Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау



Pdf көрінісі
Дата15.05.2020
өлшемі153,41 Kb.
#68707
түріСабақ
Байланысты:
Математикалық ойындар



Математикалық ойындар 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін 

пысықтау. 



Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы 

логикалық ойлау қабілетін дамыту. 



Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге 

қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  



Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру 

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру бөлімі: 

-амандасу; 

-оқушыларды түгендеу 

Сабағымызды бастамас бұрын алдымыздағы фигураларды тандап алып, фигуралардағы 

көбейту кестесі бойынша екі топқа бөлінейік. 

«Сөзжұмбақ» 

1-топ 


1.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз? 

2.Уақыт өлшем бірлігі? 

3.Бір таңбалы сан? 

4.Бір сағатта неше минут бар? 

 

Ш  Е  Ң  Б  Е  Р 



Ғ  А  С  Ы  Р   

 

 



 

Е  К  І   

 

А  Л  П  Ы  С   



 

2-топ 


1.Бұрыш түрі 

2.Кеміту амалы 

3.4 ондық пен 0 бірліктен тұратын сан 

4.«Арифметика» грек тілінең аударғанда 

 

 

Д  О  Ғ  А  Л 



А  З  А  Й  Т  У   


Қ  Ы  Р  Ы  Қ   

 

 



С  А  Н   

 

 



 

«Сиқырлы ұяшықтар». Ой ұшқырлығына құрылған есептер 

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық 

болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 

2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында 

неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 

3.12 айда шамамен неше жексенбі бар?   53 

4.Үй тышқанның неше құлағы бар? екі 

5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 

ұл,1 қыз) 

6. . Жанар мен Анар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» 

-деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.) 

 7. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде 

шабдалы ма? 

 8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын 

бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа) 

9. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды? \2\ 



«Баспалдақ» ойыны 

1-топ 


1.27837+4529/32366 

2.89266+14657/103923 

3.47801+9098/56899 

5.279+56/335 

6.577+44/621 

7.181+438/664 

8.1205+796/2001 

2-топ 



1.35628+6774/42402 

2.313+88401 

3.9339+23456/32795 

4.94+628/722 

5.53460+7985/61445 

6.166+255/421 

2088+233/2321 

Математика – барлық ғылымдардың патшасы. \Қосымша мәлімет\ 

1. Қытай мен Жапонияда 4 санын ешкім атамауға тырысады. Себебі, олардың түсінігінде 

бұл сан «өлімді» білдіретін көрінеді. 

2. Израильдіктер қосуды, яғни «+» жазбайды. Оның орнына Т деп жазады екен. 

3.Ежелгі Римде 0 саны мүлдем қолданылмаған. Егер, сенбесеңіз, римдік сандарды қарап 

көріңіз. 

4.Гипатия есімді грекиялық келіншек әлемдегі тұңғыш математик әйел болып саналады. 

Ол біздің дәуіріміздің IV-V ғасырларында Александрия қаласында өмір сүрген екен. 



 Математикалық викторина. 

15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек. 



Математикалық телефон ойыны 

Қажетті құрал – жабдықтар: ойыншық телефон (қағаздан дайындаған телефондар). 

Ойын мазмұны.Оқушыларға тірек сандар беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп, 

бірінші топтың оқушыларымен байланысқа шығады.Мұғалім мысалды айтады, оқушы 

өзінің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары көмектесуіне болады. 

1. 25 тің квадраты  \625\ 

2. 3 А сыныбында 25 оқушы бар. 3 Б сыныбында олардан 7 оқушы артық. 3 Б сыныбында 

неше оқушы бар?   \32\ 

3. Ең кіші екі таңбалы сан? \99\ 

4.Сыныпта 9 ер бала және ер балаға қарағанда 3 есе артық қыз бала бар. Сыныпта 

барлығы неше оқушы бар? \27\ 

5.28 м 36 дм +58 м 47 дм  \86 м 83 дм\ 

6.Ұзындығы 4 см, ені 2 см тіктөртбұрыштың периметрі нешеге тең? \12 см\ 

Адамдар санауды қалай үйренді? \Қосымша материал\ 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет