6
Кіріспе
Тыныс алу ағзаларының аурулары науқастардың жалпы аурушаңдылығы,
мүгедектілігі жəне өлім-жітімділігі құрылымында меншікті салмақты құрайды. ДДҚ
мəліметтері бойынша соңғы жылдары өкпе ауруымен сырқаттанатын науқастар саны
өсуде, соған байланысты арнайы мамандандырылған дəрігерлер тобынан пульмоно-
логтарды бөліп алуды талап етеді.
Аурудың даму механизмін тереңдете түсіндіруде, емдеу мен диагностиканың жаңа
əдістерін өңдеуде пульмонология қарқынды даму кезеңін бастан өткізуде. Дəрігерлік
күнделікті қызметтің əлеуметтік-экономикалық жағдайы клиницист-дəрігерден
жоғары жəне терең білімді талап етеді.
Бронх-өкпе патологиясы əртүрлі жас тобында кезедеседі жəне басқа ағзалар
мен жүйелердің ауруларымен жиі қосарланып жүреді. Сондықтан пульмонолог-
дəрігердің тəрбиесіндегі негізгі міндет тыныс алу жолдарының ауруларын диа-
гностикалауда жəне емдеуде қолданылатын заманға сай əдістермен танысып қана
қоймай, кең медициналық ой-өрісті дамыту.
Кез келген кезеңде білікті медициналық жəрдем көрсетумен қамтамасыз ету
үшін тыныс алу ағзаларын диагностикалауда жəне емдеуде біріңғай əдістерді стан-
дарттау мен өңдеуде ғана емес пульмонолог-дəрігер тəрбиесінің оқу-білім беру
бағдарламасында болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: