ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАҚТАЛҒАН ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАР
Турманова А.С.
Ақтөбе ц., Қазацстан
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері
Кеңестер Одағына соғыс
жарияламастан тұтқиылдан басып кірді. Осылайша, 4 жылға немесе 1418 күнге созылған -
¥лы Отан соғысы басталды. Бүл соғыс Кеңес Одағы үшін бүрын-соңды бастан кешкен барлық
соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге
айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды
жеңу мақсатына жүмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бүл міндетті толығымен
қолдады.
Соғыстың басталған алғашқы күндері-ақ өткен жиындарда халық соғысқа бару ниеттерін
білдіре бастады. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындыкгары туралы калалық
жэне аудандық эскери комиссариаттарға мындаған арыздар түсе бастады. Жас жігіттер мен
қыздар, аға буын өкілдері колдарына кару алып, майданға аттана бастады.
Еліміздің Қарулы Күштерін жедел толықтыру, жаңа қүрамалар жасактау сол кездегі басты
міндеттердің бірі болды. Әскери міндеттілердің шақыру пунктеріне келуі жоғары патриоттық
өрлеу жағдайында өтіп жатты.
Қазақстанда Қызыл Армияның ірі қүрамалары Алматы, Жамбыл, Ақмола, Петропавл,
Семей жэне басқа қалаларда жасақталды. Олардың арасында 238, 316-дивизиялармен қатар,
310, 312, 314, 387, 391-атқыштар дивизиялары болды. 1941 жылдың аяғына дейін тағы бір
дивизия жэне үш бригада - 74, 75-теңіздік атқыштар жэне 39-курсанттық аткыштар
бригадалары кұрылды.
КСРО-ға карсы соғыс жоспарын жасағанда фашистік Греманияның статегтері Кеңес
Одағының астанасын басып алуға басты мэн берді. «Бүл қаланы басып алу, - деп атап
көрсетілді «Барбаросса» жоспарында, - саяси жағынан да шешуші табыс деген сөз» [1, 211-213
бб.]
Мэскеуді неғұрлым тез арада басып алуды Гитлер соғыстың тағы да жеңістің кілті деп
білді. Міне, сондықтан да Мәскеуге карай вермахтың ең негізгі күштері бағытталып, ең
маңызды, шешуші шайқастар басталды.
Мәскеу
түбіндегі шайқаста Қазакстанда жасақталған эскери құрамалар ерекше ерлік
көрсетті. Олардың бірі - 316 атқыштар дивизиясы болатын. Дивизияның күрамында Алматы,
Жамбыл жэне Оңтүстік Қазақстан облыстарының, ішінара Қырғызстанның еңбекшілері де
болды.
Дивизияның командирі болып,
аты аңызға айналған 25-Чапаев дивизиясының
87
катарында шайкасқан генерал-майор И.В.Панфилов тағайындалды. Дивизия оөлімдері қысқа
мерзім ішінде әскери даярлықтан өтіп, 1941 жылдың 18 тамызында майданға аттанды.
316-атқыштар дивизиясы алғашкыда солтүстік-батыс багытка жөнелтіліп, кейіннен
қалыптасқан жағдайға байланысты Мэскеуді корғауға жіберілді. Волоколамск түбіндегі ұрыста
дивизия ерекше көзге түсті. Алты күн бойы жаудың үздіксіз шабуылдарына тойтарыс бере
отырып, 80-ге дуық танкісін қиратты жэне мыңдаған солдаттар мен офицерлерінің көзін
жойды.
Дивизия өзінен төрт есе басым жаумен кескелескен үрыстар жүрзіп, жаудың екінші танк, 29
- механикаландырылған, 11 жэне 110-шы жаяу әскер дивизияларын тас-талқан етті [2, 49 б.]
316-атқыштар дивизиясы 1941 жылы 17 қарашада майдан даласындағы әскери міндетін
абыройлы атқарғаны үшін КСРО Жоғары Кеңес Президиумының шешімімен Қызыл Жұлдық
орденімен марапатталып, сол күні Қорғаныс Халық Комиссариатының бұйрығымен 8-ші
гвардиялык дивизия болып қайта қүрылды.
Дивизия соғыс жылдарында жаудың 43 ұшағын, 387 танкісін, 451 қаруын, 828 пулеметі мен
баска да көптеген қаруы мен соғыс техникасын колға түсірді. 1941- 1945 жылдары неміс-
фашист басқыншыларына қарсы шайқастардағы ерлігі үшін күраманың 14 мыңнан астам
солдаттары, сержанттары мен офицерлері көптеген
ордендермен жэне медальдармен
марапатталған [3, 96 б.]
1941 жылғы шілде- тамыз айларында Ақтөбе облысында 312-аткыштар дивизиясы
құрылды. Дивизияның күрылуы жөніндегі комиссияны облыстық партия комитетінің бірінші
секретары Я.П.Иночкин, облыстық атқару комитетінің председателі М.С.Арменков, облыстық
әскери комиссар С.Д.Алексеев басқарды. Дивизияны қүру үшін оның командирі полковник
А.Ф.Наумов жэне комиссар Я.Э.Сировский күндіз-түні еңбек етті. Дивизияның күрамында
партия жэне комсомол органдарының жауапты қызметкерлері жіберілді. Әскери кұрамның
үштен бірін казақтар кұрады. Сонымен қатар дивизияда орыстар, украиндар, белорустар,
өзбектер, түркімендер, татарлар жэне басқа да үлт өкілдері болды. Дивизияны Ақтөбе
облысының колхоздары мен совхоздары машинамен, азық-түлікпен, т.б. керек-жаракпен
қамтамасыз етіп отырды
312-дивизия Панфилов дивизиясы сияқты, Москва түбіне, Малоярославец қорғаныс шебіне
жіберілді. Бүл жерде қазақстандық құрама Малоярославец қорғаныс учаскесінің шағын
гарнизонымен бірлесе отырып, жаудың 57-моторлы корпусының шабуылына тойтарыс берді.
Дивизия командирі А.Ф.Наумов осы Малоярславец соғыс учаскесінің бастығы болып
тағайындалды. Дивизия алғаш рет 1941 жылдың 12 қазанында ұрыс жүргізді. Москваға қарай
ентелеген күші басым жауға қарсы ұрыстарда асқан ерлік көрсеткен дивизияның 53 жауынгері
ордендермен жэне медальдармен наградталды.
312-ші дивизияның жауынгерлік жолы эрі қысқа, эрі даңқты болды. Дивизия күші азайған
соң 1941 жылдың желтоқсанында 53-атқыштар дивизиясының 12- аткыштар полкі болып қайта
кұрылды [1, 229 б.].
1941 жылдың күзінде Ақмола қаласында 387-атқыштар
дивизиясы
қүрылды.
Дивизия
күрамына
Ақмола облысының және Қарағанды, Қостанай облыстарының түрғындары енді-
Дивизияның командирі полковник М.С.Сущенко болды. Бүл дивизияда Мәскеуді қорғауға
қатысты, кейін Сталинград майданын жіберілді. Жауынгерлік жорығын Праганы азат ету
жолындағы үрыста аяқтады [1, 232 б.].
1941 жылы желтоқсанда Қызылордада әскери теңізшілер мен Қазақстан еңбекшілерінен 74-
дербес теңіздік атқыштар бригадасы жасақталды. Бұл бригаданың кұрамында Батыс
Қазакстан
облыстарының түрғындары да енгенді. Командирі генерал-майор С.В.Лишенков, эскери
комиссары С.Г.Биберин болды. Бригада 1942 жылы 29 қаңтарда Старая Руссаның шығысындэ
алгаш рет ұрысқа кірді. Шечково, Чапово, Тулитово елді мекендерін азат етті. Жаудың ірі
күшін тежей отырып, біздің әскерилердің немістің 16-армиясын қоршауға алуына қатысты.
Қысқы және көктемгі шайқастарда 74-бригада Пала станциясының түбінде жэне
Рамушев
маңында жаудың
3
мың офицері мен солдатының көзін жойды. 1942 жылы шілде
айындз
кұрама резервке шығарылып, 292-атқыштар дивизиясы болып қайта күрылды. 1942 жылы
кыркүйектен бастап Сталинград түбінде Ганьшино, Берячи, тағы басқа елді мекендер үшін асз
ауыр қорғаныс жэне қарсы шабуыл үрыстарын жүргізген дивизия Паулюс армиясын қоршауғз
жэне оны жоюга басынан аяғына дейін қатысты.
Сталинград шайкасы аяқталған соң дивизия таратылып, әскери күші майданның баскя
құрамаларына қосылды [1, 234-235 бб. ].
88
1941 жылы тағы да бір құрама 74-теңіздік атқыштар бригадасы құрылып, оның командирі
полковник С.В.Лишенко болды. Бұл бригада Ленинград жерінде қаьармандықпен шайкасып.
Куряндияға дейін барған.
Қазақстан жерінде құрылған атқыштар бригадаларының бірі Оралда кұрылгап 152-
атқыштар бригадасы. Бригаданың командирі полковник Рогаткин, ал комиссары С.Мартынов
болды. Бригада 1941 жылдың соңы мен 1942 жылыдың басынды кұрылып, Сталинград
майданындағы 28-армия қатарында соғысты. Дивизия Мелитополь, Днепрден Молочная өзені
бойымен Азов теңізіне дейін өтетін шептердегі ұрыстарда ерекше көзге түскен. Он бес күннің
ішінде дивизия фашистермен шабуылын тойтарып, Молочная өзеніндегі каьармандык шайқасы
үшін «Мелитополь дивизиясы» құрметгі атағын алды. Ерлік көрсеткен қатардағы жауынгерлер
А.Найманбаев, сержант Ж.Сэдуақасов, тағы басқалар болды.
Дивизияның 1200 жауынгері ерлігі мен батырлығы үшін ордендермен жэне медальдармен
наградталды. Жеңіс күнін дивизия Чехославакия астанасының солтүстігіндегі Будине Костелец
ауданында қарсы алды [1, 283 б.].
1941 жылдың 13 қарашасындағы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің жоспары бойынша 4
жекелеген ұлттық атқыштар бригадасы құрылуы тиіс еді. Осыған сэйкес 1941 жылдьщ 17
қарашасында Ақтөбе облыстық партия комитетінде «Ақтөбе облысында ұлттық атқыштар
бригадасын жасақтау» турасында мәселе қаралып, 101-ші үлттық эскери құрама құру туралы
шешім қабылданды.
Бригада кұрамына негізінен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Гурьев жэне Қызылдорда
облыстарының қазақ жастары енді. Сонымен қатар, Алматы, Шымкент, Семей, тағы басқа
облыстардан да келгендер аз болған жоқ. Тек Батыс Қазақстан жэне Ақтөбе облыстарынан гана
бұл бригадаға 2485 қазақ жігіті келді [4, 58 п.].
Ұлттык құраманы Ақтөбе
облысының
еңбекшілері жабдықтады. Бригада командирі болып полковник С.Я.Яковленко тағайындалды.
Толық емес мэліметтерге қарағанда, бір ғана 101-ұлттық дербес атқыштар бригадасы
жауынгерлері 160 елді мекенді азат еткен, жаудың 3 жаяу әскер полкы мен 5 батальонын
талқандаған, 9000-нан астам солдаты мен офицерін, көптеген кару-жарагын, әскери техникасын
жойған.
1944 жылғы шілде айында 101 -ұлттык дербес атқыштар бригадасы таратылып, оның
бөлімдері 47 жэне 90 атқыштар дивизияларының қүрамымен біріктірілді [5, 24-26 бб.].
Соғыстың
алғашкы кезеңінде
Қазакстаннан барлығы 14 аткыштар жэне атты әскер
дивизиясы, 6 бригада жасақталып, майданға аттандырылды. Кейіннен 6 артиллериялык жэне
авиациялық полкі, 12 қүрылыс, 2 автобатальон, 7 автоматшылар батальоны кұрылды.
Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер тамаша ерлік үлгілерін көрсегті.
Олардың бесеуі «гвадиялық дивизия» деген кұрметті атакка ие болса, согысгың басынан
аяғына дейін казақстандық 9 дивизия өзгермей сақталды. Қазақстанда жасақталган эскери
кұрамалар мен бөлімдер өздерінің жауынгерлік ерлік жолдарымен арқылы майдан талабына
жауап беретіндей куатты құрамалар болғанын көрсетті.
Пайдаланылган эдебиеттер тһімі:
1. Аманж олов К., ТасболатовА. Қазақстанның эскери тарихы. -А лм ат ы : Білім, 1999.
2. Қозьібаев М. ¥лы ерлік. Алматы: Қазақстан, 1980. 156 б.
3. Боздацтар. Ж инщ т ама том.
—
Алматы: Қашңспшн, 1995. 480-6.
4. Ацтөбе облыстық мемлекеттікмүрагаты. 13-қор, 10-тізбе, 308-іс.
5. Бекішев X. Батальон, алга!. Алматы: Қазацстан, 1985. - 24-26 об.