18
Россияға қанша еркіндік, теңдік, туысқандық берілсе де, құралы барлар ғана пайдаланып,
құралсыз біз сықылдылар ноқтадан әлі босанған жоқ. Құралды жұрт автономия алдық
десе де, қауіп жоқ дейді. Біз исполнительный комитет сайласақ та көздерін бажырайтты.
Бір орыс ауылы өтірік шақса да, құралды шерулер жіберілді. Жетісу облысы тегіс құрбан
болып жатса да жүре тыңдалды. Осының бәрі де неден? Әрине, бізде құрал жоқтықтан.
Осы соңғы кездерде большевиктер шықты. Россияға қараған жұрттардың бәрі тегіс
құралданып жатыр. Біздің жеңіміз жиналар емес. Енді уақыт жетті, кеңірдекке пышақ
таянды. Тегіс құралданалық. Бізге кім құрал берсе, сол дос. Малымызды ұлт қазынасына
салалық, мәдени жұрттың жолына түсіп, қару-жарақ алалық. Бір жағынан бабамыздың
қылыш, найза, айбалтасын да асыналық. Құл болып, қорлықта өлгеннен еліміз үшін
шаһид болғанымыз артық. Қазіргі күй де, дініміздің бұйрығы да осы. Құралсыз күн жоқ
екенін білелік.
Достарыңызбен бөлісу: