Өлең
TIЛEK
Қанат қағып түзге ұшқан,
Жазда түлеп, күзге ұшқан.
Аққу ілген сұңқарға,
Қарға алдырма, а, Құдай!
106
Сабан-сақпыт жегізіп,
«Жүрекке тұмар» дегізіп,
Топтан озар тұлпарды,
Лауға алдырма, а, Құдай!
Бақ сәулесі жұлдызды,
Батасы қымбат құндызды
Қапылыста мерт қылып,
Ауға алдырма, а, Құдай!
Қарсы шапқан қамалға,
Ақыл тапқан амалға.
Аңдаусызда батырды,
Жауға алдырма, а, Құдай!
Таяқ тиер етіме,
Таңдақ тиер бетіме.
Жүк тартпайтын шабанды
Жарға алдырма, а, Құдай!
Мазақ қылар жұртына,
Таба қылып қыртына.
Көрсеқызар жаманды,
Парта алдырма, а, Құдай!
Көз жібермей тегіне,
Қосыла алмай теңіне.
Қобалжыған жүректі,
Зарландырма, а, Құдай!
Қосылса біреу жарына,
Теңдес болып бағына.
Шоқ түсіріп ішіне,
Таңдандырма, а, Құдай!
Тап түсіріп арына,
Қайғы салып жанына.
Су көрсетіп сағымды,
Малдандырма а, Құдай!
Тілекті бер, а, Құдай!
Тіректі бер, а, Құдай!
Сүйгеніне сүйсінер,
Жүректі бер, а, Құдай!
Достарыңызбен бөлісу: |