әлемнің 26 дүркін чемпионы болуы, 
Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазы» ансамблін құруы, 
Шәмші Қалдаяқовтың қазақ вальсінің атасы атануы 
сияқты биіктер, тек ұлы адамдардың қолынан келеді 
деп ойлаймыз. Әрине, олардың бұл туындыларының, жұ- 
мыстарының шедевр екеніне сөз жоқ. Бірақ біз де «бол- 
болмасаң да, ұқсап бақ» деген қағиданы ұстанатындық- 
тан, өз саламызда шедеврге мән беруіміз керек. 
 
     2017-жылы «Rumi Group» командасы болып Мәскеу қа- 
ласына жәрмеңкеге барғанда, әуежайдан бізді «Wheely» 
такси қызметінің автокөліктері мен жүргізушілері қарсы 
алды. Әдемі, қара «Mercedes-Benz» 3 автокөлігі тұр екен, 
бес сағаттық рейстен кейін, шаршап тұрғанында ұқыпты, 
әдемі киінген көлік жүргізушілерімен автокөліктер көз 
қуантады. Көліктің іші таза, су мен сағыз дайын тұр, жүр- 
гізуші қандай музыка тыңдағыңыз келеді деп, сенің не 
қалайтыныңды сұрайды. Қарап отырсаң, жай ғана көлік 
жүргізушісі, бірақ тәнті боласың, қызығасың. Жүргізуші 
болса да өз саласында, өз әлемінде шедевр жасап жүр. 
     «Үміткер» реалити-шоуының жеңімпазы Арман Шу- 
манахтың ақтық сайыста жасаған презентациясы ол да 
бір шедевр: басы бар, аяғы бар, таңдаған шрифті әдемі. 
     Біздің «Rumi Group» мейрамханаларының тағамдарын 
түсіретін фотограф бар. Енді, қазіргі таңда foodphoto да- 
мыған ғой, бірақ ол басқалардан ерекше, өз ісін шедеврге 
айналдырған маман. Тағамдардың суретін дискіге жүк- 
теп бізге береді, бірақ дискінің сыртын да әдемілеп әр- 
леп, тапсырыс берушіге ыңғайын келтіріп жасайды. 
 
 
 

 
 
     Біз шедевр жасауға лайықты адамбыз. Ол үшін сим- 
фония жазып, кино түсірудің қажеті жоқ. Өміріміздің 
өзі – кино, өзі – театр. Сондықтан да әр қойылымымыз, 
әр сәтіміз шедевр болса, кейін бүкіл өміріміз де шедевр- 
ге айналады. Сондықтан да әрбір істі, ол әуежайдан қо- 
нақ күту болсын, тұсаукесер жасау немесе суретке түсіру 
болсын, жазған хат немесе есеп болсын, шедевр етіп жа- 
сау керек. 
     Әлі есімде, 2010 жылы бастықтарым Түркияға жи- 
налғанда: «Қуаныш Түркияда оқыдың ғой, бізге бір 
экскурсиялық бағдарлама жасаперші», – деп өтініш 
білдірді. 2009 жылы Түркияға Елбасымыз келген, сол 
кезде оның қарамағындағы азаматтардан Президенттің 
күн тәртібіндегі барлық кездесулердің минутына дей- 
iн жазылғанын көрдім. Содан соң, мен де кесте түрінде 
әдемі бағдарлама жасадым. Әр минутына дейін, ауа ра- 

 
174
 
йына дейін, мысалы, «Сағат он бірде қонақ үйдің ал- 
дынан көлік күтіп алады. Ауа температурасы плюс тоғыз 
градус, сондықтан жылы киініп алыңыз. Күн бұлтты бо- 
лады, қолшатырыңызды ұмытпаңыз» деп жаздым. Қо- 
лымнан келгенше бұлттың суретін, баратын жерлерінің 
картасын салып, барлығын қамтып, А4 форматтағы 
қағазға бағдарлама жазып бердім. Сол кезде бастығым: 
«Қуаныш, қалай керемет жаздың», – деп таңғалған. 
     Егер өмірінде кез келген жұмысты «шедевр жасай- 
мын» деген ниетпен жасамасаң, сен бiл, өз жолыңды -1 
болып, бір қадам арттан бастадың. Артқа шегініп баста- 
дың, себебі, сенің ниетiң дұрыс емес, бастамай тұрып 
«жеңіске жетемін» деген ойың жоқ. Әр бастамамыз – 
үлкен іс, алға жасалған қадам. Мысалы, қазір сенің осы 
кітапты оқып отырғаның, өміріңнің бір бөлігін алады. 
Ал егер сен бұл кітапты дұрыстап оқымасаң, уақытың, 
өміріңнің бір бөлігі зая кетеді. 
 
 
 
     Адамдар ғұмырының 1/3 (үштен бір) бөлігін жұ- 
мыспен өткізеді. Егер жұмысымызды жақсылап жаса- 
масақ, біздің өміріміздің 1/3 бөлігі шедевр болған жоқ. 
Демек, статистиканың құрбаны болған мыңдаған өмір- 
лердің бірі болып қаламыз. 

 
     Статистиканың құрбаны. Сен кімсің? Бұл өмірде өз 
орнын тапқысы келген, бойында жаны бар, жүрегі соғып 
тұрған тірі адамсың ба, әлде жай ғана статистиканың 
құрбанысың ба? 
     Жарық дүние есігін аша салып-ақ, қолымыздан ке- 
летін іс – статистиканың ақпараты болу. Мысалы, сен 
өмірге келдің, демек, 1986 жылы туғандардың қатарын- 
да барсың. Бірінші сыныпқа бардың – сол жылы мектеп- 
ке барған оқушылардың тізіміндесің. Үйленсең, АХАЖ 
бөлімінде некесін тіркеген отбасылардың қатарындасың, 
өлгенде де статистикаға мағұлмат болып енесің. 
     Ал енді, сұрақ. Сен сол статистикадағы сандардың, 
мағлұматтардың бірісің бе, жоқ, әлде, оған қоса жеке қа- 
лыптасқан тұлғасың ба? 
     Статистиканың құрбаны болу кез келгеннің қолынан 
келеді, тіпті үйсіз-күйсіз жүрген азаматтар статистика- 
лық мәліметтерге өз септігін тигізіп жүр. Ал сен ол си- 
яқты статистика құрбаны болудан бөлек, өмірде жеңіс 
жолында жүріп, өзіңнің миссияңды атқара алдың ба? 
     Сондықтан да жай ғана көптің бірі болып, сандарды, 
мәліметтерді толықтырып тұратын тағы бір «+1» болған- 
нан гөрі, тұлғаға айнал, ол үшін сенің ісің де, өміріңде 
шедевр болсын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
176
 
 
 
ЖАҚСЫМЕН ӨТКЕН 
ЖAPTЫ CAҒAT 
 
 
     Сократ айтады: «Менiң бiлетiнiм – ештеңе біл- 
мейтінім» деп. Жеңіске жетудің төте жолы – 
өзіңнен ақылды, өзіңнен тәжірибелі адамнан үйрену. 
 
     Қай саланы таңдасаң да, сол саладағы авторитеттерді 
білуің керек. Қай салада да саған үйретері көп адам та- 
былады. Олармен араласу көзқарастарыңды өсіреді, 
біліміңді тереңдетеді. Сонымен бірге ең жоғарғы орта- 
ларға есік ашады. 
     Адамдардың көбі кездесулерге, танысуларға мән бер- 
мейді. Есесіне, жақсы адаммен өткізілген жарты сағат 
өмірге деген көзқарасыңды өзгерте алуы мүмкін. Сон- 
дықтан да өмірлік жолыңнан, уақытыңды алатын, пай- 
да әкелмейтін, ықпалы кері, әрдайым кедергі келтіретін 
адамдарға өз уақытыңды ысырап етпе. 
     Өзіңнен табысты адамдарды ізде. Мысалы, Федор 
Овчинниковті іздеп Сыктыкварға бардым. Ол кезде әлі не 
істейтінімді білмеймін, бірақ бірдеңе істеуге болатынын 
білем. Жаңа тыныс керек болды. Бірақ қай бағытқа қа- 
раймын? Елдің бәрі Түркияға барып жатқан кез. Шабыт 
іздеген жерімді қараңыз. Бір қарағанда түсініксіз. Бірақ, 
ел қатарлы өмір сүрсең, елден ерекше нәтиже бермейсің 
деген жақсы сөз бар. Ел бармаған жермен жүру керек, ел 
көрмеген жерді көру керек. Бұл өзі жердің түбі. Мәскеуге 
дейін бес сағат ұшасың, одан әрі тағы бес сағат. Мың ша- 
қырымнан кейін Солтүстік Мұзды мұхит. Овчинников – 
«Додо Пиццаның» негізін қалаушы. 24 жасында «Сбер- 
банктен» 400 мың рубль несие алған. Пәтер жөндеймін 
деп алған несиеге Сыктыкварда кітап дүкенін ашады. Бі- 
 
 

 
раз уақыттан кейін ол инвесторларды тарта алды, сөйтіп, 
«Книга за книгой» сегіз дүкеннен тұратын сауда желісіне 
айналды. 
     Алайда 2008 жылғы дағдарыстан соң қарыздардан 
кұрылу үшін өзінің үлесін түкке тұрмайтын ақшаға са- 
туына тура келеді. Бұл туралы журналист Максим Котин 
«И ботаники делают бизнес» деген кітап жазды. 2011 
жылы Федор Сыктыкварда бірінші пиццериясын ашты. 
Бес жылдан кейін әлемнің тоғыз елінде (АҚШ, Англия, 
Эстония, Литва, Румыния, Қытай, Қазақстан, Қырғыз- 
стан, Өзбекстан) 160 пицериясы жұмыс істеп тұрды. 
Бүкіл Ресейді пиццаға «отырғызды»: 140 пиццериясы 
бар. Ол, керек десеңіз, итальян тағамдарына маманда- 
натын IL Patio желісін де (135 мейрамхана) басып озған 
адам. Қысқасы, Овчинников білгенімен көп бөлісті, мені 
шексіз байытып жіберді. Одан көп нәрсе үйрендім. Егер 
сонда бармасам, бәлкім, «Rumi»-дің негізгі философия- 
сы да болмас па еді. Әлі күнге дейін араласып, жөн сұра- 
сып тұрамыз. 
     Мысалы, ол соншама табысты кәсіпкер болғаны- 
на қарамастан, өзі блог жүргізеді. Бұл – ол үшін фран- 
чайзингке адамдар тартудың, басқа сөзбен айтқанда, 
бизнесін кеңейтудің жолы. Қаржылық мәселенің, кіріс- 
шығыс есебінің бәрін ашық жариялайды интернетке. 
«Мұның не?» дегенде: «Бұл артқа шегінбеуге стимул» 
дейді. «Кірісің мен шығысың елдің көз алдында болған 
соң, жарты күшпен жұмыс істеуге құқы жоқ», Маған осы 
идеясы ұнады, өзіміз де есеп-қисабымызды ашық жүр- 
гізуге тырысып жүрміз. Сол сияқты, Артем Овечкинмен 
кездесу үшін Мәскеуге екі сағатқа ұшып барып келгенім 
бар. 
     Көмек сұра. Феррацци «консультативті кеңес» деп 
атайтын мамандар тізбегін қалыптастыруды айтады. Екі- 
үш кенесші, өзіңнен тәжірибелі, өзіңнен білімді адамдар- 
дың кеңесі ешқашан артық етпейді. Бір қызық құбылыс 
бар, оны Трейси де атап өтеді: адам өзіне көмектескен 
адамнан гөрі өзі көмектескен адамды көбірек ұнатады. 
 

 
178
 
 
Өйткені сен біреуден көмек сұрасаң, ол бейсаналы түрде 
жаны семіріп, мерейі үстем болып қалады: өзін ықпалды, 
маңызды адам сезінеді. Сондықтан менторлардан көмек 
сұраудан қысылма. Мұныңмен өзіңе пайдалы, оларға 
жағымды әрекет жасадым деп санай бер. Мен Овчинни- 
ковқа барғанда, ол үшін бейтаныс адам едім. Әлі бизнесі 
де жоқ. Бірақ ол пікірлесуден қашқан жоқ, ойын жайып 
салды, кеңестерімен бөлісті. Бұл маған көп көмек берді. 
     Табысты адамдардан өзгелер де үйренетін жағдай 
жаса. Жақында IFC-де (Әлемдік банктің бөлімшесі) кор- 
поративтік басқару бойынша курстан өттік, үздіксіз өсу, 
тәуекелдерді басқару, стандартизация, т.б. маңызды нәр- 
селерді үйретті. Жас компаниямыз, бірақ бізге стартап 
деңгейінен тезірек өтіп, басқарудың неғұрлым дамыған 
үлгілерін пайдалану керек болды. Сол сияқты, «Пре- 
восходный сервис» кітабының авторы Джон Шоулдың
53
 
семинары өтті. Оны біздің қызметкерлер жақсы біледі, 
өйткені көп үрдісті дәл осы кітап бойынша рельске қой- 
ғанбыз. Біздің командадан 16 адам, оның ішінде өзім де 
бармын, семинарды тыңдадық. Семинардан кейін, әрине 
өзіміздің палауды ұсындық. Ең тамашасы, Шоул «Тама- 
ша сервис» деп баға беріп кетті. Бірақ осы семинардан 
біз әлі де өсе алатынымызды түсініп қайттық. Қысқасы, 
керек адамдармен танысып, олардан дәріс алу, үйрену – 
өсемін деген адамның міндеті. 
     Соңғы кезде маған түрлі сұрақтармен келетін адамдар 
көбейді. Және байқағаным, жоғарыда айтқан ережелерді 
ғана емес, ең қарапайым дүниелерді ескермейді екенбіз. 
Кездесуге байланысты мына ойларыммен бөлісейін. 
     Кездесетін адамың туралы ақпарат ізде. Әсіресе, ол 
саған «керек» болса. Google-дан ізде, Facebook, Twitter, 
Instagram, «В Контакте» желісін ақтар, таныстарыңнан 
сұра. Қысқасы, оның немен айналысатынынан хабардар 
бол. Ақпаратты басқарған адам, ситуацияны да басқара- 
ды. Сөйлесетінің кәсіпкер болса, оның өн імінің (тауа- 
_____________ 
53
 Джон Шоул –  клиенттерге қызмет көрсету стратегиясы бойынша әлемдік деңгейдегі 
кеңесші, Service Quality Institute президенті. 

 
рынын) дәмін татып көр. Маған іскерлік қарым-қатынас 
ұсынып, ешқашан «Rumi»-де болмадым деген адаммен 
сөйлессем, өзімді қолайсыз сезінемін. Әдетте алдымен 
біздің мейрамханаға барып көруін сұраймын, содан кейін 
ғана кездесуге келемін. Сонда немен айналысатыныңды 
түсіндіріп уақыт шығындамайсың. 
     Егер іскерлік қарым-қатынас, орнатқың келсе оның ай- 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет