49
батыс(еуропа),
судыр(ахмет),
жаңа(зеландия),
орта(жүз),
сейфүл(мәлік),
солтүстік(корея),
қиыр(шығыс),
орта(азия),
қара(теңіз),
ер(тарғын),
аяз(ата),
қамбар(ата),
бұқар(жырау),
ұлы(британия), асан(қайғы), шопан(ата), ұмай(ана), ұлы(жүз),
зеңгі(баба), солтүстік(двина), мадагаскар(аралы), балуан(шолақ),
қазыбек(би), екі(бас)(тұз), оңтүстік(америка), жаяу(мұса), жаңа(жер),
апенин(түбегі), алдар(көсе).
89-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, өзіндік ойларыңызды айтыңыздар.
Нан ардақты, адал дос
Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қорғанар.
Нан ардақты, адал ас,
Кәрі, жас онан аттамас.
Ақ дастарқан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарқаннан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы –
Нан қиқымын шашпаңдар.
Жерде жатса, баспаңдар,
Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар.
(Ө.Тұрманжанов)
Достарыңызбен бөлісу: