мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекше сипаты элитарлық және
өзінділік болды. Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары былай деп
тұжырымдаған: емделу мақсатындағы сапарлар туризмге бастау болды және
алғашқы туристік ұйымдар білім сипатын алды.
Шындығында да бұл кезеңде «аристократтық туризм» деп аталатын
туризмнің дамуымен сипаттайды. Яғни, бұл кезде шетелдік сапарларға бай
адамдардың қолы ғана жеткен.
Қазіргі кезде әлемдік туризмнің дамуын 4 негізгі тарихи кезеңге бөлуге
болады. Бұндай бөлудің негізін мынадай критерийлер қалайды: туризмнің
әлеуметтік және экономикалық алғышарттары, функциялары.
Достарыңызбен бөлісу: