Жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы тәуелділікке берілген
өзара кері есептер.
Жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы тәуелділік берілген өзара кері
есептерді қарастырамыз. Бұл үш шама былайша белгіленеді:
S – арақашықтық (жол)
t – S қашықтық өтілген уақыт
v – қозғалыс жылдамдығы
Жылдамдық – уақыт бірлігі арасында жүрілген жол.
Жылдамдықтың мынандай өлшем бірліктері жиі қолданылады: метр/
секунд (м/с), метр\ минут (м/мин), километр\сағ (км/сағ).
Қозғалысқа берілген есептерде барлық уақыт ішінде жылдамдық
өзгермейді деп есептелген. Барлық уақыт ішінде жылдамдық өзгермейтін
қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Мысалы, жаяу адам 20км/сағ емес, 3км/сағ, 5км/сағ жүре алады, ғарыш
кемесі 9км/сағ емес, 9км/с ұшады.
Осындай есептерді шығару үшін ережелерді білу қажет:
Қашықтықты табу үшін қозғалыс жылдамдығын қозғалыс уақытына
көбейтеміз.
S=v•t
1. Қозғалыс жылдамдығын табу үшін жүрілген қашықтықты қозғалыс
уақытына бөлу қажет.
v=S:t
2. Қозғалыс уақытын табу үшін жүрілген қашықтықты қозғалыс
жылдамдығына бөлу қажет.
t=S:v
Қозғалысқа берілген есептерді сызба түрінде келтірсек не кестеге
түсірсек, тіпті екеуін де пайдалансақ, әлдеқайда жеңіл шешіледі.
Нақты мына есепті қарастырайық:
Ұшатын табақ 60 км/с жылдамдықпен ұшады. 4 секундта ол қандай
қашықтықты ұшып өтеді?
Есептің қысқаша жазылуын кесте түрінде көрсетеміз:
v
t
S
60км/с
4с
?км
Сонымен бірге есептің қысқаша жазылуын сызбаға да түсіруге болады:
v=60км/с
t=4с
?км
Сонымен, бізге қашықтық белгісіз. Ережені есімізге түсіреміз:
Қашықтықты табу үшін қозғалыс жылдамдығын қозғалыс уақытына
көбейтеміз.
S=v•t – жолдың формуласы
Сонда:
1) 60•4=240(км)
Жауабы: ұшатын табақ 240 км қашықтықты ұшып өтеді.
Кері есептер құрастырамыз да шығарамыз.
Есеп.
Ұшатын табақ 4 секундта 240 км ұшады. Ұшатын табақ қандай
жылдамдықпен ұшады?
Есептің қысқаша жазылуын кестеге түсіреміз:
v
t
S
? км/с
4с
240км
Қашықтық – 240 км. Қозғалыс жылдамдығы делініп кеткен.
Есептің қысқаша жазылуын сызбаға да түсіруге болады:
v=?км/с
t=4с
240км
Сонымен, бізге жылдамдық белгісіз.
Ережені есімізге түсіреміз:
Қозғалыс жылдамдығын табу үшін жүрілген қашықтықты қозғалыс
уақытына бөлеміз.
v=S:t
Сонда:
2) 240:4=60(км/с)
Жауабы: Ұшатын табақ 60км/с жылдамдықпен ұшады.
Тағы бір кері есеп құрастырамыз.
Есеп.
Ұшатын табақ 60км/с жылдамдықпен ұшады. 240 км ол қанша уақытта
ұшып өтеді?
Есептің қысқаша жазылуын кестеге түсіреміз:
v
t
S
60км/с
?с
240км
Есептің қысқаша жазылуын сызбаға да түсіруге болады:
v=60км/с
t=?с
240км
Сонымен, бізге қозғалыс уақыты белгісіз. Ережені есімізге түсіреміз:
Қозғалыс
уақытын
табу
үшін
жүрілген
қашықтықты
қозғалыс
жылдамдығына бөлеміз.
t=S:v
Сонда:
1) 240:60=4(с) Оқылуы 240-ты 60-қа бөлгенде, 4 шығады.
Жауабы: 240 км ол 4 секундта ұшып өтеді.