Сергіту сәті «Көлеңке» ойыны.
Бұл ойын жарықтың түзу сызықпен таралатынын оқушылардың есіне
түсіреді. Қараңғыланған бөлмеде сыныптың сыртында тосу үшін бір
оқушыны таңдайды. Содан кейін бір оқушыдан оның көлеңкесі тақтаға
түсетіндей сынып бөлмесінің артқы жағына отыруын сұрайды. Алынған
көлеңкенің контурын сызып қояды. Сыртта тұрған оқушыны шақырып,
ол тақтадағы профиль кімдікі екенін анықтауы керек. Бұл ойынды келесі
оқушымен де қайталауға болады.Осы ойын арқылы оқушылардың
арасында көлеңкенің пайда болу себептерін білуге деген құштарлық
пайда болады. Ал ол сұрақтардың жауабын келесі тапсырмаларды
орындау барысында түсінеді,біледі.
Достарыңызбен бөлісу: