● Шығу тарихы. ● Билл Гейтс пен Полл Аллен



Pdf көрінісі
Дата27.03.2020
өлшемі250,86 Kb.
#60892
Байланысты:
Новая презентация


Жоспар:

● Шығу тарихы.

● Билл Гейтс пен Полл Аллен 

● Атауы


● Логитип

● Дамуы


● Табысы мен əлемдегі орны

● Қорытынды



Шығу тарихы

Microsoft  компаниясының  тарихы  1975  жылдан  бастау 

алады.  Сол  жылы  қазір  дүние  жүзі  танитын,  ал  сол  кезде 

қарапайым  екі  студент  Билл  Гейтс  пен  Полл  Аллен  Altair 

компьютеріне 

арнап 


Basic 

тіліне 


түсінік 

беретін 


бағдарлама  жасап  шығарады.  Бір  айдан  соң,  1-ақпан  күні 

ДК-ді өндіріп шығарған Micro Instrumentation and Telemetry 

Systems 

(MITS) 


компаниясымен 

лицензиялық 

келісімшартқа отырады.


Билл Гейтс пен Полл Аллен

1980  жылдың  басында  компанияның  негізін  салушы 

Аллен  мен  Гейтстің  жолдары  екіге  бөлінеді.  Ален 

өмірін Microsoft-қа арнағысы келмейді, ал Гейтс болса 

бар  зейінін  компанияның  дамуына  бұрады.  1983 

жылы  Аллен  акциясының  əрбір  данасын  $10-ға 

сатып,  Microsoft  компаниясынан  біржолата  кетіп, 

дүниежүзіндегі  ең  бай  адамдардың  біріне  айналады. 

Ол  2011  жылы  «Forbes»  журналының  тізіміне  $13 

млрд капиталымен 57 орынды иеленеді.

              Өмірлік жолдары



1975жылы Билл Гейтс Алленге жазған хатында 

компанияның атауын «MICROcomputer SOFTware» 

(микрокомпьютерлерге арналған бағдарламалық 

қамтамасыз ету) деп қою туралы ұсыныс жасайды.

Бастапқыда ол дефис арқылы жазылған: Micro-soft. 

Компания өз логотипін бірнеше мəрте өзгертеді, 

дегенмен оның мəнісі өзгеріссіз қалады; тек 

«Microsoft» сөзінің қаріпі (шрифт) ғана өзгеріп 

отырды. Кейінірек ол Windows деп аталды.

                        Атауы



Логотип

Ең алғашқылогитип 1975 жылы жасалған.



                    Дамуы

Компания енді құрылғанда онда үш адам жұмыс істесе 2008 жылы 

қызметкерлердің саны 80 мыңға жетті. 1983 жылы Microsoft 

операциялық жүйенің графикалық интерфейсімен жұмыс істеуді 

жеңілдету үшін тінтуірді («mouse») жасап шығарады.

1986 жылы компанияның акциялары еркін саудаға шығарылады. Ал 

1990 жылы компания акциялар бойынша дивидендтердің алғашқы 

есептелуін жүргізеді жəне акционерлердің əрқайсысына компанияның 

бір-бір акциясы сыйлыққа берілді.

1993  жылы  Windows-тың  тек  тіркелген  пайдаланушыларының  саны  25 

миллион адамнан асады. Осы мезеттен бастап Windows дүние жүзіндегі 

ең  танымал  операциялық  жүйеге  айналады.  1995  жылы  аңызға 

айналған  Windows95  шығады,  бұл  алып  ажиотаж  тудырады  —  тіпті 

компьютері жоқ адамдардың өзі бағдарлама жазылған дискті сатып алу 

үшін  кезекте  тұрған!  1996  жылдың  қаңтар  айының  өзінде  25  миллион 

диск сатылады.



                       Дамуы 

1998 жылы Windows98 жарық көреді, сырттай ол 95 нұсқасына 

ұқсайды, тек функционалдылық пен қорғаныс жағынан біршама 

түзетулер енгізіледі.

2000 жылы операциялық жүйелердің желісі кеңейе түседі. Microsoft 

компаниясы Windows 2000 жəне Windows ME жүйелерін шығарады. 

2001 жылы Windows XP жəне Office XP шығады.Ол Microsoft 

компаниясының ең танымал бағдарламаларына айналады.6 

жылдан соң жаңа буынға арналған Windows Vista операциялық 

жүйесі жəне жаңа Microsoft Word 2007 нұсқасы шығарылады.2009 

жылы Microsoft дербес компьютерлер мен ноутбуктермен қатар 

нетбуктерге бейімделген Windows 7 операциялық жүйесі 

шығарылды 


Табысы мен əлемдегі орны. 

2013 жылы Forbes жасақтаған «əлемнің ең беделді брендтері» рейтингінде 

Microsoft екінші орынды иемденді (бірінші орында — Apple). Бұл 

корпорацияның бренді 56,7 миллиард долларға бағаланды.

2011-2012 жылдары Fortune Global 500 рейтингінде табыстылығы бойынша 

Microsoft 110 орында болды. Жыл қорытындысы бойынша түсім көлемі — 

73,7 миллиард доллар. Таза пайда —  16,978 миллиард доллар.

2013 жылы Microsoft түсімі 5,4%-ға, 77,89 миллиард долларға дейін 

жоғарылады. Таза пайда 23,4%-ға артып, 21,863 миллиард доллар болды.

Нарықтық капиталдандыру бойынша Microsoft компаниясы төртінші 

орында (270,64 миллиард доллар).

Компания Forbes журналының ең тартымды 10 жұмыс беруші компания 

рейингінде бесінші орында.


                Қорытынды

Microsoft Corporation— дүниежүзіндегі ең ірі 

компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру 

өндірісінің жəне сервер мен жеке компьютерлер үшін 

интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін 

АҚШ-та тіркелген ұлтаралық компания. Компания негізі 

қаланғаннан бері 40 жыл өтті. Қазіргі уақытта кез келген 

үлкен рейтингті Microsoft-сыз елестету мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет