ОМБЫДА ӘДЕБИЕТ КЕШІ 14 февральда «Бірлік» қауымы әдебиет кешін жасады. Тамашаға халық көп жиналды.
Орыс, ноғайдан да бірсыпыра кісі келді. «Кім жазалы?» атты драма ойналды. Түрлі әндер
айтылып, күйлер күйленді. Омбыда тұңғыш болған қазақ әдебиет кеші көңілдегідей
көркем өтті. Таза пайда 1000 сом болды. Бұл ақша мұқтаж оқушылар пайдасына арналды.
ЕКІБАСТҰ3 Декабрьдің 26-нан 31-не шейін құрылтай сайлауы болды. Зауыттағы жұмысшы
қазақтардан Алаш партиясының 5-ші номерлі списогіне 705 кісі тас салды. «Үш жүз»
партиясының 11-ші нөмеріне бір кісі де тас салған жоқ.