Жеңіл атлетика


Спорттық жҥрудің техникасы



Pdf көрінісі
бет14/109
Дата22.04.2020
өлшемі1,47 Mb.
#63801
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   109
Байланысты:
жеңіл атлетика лекцияя

Спорттық жҥрудің техникасы 
 
Споттық жүрудің жеңіл атлетиканың бір түрі ретінде пайда 
болуы  мен  қалыптасуы  ХІХ  ғасырдың  ортасында  басталды.  Ең 
алғашқы жарыс Англияда 7 мильді жүріп ӛту 1867 жылы болды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


20 
 
Алғашқы  ұзақ  қашықтықтағы  жүрудің  дистанциясы    Вена  – 
Берлин – 578 км; Париж – Бельфор – 496 км; Турин – Марсель – 
Барселона  –  1100  км.  Ол  1908  жылғы  Олимпиада 
бағдарламасына    3,5  және  10  шақырымдық  спорттық  жүруді 
енгізгенше  жалғаса берді. 
Екінші  кезең:  1908  жылдан  1932  жылға  дейін  жалғасын 
тапты. Бұл уақытта спорттық жүріс олимпиада ойындары түріне 
енгізіледі.    1932  жылы  Лос  –  Анджелестегі  олимпиадалық 
қашықтық 50 км болып енгізілді. 
Әлемдік рекордтар: 1918ж  –  20 км тіркелсе, 1924ж  – 50 км 
тіркелді. 
Үінші  кезең    –  1932  –  1952  жылдары  жаттығудың  қызған 
кезі. Әр түрлі заманға сай әдістермен жаттықтырады. 
1964  -1976  жылдары  спорттық  жүру  біраз  елдерге  тарады.. 
Мысалы: Африка, Азия, Латын Америкасы, Шире кешенді әдіс –   
тәсілдер  жүйелі  түрде  қолданылды.  Спорттық  жүріске 
дайындалатын  адамдар    саны  кӛбейе  түсті.Әр  түрлі  сатыдағы 
спортшылар  дайындала  бастады.  Осыдан  бастап  спорттық 
жүруді нәзік жандыларда меңгере бастады. 
1892 жылы Ресейде  алғаш рет спрттық жүрістен  1,3 және 
10  шақырым    қашықтықтажарыс  ӛтті.  1894  спорттық  жүрістен 
жарыс  Петербург  пен  Царское  село  арасындағы  елді  - 
мекендерде ӛтті. 
1946  ж  спорттық  жүріс  бойынша    50  км  қашықтыққа 
алғашқы жарыс ӛтті. 
1952  ж  Кеңестік  тезжүргіштер    Олимпиада  ойынына 
қатысып,  шет  ел  спортшыларына  кәдімгідей  қарсыластық 
танытады. Әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алады. 
Спорттық жүру әдісінін негізі адамның күнделікті жүрісіне 
ұқсас,бірақ 
кейбір 
ерекшеліктері 
бар. 
Олар 
жоғарғы 
жылдамдықпен  қозғалу,  жерге  қою  сәтінде  аяқтың  толық 
түзетілуі,жамбас  қозғалысының  анық    байқалуы  (әсіресе,  тік 
білек бойымен қозғалғанда). 
Жарыстарда  аяқты  бүгіп  жүру  әдісін  тіреу  кезінде 
қолдануға болады, бірақ тіреу кезеңінде аяқ тік болу керек. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


21 
 
Спорттық  жүру  мен  қарапайым  жүрістің    кӛптеген 
ұқсастықтары 
бар. 
Сонымен 
қатар 
координациялық 
күрделігімен,  тиімділігімен,  үнемділігімен  ерекшеленеді.Жалпы 
теориялық  әдістемелік  талапқа  сай  болу  қажет,  яғни  спорттық 
жүрушінің  қозғалысы  үнемді,  нәтижелі  болған  абзал.  Спорттық 
жүрудің негізгі айырмашылықтары: 
- жоғары жылдамдықты қозғалыс; 
- минутына 200-ден астам адымға жететін қозғалыс; 
- адымның ұзындығы 100см-ден асады, 
-вертикальді осьтің айналасында жамбастың қазғалысы; 
-қолдардың алға-артқа белсенді қозғалысы. 
Ғылыми  зерттеулер    жүру  техникасының  негізгі 
сипаттамаларын анықтады: 
-кеуденің  иілу  бұрышы  және  дененің  вертикальді  теңселу 
кӛлемі; 
-адымдардың  жиілігі  мен  ұзындығы  және  олардың  жүру 
жылдамдығына байланысты; 
-жүрудің фазалары мен кезеңдері; 
Жылдам  жүрушілерде  кӛп  кездесетін  қателер-  жарыстан 
шығарылатын  қателер,  аяқ  тік  кезінде  түзетпеу  және    ұшу 
фазасының  байқалуы,  тірексіз  қалыпта  қозғалыстың  болуы. 
Спорттық  жүруде  жоғарғы  нәтижеге  жету  үшін  созылған 
бұлшық  еттерді  босата  білу  керек,  ол  жоғарғы  нәтижеге  жету 
сатысы 
болып 
табылады.Спорттық 
жүру 
жоғарғы 
жылдамдықпен орындалса да,адымды  алшақ қойған абзал,бірақ 
адымды  мейлінше  созу  кӛп  күшті  талап  етеді,  сонымен  қоса, 
жүру әдісі нашарлап, кӛрсеткіш тӛмендейді.
 
Жерден  табанмен  итерілгеннен  кейін  аяқтың  сирағы 
жоғары  кӛтеріледі.Сермелетін  аяқтың  табаны  жерден  сәл 
кӛтеріледі.  Осы  қалыпта  қозғалысты  жалғастырып,  аяқты  
саннан  жоғары  кӛтеріп,  тізе  буынынан  алға  қозғайды.Керекті 
биіктікке жеткен  кезде,  сермелетін  аяқ толық түзетіледі.Бірінші 
кезеңде жермен байланысты ӛкшеден бастайды, ортаңғы қозғалу 
сызығынан аз аралыққа қойылады.Содан кейін жүруші аяғынкӛп 
жағдайда табанның сырт жағындағы дӛңес жеріне қояды, кадрда 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


22 
 
табан  толық  қойылып,  тік  момент  фазасына  келеді.Осымен 
итерілу  периоды  аяқталады.Қозғалыс  табанның  ұшына  қарай 
сырғиды,  осы  уақытта  итерілу  аяқталып,  бірақ,    аяқ  жермен 
байланыста  болады,екінші  аяқ  жерге  ӛкшемен  тиіп  үлгереді.Бір 
уақытта жүруші  екі нүктелік  қалыпта болады. Алдыңғы аяқтың 
жерге  қысымы  (алдыңғы  тірек)  артқы  аяққа  қарағанда  кӛбірек 
байқалады (А.Л.Фруктов; Н.П.Ратoв;В.Н.Муравьев 1969 жыл). 
Екі  тіректегі  қалып  ұзақтық  жағынан  бір  аяққа  тұрған 
тірекке  қарағанда  бірнеше  рет  аз.  Қозғалыс  кезінде 
жылдамдықтың  ӛсуі  екі  тірек  қалыптың  азаюна  әкеледі.Бұл  екі 
тірек  және  бір  тірек  қалыптың  азаюна  әкеледі.Бұл  екі  тірек 
қалпындағы  уақыттың  азаюы    арқылы  іске  асады.Бірінші 
тіректегі  уақыт  қалпы  аз  мӛлшерде  ғана  ӛзгереді.Екінші 
тіректегі  уақыт  қалпы  қозғалу  жылдамдығына  байланыста 
(Л.А.Головин; Л.Г.Кучин; В.С.Фарфель). 
Жоғарыда айтылғандай, спорттық жүру ӛкшенің жерге тию 
кезінен (алға) тік кезіне  дейін түзелген қалыпта сақталады және 
аяқ тек тіректен алу кезінде бүгіледі. 
Спорттық  жүруде  тік  қалыпта  теңселуден  сақтану  керек, 
әсіресе,  жанына  қарай  шайқалудың  негізгі  себебі  аяқты  екі 
параллель  сызыққа  қоюына  байланысты.Осы  қатені  болдырмау 
үшін  жүрушілер  табан  ұшын  алға  және  сырт  жаққа  бағыттай 
қояды. 
Спорттық  жүруде  дене  қалпы  тік  болады.Бірақ  жүргенде 
алға-артқа ауытқу байқалады.Денені сәл артқа шалқайту итерілу 
фазасын жақсартады,ал денені кӛп алға енкейту бұлшық еттерге 
елеулі күш түсіреді. 
Егер  де  жүрушірлердің    қозғалысын  жоғарыдан  қараса,  біз 
иық иілуінің  және жамбастың қарама-қарсы жаққа бұрылғанын 
байқаймыз.  Қолдың  қозғалысы    аяқ  пен  жамбасты  үйлесімге 
келтіреді.Жамбастың  тік  білек  бойымен  қозғалуы  спорттық 
жүру әдісінің негізі жамбастың  алға, артқа белсенді қимылдауы. 
Жүруші әдісін алдынан   қарағанда сермелетін аяқтың тізесі 
тік қалыпта тіректегі аяқ тізесінен тӛмен болады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


23 
 
Спорттық  жүруде  барлық  бұлшық  еттер,әсіресе,  аяқтың 
бұлшық  еттері  белсенді  қызмет  атқарады,  әр  сәтте  керекті 
бұлшық  еттер  жұмысқа  қосылып,  ал  басқа  бұлшық  еттер 
босаңқы  күйде  болғаны  абзал,  әйтпесе,  қозғалыстың  үнемділігі 
азаяды  және  дұрыс  қарқынмен  қозғалу  қиындайды.  Қолдың 
қозғалысы  спорттық  жүруде  ӛте  маңызды.    Біріншіден,  тепе-
теңдікті  ұстау  үшін  қажет,  жүрушілер  тік  кезінде  қолды  бүгіп, 
сүйір бұрышпен 66-108°  ұстайды,  иық және   шынтақ тұрақты 
қалыпта байқалмайды және әрбір адым сайын ӛзгереді. 
Қолдың қалпы тік кезінде кӛбірек бүгіледі.Егер де спорттық 
жүрушіні  алдыңғы  жағынан  қараса,  қолдың  қозғалысы  алға  іш 
жаққа  бағытталады,  ал  артқы  жағынан  қараса  іш  жағына  қарай 
қозғалады.  Қолдың  саусақтары  әр  жүру  уақытында  босаңқы 
ұсталады. 
Спорттық  жүруде  жоғарғы  жылдамдықпен  келе  жатқанда 
қолдың  қозғалысын  бір  қалыпта,  жұлқыламай  қозғалту  абзал, 
жақсы  әдісті  меңгерген  спорттық  жүрушінің  қозғалысы 
босаңқы,жұмсақ  бір  қалыпты  қозғалады,  спорттық  жүру  әдемі 
табиғи қозғалыс болып есептеледі. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет