Байланысты: Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі
Бөлімдер Бөлімшелер Мен және қоғам
1.1 Мен және менің отбасым
1.2 Мектеп. Сынып
Табиғат
2.1 Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
2.2 Тірі табиғат
2.3 Жансыз табиғат
Менің Отаным –
Қазақстан
3.1 Кіші Отан
3.2 Қазақстан географиясы
3.3 Қазақстан халықтары
3.4 Қазақстан мәдениеті
Сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру
4.1
Қоршаған
ортаның
құбылыстары
мен
заттарымен танысу негізінде ауызша сөйлеуді
дамыту
Оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін бағдарламада
кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сынып, екінші – бөлім және бөлімше,
үшінші сан – бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көр-
сетеді. Мысалы, 1.2.1.4 кодтамасында "1" – сынып, "2.1" – бөлімше, "4" –
оқу мақсатының нөмірленуі.
Түзету-дамыту және білім беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатта-
ры пәндік сипаттағы білім мен іскерлікті қалыптастыруға ғана емес,
сонымен қатар оларды нақты тәжірибеде қолдануға, сөйлеу іс-әрекетінің
түрлері мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өмірлік
құзыреттілікке қатысты. Мұғалім нақты оқу процесінде сынып оқушыла-
рының құрамын ескере отырып, оқу материалының күрделілігін, тереңді-
гін және көлемін реттеуге құқылы.