Бос презентация құру
Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері
қолданылмаған таза презентация құру әрекетін :
Power Point программасын іске қосу мезетінде экранда пайда
болған сұқбат терезенің Презентация құру өрісіндегі
Боспезентация(Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;
Файл-Құр укомандасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің
Жалпы(Общие)астарлы бетінде Жаңа презентацияны(Новую
презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;
Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру(Создать) батырмасында
тышқанды шерту арқылы орындауға болады.
Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд
құру сұқбат терезесі ашылады
Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын
таңдау әрекетін Слайд құрусұқбат терезесінде жүзеге асыруға
болады.
Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу
Шаблон көмегімен немесе бос презентацяны құру командалары орындалған
соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады.Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін,
графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай
аламыз.Қажетті схеманы таңдап,ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд
пайда болады.Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент
енгізілетіні көрсетіліп тұрады.Мысалы,слайдтың жоғарғы жағындағы өріс
аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с.Бастапқы уақытта
слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.
Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді
енгізген соң, олардың қаріп түрін,түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға
болады.Форматталатын мәтінді ерекшелеп,белгілеген соң,Формат-Қаріп(Формат-
Шрифт)командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде”””немесе форматтау
саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді
орындаймыз.Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орндау үшін,
өріс жақтауында тышқанды шертіп,алдымен оны ерекшелеп аламыз.
Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы.Әдетте
таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады.Осы
стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды
шертеміз де Формат-Таңба(Формат-Маркер)командасын
орындаймыз.Таңбалар(Маркеры)сұқбат тезесі ашылады.Қаріптің Wingdings деген
түрін ашсақ,бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез келгенін
таңдап,ОКбатырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.