2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет219/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Ханифа Орынтай баласы 
 
Семей хабары 
МЫҢ СОМ АЙЫП 
Алаш  қаласының  советін  қайта  сайламақ  болып,  комиссия  қаулы  жасағанда  пұттар, 
имамдар сайлауға кірмейді деген сөздер болған. 
Өзі  большевик  Ғабдалшүкір  имам  бұл  қаулығы  шамданып,  жәмиғаға  жиылған  жұртқа 
«Бұл  қаулы  шариғатқа  хлаф,  дінсіздікпен  жасалған»  деп  уағыз  сөйлеген.  Бұл  сөзді 
комиссия  военно-революционный  штабқа  білдіргеннен  кейін  моллекеңе  мың  сом  айып 
(штраф) салған. 
 
 
ШАЙ, КЕЗДЕМЕ УАҚЫТША БЕРІЛМЕЙДІ 
Осы  уақытқа  шейін  обласной  азық-түлік  бөлімі  (бұрынғы  азық-түлік  комитеті)  ауылнай, 
болысной комитеттердің удостоверениесімен жұртқа керек-жарақ беріп тұрушы еді. Енді 
болысной  комитеттің  мөрі  болмаса  пұл  бермейтін  болды.  13  майдан  (ескіше)  бері 
Россиядағы  ашаршылық  көріп  жатқан  халықтар  қолындағы  бар  нәрсесін  азық-түлікке 
айырбастайтын  болды.  Айырбас  сауданың  тәртібі  азық-түлік  туралы  жасалған  күнбатыс 
Сібірдің  сиезінде  бекіді.  Сондықтан  облыстағы  азық-түлік  бөлімі  «Айырбас  сауда 
жөнделіп жүріп кеткенше халыққа шай, кездеме беру тоқтатылсын» деп қаулы қылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет