5.47. Іріңді жараға таңғыш қою.
Мақсаты: жарадағы антисептиканы сақтау.
Көрсетілім: іріңді жараның болуы.
Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат
ерітіндісі, КБУ, зонд, шприц қайраусыз инемен, жалпақ резеңке дренаждар, антисептик
ерітінді, жаракергіш.
Əрекет алгоритімі:
1.
Қолынызды гигиеналық дəрежеде өңденіз.
2.
Стерильді қолғап киініз.
3.
Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешініз.
4.
Пинцетпен жалпақ резеңке дренажды шешініз.
5.
Жара аймағын 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен
ұстап өңденіз.
6.
Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.
7.
1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен қстап жараны өңденіз.
8.
Жараны зондпен немесе жаракергішпен тексереміз.
9.
Жараны шприц пен қайраусыз инемен 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен
шайыныз.
10.
Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.
11.
Қолданылған құралдарды лас лотокқа тастаныз.
12.
1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап жараны өңденіз.
13.
Пинцет пен зонд көмегімен жараға жалпақ резеңке дренаж енгізініз.
14.
Жараға антисептик ерітіндісіне малынған салфетка қойыныз.
15.
Дəкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.
16.
Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты кбу ға тастаныз.
Достарыңызбен бөлісу: |