Глоссарий Массив дегеніміз - бір атпен аталған, әртүрлі индекстелген бір типті
элементтер жиынтығы.
Қасиеттері:
Массивтің қасиеттерін анықтайтын 4 негізгі принципі бар:
-массивте элементтер деп аталатын мәндер сақталады;
-массивтің барлық элементтері бір типті болуы керек;
-жадыда массивтің барлық элементі тізбектеліп орналасады және бірінші
элемент адрестің нөлдік индексін білдіреді;
-массив атауы тұрақты болып табылады және массивтің бірінші элементінің
адресінен тұрады.
Mассивтің сипатталуы: <элементтің типі> <массив аты> [<элементтер саны>];
Мысалы, int a[12]; {12 элементтен тұратын массив}
char s[20]; {20 элементтен тұратын массив}
#define KOL 10 {}
int [KOL];
Массивті инициялизациялау 3 тәсілмен анықталады:
- массивті құру барысында;
- массивті құру барысында бастапқы тұрақтыларды көрсету;
- программаның орындалу барысында;
- құру барысында массивтің бастапқы мәндері берілмесе, онда автоматты
түрде массив 0-мен толтырылады(NULL).
Массив элементін қолданғанда индекс ретінде үш түрлі мән беруге болады:
1.
Сандық тұрақты.
2.
Айнымалы.