Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет93/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Орайлы ұсыныс


95

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

жалпы әр өңірден шыққандардың есімдерін жарыстыратын жалпықазақстандық  

«бәйгеге» айналады. Қажетсіз әрі әділетсіз бәйгенің сөресі болғанымен мәресінің 

мандымайтыны мәлім. Сондықтан да жалпы ел үшін нәтижесі кем, берері аз осын-

дай қажетсіз «жарыстармен» шұғылданудың дұрыс еместігін ұғынар шақ туды. 

Ономастикалық атаулар беру барысында біз қазақ мемлекеттілігін қалыптас-

тырған және оны сақтауға ерекше еңбек сіңірген тұлғалар туралы ойланғанымыз 

дұрыс.  Мемлекет  дегеніміз  –  елге  атау  берген  халықтың  зор  қорғаны.  Қазақ 

мемлекеті болмаса, халық ретінде сақталып қалу мен өркендеудің де бола ал-

майтынын Абылай заманынан бері Кенесары да, Есет батыр да, Жанқожа ба-

тыр  да басқа қаһармандар да, Алаш қайраткерлері де тереңнен түсінді, сол үшін 

өмірлерін осы ұлы мұратқа арнады. Алланың алқауымен дәуіріміз бейбіт, тұрмы-

сымыз тыныш біздер сол күрестерді ұмытпай  мемлекетшіл тұлғаларды ең ал-

дымен ұлықтауымыз керек. Әсіресе, ірі қалаларымыздағы негізгі даңғылдар мен 

көшелер, мектептер, колледждер, университеттер осындай ерен есімдердің атын-

да болып, әр тұстан мемлекеттілігімізді айқындап тұрса, өткенге құрмет, ұрпаққа 

өнеге, келешекке аманат болары ақиқат. Қазіргі кезде  қазақ мемлекетін құрған 

және оны сақтап қалған хандардың есімдері тарих оқулықтарында, көркем туын-

дыларда, ғылыми еңбектерде болмаса, әділетсіз түрде ескерілмеуде. Сондықтан 

да Бисмарк, Наполеон, Вашингтон, Ганди, Ататүрік, Петр сияқты тұлғалардың 

есімдеріне елеңдеп, олар туралы мәліметтерді жақсырақ білеміз. Қазақ хандығын 

42 жыл бойы басқарып, жерімізді кеңейткен, елдігімізді көгерткен Хақназар хан-

ды қаншалықты ұлықтап  жүрміз, ойлануға,  ойлана  тұрып  ұялуға  тура  келеді.  

Біз халықтық санадан мемлекеттік санаға, елдік сезімге енді беттеп бара жатқан 

жұртпыз. Ол соған орай жұмыстарды да қажетсінеді. Еліміздегі барлық сала-

ны қамтитын осындай санашылдық дәуірде, ұранымыз елшілді болатын кезеңде 

ономастикалық бастамаларымыз да сол елшілдік арнасынан табылса, ол өткенді 

құрметтеп,  бүгінді  бағалап,  болашаққа  бағдар  жасағанымызбен  сабақтасары 

ақиқат. Сол себепті де, тарихты түгендеу тек ғылыми жұмыс ғана емес, халық 

көрнекі  ақпараттан  күнделікті  қанығар  ономастикалық  атаулармен  де  тікелей 

сабақтас екендігін зерделегеніміз жөнге бастамақ.

Елордадағы  ономастикалық  жұмыстардағы  басымдық  үнемі    жалпыұлттық 

мұраттармен,  құндылықтармен  сабақтастырыла  жүргізіледі.  Бұған  қаладағы  

көше атауларының қазіргі көрінісі  толық куә болады.  Мәселен, елордалық  оно-

мас тикалық комиссия өз жұмысында атаулардың тарихи, мәдени, рухани, эти-

калық, саяси, қоғамдық мазмұнының қазақстандық отаншылдықты насихаттау, 

дәріптеу мақсатындағы айрықша маңызын ескеріп бекітілген, бекітілмек атау-

ларды  жүйелеген. Ономастикалық жұмыста басшылыққа алынатын бұл жүйе  

жалпыұлттық мұраттарды, тәуелсіздік құндылықтарын байыптауға әрі бағалауға 

мүмкіндік береді. Төл құндылықтарының реті мен маңызын білген адамның да, 

қоғамның да берік боларын кәрі тарих сан мәрте дәлелдеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет