Редакциялаудың логикалық негіздері. Баспасөздегі тіл
мәдениеті мәселелері
Мақалада редакциялаудың әдіс-тәсілдері, оның шығу, қалыптасу
негіздері жөнінде түсінік беріледі. Түрлі әдебиеттерді редакциялаудың
негізінде олардың көркемдік, мәтіндік, стилдік сапасын жетілдіру мәселелері
қамтылған.
Сонымен
бірге,
аударма
шығармаларын
редакциялау
тұжырымдары да сөз болады. Әдеби өңдеудің сипаты жағынан
қолданбалылығы, мақсаты жағынан тәжірибелік, құрылымы бойынша
кешенді пән екендігін айқындау арқылы редакциялаудың техникасы мен
технологиясы таныстырылады. Газеттік- публицистикалық, ғылыми-
техникалық, ғылыми-көпшілік әдебиеттерін редакциялаудың өзіндік
ерекшелігі түсіндіріледі. Редакциялау ісінің газет-журналдарда, баспаларда
өзара алмасып тұратын шығармашылықүдеріс екендігі және әрбір
шығарманы оқып, талдап, тексеріп редакциялаудың материалдың сапасына
тигізер ықпалы тұжырымдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |