Алипбаева Г. А., Нурова А. К


  Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата19.05.2020
өлшемі1,67 Mb.
#69583
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі

2. 
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы 
XX 
ғасырдың  50–60-жылдары  бастауыш  мектептегі  жаңа  бетбұрыс-
тар,  яғни  жаңа  бағдарламалар  мен  оқулықтардың  жарыққа  шығуы.  Бұл 
кезеңдегі  табиғаттануды  оқыту  әдістемесінің  дамуы  П.А  Завитаевтың, 
М.Н.Скаткин, А.А. Перроттенің есімдерімен байланысты. Сонымен қазіргі 
дүниетануды  оқыту  әдістемесінің  дамуы  осындай  кезеңдерден  өткен. 
Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан республикасы жалпы білім бе-
ретін  мектептің  бастауыш  стандартына  сәйкес  «Атамұра»  бағдарлама-
сын  енгізу  шешілді.  Дүниетану–оқу  жоспарында  жаңа  пән  болып,  ол 
«Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан тұрады. Бұл пән бұрын-
ғы  бастауыш  сыныптарда  оқытылған  «Айналамен  таныстыру»  (1-2  сы-
ныптар), «Табиғаттану (3-4 сыныптар) пәндерін алмастырады. Мұнда 1-4 
сыныпқа дейін дүниетану пәні жеке пән ретінде, әр сыныпқа даярланған 
бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды 
XX 
ғасырдың  50–60-жылдары  бастауыш  мектептегі  жаңа  бетбұрыс-
тар,  яғни  жаңа  бағдарламалар  мен  оқулықтардың  жарыққа  шығуы.  Бұл 
кезеңдегі  табиғаттануды  оқыту  әдістемесінің  дамуы  П.А  Завитаевтың, 
М.Н.Скаткин, А.А. Перроттенің есімдерімен байланысты. 
Александра  Александровна  Перротте  (1880-1963)  –  бастауыш  сы-
ныптардың қоршаған  айналаныды оқу жөніндегі педагог-әдіскер. Ол мұ-
ғалімдер  білімін  жетілдіру  институтында  ұдайы  семинарлар  жүргізіп, 
лекциялар оқып және баспасөз беттерінде еңбектерін жариялап отырды. 
Мектептерде  жұмыс  істеген  кездерінде  үлгі  сабақтар  және  әр  түрлі 
сыныптан  тыс  жұмыстар  жүргізді.  Оның  «Бастауыш  мектепте  қоршаған 
айналаныдан  сабақ  беру  тәжірибесінен»,  «Бастауыш  сыныптарда  таби-
ғат  зерттеу»,  «Бастауыш  мектептегі  қоршаған  айналаны  бойынша 
экскурсиялар»  –  деген  еңбектерінің  өзіндік  маңызы  жоғары  болды.  Ол 
қоршаған  айналаны  бойынша  көрнекі  құралдарға  үлкен  мән  береді. 
Оның қолынан «Ізбестастар», «Тұз», «Торф» коллекциялары және олар-
ға арналған әдістемелік нұсқаулар шықты. 
Петр Алексеевич Завитаев (1890-1970) – қоршаған айналаныды бас-
тауыш мектепте оқытуды жетілдіруде айтарлықтай үлес қосты. Ол өзінің 
жұмыстарында  жаратылыс  ғылымдарына  тән  әдістерге  сүйене  отырып 
табиғаттану түсініктері мен ұғымдарын қалай қалыптастыру керек екенін 
көрсетуге тырысты. Ол жасаған бақылаулар, тәжірбиелер мен экскурсия-


лар  жүргізу  әдістемесі  табиғаттану  ұғымдарын  қалыптастыруға  қажетті 
нақтылы  сезім  негізін  құруға  көмектесті.  П.А.Завитаев  заттық  сабақтар-
дың жүйесін жасады, оларды оқыту мазмұны мен әдістемесін анықтады. 
Бұдан  басқа,  ол  қоршаған  айналаныдың  материалдық  базасын  жетіл-
діруде, құрал–жабдықты сабақтарда пайдалану әдістемесін жасауда көп 
еңбек  етті.  Ол  «1-4  сыныптардағы  экскурсиялар  мен  заттық  сабақтар», 
«1-4 
сыныптардың  оқу-тәжірибе  учаскесі»,  «1-4  сынып  оқушыларының 
оқу-тәжірибе  учаскесіндегі  еңбегі»  әдістемелік  еңбектерін  шығарады. 
Сонымен бірге ол қоршаған айналаны оқушыларға политехникалық білім 
берудің баспалдағы деп есептеді. 
П.А.Завитаев  табиғаттану  сабақтарында  жабдықтар  мен  көрнекі  құ-
ралдарды қолдану әдістемесін жетілдіру жөнінде көп жұмыс жасады. «1-

сыныптарда  табиғат  зерттеуге  байланысты  сабақтардың  жабдықта-
ры»,  «Бастауыш сыныптарда  қоршаған  айналаны сабақтарында тәжіри-
бе жүргізуге арналған жабдықтар» сияқты әдістемелік құралдар жазды. 
Михаил  Николаевич  Скаткин  (1900-1984)  жиырма  жылдан  астам 
уақыт  бойы  мектептегі  қоршаған  айналаны  бағдарламалары  мен  3-4 
сынып  оқулықтарының  авторы  болды.  Ол  табиғаттануды  оқыту  әдісте-
месі  мәселелеріне  көп  көңіл  бөлді,  бұл  курстың  дербес  оқу  пәні  болып 
бөлініп шығуына елеулі үлес қосты. Ол оқушылардың танымдық әрекетін 
күшейту, бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру прин-
циптерін  жасады.  М.Н.Скаткин  көрнекі  құралдардың,  таблицалардың, 
картиналардың, коллекциялардың, кинофильмдердің, сондай-ақ оларды 
сабақтарда  қолдануға  арналған  әдістемелік  құралдардың  тұтас  серия-
сын жасап шығарды. Ол профессор К.П.Ягодовскиймен бірлесіп табиғат 
күнтізбесін  жасады,  оған  оқушылардың  өлі  және  тірі  табиғаттағы  өзге-
рістерді бақылау нәтижелері енгізілді. 
60-
жылдары  оқу  жоспарлары,  оның  ішінде  табиғаттану  бағдарла-
масы жаңадан қайта жасалды. Енді бұл пәнді оқып-үйрену 2-4 сыныптан 
басталды.  Бағдарламаның  негізіне  өлкетану  принципі  алынды,  оның 
ауқымында оқушылар табиғат пен адамның шаруашылық қызметін оқып-
үйренді.  2-сыныптағы  тақырыптар  маусымдық  принципі  бойынша  орна-
ластырылды, бұл оқушылардың табиғат құбылыстары мен адамның ша-
руашылық қызметін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік берді. 
3-
сыныпта  оқушылар  табиғат  құбылыстарымен  және  өзі  тұратын 
жердегі қоғамдық өмірмен тікелей танысады. Бағдарламадағы дүниетану 
принципі  оқушылардың  жер  шары,  мұхиттар  мен  материктер,  жердің 
формасы  мен  қозғалысы,  елдің  табиғат  зоналарымен  танысуы  арқылы 
жүзеге  асырылды.  Бұдан  басқа,  мұнда  адам  ағзасы  мен  денсаулықты 
қорғау  мәселелері  оқытылды.  Табиғаттануды  оқып–үйрену  4  -  сыныпта 
аяқталды. 
Сонымен  қазіргі  дүниетануды  оқыту  әдістемесінің  дамуы  осындай 
кезеңдерден  өткен.  Кеңес  үкіметі  тарағаннан  кейін  Қазақстан  республи-
касы жалпы білім беретін мектептің бастауыш стандартына сәйкес «Ата-
мұра»  бағдарламасын  енгізу  шешілді.  Дүниетану-оқу  жоспарында  жаңа 


пән  болып,  ол  «Адам»,  «Қоғам»,  «Табиғат»  білім  блоктарынан  тұрады. 
Бұл  пән  бұрынғы  бастауыш  сыныптарда  оқытылған  «Айналамен  та-
ныстыру» (1-2 сыныптар), «Табиғаттану (3-4 сыныптар) пәндерін алмас-
тырады.  Мұнда  1-4  сыныпқа  дейін  дүниетану  пәні  жеке  пән  ретінде,  әр 
сыныпқа даярланған бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет