Методологиялық сана - продуктивті зерттеу іс-əрекетке жету үшін жəне
ғылымдылықтың мөлшері туралы ғылыми ұжыммен қабылданған пікірлердің
жиыны, кең түрде ғалымдармен кəсіпкерлік қызметінде қолданылады.
Метатеориялық танымның əдістері - ғылыми теориялардың
негіздерін талдау, ғылымның мазмұны мен əдістерінің философиялық
интерпретациялау, ғылыми теориялардың əлеуметтік жəне практикалық
қажеттілігіне баға беру т.б.
Ғылым – əртүрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен
қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нəтижелерге бағытталған
өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі:
пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне
теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым
өзін құрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның
дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.
Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен үрдістердің ішкі
болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын,
байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген,
қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық.
Ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір
сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік институт, адамның танымдық
қызметінің ерекше формасы, адамзат мəдениетінің жоғарғы саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |