Адам құндылықтары
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды
ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз жан-
дүниеміздің құндылықтарына назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай
құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі мол және т.б.
керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге
жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді,
ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.
Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, айналысатын ісіңіз, әуесқойлығыңыз да
құндылықтар қатарында. Аналар үшін баласы үлкен құндылық.
Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынадыңыз. Ол азар да безер болып,
сізге ренжіді. Неге? Өйткені ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын
салды. Ал сіз үшін ол мүлдем құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе,
ол сол құндылығын жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек.
Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп
ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де
жөндеуді талап ететін шығар немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды
кешіріңіз. Солай, достар...
Достарыңызбен бөлісу: |