ҮРКЕР ЖҰЛДЫЗЫНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТІРШІЛІГІНДЕГІ ОРНЫ
ГЛАВНАЯ (/RU) /
ПУБЛИКАЦИИ (/RU/PUBLICATIONS)
13 Март 2017
91
10
Авторы: Б.Ш. Солтиева, Кафедра археологии, этнологии и музеологии
Категория: Образование и наука
Версия для печати (/ru/print/61572)
Қазақтардың көшпелі өмір салты халықтың астрономиялық білімінің жетілуіне әсер етті. Іс жүзінде әрбір көшпенді жұлдыздардың
орналасуы, аспандағы жұлдыздар, олардың қозғалысы, уақыты және шығар орны және батуы жылдың әр мезгілінде пайда болуын
өздерінің істерінде пайдаланады. Аспандағы олардың пайда болуының уақыты мен орны ауа-райын болжауға мүмкіндік беріп, өз
кезегінде шаруашылық қызметіне әсер етті. Қазақ атаулының бәрі білетін шоқжұлдыз – Үркер. Үркерді білмейтін қазақ болмас, ол Торпақ
шоқжұлдызының құрамындағы жыбырлап, біріне-бірі өте жақын орналасқан, бір топ жұлдыз. Уақыт пен кеңістіктегі бағдар үшін Үркер
жұлдызы ерекше ыңғайлы еді. Ол алақандай жерде дөп-дөңгелек болып толып тұрады. Оны көзі өткір адамдар алты жұлдызды, кейде жеті
жұлдызды үнемі байқайды, ал көзі жіті адамдар тоғыз жұлдызын көреді. Шындығында жай көзбен Үркер жұлдызының алты, он шақтысын,
ал телескоппен 200-ге дейінгісін көруге болады екен. Жаздың ең қысқа түндерінен (10 мамыр мен 20 маусым) басқа кездері бұл
шоқжұлдыздан алты немесе жеті жұлдызды үнемі ажыратып байқауға болады, оның үстіне бұл шоқжұлдыз өзінің бағытын шығыстан
батысқа қарай тұрақты түрде қозғалатындығын түнгі аспанда байқауға болады [1, с. 179].
Ай өз қозғалысында Үркермен он бір рет кездескен, Үркер аспанда көрінбеген кезде кезеңді екі рет қосып отырған. Айдың қандай да
бір жұлдызбен кездесуі - «Тоғысу» деп аталады. Тоғысу есебі қазақтардың күнтізбелік санауын құрады. Үркер бойынша тоғыс есебі
жүргізілген. Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-бірінен алыс болса, халық тәжірибесінде «бұл екеуі бір-бірінен қырбай болған екен, қырсығы
мал мен жанға тимесе игі еді» деп қауіп ететін болған. Егер олай болмай Үркер мен Ай жақын орналасса, «екеуі жараса қалған екен, мал
мен жанның жағдайы жаман бола қоймас» деп жақсылыққа жорыған. Жылдың әр мезгілінде Үркер орнын ауыстырып отырған [2, 226-227
бб.].
Үркер күздің басында (қыркүйекте) шығыстан, қыстың басында (желтоқсанда) төбеден, көктемнің басында (наурызда) батыстан көрінеді.
Ал жаздың басында (маусымда) Үркер түнде мүлдем көрінбейді. Бұл кезде Үркер көкжиектен төмен қалады, халық оны «Үркердің жерге
түсуі» дейді. 40 күн шілде Үркердің осы көрінбейтін кезіне сәйкес келеді. Үркер маусым айының алдыңғы жартысында іңірде батыстан
барып, біраз уақыт көрінбей кетеді. Мұны «Үркер жерге түсті» дейді. «Жерге түскен» Үркер сол жоғалғаннан жоғалып, тамыздың 10-шы
жаңасынан бастап таң жарығымен шығыстан қайта көрінеді. Бірақ тамыздың қысқа таңында мұны әркім бақылай бермейді [3, 209-210
бб.]. Қазақ қауымы үшін Үркер тоғысының бірнеше қолайлы жағы бар. Ескі жылдың шығуы мен жаңа жылдың кіруі бұрынғыдай қыс
мезгілінің аяғына (ақпанға) емес, көктем мезгілінің соңына сәйкес келетін болды. Үркердің мамырдың ондарында батып, сол батар
алдында жаңа туған аймен тоғысады. Дәл тоғыс кезінде Үркер айдың арғы жағында тасалада қалады да, жердегі адамдарға көрінбейді. Ай
жылжып өткен соң тоғыс аяқталып, Үркер көрінеді. Ай толған кезде ауа-райы бұзылып, өзгеріс болады. Ай мен Үркердің тоғысуын
есепшілер үш күнге бөледі.
1.Ай мен Үркер жақын келген күнді «ауыл үй қонды» деп атайды;
2.Ай орағының немесе тасасында Үркердің көрінбей қалуын «тоғамдасу» деп атайды;
3. Айдың Үркерді басып өткен үшінші күнін «өріп шықты» деп атайды.
Бұл тоғыс (бес тоғыс» деп аталады. Осы тоғыстан бастап Қазақстан жерінде жер көктеп, ағаштар бүршік жара бастайды
Жаз басында Үркер аспан сферасының екінші жартысында көкжиектен төмен кетеді де, жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге
40 күн көрінбейді. Қазақ мұны Үркер 40 күн жерде жатады деп айтады. Сол 40 күнде екі рет тоғысуға тиіс. Бірақ та тек он бір тоғысты көре
алады екен [4, 11 б.]. Үркердің ерекшелігін білу арқылы жылдың айларын ғана біліп қоймай, күн мен түннің уақытын
анықтаған. Тұрмыста Үркердің қозғалуын қазақтар жылдың мезгілінің ауысуымен байланыстырған. Көшіп қонған халық үшін Үркердің
қозғалысын білу шаруашылық үшін өте маңызды болған. Сондықтан Үркерді бақылап отырған. Үркердің циклдік қозғалысы Айдың ара
қатынасын анықтауда қазақтарға жылдың күні мен айын нақты анықтауға көмектеседі. Үркердің өзіне тән ерекше қасиеті көкке жоғары
өрлеген сайын күн суытып, ал төмендеген сайын жылына бастайды. Осындай ерекшелікті байқаған есепші Үркерлі айдың бәрі қыс
құрғақшылықтың белгісі саналған [5, с.92]. Қазақтар «Үркер» жұлдыздардың ағасы деп айтқан [5, с.81].
Қазақ есепшілері жыл мезгілдеріндегі табиғат ерекшеліктерін аспандағы Үркер жұлдызының қозғалысына қарап анықтаған. Үркердің
қозғалысын қазақтар былайша атаған: Үркердің тууы, көкке шығуы, жерге түсуі. Үркердің тууы маусым айындағы күн айналымында сәйкес
болуы халық арасында суық мезгілдің басталуы мен өтуін бейнелеген. Үркер біртіндеп жоғары көтерілгенде, жерде суық басталған.
Желтоқсан айының ортасынан бастап ең салқын мезгілде, Үркер аспанның ең биік нүктесінде болған. Бұл Үркердің көкке шығуы деп
аталған. Бұл жерде әлемнің ортасына жеткен. Кейін Үркер батыс бағытта төмен түсіп, мамырдың басында жерге жақындап, ыстық мезгілдің
басталуынан хабар берген. Мұны қазақтар «шілде» деген. Көкжиекке жетіп Үркер жасырынып, бұл оның басқа әлемге өтуі, яғни өлуі деп
саналған. Үркердің тууы мен батуын үнемі бақылап, шаруашылық маусымдары соған сәйкестендіріп отырған. Үркердің өзіне тән ерекше
қасиеті көкке жоғары өрлеген сайын күн суытып, ал төмендеген сайын жылына бастайды.
Қазақтарда Үркер жұлдызы туралы әртүрлі нұсқадағы аңыздар сақталған. Солардың ішіндегілерінде аша тұяқты жануарлар сиыр
ешкінің кесірінен жер бетінде суық болады деп айтылады. Бұл аңызда қазақтарда көне мифтік түсінік бойынша Үркер жыл мезгілдерінің
жылы және суық болуына әсер етеді деген сөз бар. Бір мифтік аңыз әңгімеде бір қыста суық болғандығы сондай, жер бетін мұз жауып
қалған. Көп мал қырылып, тірі қалғандары жазға әупірімдеп әрең жеткен. Қыстан қиналып шыққан жануарлар ақылдасып, бәріне кінәлі
аспанға көтерілген Үркер деп санайды. Жер бетінде аяз қайталанбай, жаз болып тұруы үшін Үркерді мәңгілікке аспанға ұшып кетпесін деп,
кезекпен күзетеміз деген ойға келеді. Жылқы, түйе, сиыр өзара бәсекелесіп келе жатып, алдарында шөп арасында жалтырап жатқан
Үркерді басып таптайын деген жылқыны тоқтатып, сиыр «мен басамын» деп дес бой бермейді. 12 жұлдыздан тұратын Үркерді сиыр
тұяғымен басқанда, алтауы тапталып, алтауы көкке ұшып кеткен екен. Сол себептен де сиыр басқа жануарлардан қарғыс алған екен. Осы
аңыз бойынша Үркер алты жұлдыз аталады. Соныменде, қыстың алты ай, жаздың алты ай болу себебі де осы аңызға байланысты болса
керек. Үркер көне түркілік атау болғандықтан оның шығу төркініне халық танымындағы аңыздар негіз болады. Аңыз бойынша Үркер
шоқжұлдыздың атауы «үрку» сөзінен шыққан. Үркер жұлдызының бұлай аталу себебі, аңыз бойынша бұларға Жетіқарақшы шабуыл
жасағанда бұлар үркіп кетіп, содан Үркер деп аталған екен. Үркердің жетіқарақшыны үнемі өкшелеп жүретінін қазақтар жақсы байқаған [6,
с.19-20]. Үркер жұлдызына қатысты тағы бір аңызда, жылқы, түйе, сиыр, қой және ешкі Үркерді аспанға кетіп қалмас үшін кезекпен
күзетеміз деп келісіп, аяқтарымен жерге басып тұрады. Кезек ешкіге келгенде, өзінің жеңілтектігінен дұрыс қарай алмайды. Ол ешкінің
тұяғын тесіп, аспанға шығып кетеді. Содан бері ешкіде ашатұяқ қалып қойған. Өзге жануарлар оның осы жеңілтектігі үшін, оны жазалап,
үлкен құйыршық бермей қойған. Сол себептен де ешкі кішкентай құйыршығымен қалған екен. Егер ешкінің желпілдеген мінезі
болмағанда, Үркер жерде қалып, барлық жануарларға жайлы болып, мәңгі жаз болып тұрар еді [6, с.20].
Үркер жерге түскенде, яғни көктен мүлде көрінбейтін кезі жаз мезгілінің келгенін білдіреді. Бұл шақты халық «Үркер жерге түскен
кез» деп атайды. Халық түсінігі бойынша үркерге қарап, түннің қай уақыты екенін және жылдың қай мезгіл екенін де анықтап білуге
болады. Үркерге қарап қыс пен жаздың басын анықтаған. Үркерді ашық шаңырақтан көрсең, қыстың басы басталғанын, ал іңірде,
«жамбаста» (жерге таяу-төмен) көрсе, жаз мезгілінің басталғанын білуге болады. Халықтың «Үркерлі айдың бәрі қыс» дегені осыдан болса
керек [7, 27б.]. Үркердің тууы мен батуына қатысты халық танымында ырым- нанымдар кездеседі. Соның ішінде қойдың пысқырық
ауыруына ұшырауына себебін де Үркердің тууымен қатыстырады, яғни «қораның аузын Үркердің туысына қаратсаң, қойың пысқырық
болады» дейді. Малға күйек байлаудың мезгілін малшылар Үркердің орнына қарап айырады. Үркер көтерілсе, қошқар басын көтереді,
Үркер көтерілді, қой қаша бастайды, онда қошқарға күйек байлауға болады. Одан кеш қалса, қой арамза туады деп осыған байланысты
айтылса керек.
Ал егін шаруашылығымен айналысатын халық арасында Үркерге қарап егін салу, жинау мезгілін белгілеу тәжірибелері болған.
Бүгінгі күнге дейін өз мәнін жоймай сақтаулып отырған мынадай болжамдар бар. Үркер туды, енді шықпаған шөптің басы шығады, Үркер
жерге түссе, жер көкейді де малдың басы көкке тиеді, адам аузы аққа тиеді, Үркер көтерілмей тары көтерілмейді. Жыл мезгілдеріндегі
табиғи ерекшеліктерді Үркер жұлдызының қозғалысына қарап анықтаған. Үркер құрғақ жерге түссе, аңызақ жел көп болып, қуаңшылық
болады, Үркер тасқа түссе, шіліңгір қатты ыстық болады, Үркер жерге түсерде қой қырқылады, Үркерлі айдың бәрі қыс, Үркер туса, сорпа
қоюланады, қой семіреді, Үркер көтерілгенде шөп те көтеріледі, бидай бас тартады. Үркер жерге түспей жер қызбайды деген халық
қағидалары жер жазу, жер айдап, егін егу дегенді білдіреді[6, с.19].
Бұған қоса малмен күн көрген дала қазақтарының астрономиялық білімін мынадай болжамдарынан байқауға болады. Малшылар
уақытты белгілейтін арнаулы сағат пайда болса да, тіршілігін жұлдыздың тууы мен батуын қарап бастауды тиімді деп санаған. Жыл
басының (Үркердің батуының) көктемнің соңғы айына келуі ел тұрмысы үшін қолайлы болуымен бірге, есепшілер ендігі жерде Үркерді
тәуліктік қозғалысын астрономиялық меже етіп алып, түннің ұзақтығы, қысқалығы тәрізді құбылыстарды анықтаған. Үркер қас қарайып
көрініп, таң атқанша батпайтын болса ең ұзақ түн (қыс ортасы), ал түн ортасы ауа батып кетсе күннің ұзарып, түннің қысқара бастағаны.
Сөйтіп, есепшілер Үркер жылдың жолына ғана емес (мысалы, Үркер батқан кезден келесі жылға батқан кезге дейінгі аралық), тәуліктік
қозғалысына да назар аударған[8, 13 б.].
Қорыта келгенде, қазақтың ең бір тылсымды, құпиясы көп шоқжұлдыздың бірі –Үркер. Қазақ халқы Үркер мен Айдың тоғысуын,
қозғалысын, Үркер жұлдызының туатын және бататын кездерін жақсы білген. Соның негізінде байтақ далада жол тауып, жыл мезгілдерін
айырып, мал алу мерзімдерін біліп, уақытты есептеп отырған.
LESS
(https://www.addtoany.com/share#url=http%3A%2F%2Fgroup-global.org%2Fru%2Fpublication%2F61572-urker-zhuldyzynyn-kazak-halkynyn-tirshiligindegi-
orny&title=%D2%AE%D0%A0%D0%9A%D0%95%D0%A0%20%D0%96%D2%B0%D0%9B%D0%94%D0%AB%D0%97%D0%AB%D0%9D%D0%AB%D2%A2%20%D2%9A%D0%90%D0%97%D0%90%D2%9A%20%D0%A5%D0%90%D0%9B%D2%9A%D0%AB%D0%9D%D0%AB%D2%A2%20%D0%A2%D0%86%D0%A0%D0%A8%D0%86%D0%9B%D0%86%D0%93%D0%86%D0%9D%D0%94%D0%95%D0%93%D0%86%20%D0%9E%D0%A0%D0%9D%D0%AB)
Список литературы
Загрузить публикацию (http://group-
global.org/sites/default/files/publications/%D0%A1%D0%BE%D0%BB%D1%82%D0%B8%D0%B5%D0%B2%D0%B0%20%D0%91.%D0%A8.%20%D2%AE%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%80%20%D1%82%D1%83%D1%80.%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0.docx)
25.21Kb
9091 просмотр227
05.01.2017
ИЗ ИСТОРИИ ПЕРЕСЕЛЕНИЯ КАЗАХОВ В ГОРНЫЙ АЛТАЙ (HTTP://GROUP-GLOBAL.ORG/RU/NODE/43658)
0
90
08.02.2017
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ БАЛА ТУУ, ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (HTTP://GROUP-GLOBAL.ORG/RU/NODE/53905)
0
91 просмотр
08.02.2017
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ НОРМАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ ХАҚЫНДА (ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ) (HTTP://GROUP-GLOBAL.ORG/RU/NODE/53865)
0
227
ДРУГИЕ ПУБЛИКАЦИИ АВТОРА
КОММЕНТАРИИ
10
Добавить комментарий
Bota Mukhamedzhanova 17.03.2017 12:44:14
Қызықты мақала
Assel Mussayeva 17.03.2017 12:46:45
Отличная работа
Moldir Kuatbek 17.03.2017 12:57:47
Мақала тақырыбы толық ашылған
17.03.2017 13:28:14
Жаксы макала
17.03.2017 14:54:34
Мәселе жан-жақты қарастырылған.
Damir Abdrezov 17.03.2017 18:18:26
Өте жақсы
Assel Mussayeva 05.04.2017 09:42:19
Қызықты мақала
Томирис Сатыбалдина 24.04.2017 16:33:10
очень познавательная статья, спасибо автору!
Гулнази Аблаева 24.04.2017 16:40:00
Статья очень интересная!
Альбина Жумагазина 24.04.2017 22:55:17
Спасибо, публикация очень понравилась!
ДИСКУССИОННЫЕ ПЛОЩАДКИ
Виртуальный проект IX Астанинского экономического форума (/ru/sessions)
(/ru/)
© 2010-2017 Ассоциация "Евразийский экономический клуб ученых"
(/ru/)
(/ru/)
МАТЕРИАЛЫ
Инвест проекты (http://kie.group-global.org/ru/projects)
Видео-конференции (http://group-global.org/ru/conferences)
Инфографика (http://group-global.org/ru/content/infografika#overlay=ru/node/17764)
(/ru/)
(/ru/)
АРХИВ
Итоги VII АЭФ и II ВАК (http://group-global.org/ru/aef_results)
Итоги VIII АЭФ (http://group-global.org/ru/sessions/4781)
Рекомендации (http://old.group-global.org/ru/page/view/127)
Старый сайт G-Global (http://old.group-global.org)
(/ru/)
(/ru/)
МЕДИА
Новости (/ru/news)
Пресс-релизы (http://group-global.org/ru/content/press-relizy-0#overlay=ru/node/17768)
Видео (http://group-global.org/ru/content/video-galereya)
Книги (http://group-global.org/ru/books)
(/ru/)
(/ru/)
О ПРОЕКТЕ
G-Global (/ru/landing)
Пользовательское соглашение (http://group-global.org/ru/content/polzovatelskoe-soglashenie)
Обратная связь (http://group-global.org/ru/feedback)
Клуб экспертов G-Global (http://group-global.org/ru/content/klub-ekspertov-g-global#overlay=ru/node/17770)
(/ru/)
(/ru/)
(http://zero.kz/?s=67625)