А. А. Карабалина Теориялық және қолданбалы психология кафедрасының



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата09.04.2020
өлшемі1,13 Mb.
#62060
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ


 
Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 
1.Сот 
психологиялық 
және 
психолого-психиатриялық 
сараптаманың 
компетенциясы. 
2.Азаматтық  және  қылмыстық  алдын-ала  тергеу  әрекеттері  барысында  СПЭ 
дайындау мен тағайындау мәселелері. 
3. Эксперт психологтың СПЭ  жүргізі тәртібі. 
 
Дәріс 13. 
Тақырыбы: 
Заң 
психологиясындағы 
кәмелетке 
толмағандардың 
мәселелері. 
Мақсаты:  Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  істерінің  психологиялық 
ерекшеліктерін талдау. 
Сабақ жоспары: 
1. 
Кәмелетке 
толмағандардың  қылмыстық 
істерінің  психологиялық 
ерекшеліктері. 

84 
 
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктерін психологиялық- 
қылмыстық бағалау. 
3.  Кәмелетке  толмағандардың  мінез-құлықтарының  виктимділігі  және  оның 
алдын-алу. 
 
Дәріс тезистері: 
Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  істері  жалпы  қылмыстың 
құрамдас бөлігі болып табылады, сондай-ақ, психологиялық криминологиялық 
зерттеудің  жеке  обьектісі  ретінде  қарауға  мүмкіндік  беретін  өзіндік 
ерекшеліктері  де  жоқ  емес.  Мұндай  ажыратудың  қажетілігі  кәмелетке 
толмағандардың  соматикалық,  психикалық  және  адамгершіліктік  даму 
ерекшеліктері,  сонымен  қатар  әлеуметтік  кемелденбеулеріне  байланысты. 
Тұлғаның  адамгершіліктік  қалыптасу  кезінде  жасөспірімдік,  жастық  шақта 
тәжірибе, оның ішінде сырттай байқала бермейтін немесе айтарлықтай кешігіп 
көрінетін  тәжірибелер  жинақталады.  Ересектермен  салыстырғанда  аталмыш 
қылмыстық  іс  белсенділік  пен  динамикалықтың  жоғары  деңгейімен 
ерекшеленеді. Жастық шақта қылмыстық жолға түскен адамдарды түзету және 
қайта  тәрбиелеу  қиынға  соғады,  сонымен  қатар  ересектік  кезеңде  қылмыс 
жасауға түрткі болады. Ересектердің қылмыс жасау себептерінің бірі кәмелетке 
толмағандардың қылмыстық істері  болып  табылады.  Ересектердің  қылмыстық 
іске  баруларын  адам  тұлғасы  енді  қалыптасып  келе  жатқанда,  оның  өмірлік 
бағдары пайда болып келе жатқанда түбегейлі жоюға болады. 
 
Көп жағдайда жасөспірімнің «қиын» тұлға болып қалыптасуының басты 
себептерінің  бірі  -  жағымсыз  отбасылық  жағдай:  қалыпты  адамгершіліктік 
ортаның болмауы. Егер оқу үрдісінде кейбір балалар үшін танымдық мотивтер 
басым  болса,  ал  қиын  жасөспірімдер  үшін  мәжбүрлеу  мотиві  басым  болады. 
Бұл  үлгерімі  нашар  жасөспірімнің  сынып  ұжымымен  және  педагогтармен 
конфликтілі қатынастарын шиеленістіреді де, оның мінез-құлқында негативизм, 
жалғандық туғызады. 
 
Кәмелетке  толмағандардың  ассоциальдік  мінез-құлықтары  біріншіден, 
сыртқы  әлеуметтік  орта  факторларының  ықпалдарына,  сонымен  қатар 
жасөспірімнің  өмірдегі  әр  түрлі  сәтсіздіктерге  жауаптарын  анықтайтын 
олардың  жас  ерекшелік  және  тұлғалық  ерекшеліктерімен  байланысты.    Бұл 
жастағы  маңызды  психологиялық  жаңа  құрылым  -  ересектікті  сезіну, 
талаптанудың жаңа деңгейі. 
 
Адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың міндеті шарты белгілі бір 
жаспен анықталады. Егер қылмыс жасаған адам он алты жасқа толса, қылмыс 
субьектісі  болады  және  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылады.  Ауыр 
қылмыстарда,  мысалы,  адам  өлтіру,  тонау,  зорлауда  заң  қылмыстық 
жауапкершілікті  он  төрт    жастан  бастап  белгілейді.  Мынандай  бір  обьективті 
сұрақ  туындайды:  заңда  мұндай  жас  кезеңінде  қылмыстық  жауапкершілікке 
тартуда  заңгер  нені  басшылыққа  алды?  Он  төрт,  он  алты  жастағы  кәмелетке 
толмағандар  өз  әрекеттерін  сыни  тұрғыда  талдауларына  мүмкіндік  беретін 
ақыл-ой  және  еріктік  даму  деңгейлеріне  жетеді.  Олар  бұл  жаста  өз 

85 
 
әрекеттерінің  қоғамдық  қауіптілігін  саналы  түсінеді  және  оларды  басқаруға 
қабілетті.  Тіпті,  құқыққа  қарсы  әрекеттер  жасаған  соң  да  қоғам  кәмелетке 
толмағандарға  ерекше  қамқорлық  танытады.  Бұл  оларды  қылмыстық 
жауапкершілікке  тартуда  да  ескеріледі  (ҚР  қылмыстық  кодексі,  төртінші 
бөлім).  
Күштеу  мен  қатігездік  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  істеріне 
тән ерекшелік болып табылады. Сәтсіз жағдай орын алғанда жеткіншектер адам 
өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрып-соғу сияқты қылмыстар жасайды.  
Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  істерінің  «жасару»,  кіші  жастағы 
балалардың  криминалдық  белсенділіктерінің  арту  тенденциясы  байқалады. 
Қазіргі  кезде  әйел  жынысты  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  істері 
айтарлықтай артып отыр. Кәмелетке толмаған ер балалар мен әйел балалардың 
мастық,  токсикомания  және  нашақорлыққа  қатысты  қылмыстық  істерінің 
артқаны  байқалады.    Кәмелетке  толмағандардың  алдын  ала  дайындалған, 
жоспарланған  және  техникалық  жабдықталған  қылмыстарының  үлес  салмағы 
артып  отыр.  Әдетте  мұндай  қылмыстар  топтық  болып  табылады.  Топтар 
жоғары  мобильділікпен  ерекшеленеді,  бұл  олардың  қоғамдық  қауіптілігі    мен 
криминалдық  белсенділігін  едәуір  арттырады.  Жеткіншектер  ортасында 
«гастролер» мен «криминалдық гастролер» анағұрлым танымал бола бастайды. 
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің криминалдық профессионализмі артады. 
Бұл  ерекшелік  универсалды  мамандандырудың  болуынан,  қылмыстық 
біліктіліктің  иесі  болудан  көрінеді.  Қылмыстық  іс-әрекет  кейбір  топтар  үшін, 
бос  уақытын  өткізудің  негізгі  тәсілі  бола  бастайды.  Қылмыстық  жолға 
баратындардың  көбісі  өзіне  баспана,  жұмыс  таппаған  кәмелетке  толмаған, 
мигранттар. Психикалық ауытқулары бар кәмелетке толмағандардың жасайтын 
қылмыстарының  саны  артып  отыр.  Бұған  әр  түрлі  невроздарды,  белгілі  бір 
шектегі  дебильділікті,  психопатияны,  алкоголизмді,  жыныстық  бұзылыстарды 
жатқызуға  болады.  Келтірілген  бұзылыстар  -  бұлар,  ауыр  емес,  тұрақты 
аурулар. Көп жағдайларда олар тұқымқуалаушылықтың нәтижесінде емес, өмір 
мен  тәрбиенің  жағымсыз  жағдайларының  салдарынан  болып  жатады. 
Жеткіншектік  орта  қоғамдық  дағдарыстардың  жағымсыз  салдарына  қатты 
қынжылады.  Кәмелетке  толмағандар  қоғам  «денсаулығының»  нашарлаған 
күйін  анықтайтын  «барометр»  болып  табылады.  Жеткіншектердің  от 
шығаратын  қаруларды,  әскери  припастар  мен  жарылғыш  заттарды  ұрлау, 
заңсыз  қолдану,  сақтау,  иелену,  дайындаумен  байланысты  қару-жарақтардың 
заңсыз  айналымына  елігуі  қылмыстардың  қоғамдық  қауіптілігін  шиеленістіре 
түседі.  
Кәмелетке 
толмағандардың 
қылмыстық 
істерінің 
құрылымында 
бұзақылық  ерекше  орын  алады.  Бұзақылық  үшін  айыпталған  кәмелетке 
толмағандардың  басым  көпшілігін  аяусыз  бұзақылық,  яғни,  бұзақылық 
әрекеттеге  барғандар  құрайды.  Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық 
әрекеттерге  екінші  рет  баруы,  оларда  тұрақты  құқыққа  қарсы  бағдардың 
қалыптасқандығына  айғақ  болады.  Осының  салдарынан  бұл  жеткіншектер 
қандай да бір адын-алу әсерлеріне көнбейтін аяусыз рецидивисттерге айналады. 

86 
 
Қатігездік  пен  агрессивтілік  жеткіншектер  мен  жасөспірімдердің  топтық 
әрекеттеріне  тән  ерекшелік  болып  табылады.  Бұл  бірінші  кезекте,  әр  түрлі 
ресми  емес  субмәдени  бірлестіктердің  арасындағы  ықпал  ету  сфералары  үшін 
күрес, тәртіпсіз күрес, бақталастық, бейкүнә бөтен өзге адамдарға бағытталған 
мотивсіз агрессия (бұзақылық, тонау, ұрлық, т.б.). Жеткіншек кездегі агрессия 
мен  күштеу  көбінесе  отбасылық  және  өмірлік  сәтсіздіктерден  (әкесіз  өсу, 
ішімдікке  салыну,  оқуға  қабілетсіздік,  мінез-құлық  акцентуациясы  және  т.б.) 
пайда  болатын  өзін-өзі  құрметтеудің  төмен  дәрежеде  болуының  салдары 
ретінде  көрініс  береді.  Бұндай  аяусыз  қатыгездік  «анасының»  балаларынан, 
материалдық  жағдайы  қамтамасыздандырылған  және  ата-анасы  тарапынан 
гиперқамқорлыққа  ие  балалардан  шығады.  Балалық  шақта  өзін-өзі  мойындату 
мүмкіндіктері  болмағандықтан,  олар  жеткіншектік  даму  кезеңінде  мұны 
айрықша  кекшілдікпен  қабылдайды.  Кәмелетке  толмаған  жеткіншектердің 
қатыгездіктері  мен  күш  қолданулары  эмпатияның,  яғни,  өзге  адамды  түсініп, 
сезіну  қабілеттерінің  болмауымен  түсіндіріледі.  Көптеген  зерттеушілердің 
ойларынша,  кәмелетке  толмағандардың  агрессивті  әрекеттерінің  көзі  аяусыз 
адам  өлтіру  мен  күш  көрсетуді  жариялайтын  фильмдердің  теледидардан  көп 
көрсетілуі болып табылады. 
Жас  ерекшелік  психологиясы  саласындағы  эксперименттік  зерттеулер 
жеткіншектік  және  жасөспірімдік  шақтағы  тұлғаның  басты  қажеттіліктерінің 
бірі  қарым-қатынасқа  деген  қажеттілік  екенін  анықтады.  Жас  адамдардың 
тұлғааралық өзара әрекеттесулері көп жағдайда конфликтіге әкеледі. Кәмелетке 
толмаған  құқық  бузушылар  мен  олардың  болашақ  құрбандары  белгілі  бір 
байланыстарда  болады  және  қылмыс  жасағанға  дейін  қылмыс  алды 
қатынастарға  түседі.  Көп  жағдайда  жәбірленуші  қылмыстық  әрекеттердің 
дамуындағы  белсенді  элемент  болып  табылады.  Кейде  кімнің  қылмыскер, 
кімнің  жәбірленуші  болатындығын  жағдай  шешеді.  Жәбірленуші  мен 
қылмыскер  бір  эпизодқа  алмасып  қатысады  (мысалы,  топтық  немесе  жеке 
төбелес  кезінде).  Кейде  жәбірленуші  кенеттен  қылмыскерді  түрлі  психикалық 
күйге  әкеледі  (аффект,  қорқыныш,  кек  және  т.б.).  Ұрының,  тонаушының  кісі 
өлтіру ниеті болмағанмен де, оның адам өлтіріп алуы осыдан шығады. 
Жеткіншектердің  құрбандары  көбінесе  олармен  танысқан  кәмелетке 
толмаған  қыз  балалар  болып  табылады.  Спирттік  ішімдіктерді  бірлесіп  ішу, 
әдепсіз  мінез-құлық,  қақтығысқа  әкелетін  іс-әрекеттер  сондай-ақ  алдын-ала 
жәбірленушінің  жыныстық  қатынасқа  мәжбүрлеудің  оңайға  түсетіндігіне 
сеенімділік, қылмыстық ойды  өршітіп немесе оны іске асыруға себепші болуы 
мүмкін.  Жәбірленушінің  адамдыққа  жатпайтын  әрекеттері  белсенді  немесе 
енжар,  яғни  жыныстық  ниетке  қарсы  тұра  білудің  жетіліксіз  болуы  мүмкін. 
Кәмелетке  толмағандардың  адам  өлтірулері  туралы  тергеу  мәліметтерінің 
көрсетуі бойынша, олардың қылмыстық іске баруларына болашақ жәбірленуші 
мен  (көбінесе  әкелері  мен  өгей  әкелері,  ересек  туысқандары,  жерлестері) 
айыпталушының  арасындағы  ұзақ  мерзімді  конфликтілі  қатынастар  себеп 
болады.  Мұндай  отбасыларда  жеткіншектердің  жағымсыз  сапаларын 
қалыптастыратын, 
олардың 
кекшілдігін 
туғызатын 
күштеу 
культі, 

87 
 
аморальдылық,  құрметтеудің  болмауы,  дөрекілік,  цинизм,  қатыгездік  орын 
алады. 
Кәмелетке 
толмағандар 
тұлғаның 
жағымды 
немесе 
кері 
бағыттылығымен 
ерекшеленеді. 
Оларда 
ашушаңдық, 
агрессивтілік, 
отбасындағы  кішкентайларға  және  мектептегі  достарына  деген  қатыгездік, 
сонымен  қатар  қайырымдылық,  мейірімділікке,  достыққа  деген  қажеттілік 
бірлесе жүреді.  
Өзін -өзі бақылау сұрақтары: 
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетіне әлеуметтік-психологиялық 
мінездеме. 
2. Кәмелетке толмағандарды тергеудің психологиялық ерекшеліктері. 
3. Кәмелетке толмағандардың виктимділігінің психологиялық деңгейі. 
4. Рецидивист  тұлға түсінігі, оның классификациясы және типологиясы. 
 
 
Дәріс 14 
Тақырыбы:Пенитенциарлы психология. 
Мақсаты:  Пенитенциарлы  психологияның  негізгі  ерекшеліктерін  анықтау, 
Сотталушы  психологиясы  және  бас  бостандығынан  айырылу  жағдайларына 
бейімделу мәселелерін зерттеу. 
Сабақ жоспары: 
1.Сотталушы  тұлғасын  психологиялық  талдау  және  реабилитациялау 
мүмкіндіктері.  
2.Кешенді 
психолог-психиатриялық 
сараптау 
және 
сот-психология 
тәжірибесіндегі адамның тұлғалық бітістерін талдау. 
 
Дәріс тезистері: 
Пенитенциарлы  психологияны  заң  психологиясының  дербес  саласы 
ретінде  бөлініп  шығуын  қылмыстық  жазаны  өтеу  жағдайларында  туындайтын 
психологиялық  құбылыстар  жайлы  жинақталған  фактілерді  талдау  және 
жүйелеу, зерттеу және оның негізінде белгілі бір психологиялық заңдылықтар 
орнату  мақсатында  ғылыми  әдістер  жасау  мен  қолдану  кезеңінің  алдындағы 
уақытпен  байланыстырады  (М.Н.Гернет,  С.В.Познышев,  А.Г.Ковалев, 
К.К.Платонов, 
В.М.Пирожков, 
А.Д.Глоточкин, 
В.Л.Васильев. 
Ю.В.Чуфаровский, М.И.Еникеев).  
М.И.Еникеев 
бойынша, 
түзету 
(пенитенциарлы) 
психологиясы 
айыпталушының 
өкінуі 
мен 
ресоциализациясынан 
тұрады, 
түзету 
психологиясы-  (лат.  тілінен  алынғанда  өкіну,  тузетілу)  тұлғаның  бұрын 
бұзылған  әлеуметтік  сапаларын  ресоциализациялаудың  психологиялық 
негіздерін зерттейді.  
Қылмыстық-орындаушылық  құқық  пен  өзара  әрекеттесу  негізінде 
пенитенциарлы 
психология 
айыпталушыларды 
ресоциализациялануына 
байланысты  ұсыныстар  жасауға,  құқық  бұзушылар  тұлғасын  психологиялық 
түзету  құралдарын,  әдістері  мен  тәсілдерін  табуға  бағыталған.  Қылмыстық  -
орындаушылық  заңда  айыпталушыны  жасаған  қылмысы  үшін  белгілі  бір 

88 
 
игіліктерден  айыруға  ұштасатын  мемлекеттік  мәжбүрлеу  шарасы  жаза  болып 
табылады.  Айыпталушыларды  түзету  және  ресоциализациялау  процесі  осы 
теориялық негізге сүйеніп, құрылады. 
Пенитенциарлы  психологияның  зерттеу  пәні  болып  адамдардың 
спецификалық  топтарының  (айыпталушылар  мен  айыпталушылар  бірлестігі, 
сондай  ақ  түзету  мекемелеріндегі  тәрбиешілер  мен  қызметкерлер  ұжымы) 
психикалық іс әрекетінің және олардың іс әрекетінің фактілерін, заңдылықтары 
мен механизмдерін зерттеу болып табылады.  
Сонымен  пенитенциарлы  психологияның  объектілеріне  мыналарды 
жатқызуға болады:  

айыпталушы  тұлғасы,  оның  спецификалық  ерекшеліктерінің 
динамикасы,  жазасын  өтеудің  әр  түрлі  жағдайында  және  ресоциализациялау 
процесінде көрініс беру тәсілдері; 
-  Айыпталушылар  топтары  мен  бірлестіктері,  олардың  әлеуметтік-
психологиялық  сипаттамалары,  құндылық  бағдарларының  ерекшеліктері, 
ассоциалды субмәдениеттері, айыпталушылар арасындағы стратификация; 
-  Қылмыстық  жазаны  өтеу  мекемелері  қызметкерлерінің  тұлғасы  мен 
ұжымы,  олардың  айыпталушыларды  түзету  және  ресоциализациялау  процесін 
ұйымдастыруға байланысты іс - әрекеті; 

Айыпталушыларды  түзету  мен  ресоциализациялаудың  негізгі 
құралдарының психологиялық негізділігі; 
-  Қылмыстық  орындау  заңы  нормаларына  психологиялық  сараптама 
жасау  және  олардың  айыпталушыларды  түзету  мен  ресоциализациялау 
міндеттеріне сәйкес келуі. 
Кез    келген  басқа  ғылым  сияқты  пенитенциарлы  психологияның  да  өз 
даму  тарихы  бар,  онда  ғылыми  теориялық  тенденциялардың  пайда  болуы, 
қалыптасуы  мен  алмасуы,  оларды  әлеуметік-экономикалық  жағдайларға  қарай 
тәжірибеге ендіру ерекшеліктері қарастырылады.  
Әдіснама іс-әрекетті ұйымдастыру мен құру тәсілдері мен принциптерінің 
жүйесі  ретінде  анықталады.  Психология  ғылымының  әдіснамасын  теориялық 
тұжырымдамалар жасауға қажетті принциптердің жиынтығын құрайды.  
Пенитенциарлы 
психологияның 
әдіснамасы 
айыпталушылардың 
тұлғасында,  сондай-ақ  олардың  ортасында  пайда  болатын  психологиялық 
процесстер  мен  құбылыстарды  жүйелі,  концептуалды  тұтас  қамтуды 
пенитенциарлық теориялар мен практикалардың маңызды мәселелерін ескеруді 
ұйғарады. 
Пенитенциарлы психологияға тән әдіснамалық принциптер:  
- Детерминизм принципі (С.Л.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев); 
-  Сана  мен  іс  -  әрекеттің  бірлігі  принципі  (С.Л.Рубинштейн,  А.Н.Леонтьев, 
Б.Г.Ананьев, Б.М.Теплов және т.б.); 
-  Даму принципі (Ч.Дарвин, С.Л.Рубинштейн, Б.Ф.Ломов және т.б.); 

Түзетілу 
принципі 
(Н.Чернышевский, 
И.П.Павлов, 
К.К.Платонов, 
К.Д.Ушинский, А.Г.Ковалев, В.Ф.Пирожков және т.б.); 

89 
 

Белсенділік  принципі  (К.К.Платонов,  А.Г.Ковалев,  В.В.Пирожков, 
В.М.Поздняков, М.К Дебольский, М.П.Стурова және т.б.); 
-  Тұлағаны  ресоциализациялау  мен  гуманизациялау  принципі  (М.Н.Гернет, 
В.С.Утевский, Ю,Ю.Вехтерев, М.И.Еникеев, В.П.Пирожков және т.б.); 
-  Түзету  процесінің  тұтастығы  принципі  (А.Г.Ковалев,  В.Ф.Пирожков, 
М.П.Стурова, К.К.Платонов, А.Д.Глоточкин т.б.);  

Дифференциация  және  индивидуализация  принципі  (А.Г.Ковалев, 
В.Ф.Пирожков, 
А.Д.Глоточкин, 
А.С. 
Новоселова, 
В.Д. 
Лутанский,                   
Л.В. Высотина т.б.). 
Пенитенциарлы психология төмендегідей әдістер жүйесін қолданады: 
1.  Ұйымдастыру  әдістері:  лонгитюдті  (қандай  да  бір  адамдарды  ұзақ 
уақыт бойы бірнеше мәрте зерттеу), әр түрлі құралдарды қолданатын кешенді 
әдістер (обьектіні түрлі ғылымдар тарапынан зерттеу). 
2.  Эмпирикалық  әдістер:  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау,  эксперимент 
(табиғи  және  лабораториялық);  психодиагностикалық  әдістер  (тесттер,  анкета, 
сұрақнама,  социометрия,  интервью,  әңгіме);  іс-әрекет  нәтижелерін  талдау, 
биографиялық әдістер. 
3.  Мәліметтерді  өңдеу  әдісі:  сандық  (статистикалық)  және  сапалық 
(материалдарды топтарға бөлу) талдау әдістері. 
4.  Айыпталушы  тұлғасына  психологиялық-диагностикалық  ықпал  ету 
әдістері  және  түзету  әдістері  (аутотренинг,  топтық  тренинг,  психотерапиялық 
ықпал  ету  тәсілдері,  психологиялық  кеңес  беру,  қылмыстық  психологиялық 
сараптама әдістері). 
Айыпталушылардың тұлғасы мен ортасын зерттеу мәліметтерін психолог 
айыпталушыға  психологиялық  мінездеме  құру  үшін,  мінез-құлықты  болжау 
үшін және айыпталушылардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне ұсыныстар 
мен түзетулер енгізу үшін, психологиялық портрет құру үшін қолданады. 
Психологиялық  мінездеме  айыпталушы  туралы  мәліметтерден,  болжам 
мен  ұсыныстардан  тұрады.  Түзету  мекемелерінің  практикасында  көбінесе 
тұлғаны  сипаттайтын  қатынастар  ескерілетін  формальданған  мінездемелер 
қолданылады.  Түзету  критерийі  ретінде  көбінесе  тек  режимге  деген  қатынас 
қолданылады. 
Психологтар  мінездеме  беруде  көбінесе  адам  әрекеттерінің  әлеуметтік 
жақтарын ғана қамтиды (тәртіпті, режимді бұзушылар, үздік оқиды, үлгермейді 
т.б.).  Бұл  мінездемелерде  тұлғаның  жеке-психологиялық  ерекшелігі  толық 
ашылмайды  (айыпталушылар  «бәрі  бірдей»).  Психолог  пенитенциарлы 
мекемеде  персоналды  оқытудың  бағдарламасын  жасайды:  айыпталушылар 
тұлғасы 
мен 
ортасын 
психодиагностикалаудың 
кешенді 
әдістері; 
айыпталушыларды  зерттеу  мәліметтерінің  негізінде  олармен  жеке-тәрбиелік, 
топтық  жұмысты  ұйымдастыруға  байланысты  әдістемелік  ұсыныстар  жасау; 
түрлі  категориядағы  айыпталушыларға  арналған  арнайы  психологиялық-
педагогикалық  аутотренинг  бағдарламасын  қолдануға  байланысты  ұсыныстар 
келтіру;  айыпталушыларды  ерекше  қатыгездікпен  жасаған  жыныстық 
қылмыстық істері үшін ресоциализациялау бағдарламасын жасайды, сондай-ақ, 

90 
 
бригадалардың, 
отрядтардың, 
дербес 
бірлестіктердің 
қалыптасуының 
психологиялық-педагогикалық  критерийлерін  анықтайды.  Қылмыстық  жазаны 
өтеу  жағдайларында  туындайтын  психологиялық  құбылыстар  жайлы 
жинақталған  фактілерді  талдау  және  жүйелеу,  зерттеу  және  оның  негізінде 
белгілі  бір  психологиялық  заңдылықтар  орнату  мақсатында  ғылыми  әдістер 
жасау  мен  қолдану  кезеңінің  алдындағы  уақытпен  байланыстырады 
(М.Н.Гернет,  С.В.Познышев,  А.Г.Ковалев,  К.К.Платонов,  В.М.Пирожков, 
А.Д.Глоточкин,  В.Л.Васильев.  Ю.В.Чуфаровский,  М.И.Еникеев).  М.И.Еникеев 
бойынша,  түзету  (пенитенциарлы)  психологиясы  айыпталушының  өкінуі  мен 
ресоциализациясынан  тұрады,  түзету  психологиясы-  (лат.  тілінен  алынғанда 
өкіну, 
түзетілу) 
тұлғаның 
бұрын 
бұзылған 
әлеуметтік 
сапаларын 
ресоциализациялаудың  психологиялық  негіздерін  зерттейді.  Қылмыстық-
орындаушылық  құқық  пен  өзара  әрекеттесу  негізінде  пенитенциарлы 
психология айыпталушыларды ресоциализациялануына байланысты ұсыныстар 
жасауға,  құқық  бұзушылар  тұлғасын  психологиялық  түзету  құралдарын, 
әдістері  мен  тәсілдерін  табуға  бағыталған.  Қылмыстық  -орындаушылық  заңда 
айыпталушыны  жасаған  қылмысы  үшін  белгілі  бір  игіліктерден  айыруға 
ұштасатын  мемлекеттік  мәжбүрлеу  шарасы  жаза  болып  табылады. 
Айыпталушыларды  түзету  және  ресоциализациялау  процесі  осы  теориялық 
негізге сүйеніп, құрылады.  
Психолог 
пенитенциарлы 
мекемеде 
персоналды 
оқытудың 
бағдарламасын 
жасайды: 
айыпталушылар 
тұлғасы 
мен 
ортасын 
психодиагностикалаудың  кешенді  әдістері;  айыпталушыларды  зерттеу 
мәліметтерінің  негізінде  олармен  жеке-тәрбиелік,  топтық  жұмысты 
ұйымдастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар жасау; түрлі категориядағы 
айыпталушыларға арналған арнайы психологиялық-педагогикалық аутотренинг 
бағдарламасын  қолдануға  байланысты  ұсыныстар  келтіру;  айыпталушыларды 
ерекше  қатыгездікпен  жасаған  жыныстық  қылмыстық  істері  үшін 
ресоциализациялау  бағдарламасын  жасайды,  сондай-ақ,  бригадалардың, 
отрядтардың,  дербес 
бірлестіктердің 
қалыптасуының 
психологиялық-
педагогикалық  критерийлерін  анықтайды.  Бір  жас  кезеңінен  келесісіне  өту 
психикалық  дамудың  өзгерісімен  ерекшеленеді.  Ол  жастың  құрылымдық 
компоненттерінің  қайта  құрылуын  білдіреді  және  азды-  көпті  көрінетін 
конфликтілер 
мен 
қарама-қайшылықтарға 
ұласуы 
мүмкін. 
Құқық 
бұзушылардың  жас  ерекшелікке  байланысты  мынандай  топтарын  бөліп 
көрсетуге  болады: жеткіншектік,  жасөспірімдік, жастық шақтық,  кемелденген, 
ересектік және қарттық шақ. Жас шамаларының өзгеріп отыратындығын ескеру 
керек. 
Тәрбиелеу  колонияларында  кәмелеттік  жасқа  толмаған  айыпталушылар, 
сонымен  қатар  жиырма  бір  жасқа  дейін  колонияда  қалдырылған 
айыпталушылар  жазаларын  өтейді.  Негізінен  бұл  кәмелетке  толмаған  құқық 
бұзушылар  жасөспірімдер  мен  жеткіншектік  жастағылар,  сонымен  қатар  ауыр 
қылмыс  жасағандары  үшін  айыпталған  он  төрт,  он  бес  жастағы  жеткіншектер 
болып табылады. Жеткіншектік жаста моральдік негіздер, әлеуметтік бағдарлар 

91 
 
қалыптасады, әр түрлі моральдік және құқықтық тыйымдарға қатынас орнайды. 
Сонымен  қатар  ол  әлеуметтік-адамгершілік  және  физикалық  дамудың 
дисгармониясымен, 
жоғары 
дәрежелі 
қозушылықпен, 
күйгелектікпен 
ерекшеленеді.  Жүйке  жүйесінің  жоғарыда  келтірілген  ерекшеліктері 
дисциплинаның  бұзылуына,  қоғамдық  тәртіптің  бұзылуына,  қылмыстық  заң 
нормаларының  бұзылуына  себепші  болады.  Жеткіншектердің  жүйке  жүйесі 
қатты  шаршау  кезінде  әр  түрлі  функционалдық  бұзылыстарға  әкелуі  мүмкін. 
Патогендік  сипаттағы  сезімталдықтың  артуымен  ерекшеленеді.  Жыныстық 
жетілу  мен  әлеуметтік  жетілу  арасындағы  диспропорцияға  байланысты  пайда 
болған  жыныстық  инстинктерді  қадағалау  оларға  қиынға  соғады.  Күдікті 
кезеңдерден  жеткіншек-  құқық  бұзушылар  арқылы  алынған  ақпарат  тұлғаның 
кері  дамуына  себепші  болады:  порнографияға,  жыныстық  арсыздықтарға, 
гиперсексуалдылыққа, жыныстық байланысқа ерте түсуге қызығушылық пайда 
болады.  Ересектерге  ұқсағысы  келгендіктен  олар  шылым  шегеді,  ішімдік 
қолданады,  секспен  айналысады.  Бұл  жерде  тәуелсіз  болуға  деген  ұмтылыс 
оларда арсыз сипатқа ие болады. Олардың ортасында қатыгездік, мейірімсіздік, 
ценизм, күш орын алады.  
Жеткіншек- 
делинквенттердің 
өзін-өзі 
тәрбиелеуі 
жағымсыз 
бағыттылыққа  ие.  Ал  қарым  -қатынасқа  жалған  героизм  негіз  болады. 
Жеткіншек  құқықбұзушылардың  танымдық  қызығушылықтары  не  дамымаған, 
не  жоғалған,  не  криминалдық  бағыттылыққа  ие  болған.  Жасөмпірімдік  шақта 
тұлға  дамуының  қозғаушы  күші  болып  қоғамның,  жанұяның  және  мектептегі 
ұжымның  адамға  қоятын  талаптар  деңгейінің  шұғыл  артуы  мен  олардың 
психикалық  даму  мен  әлеуметттік  жетілу  арқылы  қол  жеткізген  деңгейлері 
арасындағы 
қарама-қайшылық 
табылады. 
Тәрбиелік 
колониясындағы 
тәрбиеленушілер  құрдастарымен  салыстырғанда  психикалық  дамуында  
ауытқушылықтар  басым  орын  алады.  Физикалық  кемшіліктер  олардың  лақап 
аттарынан көрініс береді және қоршағандар оларды төмендету және тіл тигізу 
мақсатында  қолданады.  Жасөспірімдік  шақтағы  тәрбиеленушілердің  көпшілігі 
қиындықтарға  төтеп  бере  алмайды,  өз  қажеттілікерін  шектей  алмайды.  Бұған 
себеп  бостандықта  жүргенде  ата  -аналарының  оларды  әр  түрлі  жағымсыз 
құбылыстардан  ұстауларында,  олардың  алдарында  барлық  жол  ашық  деп 
сендіруінде.  Өздерінің  жоғары  сұраныстарын  адал  жолмен  қанағатандыру 
мүмкіндіктері болмағандықтан, олардың кейбіреулері қылмыстық жолға түседі. 
Қажеттіліктер  гипертропиясы  тәрбиеленушілерді  режимді  бұзуға  итермелей 
отырып,  каллонияда  да  көрініс  береді.  Оларға  өзін-өзі  бағалаудың  адекватты 
болмауы тән. Олар көбінесе, кез келген құрал арқылы өздеріне назар аудартуға 
тырысады. Өзінің басқалардан артықшылығын жариялайды. Өзін сыни тұрғыда 
бағалауға деген қабілетсіздік олардың өз бойларындағы жағымсыз сапалармен 
әдеттерді  жою  қажеттігін  көрмеуіне,  қылмысқа  жетекшілік  етуіне,  кінәні 
өзгелерге жабуға әкеледі.  
Жеткіншектік және жасөспірімдік шақтағы айыпталушылардың арасында 
инфантильдік  тәрбиеленушілер  де  кездеседі  (В.Ф.Пирожков).  Олар  режимге, 
оқу іс - әрекетіне, және өздерінің болашақтарына немқұрайлы қарайды. Оларға 

92 
 
пікірлердің 
үстірттілігі, 
жеке 
тілектерін 
орындау 
кезінде 
тежеу 
механизмдерінің  бұзылысы,  жауапкершілік  сезімінің  жетілмеуі  тән.  Олар 
күйгелек,  бір  орында  отырмайтын  болып  келеді,  бастаған  істі  соңына 
жеткізбейді, олардың қызығушылықтары мен зейіндері тұрақсыз, ал қылықтары 
өз  жастарына  сай  келмейді.  Олардың  құлықтық  және  құқықтық 
инфантилизімдері  түрлерінде  тұрады:  мораль  мен  құқық  нормаларына 
талғаусыз  қатынас,  өзіне  және  өзгелерге  талап  қоймау,  құқыққа  қарсы  мінез 
көрсету.  Мұндай  адамдар  жасаған  қылмыстарына өкінбейді  және күнә  сезімін 
сезінбейді,  жазаны  әділетсіз  деп  санайды.  Жеткіншектік  және  жасөспірімдік 
шақтағы  кейбір  тәрбиеленушілер  психикалық  аурулардан  жапа  шегеді. 
Аутоагрессияға қашуға, симуляция, аггровацияға, ішімдік пен наша қолдануға 
бейім.  
Кәмелетке  толмаған  құқық  бұзушылар  жазаны  өтеуге  түрліше  қарайды. 
Тергеу  кезеңі  мен  жазаны  өтеудің  бастапқы  кезеңінде  оларға  күту,  сағыныш, 
үміт  үзу,  қайғыру,  фрустрация  күйлері  тән.  Кәмелетке  толмаған 
құқықбұзушылар  топтасады,  олардың  қызығушылықтарына,  мақсаттары  мен 
құндылық    -  бағдарларына  жауап  беретін  олардың  жеке  және  топтағы 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қарым - қатынасты іздейді. Осыған байланысты 
кейбір  тәрбиеленушілер  бөлімшеде,  отрядтарда,  коллонияда  жоғары  статус 
алуға  тырысады  және  түрме  ережелерін,  тәртіптерін,  дәстүрлерін 
білетіндіктерін  жариялайды.  Коллониядағы  романтиканы,  ерік  сапаларын 
насихаттайды, режимді бұзады. Кәмелетке толмаған айыпталушылардың түрме 
ережелерін сақтауы бұрмаланған құлықтық құндылықтарды, қызығушылықтар 
мен  құндылық  бағдарларын  нығайтады.  Кейбір  кәмелетке  толмағандарға 
жоғары  деңгейдегі  сенімділік,  мінез-құлықтың  инфантильдігі,  үшіншілеріне 
конформизм, әрдайым мазақ қылудан пайда болған психикалық ауытқулар тән. 
Кәмелетке  толмаған  айыпталушылардың  жақындары  мен  туысқандарына 
қатынастары  бірдей  емес:  бұл  реніш,  кек,  агрессивтілік,  болған  оқиғаға 
күналау, өкініш болуы мүмкін. 
Коллониядағы  кәмелетке  толмаған  айыпталушылардың  қарым-қатынастары 
қарым-қатынас  үшін  жүзеге  асады.  Заң  бойынша,  оның  тиімділігі  аз,  өйткені 
олардың 
фильмдерден 
көрген 
төбелестер, 
парнографиялар 
жайлы 
әңгімелерімен, 
сондай-ақ 
еркіндікте 
жүргендегі 
қызықтары 
жайлы 
әңгімелеумен  шектеледі.  Сөйтіп  тар  топтық  сипат  қарым-қатынастың 
ресмилігін  шектей отырып, оның сфераларының  қалыпты    қатынасын  бұзады. 
Кәмелетке  толмаған  жасөспірімдік  және  жеткіншектік  жастағы  балаларда 
көбінесе  бір  күндікпен  өмір  сүру  бағдары  көрінеді.  Олар  ары  қарай  бәрі 
өздігінен  түзеліп  кетеді  деп  есептейді.  Осы  жағдайлар,  жеткіншек  пен 
жасөспірім  көзқарасының  тұрақсыздығы,  еркінің  әлсіздігі  мен  мінезінің 
қайшылығы  көп  жағдайда  олардың  өз  тұлғасын  жағымды  өзгерту  ниеттерінің 
жоқтығына  байланысты.  Дәл  осыған  байланысты  кәмелетке  толмаған 
айыпталушылар  бас  бостандығынан  айрылған  өзге  жас  категорияларына 
қарағанда психологиялық-педагогикалық көмекті қажет етеді. 

93 
 
Психолого  -  психиатриялық  экспертті  комиссияның  кешенді  құрамына 
психиаторлар, патопсихологтар және сот психологтары кіреді. Ал психолого  - 
медициналық экспертті комиссия құрамына сот және медициналық психология 
саласы бойынша мамандар кіреді. 
Психолингвистикалық  эксперттік  комиссия  құрамына  сот  психологиясы 
бойынша,  психолингвистер,  сөйлеу  психологиясы  бойынша  мамандар  кіреді. 
Комиссия құрамына жұмысы тәуелсіз адамдар кіруі тиіс. 
Соттық сараптама келесі кезеңдерден тұрады: 
• Құжат- материалдарды толық зерттеу; 
• Зерттеу обьектісімен танысу; 
•Экспериментальды  зерттеуді  немесе  ұзақ  мерзімді  бақылау  жүргізу, 
психодиагностикалық тесттерді қолдану; 
• Қорытынды құрау; 
• Қорытындыны сотта жариялау; 
• Сарапшының сұрақ қоюы. 
Әдетте  соттық-  психологиялық  сараптама  амбулаторлы  түрде  өтеді. 
Мұндай  жағдайда  жұмыс  бойынша  сарапшылар  зерттеуді  нақтырақ  жүргізуге 
болады. Стационарлық жағдайда кешенді психолого- психиаторлық сараптама 
жүргізіледі. Сот психологиялық экспертизаны жүзеге асыра отырып, сарапшы- 
психолог 
психологиялық 
диагностикалардың 
процедуралары 
мен 
методтарының  жүйесін  қолданады.  Соңғы  қорытынды  кезеңде  тұлғаның 
психологиялық құрылымына жалпы қорытынды жасалады. Сарапшы- психолог 
құқықтық мәселелерді шешпейді. Сарапшы қорытындысын талап ететін мәселе 
шеңберін  сот  шешеді.  Судья  сарапшыны  зерттеулерге  негізделетін  және 
тұлғаның  жекелік  ерекшеліктерін  зерттейтін  психологиялық  кешендер  мен 
тәсілдерді  білуі  қажет.  (ТАТ)  –  тематикалық  аперцептикалық  тест,  түрлі 
ойнауды  зерттейтін  методикалар.  Кейбір  жағдайларда  психологотехникалық 
экпертизаның қажеттілігін туындайды. Эксперимент зерттеуде экперименталды 
әдістердің 
ерекше 
ұқыптылығы 
қажет. 
Сарапшы- 
психологтың 
қорытындысында  алдын  ала  құрылған  дәлелденген  күш  болмайды.  Сот 
экспертті  қорытындыны  кейінге  қалдыруға  құқылы.  Соттық  –  психологиялық 
сараптаманың сапасы  – сұрақтардың дұрыс құрылуына байланысты. Соттық – 
психологиялық  сараптамада  келесі  сұрақтар  болуы  мүмкін,  белгіленген  адам 
сәйкес жағдайда физикалық аффект жағдайында болды ма? Егер ия болса, онда 
ол жағдай оның қабілетіне қалай әсер етті, бұл жағдайда өзінің мінез – құлқын 
басқара алу, түсіну. 
Адам эмоционалды – қақтығыстық жағдайда болды ма және бұл оның өз 
әрекеттеріне баға беру, басқаруына әсер етті ме? Кәмелеттік жасқа толмағандар 
үшін  психологиялық  сипатты  анықтау  үшін,  олардың  психикалық  дамуы  мен 
ақыл – ойында патологиялық емес кемістік бар ма? Эмоционалды еріктік және 
интелектуалді  сфераларында  ауытқулардың  болуы  сипатталады  ма?  Егер  ия, 
болса онда бұл ерекшеліктер психиканың оның өз әрекеттері мен қабілеттерін 
басқаруға  қалай  әсер  етті?  Куәгерлер  қатысқан  жағдайда  эксперт  –  психолог 
алдында  мынандай  сұрақтар  қоюы  мүмкін.  Адам  өзінің  жеке  психологиялық 

94 
 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  нақты  жағдайда  маңызды  нәрселерді  дұрыс 
қабылдады ма? Сарапшы – психолог нақты сұрақтарды құру үшін сотта жалпы 
негіздері  болуы  тиіс.  Ол  индивидтің  психикалық  ерекшеліктерінде  біріншіден 
қарапайым  бағдарға  бейім  болу  қажет.  Сотта  негізделген  сенбеушілік  тууы 
мүмкін,  яғни  ол  сәйкес  субьектісінің  азаматтық  процеске  адекватты  тепе  – 
теңдігіне байланысты.  
Сот  –  психиатриялық  экпертизаны  емес,  психологиялық  тағайындауды 
талап 
ететін, 
жағдайларды 
ажырату. 
Психикалық 
ауытқушыларды 
психопотологиялық  құбылыстармен  араластыруға  болмайды.  Психиканың 
потологиялық өзгерістері жалпы деформациялық жекелікпен байланысты. Сот 
өндірісінің  нәтижелілігі  алдын  ала  дайындықтың  мұқияттылығына  және 
компоненттілігіне байланысты болып келеді. Сот отырысында оқиғаны зерттеу 
кезіндегі әрекет етуші модель ұсынылады. Танылған мәселені жағдай сот үшін 
талап  арызбен  танысу  және  оған  ұсынылған  деректерді  қарау  кезінде 
туындайды.  Жауапкерге  соттың  қойған  соңғы  сұрағында  зерттеліп  отырған 
жағдайдың  мүмкінділік  моделі  әрекет  етеді.  Бірақ,  соттың  мақсаты  тек  істің 
мәнін  өзі  үшін  анықтау  емес,  сонымен  қатар,  сот  өндірісінде  әрекет  етуші 
фактілердің  мүмкіндігін  табу.  Яғни,  сот  таныстыру  –  зерттеу  есебін  ғана 
шешпейді,  алынғанда  мәліметтердің  куәландырылғандығын  шешеді.  Сот 
өндірісі кезінде тараптардың мінез – құлқын зерттеуге мүмкіндік алады. Қандай 
жағдайда  болса  да,  соттың  білімі  сот  өндіріс  кезінде  өзінде-ақ  сот 
дәлелдемелердің  күшін  және  анықтығын,  сараптама  тағайындаудың 
қажеттілігін  анықтайды.  Бұлармен  қатар,  сот  өнідірісі  үшін  жаңа  дәлелдердің 
пайда болуын есепке алады және алдын ала берілген деректердің жалғандығын 
да қадағалайды. 
 
Сот өндірісіне істі дайындау кезінде сот мыналарды белгілеуі керек: 
1) Заңға бағынатын фактілердің түрлерін; 
2) Зерттеуге жататын дәлелдер қатарын; 
3) Процеске қатысушы тараптарды. 
Процессуалдық  әрекет  етуші  ретінде  заң  жауапкер  мен  талапкердің 
жауаптарын қарастыруға мүмкіндік береді. Жауаптар істің дұрыс шешілуі үшін 
тыңдалады.  Соттың  сұрақтарының  базасы  –  бұл  талап  –  арыз  және  оған 
ұсынылған  деректер.  Көптеген  жағдайда  талап  арыздар  толық  емес  және  бір 
жақты  болады.  Сондықтан  талапкерге  сұрақ  қоюды  бірінші  кезеңі  –  талаптың 
фактілік  базасын  анықтау  және  талапкермен  берілген  талаптың  әрекеттілігі. 
Сұрақ  қою  кезінде  жауапкер  толықтай  немесе  ішінара  фактілерді  мойындауы 
немесе  одан  бас  тартуы  мүмкін.  Ал,  қарсы  талап  арыз  беру  кезінде  алғашқы 
талапкерлерге  енді  қарсы  талап  арыз  бойынша  жауапкер  ретінде  сұрақ 
қойылады.  Процестің  алғашқы  сұрақ  –  жауап  қою  кезінде  сот  мәлімделген 
деректердің  жеткілікті  немесе  жеткіліксіздігі  туралы  мәселені  және  қажет 
мәліметтерді  алудың  мүмкіндігі  туралы  мәселені  қарайды.  Психологиялық 
қарым  –  қатынас  кезінде  тараптардың  сұрақ  –  жауаптары  олардың  қарым  – 
қатынастарының ұйымымен және  сотпен байланыстылығы. Сұрақ – жауаптың 
қорытындысы «хаттама – анықтама» ретінде орналастырылады. 

95 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет