Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет81/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

141-жаттығу.  Төмендегі  хабарлы  сөйлемдерді  сұраулы  сөйлемге 
айналдырыңыздар. 
Танабай  осыны  айтып,  уақыт  шіркін  мына  жорғаның 
шабысындай  болып  көзді  ашып  жұмғанша  өте  шыққанына  өкінді. 
(Ш.А.) Жаз айының жадыраңқы күнінде Танабай сайда пішен шауып 
жатқан.  (Ш.А.)  Сол  сапарда  көз  ұшынан  ол  шауып  бара  жатқан 
жорғаның  шаңын  байқап  қалып  еді.  (Ш.А.)  Көз  үйреніп,  ішіндегі 
адамдарын анық түстегеннен кейін бұл үйде қорқарлық дәнеме жоқ. 
(Ғ.Мүс.)  Ақ  күртіктің  үстімен  келе  жатқанда  әуелі  Қалишаның  үйін 
көрмейсің,  үйдің  төбесінде  жатқан  пештің  мойнын  жабатын  күл 
дорбаны  көресің.  (Ғ.Мүс.)  Оспанның  бір  тума  қарындасы  тәрізді, 
өзіне  ұқсас,  өзімен  тұтас  қара  бәйбішесі  бар.  (Ғ.Мүс.)  Қимылдаған 
адам айып тартатындай ешкім тырс етіп дыбыс шығармады. (Ғ.Мүс.) 
Жеті қараңғы түнде ауылдың ту сыртында Итемген мен Оспан отыр. 
(Ғ.Мүс.)  Жүністі  бір  жарлауыттың  астына  тастап,  Қартқожа 
бүкшеңдеп, буыны сыртылдап, Шамкештің іргесіне келді. (Ж.А.) Елге 
келгеннен  бері  қарай  Мағаш  пен  Кәкітайлардан  Әбіш  көп  нәрселер 
естіп қалған-ды. (М.Ә.) 
 
142-жаттығу.  Мәтіндегі  сөйлемдердің  тыныс  белгілеріне  назар  аударып, 
сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын талдап көрсетіңіздер. 
Уәде беру оңай болғанмен, сонау таудың ұшар басындағы құшақ 
жетпес қарағайды қырқып, төменге жеткізу оңай ма? (Ш.А.) Осының 
барлығы  Оразқұлдың  хайуандығынан,  ақыр  беретін  дүниесі  болған 
соң,  тым  болмаса  бір  ай  бұрын  кесіп,  шамалы  дегдітпей  ме?  (Ш.А.) 
Жаман  айтпай,  жақсы  жоқ,  ертең  өзі  көз  жұмса,  жанашыр  маңында 
ешкім қалмаса, бұл бейбақтың халі не болмақ? (Ш.А.) Мына жұмысқа 
араласуға Оразқұл рұқсат бере ме, жоқ па? (Ш.А.) Туған қызым, мен 
саған  бақытты  өмір  тілемейді  деймісің?  (Ш.А.)  Туған  жердің 
артығын,  жазатайым  іс  етіп,  күштілерге  күш  етіп,  еріксіз  елден 
айырылған,  шеттен  дәмі  бұйырған,  жаттан  сыйлау  көрмеген  ер 
білмесе, кім білсін? (Ж.А.) 
 
143-жаттығу. 
Ф.Оңғарсынова,  Т.Молдағалиев  өлеңдерінде  сұрау 
белгілерінің қойылуына назар аударып, себебін анықтаңыздар. Әр ақынның екі 
өлеңін алып талдаңыздар. 
 
 
 


 
91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет