ЗАЙСАННАН ТЕЛЕГРАМ 2 апрельде (жаңаша) Зайсан советі Семейдегі обласной совет атына телеграм беріп отыр:
«Анық хабар алдық: Қытай Алтайындағы біздің бодандарымыз қатерде көрінеді.
Шәуешекте Қытай әскері көбейді. Зайсанға да Қытайдың солдаттары келе бастады.
Тезінен автомобиль мен пулеметтер беріп, қызыл гвардиядан ұшқыр әтірет жіберіңіз» деп.
Мұндағы совет бұл телеграмға былай жауап қайырды: «Біздің мақсұтымыз — халықтың
қанын төкпек емес еді. Шамамыз келмейтін жаумен шайқасу емес-ті. Сондықтан әскер
жіберуді лайық көрмейміз. Бұл телеграмдарыңды Омбы советіне, Мәскеудегі халық
комиссарына да жіберіңдер» деп.