АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет17/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

жиырма  шақырымдай  көлденеңі  -  он  шақты  шақырымдай,  жиек  жақтары

дырау

қалың


қамыспен

көмкерілген,

ортасы

жалтыр,


қаншама

құрғақшылық

жыл

болғанмен,



өзге

көлдер


тартылғанмен,

бұл


тартылмайтын, терең суы олқыланбайтын көл бар, «іші – бықыған балық»

деседі,  «шабақ  пен  шорағайдан  бастап,  шортан  мен  жайынға  дейінгі



балықтардың бəрі түгел» деседі жəне «қанша ауласа да таусылмайтын мол»

деседі.  Бұл  көлдің  жағасынан  қысы-жазы  балықшы  үзілмеуін  Шыңғыс  та,

Шоқан да біледі. Əне бір жылдары Тобыл жағасындағы Кеңаралда отырған

Ахмет  Жантурин  Шыңғысты  қонаққа  шақырғанда  Шоқанның  ере  келуі

жоғарыда  айтылған.  Сонда  Жантурин  қонақтарына  көрсеткен  өзге  сый  -

сипаттарына қоса, Теңізден тұздамаған жас балық алдырып, пісірген түрде

де,  қуырған  түрде  де  жегізген.  Балықтардың  сондағы  татымды  дəмі

аузынан  кетпеген  Шоқан  үйіне  қайтқан  соң,  маңайдағы  көлдер  мен

өзендерден  оқтын-оқтын  балық  аулатып  жейтін.  Бірақ  теңіздің  балықтары

олардан  басқа  ма,  əлде  үйі  балықты  пісіре  білмей  ме,  -  өзі  аулатқан

балықтардың  ешбіріне  аузы  тұшымайтын.  Теңіздің  балығына  құмартты.

Осы Теңіз жолда екенін естіген Шоқан:

– Соғамыз ба, балықшыларға? – деп сұрады əкесінен.

– Егер болса.

– Неге болмайды?

– Қайдам. Жыл жағдайы ауырлау ғой.

– Болса соғамыз ба?

– Жол балықшылардың балағандарын жиектеп өтеді, – деді Аба.

–  Онда  соғамыз,  –  деді  Шыңғыс.  Оның  ойы  егер  балықшылар  болса,

балықтары болса, тез астырып жеп, бүгін Бағланға жетіп қону.

Шыңғыстың бұл ойын «құдай» қош көрмеді.

Олар Бурабай көлінен аттанғанда, күн батысқа қарай еңкейіп қалған еді.

Ертеден  бері  аспан  ашық  та.  Ауа  аздап  желкемдеу  де.  Көлден  ұзай

бергенде,  аспанның  жел  жағынан  жұдырықтай  қара  бұлт  түйіле  қалды  да,

ілезде жалпайып ап, аса суық түспен жолаушыларға қарай беттеді.

– Анау бір бұлт пəлеге шықпаса не қылсын? – деді Аба, бұлтты қасында

отырған Шоқанға қолымен нұсқап.

– Неге? – деді Шоқан.

– Осындай бұлт төпесе жаман төпеуші еді.

– Не қылады төпеп?

– Айта көрме, Қанаш. Жауса жаман жауады бұндай бұлт. Шелектеп төге

салады.


– Төге берсін.

–  Олай  деме,  Қанаш.  Жері  жаман  бұл  араның,  –  шақатты  құрт-кесек

арбаның доңғалағына оралғыш келеді, оралса – тырп еткізбей қояды, ондай

халінде  арбалы  түгіл  салт  ат  та  аяғын  əрең  алып  жүреді,  жаяу  кісінің

табанына  желімденіп  жүргізбей  қояды.  Ол  бола  қалса,  бүгін  Бағлан  түгіл,

Теңіздегі балықшыларға да жете алмаймыз.

– Тықылдамай аттарды айда, – деді, Аба айтқан жағдайды жақсы білетін,

бірақ оның шешенсуін ұнатпай қалған Шыңғыс. – Бұндай өткінші нөсердің

аумағы тар болатын, мүмкін біз қашып үлгерерміз.

Аба  аттарды  пəрмендете  жөнелді.  Бірақ  қашқан  оларды  қуған  бұлт

құтқармады.

Алдымен  бұларды  аспанның  тең  жарымын  шымқап  үлгерген  қап-қара

түсті бұлттың дауылы қуып жетті. Жердің қалын, қыртысын қопарып келе

жатқандай,  өсімдігі,  топырағы  араласқан  қалың  қара  көрпені  желкілдетіп

əкелген қалпында, дауыл жолаушылардың үстіне жаба салды. Дүние көзге

түртсе  көрінбейтін  қап-қараңғы  болып  кетті.  Оның  үстіне  сұрапыл  жел

ысқыра,  үйіріле  соққан  ол  дауылдың  қалың,  қара  көрпесіне  оралып

демдерін əрең алуға айналған жолаушыларды, шымқай, тұншықтыра түсті,

оның  үстіне  -  денелерін  орай  бұрқыраған  қою  шаң  дем  тартса  -  танауына

тығылып,  одан  қақалып  өлетін  болған  соң,  жолаушылар  мұрындарын

алақанымен  басып,  тынысты  саусақтарының  арасынан  алды,  оның  үстіне

қою  шаң  көзге  тығылып,  жасқанған,  түйілген  қарашықты  аштырмай,

жолаушылар ашыған көздерін уқалаумен əлектенді, оның үстіне дауыл мың

сан қасқырдың қосыла ұлығанына ұқсап, шуы құлақты керең ғып жіберді...

Аттар  да  шаңнан  құмығып  келе  жатқан  қалыптарын  білдіріп  əлсін-əлсін

қатты пысқырына береді... жүрістері тың...

Бұл  пəледен  бой  таса  болғысы  келген  жолаушылар,  алғаш  күйменің

шатырын көтертіп, өңірін жапқызып еді, дауыл оған ерегіскендей, күймені

төңкеріп  тастайтын  қалпын  көрсетті,  күйме  бірер  рет  аударылып  барып

əрең оңалды, жолаушылар ауып қала жаздады. Сол кезде, дауыл басталғалы

күйме  ішіне  тығылып  келе  жатқан  Шоқан,  өңірдің  етегінен  зып  беріп

шықты да, делбе ұстап отырған Абаның белінен құшақтай отыра кетті.

– Ашайық шатырды! – деді Шыңғыс сол кезде дауыл келген ауылдарда,

қазақтардың  «үй  ішіне  жел  қамалмайды»  деп,  түндіктерінің  ық  жақ

бұрыштарын аздап ашып қоятыны есіне түсіп.

Шатыры  мен  өңірі  ашылған  соң,  күйме  оншалық  теңселе  қойған  жоқ.

Бірақ  ысқыра  соққан  дауылдың  жолаушыларды  мазалауы  бұрынғысынан

кем емес. Шыңғыс Шоқанның отырған жерін орнықсыз көріп, күйме ішіне

шақырып еді, ол естімеген болып отыра берді де, əкесі:

– «Бері кел!» дедім ғой! – деп ақыра шақырғанда.

– Маған осы ара қызық, – дегеннен басқа жауап қатпады.



Драгомировте  əдеттегі  қалпындай  үн  жоқ.  Ол  жеңсіз  жамылтқышының

жалбағайын  басына  бүркеніп,  алдыңғы  жағының  бауын  бүрістіре,  иегінен

байлап  алған,  «Өзім  үшін»  деп,  аздап  өлең  жазатыны  бар  жəне  өлеңдерін

көбінесе  «табиғат  лирикасы»  аталатын  тақырыптарға  арнайтын  ол,  бұрын

көрмеген  мына  дауылдан  ақындық  əсер  алып,  енді  соны  қағазға  қалай

түсірудің  қамын  ойлап  келеді.  Ол  өлеңнің  бірінші  шумағында  «лира»  мен

«буря»  деген  сездерді  ұйқастырмақ.  Бірақ,  қай  жолдарда,  қай  сөздердің

тізімінде?..

«Дауыл болмай жауын болмайды» дейді қазақ. Сонысы расқа келгендей,

бұрқанған  дауыл  біраздан  соң  бəсеңдеді,  қара  шақы  ыққа,  алысқа  жөней

бастады.

– Алла, осындай да дауыл болушы ма еді?! – демін енді ғана дұрыс ала

бастаған Шыңғыс. – Осы далада туып өскен адам болғаныммен, – деді ол,

бетін Драгомировке бұрып, – мынадай дауылды көрген емен.

–  Қызық  жəне  керемет  дауыл!  –  деді  Драгомиров,  іштей  өлең

құрастырып отырған ойы бөлініп кетіп.

Одан  əрі  тілдесуге,  алды  сиреп,  арты  қалыңдай  келіп  қалған  жаңбыр

мұрша бермеді. Енді шатырды көтеріп, өңірді жабуға тура келді.

Жерді  жарғандай  шатырлай,  найзағайларын  жарқылдата  келген

жаңбырдың  төпеуі  сұмдық.  Шатырдың  төбесінен  құйған  сыбдырына

қарағанда, тамшылап емес, шелектеп төгіліп жатқан сияқты. Сондықтан да

Абамен  қатар  отырған  Шоқан  денесіне  су  өтіп  баратқаннан  кейін,  ешкім

шақырмай-ақ  төбесі  жабық  күйме  ішіне  сымп  беріп  кіріп  кетті.  Аба

жаңбырға  онша  мазасыздана  қойған  жоқ.  Ол  аттанар  алдында  бұрынғы

дағдысымен, қойдың жүнінен қалың тоқылған, денесін мол орарлықтай кең

ғып  тіктірген  шекпенімен,  сол  тоқымадан  жастақтан  жалбағайын  астына

тастай  берген.  Оларды  киіп  алса,  жаңбыр  түгіл,  төбесінен  теңіз  құласа  да

су өтпейді...

Нөсер  тым  қатты  жəне  ұзақ  құйды.  Кең  даланы  ол  көлкіген  селге

айналдырып  жіберді.  Мана  Абаның  айтқаны  расқа  шығып,  судан  іріген

құрт  -  кесек  балшық,  аттардың  аяғын  да,  арбаның  доңғалақтарын  да

жүргізбеуге  айналды.  Ашықтағы  Аба  көріп  келе  жатыр,  жол  торабымен

жүрейін  десе,  бетінде  су  көлкіген  саздан  аттар  тайғанақтап  аяқ  баса

алмайды,  олай  айдай  берсе  жығылатын  түрлері  бар,  жолдың  жиегіне

шығайын  десе,  ащылы  топырақпен  жентектелген  шөп  аттардың  тұяғына,

арбаның  доңғалақтарына  жабысқан  қалыптарынан  айрылмайды.  Сонда  да

ілгері  тырмысқан  аттардың  аяғына  жабысқан  саз,  кейде  от  орнындай

үлкейіп,  жануарлар  қандай  қимылмен  ілгері  ұмтылса  да  түспейді,

доңғалақтарға  оралған  саз  айналдырмай  тастап,  олар  аттардың  күшімен,

шананың табанындай сүйретіледі...

Сондай  жағдайда  аттарды  айдап  қинаудан  шығар  нəтиже  жоғын  көрген


Аба «тыр-р-р-р» деген дыбыс шығарды да, делбені демей тартты. Былай да

тоқтаудың амалын таба алмай келе жатқан аттар тұра қалысты. Жаңбыр əлі

төпеп тұр.

– Не болды? – деді күйме өңірінің етегін ашқан Шыңғыс, күйме алдына

жерге түсе берген Абаға:

– Аттар да, арба да жүре алмай қалды, хан-ием.

– Неге?

– Саздан.



Дəрет  сындырғысы  кеп  келе  жатқан  Шыңғыс  арбадан  жерге  түсіп

байқаса,  аттардың  аяқтарына  саздың  жабысу  түрі  ішіне  толтыра  нəрсе

салған бір-бір үлкен қапты кигізіп қойғандай, доңғалақтарға оралған қалың

саз, күйменің астын тіреп тұр.

Күймеден Драгомиров те, Шоқан да түсті. Аттардың, күйменің халдерін

олар  да  көрді.  Келген  беттеріне  қараса,  доңғалақтар  сүйретілген  жердің

қоймалжың сазы, жердің соқамен жыртқан қыртысындай айғыздана тілініп

жатыр!.. Соларды көрген Шыңғыс қабағын қарыс жапқан кескінмен:

–  Əй,  қырсық  шалған  құдай-ай!  Бет  қайтқан  шақтың  барлық  ісі  де

осылай болатын əдеті! – деді.

– Тегі жүре алмаспыз, мына түрмен, – деді Драгомиров.

– Балықшыларға жете  алмаймыз ба, əке?  – деді, бар  ойында балық жеу

ғана келе жатқан Шоқан əкесіне жақындап.

–  Балықты  айтады  ғой,  тəйірі!  –  деді  Шыңғыс  баласына  жекіп,  –  «осы

арадан қозғала аламыз ба?» десейші, бүгін.

– Қозғалмасақ қонармыз, – деді Шоқан, ерегіскіш мінезі ұстай қап.

Жолаушылар  дəрет  сындырып  болғанша,  жаңбыр  толастауға  айналды.

Бұлттың көбі алға қарай ауды. Тарсыл - гүрсіл бəсеңдеп, жарқ-жұрқ ілгері

қарай созылды.

– Енді қайтеміз? – деген Шыңғысқа.

–  Аттардың  аяғын,  доңғалақтарды  саздан  –  деді  Аба,  –  əйтпесе  олар

қозғала  алмайды.  Бірақ  біз  енді  бəрібір  жол  торабын  қуа  алмаймыз.

Жаңбыр азайғанмен, миы шыққан саз, бізді аттатпайды.

– Сонда қайтеміз?

–  Бұл  жолдың  ендігі  бойы,  Обағанның  ойпаты  ғой,  хан-ием,  жаңбыр


түгіл,  шық  қалың  түссе  де  саздың  жататын.  Жаңағы  нөсерден  кейін

жүргізбейді ол.

– Сонда? – деді Шоқан.

– Мына бет, – деді Аба тұрған беттерінің теріскей-батыс жағына қолын

сермеп,  Тобылдың  бергі  қырқасы.  Бергі  етегі  алыс  емес.  Қырқаның  жері

бетегелі  бозды  келеді,  жаңбыр  қандай  қалын,  жауса  да  сазданбайды  жəне

тақтайдай тегіс. Оған іліксек жолсызбен де тарта береміз.

– Балықшыларға соға ма, ол жол?

–  Тəйірі,  балығын  айта  берді  ғой,  мына  бала!  –  деді  Шыңғыс  кейіген

дауыспен.

– «Жеймін» деген соң жеуім керек, – деді Шоқан Абаға қарап, – айтқан

жөнің соға ма балықшыларға?

–  Соқпайды.  Ол  жөн  Теңіздің  жалтыр  жағы,  балық  шөптесін,  қамысты

жағында жүрмейміз.

–  О,  ындының  құрысын,  ындының  құрғыр!  –  деді  Шыңғыс  бетін  теріс

бұрып.


Қатынша  қарғама,  əке,  –  деді  Шоқан  зілді  үнмен,  –  еркекше  боқта,

əйтпесе саба!..

Шыңғыс ашудан тығылып қалды. Əке мен баланың ырқын қалай табуды

білмеген Абаның аузына:

–  «Өткінші»  деген  жауынның  аумағы  тар  болушы  еді  ғой  менің

шамалауымша,  бұл  жауынның  Теңіз  жақ,  етегі  оған  жетпей  өтеді,  тəуекел

деп жүріп көрсек қайтеді, хан-ием? – деген сөз түсті.

– Сөйтсең сөйт! – дей салды Шыңғыс зекіп.

Абаның  айдауымен  ілгері  қимылдаған  аттар,  қара  жерде  ауыр  жүкті

шананы  сүйрегендей  барлық  күшін  сала,  əрең  жылжыды.  Бұл  жермен

əлгінде, бетінде суы көлкіп жатқанда жүру, қазір су жерге сіңіп, топырағы

кебірленіп  қалғанда  жүруден  əлдеқайда  ауыр  сияқтанды.  Дем  тимеген

қалың  саз  тұтқырлана  түсті.  Бұған  дейін  де  қаржалып  қалған  аттар,  енді

тіпті  əлсізденіп,  күймені  мықшия,  шірене  тартқанмен,  бірнеше  адымнан

кейін  тоқырай  берді.  Тың  күнінде  делбені  де  қозғалтпайтын  аттар  бишік

жеуге айналды. Біраздан оған да көнтеріленіп, ұрса да жүрмеді.

–  Қиналды-ау,  жануарлар!  –  деді  сол  кезде,  ұрғанмен,  аттардың

дəрменсіздігін көрген Шыңғыс.


Бірақ,  қынжылса  да  амал  жоқ.  Елсіз  айдалада  іріген  саздың  ортасында

тұрып қалу мүмкін емес, қарға адым болса да жылжи беру керек...

Ол  маңайдың  табиғаты  қызық,  əлгінде  бұрқан-тарқан  дауылдатып,

опыр-топыр  жауындатып,  қап-қара  болып  төңіректі  бүркеп  алған  бұлттың

жел жағы сиреді де, аспан жиегі жарқырай түріле бастады.

Бұлттан арылған күннің, кең тармақтанған қызыл күрең сəулесі, алыстап

бара жатқан бұлттың əр тұсын шалып, өз түсіне бояп тұр. Кей жері, кейбір

қалың  бұлттың  ішін  сөгіп,  арасынан  өткермелей  сұғып,  бұлттың  тым

жырақтағы  бөлшектерін  де  түйрейді,  ол  тұстың  бояуы  қошқыл  күрең

көрінеді...

Жаңбырдан кейінгі тыныс қандай тамаша! Құрғақшылықта демін үнемі

ішіне  ғана  тартқан  сияқтанып,  ешбір  иісі  сезілмейтін  өсімдіктен,  жаңағы

өткен  жаңбырдан  ықылық  ата  сусындап,  енді  бойында  бар  демін  тек,

сыртына ғана шығарғандай боп, түрлі тынысты тамаша иістер, сапырылыса

бұрқырап кетті. Не деген ғажап иістер еді!..

«Шіркін  –  деп  арман  етеді  олардың  əрқайсысы,  –  енді  аттардың  тұяғы

құрғаққа ілегіп, жортып кетер ме едік!».

Ол  тілектері  де  қабыл  болды.  Аттар  мейлінше  қиналып,  енді  жылжи

алмастық халға кеп, айдаса да қозғалмай тұрып қалған шақта:

–  Жердің  ажарына  қарағанда,  –  деді  Аба  орнынан  тік  түрегеп,  –

жауынның  шеті  тіпті  жақын  сияқты.  Аттар  аз  да  болса  тыныс  алсын,  мен

алдыңғы жақты жаяу шолып келейін.

Шыңғыс үндемеді. «Бұған ұлықсаттың керегі жоқ шығар» деген оймен,

Аба күймеден секіріп түсті де, «жылжи алмай тұрғанда қайда барар дейсің»

деп, делбені күйме алдына іле сап, өзі жөн тартты.

Жер дегдіңкіреді ме, жауын жиегінің сазы аздау ма, əлде қарулы денедегі

аяқ  күшінің  тыңдығынан  ба,  жылдам  адыммен  еңкеңдей  басқан  Аба

қиындық  көрген  жоқ.  Аздан  кейін  абайласа,  сазды  жер  таусылып  бара

жатқан  сияқты.  «Жауын  шеті  осы  болғай  да!»  деп  қуанып  кеткен  Аба

аяңнан жүгіріске басты. Аздан кейін байқаса, шөп те құп-құрғақ,... топырақ

та құп-құрғақ. Артына қараса, – күйме «əй!» дерлік жерде ғана тұр.

Қуанышын  ішіне  сыйғыза  алмаған  Аба,  «мұнда  құрғақ!»  деп,  басынан

жұлып  алған  бөркін  оң  қолымен  бұлғап,  серіктеріне  бар  даусымен  айғай

салды.  Ол  дауысты  естігенін  білдіргісі  келгендей,  жауыннан  кейін  ін

аузында қылтиып отыра қоятын қарақұйрыққа ұқсап, біреу күйменің, бөксе

баспайына  көтеріле  берді.  Ол  əрине  Шоқан.  Абаның  даусын  естіген

Шыңғыс  пен  Драгомиров  те  қуанды.  Бірақ  олар  үлкенсіп  орындарынан

қозғала  қойған  жоқ.  Қозғалғанда  қайда  барады,  күймеден  түссе-ақ,  аяқ

басар жерлері қоймалжың саз!..


Шоқан  оған  қараған  жоқ.  Күймеден  түсе  жырақта  діңгектей  қағылып

тұрған  Абаға  қарай  ұшты.  Кебір  балшық  етігінің  табанына  жабысып

бөгейін  деп  еді,  кең  етікті  аяқтарын  сілке  ұшырып  жіберіп,  жалаң  аяқ

тартты.  Кешікпей,  аяқтары  түйе  -  тайлыдан  құтылып,  жəй  ғана  дымқосқа,

одан  құрғаққа  тиіп,  былай  да  жүйрік  балалардың  қатарында  саналатын

Шоқан, одан кейін, ит көрген қояндай зымырап кетті.

–  Рас,  құрғаққа  іліктік  пе?  –  деді  ол,  алқынған  дем  алысын  баса  алмай

тосып тұрған Абаны бассалып.

– Өтірік десең ұстап көр, жерді! – деді Аба, Шоқанды бауырына басып.

Шоқан  Абадан  құшағын  жазбастан,  жердің  құрғақтығын  көре  тұра,

аяғының  бақайымен  топырақты  шұқып  байқады,  құрғақтығы  рас!...

Шұқыған жердің шаңы шығады!..

Қуанышы  қойнына  сыймаған  Шоқан,  Абадан  құшағын  жазды  да,  бар

даусымен алақайлап, сандарын шапалақтап жіберді.

– Балықшыларға жетеміз бе? – деді ол Абаға.

– Егер саз босатса.

– Неге босатпайды? Жап-жақын жер. Аттар да тынығып қалған болар.

– Сол аттарың сол саздан шыға алса!.. Күн де батып барады...

Шоқан  көк  жиекке  қараса,  аумағы  аспандағы  көлемінен  əлдеқайда

зорайып,  қан-күрең  түске  енген  күннің  астыңғы  жақтауы  жерге  таянып

қалған екен.

– Тұрмайық енді, – деді Шоқан Абаға. – Барайық күймеге тезірек.

Екеуі  жөнеле  берді.  Сазға  жете  аяқтары  тағы  малтыға  бастады.  Олар

аяқтарын  əрең  сүйреп  күймеге  келгенше,  күрең  бояуы  қоюлана  түскен

күннің  үлкен  доңғалағы  жерге  түгелімен  батып  та  үлгерді.  Енді  оның  жер

астынан  биікке  шашыраған  өзі  түсті  сəуле  тармақтары  жан-жақтан

саумаланып  жиналды  да,  тотының,  тарбайтқан  құйрық  -  қанаттары

сияқтанып, түбі бір-ақ уыс, тарамы бір-ақ шоқ болуға айналды...

Күймеге  түгел  отырған  жолаушылар  ілгері  жүрмек  болып  еді,  аттар

манағы  мықшия  күшенуде  бойларын  алдырып  қалса  керек,  –  құрғаққа

дейін  əлденеше  тоқтап,  тұрып  қалу  қаупі  байқалып  айдаудың,

мықтылығынан  құрғаққа  қызыл  іңірде  əрең  ілікті.  Одан  əрі  де  заулап  кете

алмады  аттар.  «Болдырған  ат  –  болпаң»  дегендей,  тың  кездерінде

денелеріне  бишік  түгіл  делбені  де  тигізбей,  шыңға  ырғыған  арқардай

жинақ  қимылдайтын  жануарлар  енді,  айдағанда  да  ит  қуып  болдырған,

сонда  да  алдырмауға  жанталасып  бұлғалаңдай  қашқан  қояндай  əрең

жортады.  Өз  еріктеріне  салса,  жортақтан  аяңға  түсетін,  тіпті,  айта  берсең


тұрып алатын жайлары бар.

Олар  осы  алдарында,  айналасы  бес-алты  шақырымда  кездесетін

балықшылар  мекеніне  ымырт  жабылып,  қас  қарая  əрең  жетті.

Жүргіншілерді  балықшылардың  қалай  қабылдауын  сипаттаудан  бұрын,

өздерінің кім екендіктеріне біраз тоқырап өтейік.

Қазақта  «өзен  жағалағанның  өзегі  талмайды»  деген,  «теңізді

төңіректегеннің  несібі  егіз»  дейтін  мақалдар  бар.  Балықты  аумен  сүзудің

бір  тəртібі:  аудың  орта  тұсында  түбі  кең,  алқымы  тар  қоржын  болады,

аудың  екі  жақ  қанатын  балықшылар  қаусыра  тартқанда,  соған  қағылып,

қоржынға  қарай  бейімделе  береді  де,  ақыры  тар  алқымнан  кіріп,  кейін

қарай шыға алмайды. Осы қоржынның аты - абақ. Қазақ халқының ең көп

бөлшегі  –  Ұлы  жүздің  арғы  аталары  «Абақ»,  «Тарақ»;  тағы  бір  үлкен  ру  -

Керейдің  арғы  аталары  да  «Ашамайлы»,  «Абақ»;  балық  ауламаса  «ауды»

қайдан  біледі,  көне  қазақтар?  «Ауды»  білмесе  «Абақты»  қайдан  біледі?..

Осы  «Абақтан»  яғни  «қамау»  мағынасындағы  сөзден  кейін  «абақты»

(орысша - тюрьма) шыққан.

Міне,  осындай  сөздерге  қарағанда,  «қазақ  та  балық,  аулау  кəсібімен

ежелден  шұғылданған  болар  ма?»  деген  де  ой  келеді.  Бірақ,  тіршілік

тарихына  үңіліп  көрсең  олай  емес  сияқты.  Қазақтың  ерте  күндерде

балықшылықпен  шұғылдануына  куə  боларлық  дерек  өте  аз  жəне  өте

болымсыз.

Сондайлардан екі-үш мысал алайық: бірінші қазақта күні бүгінге дейін,

біреулердің ретсіз шулағанын ұнатпағандар «неге шулады, соншама, балық

үлестіргендей?!»  деседі.  Білгір  біреудің  баяндауынша:  «бұл  мəтел  қазақ

«Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  аталған  жұтқа  ұшырағанда  (1723

жылы),  ашыққан  ел  көлдерден,  өзендерден  балық  аулап,  соны  үлескенде

шулапты-мыс»,  екінші,  қазақ  «балық  басынан  сасиды»  деген  мақалды,

«басқарушысы  азса,  ел  де  азады»  деген  мағынада  қолданады.  Үшінші,

қазақта  «мекіре  (бекіре)  балықтың  тұмсығы  тасқа  тірелмей  қайтпайды»

деген  мəтел  бар.  Мекіренің  не  екенін,  Каспий  теңізін  төңіректеген

қазақтардан  басқа  қазақ  білмейді.  Ол  орысша  белуга  аталатын,  қазақ

жерінде,  тек  Каспийде  ғана  бар  балық  екен.  Кейбір  анық  материалдарға

қарағанда  мекіре  балықтың  кейбірінің  салмағы  бір  жарым  тоннаға  жетеді

жəне тұла бойы шылқыған май болады, оның еті балықтардың ішіндегі ең

асылы  да,  ең  қымбаты  да.  Негізі  ащы  сулы  теңізде  тіршілік  ететін  бұл

балық,  көктемде  ұрығын  тұщы  сулы  өзенге  шығып  шашады  екен  жəне

алыстап  барып,  қайнарына  жетіп  шашады  екен,  қазақтың  «тұмсығы  тасқа

тірелмей»  деуі  содан  екен.  Ал,  мəтелдің  өзің  қазақ  алған  бетінен

қайтпайтын,  не  жақсылық,  не  жамандыққа  килікпей  шегінбейтін  қатал

кісіге бейнелейді.

Қазақ тіршілігінен балыққа байланысы бар сөздер осылар ғана. Олардан

басқа  сөздер,  -кісіге  қойылатын  есімдер.  Ешбір  халық  та  жек  көретін

нəрсесін баласының атына қоспайды, тек, ұнатқан нəрселерін ғана қосады.


Осы  тұрғыдан  алғанда,  қазақта  балыққа  тəуелді:  Жəйін,  Жəйынбай,

Шортан,  Шортанбай,  Шора,  Шорағай,  Шабақ,  Шабақпай,  Тыран,

Тыранбай, Сазан, Сазанбай... деген есімдер көп ұшырайды.

Россия  патшалығының  қолы,  Каспийдің  «Атырау»  аталатын  шығыс

жағына  он  жетінші  ғасырдың  орта  тұсында  жетті.  Сол  кезде  Доннан

ауытқып  келген  бір  топ  қазақ-орыс,  қазіргі  Орал  қаласының  орнына

орнықты.  Қазақтар  бұл  қаланы  «Теке»  дейді,  оған  себеп,  –  бастап  келген

атаман  –  Кондров  мұртын  қырып  жүретін,  сақалын  еркіне  жіберетін  кісі

екен, соған қарап бір дуалы ауыз «мынау теке сияқты ғой» депті-мыс, содан

ол  негізін  қалаған  станица  «Теке»  аталып  кетіпті-мыс.  Текеге  «Жайық»

(Яик)  есімді  қала  аты  сол  ғасырдың  аяғында  берілген.  Пугачев  көтерілісі

осы  қаладан  басталғандықтан,  көтеріліс  басылғаннан  кейін,  екінші

Екатерина  1775  жылы  қаланың  да,  өзеннің  де  «Жайық»  аттарын  өзгертіп

«Орал» қойған.

Сол бір тұста, Жайықтың атырауға (Каспий) құятын сағасына, үй-ішімен

көшіп кеп Гурий есімді балықшы казак-орыс орнайды. Алғаш ол қамыстан

үйшік  (балаған)  жасап,  кəсібін  бастайды.  Сондықтан  кейін  «Гурьев»

аталған қаланы қазақтар «Үйшік» атап кетеді.

Казак-орыстың  екінші  лақабы  –  балықшы.  Орыс  халқының  казак-орыс

аталатын

бөлшегінің

арғы-бергі

тарихында

балық


аулаумен

шұғылданбайтыны

болмаған.

Каспий


мен

Жайықты


төңіректеген

қазақтарға,  балық  кəсібімен  шұғылдануды  осылар  үйреткен.  Ақыры

қазақтан  да  балықшылар  саны  көбейіп  бара  жатқан  соң,  казак-орыстың

«балық қожалары» қызғанып, аулағанын тартып алатын болған. Осы жайда

жəне қазақтардың Жайыққа жайылып барған жылқыларын барымталап алу

жайында,  Кіші  жүздің  сол  кездегі  ханы  –  Нұралы,  Жайық  бойындағы

əскердің атаманы – Андрей Бородиннің 1763 жылдың 10 мартында екінші

Екатеринаның  атына  шағым  жазған.  Сол  мəселе  тексерілгенде  Бородин

«қазақтың  жылқылары  кеп  су  ішкелі,  балықтар  үркіп,  ауға  аз  түсетін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет