134
Бақылау сұрақтары:
1. Ішкі программа дегеніміз не?
2. Функция аргументі қандай типті бола алады?
3. Функция қандай типті мәндер қайтара алады?
4. Рекурсияның қандай түрлері бар?
5. Функцияның жергілікті аргументі қайда сипатталады?
Глоссарий
Си-дегі кез-келген программа - бұл айнымалылар сипаттамасы мен
функциялар жиынтығы.
Функциялар арсындағы байланыс мән қайтаратын аргументтер мен сыртқы
айнымалылар арқылы орнатылады.
Return инструкциясы нәтижені шақыратын функциядан шақырған
функцияға қайтару механизмін орындайды және return сөзінен кейін кез келген
өрнек тұруы мүмкін.
Return <өрнек>;
Си-гі кез келген функцияның прототипі болуы тиіс, яғни функция аты,
аргументтерінің типі және қайтарылатын нәтиже типі көрсетілген тақырыбы
хабарланады. Прототипі программа денесінде немесе бөлек тақырыптар файлында
айқындалады. Функция прототипі компиляторға функция туралы информация
береді де, сәйкесінше компилятор типтер сай келуін тексереді. Функция әртүрлі
типті мән қайтара алады.
Кез келген функцияны анықтау үшін форматы:
<тип нәтиже> <функция аты> (параметр тізімі)
{
<функция денесі>
Кез келген функцияның формалды аргументтер тізімі болады (болмауы да
мумкін).
Программадан функция шақырғанда аргумент тізімі беріледі.
С++-те аргументтерді беру барысында көрсеткіш орнына тікелей
сілтеме
беруге болады. Сілтеме де аргументке сілтейді, бірақ көрсеткішті айқындау
операторын қолдануды қажет етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: