Ғылым жəне философия
«Философия дегеніміз не?» деген сұраққа келесі жауапты естуге болады
«ғылымның ғылымы». Осында жауаптың екі лайықты жағы бар: 1. априорлы
тұрғыдан ол философияны үстемді, дəрежелі түрде ұсынады; сөйтіп,
философия адамзат ақылының əр саласына қатысты; 2. «ғылымның ғылымы»
деген атау алдын ала философияны күрделі пəн деп, əркім оны қабылдай
алмайды деген пікірді тудырады.
Орта ғасыр принципі «қажеттіліксіз мəндерді көбейтпеңіз». Яғни,
философия ғылымдардың жəй жиыны болса, ол солардың ортасында өзінің
мəнін жоғалтар еді. Бүкіл ғылымдардың жетістіктерін бір бетке көшіріп,
сидыру оңай іс емес. Бірақ, осындай істе философиядан ештеңе жоқ.
Философия Лир патшасы сияқты бүкіл қыздарына байлығын үлестіріп, өзі
дымсыз далада қалды. Сөйтіп, философияда өзінің пəндігінен, өзгешелігінен,
қажеттілігінен айырылды. Позитивистер сол тұрғыдан философия дербестігі
мен өз құндылығынан айырылды дейді.
Ал, енді екінші жағынан, əр практикалық жағдайда көмекке сіз əрине
маманды шақырасыз. Əрине, философия бүкіл дүние туралы өзгеше ғылыми
білімдерді өзіне жинап алуы мүмкін емес. Философ дəрігерді ме, т.б.
айырбастай алмайды. Яғни, философия ғылымның ғылымы бола алмайды жəне
нақты ғылымда болмайды. Философия мен ғылым арасындағы тарихи ұзаққа
созылған пікірталас - қайсысы қоғамға қажетті - көп пікірлерді тудырды.
Философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы келесі тезистерге
тоқтауға болады.
Нақты, өзгеше ғылымдар қоғамның қажеттіліктеріне бағынады -
техникаға, экономикаға, тəрбие өнеріне, заңдарға т.б. Олардың бəрі болмыстың
өзіне жақын үзіндісін зерттейді. Сөйтіп, дүниенің тек бір бөлігімен
қанағаттанады. Гегельдің пікірінше, нақты ғылымдар нақты материалға батып,
ақыл-парасаттық таныммен шектеледі. Ал, философия дүниені толық, тұтас
түрде қамтиды. Əмбебапты (универсумды) тану үшін нақтылықпен
128
шектелмейді. Мəн, универсумның бірлігі - яғни, барлық бар болса, оның мəні
неде? Сонда, философия «бірінші бастама, бірінші себеп» туралы ғылым деген
анықтама дұрыс болар. Нақты ғылымдар адамнан тыс құбылыстар мен
заттарды, нақты дүниені зерттейді. Оларды адам құндылық өлшемі
қызықтырмайды. Өзінің тұжырымдарын ғылыми теория, заң, формула т.б.
түрлерінде жариялайды. Сонда жақшаның сыртында эмоция, тұлғалық қатынас
та қалады; қоғамда олар қандай салдарға əкеледі деген сұрақтарға назар
аудармайды. Ғалымның фигурасы, оның ой өрісі, темпераменті, өмірлік
таңдаулары т.б. ғылым үшін қызықты емес. Себебі, заңдар, теориялар т.б.
объективті, жəне ғалымның жағдайы мен тұлғалық деңгейіне қатысты емес.
Ал, дүние болса философ үшін қатып қалған статика емес, ол тірі
динамикалық қозғалыста дамитын жанды біртұтас. Осы көп түрлі байланыста
себеп пен салдар, циклдік пен аяқастылық, реттілік пен деструкция, ігілік пен
зұлым күші, үйлесімділік пен астан-кестен қисындары (өрістері) шатысқан.
Сонда, философияландырылған ақыл өзінің дүниеге қатынасын білдіреді.
Сөйтіп, философия адамның дүниеге білдірген қатынасы (ойлаудың дүниеге
қатынасы, сананың материяға қатынасы). Ғылымның нəтижелеріне сүйеніп,
философия адам болмысының аясында сол процестер мен құбылыстардың
қажеттілігі мен мəндік мағынасын қарастырады.
Нақты ғылымдар нақты елестерден бастайды, оларды дəлелсіз толық
қабылдайды. Еш маман өзінің пəні қалай пайда болды, оның өзгешелігі неде
деп сұрақ қоймайды. Осы мəселелер қойылса, сонда табиғаттанушы
философиялық деңгейге көтеріледі. Философия əр білімнің, оның ішінде
философияның негізін іздейді. Сонда, ол бəріне айқын, бəріне мəлім,
басқаларға бастаушы нүкте, түсініктің мөлшері бола, жəне баға бере алатын
негіздерді іздейді (ақиқат пен пікірді, эмпирия мен теорияны, бостандық пен
белсенділікті, озбырлық пен биілікті ажыратады). Əр нақты ғылымда
бастамасын алатын жəне соңын табатын сұрақтар - философиялық ойлардың
сүйікті тақырыптары.
Нақты дүние туралы объективтік, жүйеленген, шындық пен ақиқатқа сай
білім - ғылымның қызмет түріндегі жетістіктері. Жəне де ол жаңа білімді алуға
бағытталған, дүниені пəндік түрде тануға лайық қоғамдық сананың бір түрі.
Ғылымның мақсаты əр қашанда заңдар арқылы дүниені сипаттау, түсіндіру,
болжау деген. Ғылым жүйесі техникалық, табиғаттану, қоғамдық түрлеріне
бөлінеді. Жəне тарихта əр 15 жыл ғалымдардың саны екі есе өседі. Ғылымның
дамуында қалыпты кезеңдер революциялықтармен ауысады. Олар жалпы
құрылымының, принциптерінің, таным əдістері мен ұйымдастыру түрлері.
Философия субъектің объектке теориялық-рефлексивтік жəне рухани-
практикалық қатынаспен негіздейді. Əлеуметтік болмысқа жаңа идеал мен
нормаларды, мəдени құндылықтрды ұсынып əсер етеді. Оның тарихи
қалыптасқан салалары: онтология, гносеология, логика, этика, эстетика жəне
жаңа қалыптасып жатқандар: философиялық антропология, аксиология,
мəдениет теориясы, əлеуметтік философия, философия тарихы, дін
философиясы, методология, ғылым философиясы т.б. Философияның негізгі
тенденциялары келесі мəселелерді түсінуге арналған: дүние жəне сол дүниеде
129
адамның орны, қазіргі өркениеттің тағдыры, көп түрлі жəне біртұтас
мəдениеттер, адам танымының табиғаты, болмыс жəне тіл.
Философиялық анықтама аппаратының өзгешелігі неде? Философия
нақтылыққа саналық қатынастың реттеуін жəне негіздік шекті іздеуге
ұмтылады. Сөйтіп, философия реттелген кесте емес, ол қойылған мəселені
шешуде сыншыл салыстыру, бағалау, жариялап ақылдасу, талдаудың бүкіл
қиын жағын нақты түрде көрсетуге тырысады. Бəріне мəлім сентенция -
философия үшін нəтиже қажетті жəне қызықты емес - оған жету жолы.
Ньютонның сөзі «Физика философиядан қауіпті бол!» дегені философияда бір
нақтылықтың жоқтығын білдіреді. Философия əр қашанда бірнеше дəлел мен
терістеулерді ұсынады. Оның əр ақиқаты бір ауыздан қабылданбайды. «Бəрінен
күмəндəн!» - бұл догматтарға бақас - философияландырылған ақылдың ұраны.
Ғылымда дəстүрлі түрде алға деген кумулятивтік қозғалыс қабылданады,
яғни, қалыптасқан нəтижелер арқылы алға басу. Яғни, бұл жерде жинаушының
бейнесі анық. Ғылым ақиқат білімдердің жинағы. Философияға бұл бейне
лайық емес, себебі, философия əрқашанда дайын нəтижеге риза болмайды,
мысалы, орта ғасырдың өмірі туралы жауаппен қазіргі адам келіспейді; əр
тарихи уақыттың өзгешелігі болған соң жəне əр адам өзі үшін жауап іздейді,
бəріміздің бірлігімізге қарамай. Философияның өзгешелігі - оның өзгеше
рефлексия əдісі мен өзіне ауыстыруда. Философия үшін адамзат тарихының
бүкіл сұрақтарын қайта қою, құрастыру - мақсат.
Ғылым фактіге, эксперименталдық тексеріске сүйенеді. Ал философия —
ақыл қорытындысы, тек ақылмен, сезімге жеңілмейтін объектілердің бар
екендігі. Мысалы, əсемділік не, ақиқат пен ігілік дегеніміз не - осы сұрақтар
эмпириялық жалпылаудан тыс. Əсемділік - ол əдемі зат немесе əдемі қыз емес,
философиялық тұрғыдан - соны жалпы тұрғыдан түсінуге бағыттау. Сонда
эмпириялықтан тыс шығып, оны кешіп, трансценденттік мəндік анықтамасына
трансценденттеу деп философиялық тұрғыдан жауап беру дегеніміз.
Бертран Рассел «философия теология мен ғылым аралығында», теология
сияқты нақты білімге жетілмейтін сұрақтармен спекуляция жасайды; ғылым
сияқты дəстүр мен Құдай беделіне емес адам ақылына шақырады. Сонда
философия «иесіз жер». Онымен қойылған сұрақтардың соңғы шешімі мүмкін
емес, оны лабораторияда эксперимент арқылы шешілмейтін сұрақ деуге
болады. Жəне дінтанушылардың жаратушыға, билікке сүйенетін жауаптары да
философияны қанағаттандырмайды. Ғылым мен богословиямен шешілмейтін
сұрақтарды əрине философиялық деп атауға болады.
Ғылым мен философияның тілдік айырмашылығы бар. Ғылым тілі өте
нақты, терминдермен үстемді болса, солай қарапайым тілдің қажеттілігінен
поэтикалық тілдің образдылығынан айырылады. Ал, философия дүниенің
жалпылығын көрсету үшін шексіздік пен өлшеусіздікті білдіретін өзгеше
тілмен əмбебап анықтамаларды қажет етеді. Сол үшін философия өзінің шексіз
анықтамалардан, жалпы мəртебесі бар қажетті категориалдық тілді
құрастырады: себеп пен салдар, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен
нақтылық т.б.
Нақты-ғылыми пəндер басқа қоғамдық сананың нəтижелерін де білмей
130
дамиды, ал, философияда бəрі басқаша. Философияда барлық ғылымдарға,
басқа рухани тəжірибеге эмпириялық негіз ретінде редукцияландырылмасада,
онда адамзаттың рухани тəжірибесінің жиынтығы, қоғамдық сананың барлық
түрлері қамтылады. Философия ғылым емес, бірақ, анықтамалар мен
объективтілік, себептілік, жалпы заңдарды шығару оған (тəн). Философия өнер
емес, бірақ, бейне оның қабылданған гносеологиялық категориясы, метафора
мен интуицияны кең қолданады. Философия дін емес, бірақта, мəн əлеміне
асып кетіп, сезім-сезімнен тыс материалдармен жұмыс жасайды.
Ғылымда құндылық - адамдық аспект екінші орында тұрады. Таным
объективті - тұлғасыз. Ғалымның эмоциясы, сезімі, мотивациясы ғылымды
қызықтырмайды. Ғалым - жаратушы ешқандай жауапкершілік пен
жүктелмейді. Философия үшін теориялық-танымдық аспект пен бірге
құндылық мəселелері де қажетті. Протагордың айтуынша «Адам бүкіл заттың
өлшемі», философия қазіргі жағдайда да құндылық өлшеміне өзінің мөлшерін
ұсынады. Ғылыми жаңалықтардың тағдырымен бірге ол оның құндылық
салдарына да назар аударады; абсолюттік құндылық ретінде адам өмірін
жариялайды. Жаратушы, тұлға ойшылдың кім екендігі зерттеу процесінде
қажетті. Философиялық шығармашылықта адам өзіне үңіледі. Ойшыл өзіне
сəйкес орнын іздейді. Дүниенің жаңа қырларын іздейді. Солай, философияның
əр жүйесі авторлы, бұл жерде ұлы тұлғалардың рөлі үстемді. Философия -
интеллектуалды қызметтің бір түрі болған соң əрқашанда басқа əйгілі
ойшылдармен сұхбатта болуды қажет етеді (Платон, Аристотель т.б.).
Философияда маңызды жəне анық түрде ұлттық элементті көрсетеді.
Неміс, ағылшын, орыс, қазақ т.б. философиялар бар; бірақ неміс, ағылшын т.б.
физика, химия т.б. жоқ. Н.И. Кареевтің пікірінше «əр ұлт жалпы адамзат
ғылымға өзінің идеясын енгізуге құқығы бар, бірақ ғылымды тек осы мақсатқа
келтіруге қақысы жоқ».
Философияны ғылым деген атаумен шектеуге бола ма? Философия
тарихынан бізге мəлім, философияны ғылым түрінде анықтаған Огюст Конт.
Нақты ғылымдар (физика, химия, биология) - нақты қоршаған ортаның
позитивтік нақты суретін салса, ал бір-бірінен үзілген фрагменттерден ғылыми
суретті салатын философия.
Ф. Энгельстің пікірінше «философия «ғылымның ғылымы»» деген
атағынан бас тарту керек. Ғылыми көзқарас басқа, ғылымнан жоғары тұратын
философияны қажет етпейді. Əр ғылымның алдына жалпы заттар мен
құбылыстардың жүйесінде қандай орын аласың деген сұрақ қойылғанда, сол
жалпы байланыс сонда бұзылады. Сонда, алғашқы философиядан ойлау жəне
оның заңдары туралы ілім - формальды логика мен диалектика қалады.
«Басқаның бəрі табиғат пен тарих туралы жағымды ғылымға қатысты»? - деген.
Ғылым мен философия арасындағы қатынасты анықтау үшін
ғылымдылықтың мөлшерін анықтау қажет. Оларға қатысты: бақылауда
қайталау; білімнің интерсубъективтілігі; тəжірибенің қайталануы. Осының бəрі
философияға лайық емес. Ғылымда бəріне ортақ əдістермен бəріне ортақ
ғылыми нəтижелер пайда болады.
Сонымен бірге, философия мен ғылымның тарихи қатарластар дамуы
131
айқын. Философия мен ғылым натурфилософия, космология, онтология
аумақтарында болмыстың негізін тануға бағытталған адам интеллекті, «бір
жіптің бөлігі». Филипп Франктің пікірінше, осы жіптің бір жағы - бақылау
арқылы танылатын негіздер. Ганс Рейхенбахтың «Ғылым философиясының
пайда болуы» деген шығармасында айтқан: «ежелгі жəне орта ғасыр
философияда көзбен көру мен бірге «ақылмен көру» деген бар. Қалай біз түр
мен түсті қөзбен көреміз, сонша біз ақылмен идеялар мен жалпы заңдарды
көреміз. Физикалық заттар бар болған соң біз оларды көреміз; сонша оларды
ақыл көзімен көруге де мүмкін. Сөйтіп, тікелей сезім таныммен
интеллектуалдық интуиция аралығындағы аналогия өзінің ежелгі бастамасын
Аристотельдің көзқарасында табамыз. Сезім өзінің сезімдік заттарына қатысты
шындық болса, солай интеллект зат туралы елеске сəйкес». Фома Аквинскийде
былай деген: «Сөйтіп, интеллект заттардың мəні бойынша өзін алдайды, ал
сезім өзінің объектісіне қатысты алданбайды».
Ғылымдылық деңгейі неден тұрады? Ғылымның фундаменті: тəжірибе,
логика, сынау. Ғылыми білім дүние туралы өзіне сəйкес бейне ұсынады; адам
ғылым арқылы ақиқатқа жақындайды; сенім саналы түрде субъективті
қажеттілікпен негізделген ақиқатты қабылдау болса, ғылыми білім
объективтілік пен универсалдылығымен жалпылыққа тырысады.
Ғылыми білімнің түрі көп: фундаменталды, қолдану, эксперименталды,
теориялық. Бірақ ғылыми білімнің бəрі бір стандартқа сəйкес болады. Заң,
теория, ереже шектілікті негізсіз ақиқатты емес. Білімді білімсіздіктен
ажыратуға шектілікті негіз заңы логикалық мөлшер ретінде қолдалынылады.
Басқа мөлшері – пəндік-практикалық қызметі, ақиқат туралы пікірталасты
практикалық жазықтыққа шығарады.
Ғылым - нақты дүниені заңдылыққа бағынатын, себептелген табиғи
жағдайлар мен процестер. Ғылым физика мен химияның заңдарына бағынып,
табиғи реттілікке шақырады.
Осы мөлшерлерге философия да бағынады ма? Философия теорияларың
тəжірибе немесе эксперимент арқылы тексеруге мүмкін емес, себебі, олар тұлға
мен автордың көрінісі.
Философияның ұсынған ғылымдылық мөлшері:
- зерттеудің пəндік аймағы;
- сол пəнге сай категориялық жəне анықтама аппаратын шығару;
- сол пəнге қатысты фундаменталды заң шығару;
- көп фактілерді түсіндіретін қағидалар мен теорияларды ашу.
Осы мөлшерлер арқылы философияны ғылым деп атауға бола ма? Оның
пəні - «адам мен əлем» деген жүйедегі жалпылық; мəндіктің бастамасы; қазіргі
философия сол мəндіктің стихиялық-аяқ асты, статистикалық біліммен
камтылатын қалыптасу ерекшелігін байқайды.
Философия ғылым сияқты құбылыстың иесі: субъект, объект, таным
əдістері, болжаулы нəтижелер; оның субъектісі трансценденттік аумаққа
жетеді, категориялары ең жалпы жəне қажетті болады; нəтижелері тек нақты
рефлексиядан өтпей, бүкіл қоғамға, адамзат құндылығына қатысты жағынан
саралады.
132
Философия мен ғылымның практикалық қажеттілігі. Кең түрде
жарияланған пікір: философия ғылым сияқты практикалық өмірде қажет емес
деген пікірді терістеуге болады; ғылым физикалық, химиялық құбылыстарды
шығаратын əдістерді ұсынса, философия адамдардың мінез-құлқын дұрыс
жолға бағыттайтын əдістерді ұсынады. Сөйтіп, ол өзінің жолына тез түсіп,
мақсатына тез жетеді. Философия ғылыммен салыстырғанда өзінің
трансценденттік табиғатына қарамай қарапайым түсінікке жақын болады.
Демаркация (ғылым мен философияны ажырату); верификация
(тəжірибелік тексеріс); фальсификация (теорияның принципиалды түрде жоқка
шығару) - ғылым философиясында олардың айырмашылығын көрсетуге
арналған принциптер. ХХ ғ. пайда болған жаңа бағыт ғылым философиясы
өзінің үлесін қосты; ғылым - «сау философия», ол универсалды жағымды
əдістің иесі, жағымдылықтың 5 түрі бар (нақты химералыққа қарсы, пайдалы
пайдасызға қарсы, жағымды жағымсызға қарсы).
Позитивизм ілімі, оның негізін салушысы Огюст Конт ғылыммен
философияның аралығындағы алшақты азайтуға тырысқан ойшыл, өзінің
«Жағымды философия курсы» (1830-1846) 6-томдық шығармасында табиғат
пен қоғам көріністеріне ғылымдылық тұрғыдан қарауды қажет етті. Конттың
классификациясында əлеуметтану бəрін қамтиды, қоғам туралы ғылым
əлеуметтік статика мен əлеуметтік динамиканы қамтиды.
Ғылым мен философияның қатынасының болашағы. ХХ ғ. ғалымдары
үшін бұл мəселе өзекті болып табылады. Р. Рортидің пікірінше, осыған себеп
болған ереже «таным теориясы философияның «жүрегі»» (авторы И. Кант);
философия бəрінің негізінде болған соң, Канттың қойылған сұрағы «таным
қалай мүмкін?» деген - келесі рационализмнің бағдарламасы болған; сол
себептен, іске кəсіпкерлер кірісуі қажет, ал, метафизиктер алшақтау тəрізді.
Философия мен ғылымның қатынасының ретроспективасы:
- ғылым философиядан бөлінді;
- философия таза ақылдың еншісі атауды сақтап қалу үшін, теориялық-
танымдық мəселені бірінші орынға қойды;
- қазіргі философия эпистемологиядан шықты деп тұжырымдалынады.
Қазіргі кезде ғылым философия үшін өзекті мəселелер: ғылым жалпы,
біртұтас, антропологиялық мөлшермен өлшенеді, жауапкершілік мөлшерінен
өтпеген ғылым қазір қажетті емес деген; ғылымның нəтижелерін қадағалау
қажет деген; мемлекет институты, құқық, идеология, қоғамдық пікірлер
жағынан ғылымға дұрыс көмек қажет деген; философияның жағымды мақсаты
- арбитр функциясын атқару, ал, ғылыми зерттеудің нəтижелерін гуманистік
болашақта байқау деген; мəселелер шешімінде этикалық-көзқарастық жағын
соңғы нүктеге айналдыру деген.
Философия ғылымның дамуы бойынша рефлексияландырылады, жəне
өзіндік рефлексия атқарады. Философиялық зерттеулер ғылымның өзіндік
санасын қалыптастырады, өзінің мүмкіндігі мен болашағын түсіндіреді, келесі
даму жолда ұстану бағыттарға сілтеме жасайды.
133
Достарыңызбен бөлісу: |