Металл конструкциялары жас маманның конструктор ретінде ойлау


Болаттың кернеу шоғырланғандағы жұмыс істеуі



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата20.03.2020
өлшемі7,41 Mb.
#60456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Alymbaev(Metall konstrukciasy2016)


 
Болаттың кернеу шоғырланғандағы жұмыс істеуі 
 
Қима  өзгеретін  жерлерде  күш  сызықтары  қисайып  ақау  маңында 
жиіленіп (сурет 18), кернеу шамасын көбейтеді. 
 

25 
 
 
Сурет 18. Элемент формасының күрт өзгеретін жерлеріндегі кернеулердің 
траекториясы мен шоғырлануы: а - тесік маңында; б -  жарықшақ тұсында; 
в – пісірілген біріктіруде 
 
Қима  өзгеретін  кернеу  шоғырланатын  жердегі  кернеудің  ең  үлкен 
шамасын, бір қалыпты жайылған кернеу шамасына қатынасы «шоғырлану 
коэффициенті»  -  деп  атайды.  Дөңгелек  және  орталай  ойықтары  бар 
қималарда шоғырлану коэффициенті 2-3-ке тең, ал тік тесігі бар қималарда 
күш сызықтары қатты қоюланады, сөйтіп шоғырлану коэффициенті 6-9-ға 
дейін өседі. Кернеу шоғырланған бұйымдарда кернеулі жағдай аса күрделі. 
Металл  екі  аймаққа  бөлінеді:  бірінші  -  кернеулер  тез  өзгеретін  аймақ 
(сурет 19); екінші - кернеулер бірқалыпты таралатын аймақ.  
 
  
 
Сурет 19. Саңлаулы бөліктің қирауы жоғарыда - кернеулердің таралуы 
төменде – болаттың жұмыс диаграммасы: 
 а – жылжу кезіндегі; б – үзілу кезіндегі 

26 
Бірінші аймақта ығысу деформациялары пайда болмайды, өйткені ең 
үлкен  кернеулер  қасындағы  аз  кернеуленген  бөлімдері  созылымдылық 
деформациялардың  дамуына  кедергі  жасайды,  сөйтіп  металл  күш  әсер 
ететін  бағытқа  перпендикуляр  жазықтықта  үзілуі  арқылы  беріктігін 
жоғалтады.  Рентгенді  анализдің  көрсетуі  бойынша  болаттың  үзілген 
жерінде  созылымдылық  деформациялардың  бірі  тұрады.  Сол  себепті  бұл 
үзілу «техникалық үзілу» – деп аталады. Бұл үзілу кезінде, металл беріктігі 
монокристалдың үзілу беріктігінен кем, ал ығысу беріктігінен артық. 
Кернеу  шоғырланған  кезде  металл  үлгілерінде  өте  қатты  материал 
секілді  көрініп,  сыртқы  әсерге  кедергісі  артады.  Бұл  қасиеттер  металда 
жарықшақ тудырады. 
Статикалық  жүктеу  қалыптағыдай  температурада  өтсе,  кернеудің 
шоғырлануы бұйымдардың көтеру мүмкіндігіне көп әсер ете қоймайды. Сол 
себепті  металл  конструкцияларының  элементтерінің  беріктігін  есептегенде, 
кернеудің  шоғырлануы  ескерілмейді.  Ақаусыз  қималы  элементтердің 
беріктігі  температураның  белгілі  бір  шамаға  дейін  төмендегенде  артады  да, 
одан кейін кемиді. 
Ал легірленген термиялық жолмен беріктелген болаттарды сынағанда, аз 
көміртекті  болаттарға  қарағанда  беріктірек.  Кернеу  шоғырланғанда  болат 
төменгі температураларда морт сынуы мүмкін. 
 
Болаттың ұрғандағы тұтқырлығы 
 
Металдың 
мортсынғыштығы 
мен 
кернеулердің 
шоғырлануға 
сезімталдығы  -  ұрғандағы  тұтқырлығын  сынап  -  кесегі  бар  бұйымды 
қирататын маятникті балғаның жұмысын табу арқылы анықталады (сурет 20). 
 
 
 
Сурет 20. Үлгіні ұрғандағы тұтқырлыққа сынау сұлбасы 
 
Бұйымның  кесін  ұшында  ең  үлкен  кернеу  пайда  болады,  сөйтіп  ұрған 
кезде  металдың  мортсынғыштығын  арттырады.  Сынау  кезінде  алынған 
нәтижелерді салыстыра алу үшін стандартты үлгілерді сынау керек. 
Болаттың ұрғандағы тұтқырлығы 0,3 МДж/м
2
  төмендейтін  температура 
суыну шегі ретінде қабылданады (сурет 21). 

27 
 
 
Сурет 21. Болаттың  ұрғандағы тұтқырлығы: 
1 – Ст3сп; 2 – Ст3кп; 3 – 10Г2С1 
 
Қартайған  металлдың  ұрғандағы  тұтқырлығы  тез  төмендейді,  сол 
себепті  металлдың  ұрғандағы  тұтқырлығы  оларды  алдын-ала  жасанды 
қартайтып  барып  анықталады.  Болаттардың  стандарттарында  ұрғандағы 
тұтқырлығының ең төменгі мәндері келтіріледі. 
 
Болат пен алюмин қортпалардың жүк қайталана әсер еткенде  
жүкке жұмыс істеуі 
 
Материалдар  серпімді  сатыда  жұмыс  істегенде  жүктердің  қайталана 
әсер  етуі,  серпімді  деформациялар  қайта  орнына  келетін  болғандықтан, 
ешқандай  өзгерістер  тудырмайды.  Серпімді-созылымдылық  сатыда  жұмыс 
істейтін  материалдарға  жүк  қайталана  әсер  етсе,  олардағы  созылымдылық 
деформациялар  ұлғаяды,  металл  құрамында  орнына  келмейтін  өзгерістер 
туып, дислокация саны артады (сурет 22). Материал ұзақ уақыт демалғаннан 
кейін  жүктелсе,  олардың  серпімді  қасиеттері  орнына  келеді  және  алдыңғы 
цикл  деңгейіне  жетеді.  Материалдың  серпімді  қасиеттерінің  өсуі  -  созыла 
тығыздалу - деп аталады. 
 
 
 
Сурет 22. Болаттың қайталана әсер ететін жүктерге  
жұмыс істеуі кезіндегі деформация диаграммасы: 
а- үздіксіз; б - үзіліспен (демалыстан кейін);  в - бірмәнді көп қайталанатын;   
г - әртүрлі мәнді көп қайталанатын 

28 
«Созыла  тығыздалу»  металлдың  қартаюы  мен  атом  кристалл 
торларының  өзгеруі  мен  және  олардың  деформацияланған  жағдайында 
бекітуіне байланысты. 
Екінші рет жүктелген материал серпімді материал секілді жұмыс істейді, 
бірақ  та  қайтпайтын  қалдық  деформациялар  әсерінен  ұзаруы  бірінші 
жүктегеннен азаяды. 
Бұл құбылыс алюмин қортпалары мен темір бетон конструкцияларының 
арматураларының  беріктігін  арттыру  үшін  қолданылады,  ал  болат 
конструкциялар 
үшін 
олардың 
мортсынғыштығын 
арттыратын 
болғандықтын пайдаланылмайды. 
Жүктеу  тоқтамай  қайталана  әсер  еткенде,  металлда  «шаршау» 
құбылысы кездеседі. «Шаршау» кезінде металлдың беріктігі төмендеп белгілі 
бір шамаға ұмтылады. Егер кернеу бұл шамадан азырақ болса, онда болат өз 
беріктігін жоғалтпайды (сурет 23). Кернеудің бұл шамасы болаттың «шаршау 
шегі» («төзімділік шегі») - деп аталады.  
 
 
 
Сурет 23. Жүктеу саны мен кернеулеу арасындағы байланысы: 
а – болат үшін; б –алюминий қорытпасы үшінн 
 
Шаршау  шегіне  жүк  10  млн.  циклдан  артық  қайталанғандағы 
материалдың  беріктігін  жоғалтпайтын,  кернеу  шамасы  сәйкес  келеді.  Шын 
мәнінде жүкті 2 млн. циклынан кейін материалдың шаршау шегі көп өзгере 
қоймайды, сол себепті оның мәні 2 
.
 10
6
 жүк циклына сәйкес қабылданады. 
Алюмин  қортпаларының  шаршау  шегі  жоқ,  бірақ  есептеу  кезінде  жүк 
циклы 2
.
10
6
 жеткен кездегі кернеу шамасы қабылданады. Егер жүк циклы бұл 
шамадан артық болса, онда материалдың есептік қарсыласуы төмендетіледі, 
немесе басқа материал қабылданады. 
Қайталана әсер  ететін жүк сыналатын үлгіге дислокацияның санын  бір 
жерінде көбейтіп алғашқы жарықшақтар тудырады. Пайда болған жарықшақ 
жүк әсерінен дами бастайды, үлгі беріктігін жоғалтқан сәтте үлгі қимасы екі 
түрлі бөліктен тұрады: бірі  - үлгіде жарықшақ пайда болған бөліктері өзара 
үйкеліс  жалтырайды;  екіншісі  -  үлгідегі  кернеу  беріктік  шамасынан 
артқаннан соң барып үзілген бөлік. Бұл бөлік тегіс емес, морт сынған болат 
қимасындай. 

29 
Шаршау  шегі  жүк  түрлеріне  байланысты.  Жүк  сипатаммасы  ретінде 
max
min




  қабылданатын 
1



  -  ассиметиялы  цикл  ретінде 
0


-  толық 
симметриялы  цикл; 
1
0



  -  симметриясыз  цикл.  Шаршау  шегіне 
материалдың  маркасы,  үлгідегі  ақаулар  қоршаған  ортаның  температурасы 
әсер етеді. 
 
 
 
Сурет 24. Кернеу ассиметриясының сипаттамалары 
Циклдар:  а - бірмәнді; б - толық бірмәнді; в - толық әртүрлі мәнді 
 
Кернеу  шамалары  жоғары  элементтер  аз  циклді  жүк  әсерінен  де 
шаршайды, бұл құбылыс болаттардың - «аз циклды шаршауы» - деп аталады. 
Бұл  құбылыс  резервуарларды  толтырып  босатқан  кезде,  ауа  толқыны,  ішкі 
қысымдары төмендеген кезде, гидротехникалық қақпаны ашып - жапқан, т.б. 
кездерде пайда болуы мүмкін.  
 
Болаттың морт сынуы 
 
Аз  көміртекті  болаттардың  беріктігін  қоршаған  ортаның  температура-
сына жүктеу сипаттамаларына байланысты. 
Болат  беріктігін  үш  түрлі  жағдайларда  жоғалтуы  мүмкін:  тұтқырлы 
жағдай - созылымдылық деформация даму арқылы; квази - морттық жағдай - 
жүк  қайталана  әсер  еткенде  болаттың  шаршауы  арқылы;  морттық  жағдай  - 
болат деформациясы дамыған сәтте үзілу арқылы. 
Болаттың  морт  сынуына  оның  сапасы,  қартаюы,  кернеулерді 
шоғырлануы, қоршаған орта температурасы, жүктеу түрлері әсер етеді. 
Болат құрамындағы күкірт, фосфор, көміртегінің шамадан артық болуы 
оның  мортсынғыштығын  арттырады.  Болатты  легірлеу,  термиялық  өңдеу 
морт  сынуға  қарсыласуын  арттырады.  Мортсыну  қаупі  бар  конструкциялар 
үшін «жайлы», «жартылай жайлы» болаттарды қолданған дұрыс. 
 

30 
 
 
Сурет 25. Түрлі қираулардың мүмкін облысы 
 
1.2 Металл конструкцияларын есептеу негіздері 
1.2.1. Металл конструкцияларды есептеудің негізгі жағдайлары 
Шектік жағдай бойынша есептеу әдісі 
 
Құрылыс конструкцияларын  есептеудің мақсаты  –  олар үшін қажетті 
материалдың, даярлауға, монтаждауға керекті еңбектің шығындарының аз 
мөлшерімен беріктігін, орнықтылығын қамтамасыз ету. 
Құрылыс  конструкциялары  –  күштерден  басқа  әсерлерден  пайда 
болатын кернеулі жағдайлар мен деформациялардың  шекті жағдайларына 
есептеледі. 
Шектік  жағдайлар  бойынша  есептеу  әдісі  КСРО-да  1950  жылдары 
тәжіибеге енгізілді. Шектік жағдайлар бойынша есептеу әдісінің мақсаты - 
конструкциялардың,  ғимараттардың  немесе  құрылымдардың  пайдалану, 
құрылыс  жүріп  жатқан  кездерінде  шектік  жағдайлардың  пайда  болуын 
туғызбау. 
«Шектік  жағдайлар»  –  деп  конструкциялардың  оларға  пайдалану, 
құрылыс  жүргізу  кездерінде  қойылатын  талаптарға  сәйкес  бола  алмай 
қалатын кездерін айтады. 
Конструкцияларды әртүрлі күштер мен жүктер әсерлеріне есептегенде 
төмендегідей шектік жағдайлар ескеріледі: 
бірінші  топ  -  конструкциялардың  көтеру  мүмкіндіктерінен 
айырылулары немесе пайдалануға мүмкін емес жағдайлары; 
екінші топ - конструкцияларды қалыптағыдай жағдайда пайдаланудың 
қиындауы. 
Конструкциялардың  бірінші  топтағы  жағдайларына  төменде 
келтірілгендер кіреді: 

сұлбалардың жалпы орнықтылықтарын жоғалтулары; 

барлық қирау түрлері; 

конструкциялардың айналмалы жүйеге өтулері; 

сыртқы сұлбаларының сапалы өзгерулері; 

көп  мөлшерлі  қалдық  деформациялар  мен  толық  жылжулар,  немесе 
шамадан  тыс  жарықшақтардың  пайда  болуы  және  материалда 

31 
аққыштық  деформациялар  пайда  болу  себепті  конструкцияларды 
пайдалануды тоқтату. 
Бірінші топқа кіретін шектік жағдайлар екіге бөлінеді: 
-  көтеру мүмкіндіктерін жоғалтулары; 
-  қалдық  жылжулардың  шектік  мөлшерден  артуы  себепті  пайдалану 
мүмкіндіктері жоғалтулары. 
Шектік  жағдайлардың  екінші  тобына  белгіленген  мөлшерден  артық 
жылжулардың  (иілу,  бұрылу  бұрышы,  тербелу  амплитудалары, 
жарықшақтар, т.б.) әсерінен конструкцияларды дұрыс пайдалану мерзімін 
қысқартатын жағдайлар жатады. 
Бірінші топқа кіретін шектік жағдайлар ең үлкен әсер мен жүктердің 
есепті  шамаларына,  ал  екінші  топқа  кіретін  шектік  жағдайлар  әсер  мен 
жүктерді мөлшерлі шамаларына есептеледі. 
Конструкцияларда  шектік  жағдайларды  туғызбау  сенімділігі  - 
материалдың  қарсыласуларының  ең  төменгі  шамаларын,  ал  жүк  пен 
әсерлердің  ең  жоғарғы  қисынды  үйлесімдері  ескеру;  олардың  есептік 
сұлбаларын  дұрыс  қабылдау;  конструкциялардың  шын  жұмыс  істеуін 
ескеру;  керек  кезінде  материалдардың  реологиялық,  созылымдылық 
қасиеттерін ескеру арқылы қамтамасыз етіледі. 
Көтеру  мүмкіндігі  бойынша  бірінші  топтағы  шектік  жағдайлардың 
шарты ортақ түрде төмендегідей жазылады: 
 
S
N

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 (1) 
 
бұл жерде: 
N
 - конструкциялардағы есепті жүктердің ең жоғарғы қисынды 
үйлесімділігі қосындысынан табылған есепті ішкі күш;  
S
  -  есептеліп  отырған  элементтің  қабылдай  алатын  шектік  күші  - 
материалдың  қарсыласуы  мен  қиманың  геометриялық  өлшемдерінің 
функциясы. 
Жүктердің  есепті  шамалары  мөлшерлі  мәндерінің  жүктер  бойынша 
сенімділік  коэффициентіне  көбейту  арқылы  табылады.  Жүктер  бойынша 
сенімділік  коэффициенті  ғимарат  пен  құрылымдардың  жауапкершілігін 
ескереді.  Конструкцияларды  есептегенде  жүктердің  әсер  ететін  ең 
ыңғайсыз үйлесімін қарастыру керек. 
Жүктердің  бірге  әсер  ету  ықтималы  олардың  қосындысын  үйлестіру 
коэффициентіне көбейту арқылы табылады. 
Сонымен 
N
 
күшін төмендегідей жазуға болады: 
 


n
c
fi
ni
i
n
F
N
N


   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 (2) 
 

32 
бұл  жерде: 
i
N
  - 
i
F
=1  тең  кезде  пайда  болатын  ішкі  күш; 
fi

 
-  жүктер 
бойынша  сенімділік  коэффициенті; 
n

  -  арнайы  сенімділік  коэффициенті; 
C
n
 - үйлестіру коэффициенті. 
Есептеліп  отырған  элементтің  қабылдай  алатын  шекті  күш  қиманың 
геометриялық  сипаттамаларын  материалдың  есепті  қарсыласуына  және 
жұмыс шартын ескеретін коэффициентіне 
с

көбейтіліп табылады. 
Материалдың  есепті  қарсыласуы  олардың  аққыштық  шегін 
yn
R
 
беріктік  шегі 
un
R
бойынша  анықталған  мөлшерлі  қарсыласуларын 
материалдар  бойынша  сенімділік  коэффициентіне  бөлу  арқылы 
анықталады. 
Шекті күштердің мәндері: 

аққыштық шегі бойынша 
 
c
у
HT
m
u
yn
HT
R
A
R
A
S





/
 
 
 
 
 
 
 
 
      (3а) 
 
бұл  жерде: 
HT
A
  -  қиманың  геометриялық  сипаттамасы; 
y
R
  -  болаттың 
аққыштық шегі бойынша табылған есептік қарсыласуы; 
m

  -  материалдар 
бойынша сенімділік коэффициенті; 
c

 - жұмыс шарты коэффициенті. 

беріктік шегі бойынша: 
 
u
c
u
HT
c
m
c
un
HT
R
A
R
A
S





/
/


   
 
 
 
  
 
      (3б) 
 
бұл  жерде: 
u
R
  -  болаттың  беріктік  шегі  бойынша  табылған  есепті 
қарсыласуы; 
u

  -  конструкцияларды  беріктік  шегі  бойынша  табылған 
есепті  қарсыласуды  пайдаланып  есептегенде  ескерілетін  сенімділік 
коэффициенті (
u

=1,3). 
Шекті  жағдайлардың  бірінші  тобы  бойынша  беріктік  шарты 
төмендегідей жазылады: 
 


m
c
yn
HT
C
n
f
H
ni
i
R
A
n
F
N
i




/
   
 
 
 
 
 
 
 
      (4а) 
 
немесе 
 


u
m
c
un
HT
C
n
fi
i
H
i
R
A
n
N
F





/
   
 
 
 
 
 
 
      (4б) 
 
Бірінші  топқа  кіретін  шекті  жағдайлар  бойынша  анықталатын 
жылжулар мен деформациялардың әсерінен конструкцияларды  пайдалану 
тоқтатылатын болғандықтан шектік шарты төмендегідей жазылады: 

33 


1
1




n
c
i
fi
H
i
n
N
F
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      (4в) 
 
бұл жерде: 
1

 - 1 ге тең жүктің әсерінен жылжуы; 
1

 - шекті қалдық немесе 
толық жылжуы. 
Екінші топқа кіретін шекті жағдайлар бойынша шектік жағдай шарты 
келесі түрде жазылады:  
 


2
2



C
n
i
H
i
n
N
F
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 (5) 
 
бұл жерде: 
2

 - тең жүк әсерінен жылжуы немесе серпімді деформациясы; 
2

 - шекті деформация немесе жылжу, бұл шама мөлшерлейтін құжаттарда 
келтіріледі,  егер  деформациялар  мен  жылжулар  бұл  шамадан  асып  кетсе, 
онда конструкцияларды дұрыс пайдалану қиындайды.  
 
1.2.2. Жүктер мен әсерлер 
 
Конструкцияларды  есептеу  үшін  жүктер  мен  әсерлердің  мәндері 
«Жүктер  мен  әсерлер»  жайында  «құрылыс  нормалары  мен  қағидалары» 
(СНИП  2.01.07-85)  және  стандартқа  (СТС  ЭВ  1407-78)  «Құрылыс 
конструкциялары мен жертабандары» сәйкес қабылданады. 
Жүктер мен әсерлердің жіктелуі және сипаттамалары 
Жүктер мен әсерлердің әсер ететін уақыты бойынша: 

тұрақты  (егерде  күштер  мен  әсерлердің  бағыттары  мен  мәндері 
өзгермейтін болса); 

уақытша болып бөлінеді. 

Уақытша жүктер мен әсерлер: 
-
 
ұзақ мерзімді әсер ететін;
 
-
 
қысқа мерзімді әсер ететін;
 
-
 
ерекше әсер ететін - болып бөлінеді.
 
Тұрақты  жүктер  мен  әсерлерге:  конструкциялардың,  ғимараттардың 
және  құрылымдардың  өз  салмақтары;  топырақтың  салмақтары  мен 
қысымдары; алдын-ала кернеулеудің әсерлері жатады. 
Ұзақ  мерзімді  әсер  ететін  уақытша  жүктер  мен  әсерлерге:  тұрақты 
құрал-жабдықтардың  салмақтары;  ыдыстардағы  сұйықтар  мен  сусымалы 
заттардың  салмақтары;  резервуарлар  мен  газгольдерлердегі  және 
құбырлардағы  газдар  мен  сұйықтардың  қысымдары;  гидротехникалық 
қақпалар  мен  шлюз  қақпаларына  судың  статикалық  әсерлері;  қамбалар  мен 
кітапханалар,  архивтер,  т.б.  мекен-жайлардың  жабындарына  әсер  ететін 
жүктер; температураның ұзақ уақыт бойы әсер етуі және т.б. жатады. 
Қысқа  мерзімді  әсер  ететін  уақытша  жүктер  мен  әсерлерге: 
атмосфералық  әсерлер  -  қарлар,  желдер,  мұздақтар  мен  температураның 
өзгерулері;  жүк  көтеретін,  тасымалдайтын  құралдардың  әсерлері;  қоғамдық 
және  тұрғын  үйлер  жабындарына  әсер  ететін  пайдалы  жүктер;  құрылыс 

34 
коснтрукцияларын тасымалдау, монтаждау кездеріндегі жүктер мен әсерлер 
жатады. 
Ерекше  жүктер  мен  әсерлерге:  зіл  –  залалық  және  жарылыс  әсерлері; 
құрал-жабдықтардың  бұзылуы,  технологиялық  процесстердің  бұзылуы; 
ғимараттар мен құрылымдар табандарының белгілі бір шамаға тез төмендеп 
кетуі жатады. 
Жүктердің  мөлшерлі  шамалары  –  олардың  негізгі  сипаттамалары 
статистикалық  берілгендеріне  сәйкес  қабылданады.  Тұрақты  жүктер  мен 
әсерлердің  мөлшерлі  шамалары  -  конструкцияны  даярлаған  зауыттардың 
стандарттары  бойынша  немесе  олардың  өлшемдеріне  тығыздығына 
байланысты  анықталған  салмақтарына  тең  етіп  қабылданады.  Құрал-
жабдықтардың  салмақтары  стандарттар  мен  каталогтар  бойынша  немесе 
жобалау үшін жасалған тапсырмаларда көрсетіледі. 
Тұрғын  үйлер  мен  қоғамдық  ғимараттардың  қабат  жабындарына  әсер 
ететін  адамдардың,  жабдықтардың,  т.б.  қысқа  мерзімді  әсер  ететін  жүк 
шамалары инструктивті - нормаланған құжаттар бойынша анықталады. 
Көтеретін  -  тасымалдайтын  құралдар  жүктері  стандарттарға  сәйкес 
қабылданады.  Қар  жүгінің  мөлшерлі  мәні  гидрометеорологиялық  қызмет 
анықтаған  10  жыл  бойы  желден  қорғалған  жердегі  қар  жауғандағы  судың 
орта мәндеріне сәйкес қабылданады. 
Желдің  әсері  гидрометеорологиялық  қызметтің  жер  бетінен  10м 
биіктікте  анықталған  жел  жылдамдығы  бойынша  табылады.  Желдің 
жылдамдық арыны келесі формула бойынша анықталады: 
 
16
/
2
0


W
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 (6) 
 
бұл  жерде: 

  -  5  жыл  бақыланып  статистикалық  жолмен  табылған 
жылдамдығы. 
Жел әсерінің мөлшерлі мәні келесі формула бойынша анықталады: 
 
kc
W
W
H
0

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 (7) 
 
бұл жерде: 
0
W
- желдің жылдамдық арыны; 
k
 - жел арынының жер бетінен 
биіктік  деңгейіне  қарай  өзгеретінін  ескеретін  коэффициент; 
c
  - 
аэродинамикалық коэффициент.  
Кейбір  конструкцияларды  жобалау  кезінде    мұздақтың  әсерін  ескеру 
керек, оның мәні жобалау нормаларында келтірілген. 
Конструкцияларды  температураның  әсеріне  ғимараттарды  құрастыру 
және 
пайдалану 
кезеңдерінде 
есептеу 
қажет. 
«Температура 
айырмашылығы  температуралық  құлып»  -  деп  аталатын  мәніне  тең  етіп 
қабылданады. Температуралық әсерлер «Жүктер мен әсерлер» жайындағы 
құжатта  (СНИП  2.01.07-85)  сәйкес  қабылданады.  Сейсмикалық  әсерлер 
құрылыс жүргізілетін ауданның есепті баллына сәйкес қабылданады. 
Жүктердің  мөлшерлі  мәндерінің  өзгеруін  ескеретін  коэффициент  - 
«жүктер  бойынша  сенімділік  коэффициенті»  -  деп,  ал  жүктердің 
мөлшерлі  мәндері  мен  жүктер  бойынша  сенімділік  коэффициенттердің 
көбейтіндісін «жүктердің есепті мәндері» - деп аталады. Жүктер бойынша 

35 
сенімділік  коэффициенттері 
n
  жүктердің  түрлеріне  байланысты.  Мысалға, 
егер  темірбетон  конструкциялары  зауытта  даярланса 
f

=1,1  тең,  ал 
құрылыс алаңында даярланса 
f

=1,2…1,3 тең; металл конструкциялар үшін 
f

=1,05 тең етіп қабылданады. Егерде тұрақты жүк салмағы конструкцияның 
жұмысын  жақсартатын  болса,  онда 
f

=0,9  тең  етіп  қабылданады.  Уақытша 
жүктер үшін: жел әсерін 
f

=1,4; қар әсерін 1,4….1,6 дейін қабылданады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет