Педагогикалық техника - ұстаздардың шәкірттерінің белсенділігін
ынталандыру мақсатында қолданылатын әртүрлі шеберліктері мен ықпалды
әдістері.
Оқыту технологиясы - негізгі міндеті оқытуды оптиамальдандыру болып
табылатын, техника және адам ресурстарын және олардың өзара әрекетін
есепке ала отырып, бүкіл оқыту мен білімді игеру процесін құрудың,
қолданудың және анықтаудың жүйелілік әдісі.
Оқыту технологиясы, бір жағынан, оқыту ақпараттарын өңдеу, беру, өзгерту
әдістері мен құралдары жиынтығы, екінші жағынан, оқыту процесі барысында
техникалық және ақпараттық құралдар қолдану арқылы оқытушының
студенттерге ықпал ету амалдары туралы оқу. Сонымен, оқыту технологиясы
қойылған мақсатқа тиімді жетуді қамтамасыз ететін оқыту формалары, әдістері
және құралдары жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |